Бірінші топқа қойылатын сұрақтар

Сыныптан тыс жұмыс
Тақырыбы: « Физика әлеміне саяхат »
Пән мұғалімі: Оңғарбай Ж.
Ленинградское - 2008 ж
Тақырыбы: « Физика әлеміне саяхат »
Мақсаты: Оқушылардың белсенділігін және логикалық ойлау қабілеттерін арттыра отырып, оларды зеректілікке, ой шапшаңдылығына, тапқырлыққа, төзімділікке және өзара сыйластыққа, сөйлеу мәдениетілігіне тәрбиелеу. Татулық қарым - қатынасын нығайта отырып, оқушылардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру және пәнге деген қызығушылығын туғызу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, әңгімелесу, ойын, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: Ғалымдар суреті, 4 плакат, сиқырлы кубик, формулалар жазылған қағаздар, құрастырмалы формулалар жиынтығы, сыйлықтар.
Сабақтың барысы:
1 - жүргізуші: Уа, халайық, халайық!
Бәріңе жар салайық!
Бүгінгі кеш төрінде,
Физика елінде,
Физика тілінде,
Есеп шешіп жарысып,
Жұмбақ шешіп аңдысып . . .
2 - жүргізуші: Шабыттасып шалқысып,
Есеппен ән салысып.
Көңілді кеш жасайық,
Жұмбақ шерді шашайық.
Ат салысып аянбай,
Бар өнерге басайық.
1- жүргізуші: Әділ баға беретін,
Топ аралар сыншысы.
Әділ сыншы кәнекей,
Қарсалайық оқушы.
Қайырлы кеш құрметті ұстаздар, әділ қазылар алқасы, сайыскерлер, оқушылар және көрермен қауым! Бүгінгі біздің « Физика әлеміне саяхат » кештігімізге хош келдіңіздер»! Кештігімізді ашық деп жариялаймыз!
2 - жүргізуші : Біреуінің жүрегінің түгі бар,
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар,
Біреуінің күмбірлеген күйі бар,
Енді біреуінің қатты істейтін миы бар -
Ойыншыларымызды ортаға шақырамыз! Ойынға қатысушы екі топ, әр топ алты ойыншыдан тұрады. Қарсы алыңыздар!
1 - жүргізуші: Мәңгі - бақи есте қалар,
Қызықты бір жиын болсын.
Білімдірек шәкір озар,
Сұрақтары қиын болсын.
2 - жүргізуші: 1 - ші сайыс. Ойнымыздың I - бөлімі « Білімділік »
деп аталады.
Ойын шарты: сұрақ - жауап, әр топқа он сұрақтан қойылады.
Бірінші топқа қойылатын сұрақтар:
1 - жүргізуші:
- Сандыққа нені тығып қоюға болмайды? ( жарық )
- Күн күркірегенде ең алдымен найзағайды көреміз бе, әлде күркіреген дауысты естиміз бе? (найзағайды)
- Атом массасының өлшем бірлігіне не алынған? (кг)
- Ең кішкентай заряд? (электрон)
- Идеал газ күйінің теңдеуін ашқан ғалым кім? ( Менделeeв)
- Ареометр нені өлшеуге арналған құрал? (Сұйықтың тығыздығын)
- Күш импульсі дегеніміз не? ( I=Ft, берілген бірдей уақыт ішінде күш әсерінің өлшемі болып саналатын векторлық физикалық шама ) .
- Басқа денелер әрекетін тигізбегенде дененің жылдамдығын сақтау құбылысы, ол . . . ? (инерция)
- Жылу берілудің қандай түрлері бар?( жылу өткізгіштік, конвекция, сәуле шығару)
- Дененің жұмыс істеу қабілеттілігін сипаттайтын физикалық шама . . . (энергия)
Екінші топқа қойылатын сұрақтар:
2 - жүргізуші:
- Сұйықтың ең кішкетай бөлшегі қалай аталады? ( тамшы)
- Термометрді кім жасады? ( Швед астрономы, физигі Цельсий)
- Бұл кім? : өз өмірінде 40 т тамақ жейді, дүние жүзіндегі ең ақылды жыртқыш, қуаты орта есеппен 2, 2Вт. ( адам )
- Үдеуді қандай құралмен өлшейді? ( акселерометр)
- Дене импульсі дегеніміз не? ( Р=mv, механикалық қозғалыстың өлшеуіші болып саналатын векторлық физикалық шама ) .
- Табиғатты зерттеудің қандай негізгі үш әдісі бар? ( бақылау, эксперимент, теориялық әдіс)
- Бір заттың малекулаларының екінші заттың малекулалар аралық бос орындарына өзара өтуі - бұл . . . (диффузия)
- Электр сыйымдылығының өлшем бірлігі. ()
- Дене пішінінің немесе өлшемдерінің өзгеруі? ( деформация )
- Дененің тірекке немесе аспаға түсіретін күші? ( салмақ )
1 - жүргізуші:
Бұл адамдар ардақтаған халықты,
Физикада даңқы шыққан алыптар.
Қара, ойлан зерек болсаң балақай,
Алыптарды әрқашанда танып қал.
2 - жүргізуші: 2 - ші сайысымыз. Ал, енді біздің ойнымыздың II - бөлімі
« Танымдылық » деп аталады.
Ойын шарты: Ғалымдардың суретіне қарап, олард тану, олардың есімін атау және қандай жаңалық ашқанын айту.
1 - жүргізуші: Кубикті лақтыр бағыңа,
Кездесті қандай формула.
Айтып жібер, ойлан тез,
Формула болды қандай кез.
2 - жүргізуші : Келесі сайыс « Сиқырлы кубик сайысы »
Ойын шарты: Берілген кубикті латырып,
ол кубикте берілген 1 - ден 6 - ға дейінгі
сандардың бірі кубиктің үстінгі бетіне түссе,
онда сол санға сәйкес келетін номерленген қағазды
алып ондағы берілген формуланы табамыз.
Кубикте берілген номерлерге сәйкес келетін формулалар:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz