Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Объекті белгіле

Абсеитова Г. Ж.
Өскемен қаласы, №43 мектеп-гимназиясы
Лабораториялық жұмыс

“Файлдармен, бумалармен және ярлықтармен жасалатын операциялар”

Жұмыстың мақсаты:
1. Файл, бума, ярлықпен жасалатын операциялармен жұмыс жасауға байланысты
теориялық білімдерін бекіту;
2. Файл, бума, ярлықпен жасалатын операцияларды орындау тәсілдерін өз
бетімен меңгеру;
3. Тәсілдерді салыстыру, талдау, және қорытынды жасау.

Методикалық нұсқау

Файл (File) – арнайы аты бар дискідегі ақпарат. Файлдың аталуы екі
бөліктен: файлдың атынан және оның кеңеюінен тұрады. Windows- файл атының
ұзындығы 255 символға дейін болуы мүмкін. Файлдың кеңеюі нүктеден кейін 1-3
латын әріптерінен тұрады.

Бума не каталог – белгілі бір ортақ қасиеттеріне қарай магниттік дискіде
бір-бірімен қатар орналастырылған бір топ файлдар тізіміне қойылатын атау.
Әр дискіде бір түпкі, яғни бас бума болады. Түп бумада 1-деңгейдегі бумалар
және жүйелік файлдар, 1- деңгейдегі бумаларда 2- деңгейдегі бумалар және
файлдар т.с.с. тіркеледі. 1-деңгейдегі буманы бума деп, ал 2-ші, 3-ші
т.с.с. бумаларды ішкі бума деп атаймыз.

Ярлық – бұл белгілі бір объектімен тікелей қатынас жасауды іске асыратын
командалық файл.
Файлдың, папканың атын өзгертуге, оларды құруға, көшіруге, өшіруге, бір
орыннан басқа орынға жылжытуға болады.
Файлдармен, бумалармен операцияларды орындаудың бірнеше тәсілі болады.
1-тәсіл: жанама меню арқылы (оң жақ батырманы басу)
2-тәсіл: меню командасы арқылы
3-тәсіл: клавиатура арқылы
4-тәсіл: сол жақ батырма арқылы

Бума құру
1-тәсіл: Меню командасы арқылы
а) Бума құратын терезені ашу;
б) ФАЙЛ-СОЗДАТЬ-ПАПКУ командасын таңдау;
в) атын жазу;

г) Enter пернесін басу.

2-тәсіл: Жанама меню арқылы

а) Тышқанның оң жақ батырмасын басу;
б) СОЗДАТЬ-ПАПКУ командасы таңдау;
в) атын жазу;

г) Enter пернесін басу.

Файлдың, буманың атын өзгерту

1-тәсіл: Сол жақ батырма арқылы
а) Қажетті терезені аш;
б) Аты өзгертілетін объектіні ерекше;
в) Оның атын тышқанның сол жақ батырма арқылы шерт;
г) Ескі аттың орнына жаңасын жаз;
д) Осы терзенің бос жерін шерт. Объектің белгішесі мен аты ерекшеленеді.
Объект (файлдың, папканың) аты өзгертілді.

2-тәсіл: жанама меню арқылы
а) Объектіні белгіле;
б) Тышқанның оң жақ батырмасын бас, жанама меню шығады;
в) ПЕРЕИМЕНОВАТЬ командасын таңда;

г) объектінің жаңа атын енгіз;
д) Enter пернесін бас.

3-тәсіл: меню командасы арқылы
а) объектіні белгіле;
б) ФАЙЛ-ПЕРЕИМЕНОВАТЬ командасын таңда;

в) объектінің жаңа атын енгіз;
г) Enter пернесін бас.

4-тәсіл: перне арқылы

а) объектіні белгіле;
б) F2 пернесін бас;
в) объектінің жаңа атын енгіз;
г) Enter пернесін бас.

Файлды, буманы көшіру (жылжыту)

Файлдарды, бумаларды, ярлыктарды көшіру, жылжыту кезінде ақпарат алдымен
алмастыру буферіне орналасады. Алмастыру буфері – жылжытылатын немесе
көшірілетін ақпараттарды уақытша сақтауға арналған жадтың арнайы бөлігі.
Алмас буферіндегі ақпарат оған жаңа ақпарат бөлігі келіп түскенше
сақталады, ал содан кейін алдыңғы ақпарат жойылады.

1-тәсіл: Меню командасы арқылы

а) Объектіні белгіле;
б) ПРАВКА-КОПИРОВАТЬ (ВЫРЕЗАТЬ) командасын таңда;
в) Объекті орналасатын терезені аш;
г) ПРАВКА-ВСТАВИТЬ командасын таңда;

2-тәсіл: Жанама меню арқылы
Объектіні белгіле;
б) Тышқанның оң жақ батырмасын бас, жанама меню шығады;
в) КОПИРОВАТЬ (ВЫРЕЗАТЬ) командасын таңда;
г) Объекті орналасатын терезені аш;
д) ВСТАВИТЬ командасын таңда;

3-тәсіл: клавиатура арқылы (әр бағдарламада пернелер комбинациясы әр түрлі
болуы мүмкін, оны Правка менюі командаларының қатарынан көруге болады)
а) Объектіні белгіле;
б) Ctrl+C (Ctrl+Х) пернелерін бірге бас;
в) объектінің жаңа орнын анықта (орналасатын терезені аш);
г) Ctrl+V пернелерін бірге бас;

4-тәсіл: саймандар тақтасы арқылы
а) Объектіні белгіле;
б) ( ) батырмасын бас;

в) объектінің жаңа орнын анықта (орналасатын терезені аш);
г) батырмасын бас.

