Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Windows басқару элементтері

7 сынып Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Windows басқару элементтері. Windows жүйесінің
жұмыс үстелі.

Сабақтың мақсаты: - Microsoft Windows ортасының ерекшеліктерімен,
Windows 98 жұмыс үстелі
түсінігімен таныстыру.
- Есептер тақтасын «Пуск» батырмасын және басты менюді
жұмыста қолдануға үйрету. «Маус» манипуляторын
меңгерту.
- Оқушыларды зейінділікке, ұжымдыққа, басқаның
еңбегін бағалай білуге баулу.
Сабақтың түрі: Жаңа материалды үйрену сабағы
Сабақтың әдісі: Практикалық іс -әрекеттерді ұйымдастыру әдісі
Көрнекілігі: Оқулық. Жұмыс дәптері, ДК-лер.

Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен сәлемдесу
2. Оқушыларды түгендеу.
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II.Үй тапсырмасын тексеру:

Оқушылардан өткен тараулар бойынша қайталау сұрақтарын қою.
1. Ақпарат дегеніміз не?
2. Ақпаратты түрлендіру.
3. Компьютер
4. Есептеуіш техникасының даму тарихы
5. Дербес компьютерлер

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

Windows ХР операциялық жүйесі

Қазіргі кезде Windows – барлық дербес компьютерлерге арналып кең
таралған операциялық жүйе.
Windows бірнеше операциялық жүйелерді біріктіреді, олар бір – біріне
ұқсас болғанымен, әр түрлі мүмкіндіктері бар және әр түрлі мақсаттарға
арналған.
Әйгілі Windows операциялық жүйесінің жаңа нұсқасының атауындағы ХР
әріптері eXPerience деген ағылшын сөзінің бөлігі болып табылады, ол «өмір
тәжірибесі», «білім» дегенді білдіреді.

Жұмыс істеудің бастамасы

Компьютердің жүйелік блогының алдыңғы бетінде орналасқан Power деп
аталатын қосу/өшіру батырмасын басып, оны іске қосыңдар. Сонда компьютердің
процессоры тұрақты жадтайтын құрылғыда жазылған программалармен қатынасады.
Бұл программалар компьютердің негізгі құрылғыларының жұмыс істеу қабілетін
тексере бастайды.. содан кейін басқаруды қатқыл дискідегі операциялық
жүйеге береді.
Операциялық жүйе біраз уақыт жүктеледі де, экранда Windows-тің жұмыс
үстелінің бейнесі пайда болады.
Windows ХР-ден қалай шығу, яғни оның жұмысын қалай аяқтау керек
екеніне тоқтала кетейік. Экрандағы тышқанның нұсқағышының көмегімен
экранның төменгі сол жақ бұрышында орналасқан «Пуск» батырмасына апарып
шерту. Сонда Экранда «Выключить компьютер» тақтасы шығады.

Жүйе жұмысын әдеттегідей аяқтау үшін Выключение батырмасын басу
керек.
Егер сендер Windows ХР-ді компьютерді өшірмей іске қосқыларың келсе,
Перезагрузка батырмасын басу.
Ждущий режим батырмасын басқанда компьютерді өшірудің ерекше
режимі таңдалады. Барлық ағымдағы ақпарат компьютердің жадынан қатқыл
дискіге жазылады да, компьюте өшеді.

Windows объектілері

Windows ХР – графикалық операциялық жүйе, оның негізгі объектілері терезе
мен белгішелер негізінде түрінде бейнеленеді.
Windows ХР-дің объектілерін әр түрлі құрылғылармен басқаруға болады, оның
ең негізгісі – тышқан.
Тышқанның көмегімен Windows ХР-дің объектілермен төмендегі
әрекеттерді орындауға болады: белгілеу, жылжыту, қосу, созу, ашу, жабу.
Компьютерді іске қосайық. Жүйе тестілеуден өтіп және жүктелгеннен
кейін экран келесі түрде көрінеді.

Жұмыс үстелінде Windows-тың объектілері мен басқару элементтері
орналасқан. Объект – олармен Windows жұмыс істейтіндердің барлығы.
Объект – ұғым. Әр объектінің өзіне тән қасиеттері болады. Олар бір-
бірінен осы қасиеттері бойынша ажыратылады. Windows-тің объектілеріне
қапшықтар, файлдар, терезелеер, таңбашалар, белгішелер мен тышқан нұсқағышы
жатады.
Белгішелердің тағы бір түрі – бұл таңбашалар.
Қапшық – бұл объектілер қоймасы. Қапшықтардың ішінде тек файлдар,
белгішелер, таңбашалар ғана емес, басқа қапшықтар да болуы мүмкін.
Windows-тің басқару элементтері

Жұмыс үстелінің терезесінде объектілерден басқа басқару элементтері де
болады. Оларға «Пуск» батырмасы, Бас меню, меню жолындағы меню мен
командалар жатады.
Команда деп осы команданың белгішесіне тышқан нұсқағышын апарып
шерткенде орындалатын әрекетті айтамыз.

Тышқанмен жұмыс істеу.

Windows-тің басқару элементтерін іске қосу үшін «тышқан» манипуляторы
қолданылады.
Тышқанмен атқарылатын негізгі әрекеттерді қарастырайық яғни тышқанмен
жұмыс істеуді игерейік.

|Батырма |Әрекет |Әрекет нәтижесі |
| |Объект бойынша |Объектіні белгілейді, яғни қолдануға |
| |шерту |дайындайды. |
| | | |
|Сол жақ | | |
|батырмасы | | |
| |Басқару элементіін |Басқару элементін іске қосады |
| |шерту | |
| | |Объектілермен операциялар жүргізіледі: |
| |Екі рет шерту |программа іске қосылады; қапшық, файл |
| | |ашыладыы; дыбыс және бейнефайлдары |
| | |ойналады. |
| | |Қолданбадағы белгішелер, терезелер, |
| |Апару |таңбашалар, тапсырмалар тақтасы, құрал –|
| | |саймандар тақтасы |
| | |Терезенің өлшемін диагоналы бойынша, тік|
| |Созу |және көөлбеу бағыттарда өзгерту |
| |Объектіні немесе |Динамикалық менюді шақырады. |
| |басқару элементін | |
|Оң жақ |шерту | |
|батырмасы | | |
| |Тасу |Жылжыту, көшіру, таңбашалар жасау |
| | |командалары бар динамикалық констекстік |
| | |менюді шақыру. |

IV. Жаңа сабақты қорытындылау

Оқушыларға мына төмендегі тапсырмаларды орындату

Windows XP-дің бас менюі

Мой компьютер белгішесі барлық ресурстар берілген қапшықты ашады.

Тышқан диалогтық терезесі

Дата мен уақыт терезесі

Ашылған терезелер бар Жұмыс үстелі

V. Үйге тапсырма.

Оқулықтағы 3.1 тақырып

VI. Бағалау.

Оқушылардың білімдеріне қарай бағалау.

Ұқсас жұмыстар
Анықтама терезелері
Windows операцялық жүйесі
Терезе. терезе элементтері
Компьютер жады
Терезе элементтері
Қапшық терезесі
Терезені жабу батырмасы
Windows 7-нің негізгі нысаналары мен оның басқару жолдары. Windows 7-нің файлдары мен бумалары. Файлдық құрылым амалдары
Windows терезелері. Терезе элементтері мен құрылымы
Windows-тың негізгі объектілері 7 сынып
Пәндер