Файлды, буманы өшіру

Дискідегі бос орынды көбейту үшін кейде қажетсіз объекті алып тастауға тура
келеді.

1-тәсіл: меню командасы арқылы
1. Объектіні белгіле;
2. ФАЙЛ-УДАЛИТЬ командасын таңда;
3. Сұхбат терезеден объектіні өшіру туралы сауалға ДА(иә) батырмасын бас.
2-тәсіл: жанама меню арқылы
1. Объектіні белгіле;
2. Тышқанның оң жақ батырмасын бас;
3. УДАЛИТЬ командасын таңда;
4. Сұхбат терезеден объектіні өшіру туралы сауалға ДА(иә) батырмасын бас.

3-тәсіл: саймандар тақтасы арқылы
1. Объект іні белгіле;
Батырмасын бас;

3. Сұхбат терезеден объектіні өшіру туралы сауалға ДА(иә) батырмасын бас.

4-тәсіл: тасымалдау арқылы
1. Объекті белгіле;
2. Корзина терезесін аш;
3. Белгіленген объектіні сүйреп, корзинаға апар;
4. Сұхбат терезеден объектіні өшіру туралы сауалға ДА(иә) батырмасын бас.

ПРАКТИКАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР

1-тапсырма.
Жұмыс столына өз фамилияң және класс атауын беріп бума құр.
Қазақта «Жеті атасын білмеген ұл жетесіз» деген мақал бар. Ал сен өз
ата-бабаларыңды білесің бе?
Бумаңа әртүрлі деңгейдегі өз ата-бабаларыңның атымен аталған
бумаларды жоғарыда көрсетілген тәсілдердің көмегімен құр.

2-тапсырма
Қазақ халқы жеті атаны жалпы былай атаған:
1. Әке
2. Ата
3. Әз-ата
4. Баба
5. Тектін
6. Төркін
7. Тұқиян
Өзің құрған бумалар атына жоғарыда көрсетілген атауларды қосып жаз, яғни
атын өзгерт. Мысалы: Жетінші атаң Найман болса, оны Найман-тұқиян деп және
т.с.с.

3-тапсырма
«Шежіре» бумасын құрып ал да, оған жеті атаңмен аталған бумаларды көшір.

4-тапсырма
Қазақ халқында жеті ата аталар мен бабалар деп бөлінген. Аталарға:
әке, ата, әз ата, ал бабаларға: баба, тектін, төркін, тұқиян жатады.
Өз бумаңа «Аталар» және «Бабалар» бумасын құр да, оларға сәйкесінше
өз аталарың мен бабаларыңмен аталған бумаларды орналастыр.

5-тапсырма
Өз бумаңдағы «Шежіре» бумасынан басқа бумаларды өшір.

Қосымша тапсырма

1. PAINT графиктік редакторында өз жеті аталарыңды бұтақ тәрізді етіп
сал. Оны өз бумаңа “Жеті ата” деген атпен сақта.
2. Word текстік редакторында аталарыңның атын жаз. Оны өз бумаңа
“Шежіре” деген атпен сақта.

Бағалау критерийі

|Тапсырмалар |Бағалануы |
|1-тапсырма |4 балл |
|2-тапсырма |5 балл |
|3-тапсырма |8 балл |
|4-тапсырма |8 балл |
|5-тапсырма |5 балл |
|Қосымша 1 |10 балл |
|Қосымша 2 |10 балл |

“3” баға – 15-тен жоғары
“4” баға – 20-дан жоғары
“5” баға – 30-дан жоғары

Қосымша 1

Қолданылған дерек көздер тізімі

1. М. Б. Алтай, Г. С. Бөлеген WINDOWS компьютерде жұмыс істеп үйренейік, -
Алматы, 2000
2. Н. Ермеков, Н. Стифутина Информатика 7-сыныпқа арналған оқулық, - Алматы
“Атамұра” 2003
3. Н. Ермеков, Е. Кузина, Л. Крепп, С. Пилпенко Информатика дидактикалық
материалдар практикум, - Алматы “Атамұра” 2003
4. WWW.1september. Ru – фестиваль открытых уроков
5. Информатика негіздері №1-4 2006
6. Системы счисления и законы логики – практикум
7. Балапанов е. Қ., Бөрібаев Б. Информатикадан 30 сабақ,, - Алматы, 1999

-----------------------
Есте сақта!
Кез-келген әрекетті орындамас бұрын әрекет орындалатын файл не буманы
белгілеп алу керек. Қолданушы файлға, бумаға жасалатын операцияларды
орындау тәсілдерінің бәрін білуге міндетті, бірақ қай тәсілмен орындауды
таңдау өз қалауы біледі.

Есте сақта!
Буманы өшірген кезде оның ішіндегісінің бәрі де өшіріледі. Тек өзің құрған
файл мен буманы ғана өшір.

Есте сақта!
Папканы көшірген (жылжытқан) кезде оның ішіндегісі түгел көшіріледі
(жылжытылады).


Ұқсас жұмыстар
Аустралияның физикалық-географиялық орны 7 сынып
Объектінің қасиеті
Обьектілерді іздеу
Тиісті сөзді тап
Қазақ тілінен тест тапсырмалары. 4 сынып
Ақпаратты жазу және санау, ақпаратты тасымалдаушылар
Программа құрылымы
Құрал-саймандар панелі
Таймер басқару элементін қолдану
Word –тың графикалық мүмкіндіктері жайлы
Пәндер