Алғашқы есептеу құрылғысы

Абсеитова Гүлайым Жүнісханқызы

Өскемен қаласы, №43 мектеп-гимназиясының информатика және математика мұғалімі

Сабақтың тақырыбы : Есептеуіш техникасының даму тарихы

Сабақтың мақсаты:

1-білімділік: Оқушыларды есептеу механизмдері мен құрылғыларының шығу тарихымен таныстыру.

2- дамытушылық : Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін, ойларын дұрыс тұжырымдап сұрақтарға қорытынды жасай білу дағдыларын дамыту.

3- тәрбиелік: , есептеуіш техниканың даму тарихын білуге құштарлығын арттыру, еңбек сүйгіштікке, уақытты үнемді пайдалануға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекіліктері : карточкалар, есепшот, ДК, мультимедиалық проектор, презентация “ЕТ даму тарихы”

Сабақтың типі : жаңа материалды меңгерту

Сабақтың түрі: әңгіме- сабақ

Сабақта қолданылатын әдістер : алдын-ала тапсырма беру, ішінара іздеу, практикалық, сұрақ-жауап

Оқушылардың таным-әрекеттерін ұйымдастыру түрі : жеке-дара, топтық, фронтальді

Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. (2 минут)

ІҮ. Жаңа сабақты меңгеруге дайындық кезеңі (3 минут)

Ү. Жаңа сабақты түсіндіру (20 минут)

ҮІ. Жаттығу кезеңі (13 минут)

ҮІІ . Сабақты бекіту кезеңі (5 минут)

ҮІІІ. Үй тапсырмасын беру. (2 минут)

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, жоқ оқушылардың себебін анықтау, бар оқушылардың назарын тарту, оқушылардың оқу құралдарын тексеру.

ІҮ . Жаңа сабақты меңгеруге дайындық кезеңі

  • жаңа сабақтың мақсатын айту.

Ү . Жаңа сабақты түсіндіру

Презентация көрсетіледі және ЕТ даму тарихына жасалған хронологиялық кесте жазып әр оқушының алдына беремін.

Есептеуіш техниканың даму тарихындағы негізгі даталар

Жылдар: Жылдар
Оқиғалар: Оқиғалар
Жылдар: Б. э. д. 3000 жылға жуық
Оқиғалар: Қытайда есептеу. Қытайлық есепшот (суан-пан), римдік есепшот (абак), орыс есепшоты
Жылдар: 1642 жылы
Оқиғалар: Француз математигі Блез Паскальдың бірінші механикалық қосу машинасы
Жылдар: 1694 жылы
Оқиғалар: Неміс математигі Готфрид Вильгельм Лейбниц ондық жүйеде жұмыс істейтін есептеуіш машинасын құрастырды.
Жылдар: 1801 жылы
Оқиғалар: Француз өнертапқышы Жозеф Мари Жаккард тігін станоктарына арналған перфрациондық карта ойлап тапты.
Жылдар: 1820 жылы
Оқиғалар: Арифмометрлер сериясының шығуның басы
ХІХ ғасырдың 30-шы жылдары: ХІХ ғасырдың 30-шы жылдары
Ағылшын ғалымы Чарьлз Бэббидж программалық басқарумен жұмыс істейтін аналитикалық есептеуіш машина проектісін ұсынды.: Ағылшын ғалымы Чарьлз Бэббидж программалық басқарумен жұмыс істейтін аналитикалық есептеуіш машина проектісін ұсынды.
ХІХ ғасырдың 30-шы жылдары: 1890 жылы
Ағылшын ғалымы Чарьлз Бэббидж программалық басқарумен жұмыс істейтін аналитикалық есептеуіш машина проектісін ұсынды.: Американдық инженер Герман Холлерит табулятор-қосу машинасын құрастырды. Ол ең алғаш рет есептеуде электр қуатын қолданды.
ХІХ ғасырдың 30-шы жылдары: 1930 жылы
Ағылшын ғалымы Чарьлз Бэббидж программалық басқарумен жұмыс істейтін аналитикалық есептеуіш машина проектісін ұсынды.: Американдық ғалым Валневар Були бірінші компьютер - дифференциалдық анализаторды құрастырды.
ХІХ ғасырдың 30-шы жылдары: 1942 жылы
Ағылшын ғалымы Чарьлз Бэббидж программалық басқарумен жұмыс істейтін аналитикалық есептеуіш машина проектісін ұсынды.: АҚШ-та физика және математика ғылымдарының профессоры Джон Амонасов және оның аспиранты Клиффорд Берли екеуі электрондық лампаны қолдану арқылы есептеуіш машина құрастырды.
ХІХ ғасырдың 30-шы жылдары: 1944 жылы
Ағылшын ғалымы Чарьлз Бэббидж программалық басқарумен жұмыс істейтін аналитикалық есептеуіш машина проектісін ұсынды.: Американдық ғалым Гавард Айнен “Марк-1” релелік компьютерін жасады.
ХІХ ғасырдың 30-шы жылдары: 1946 жылы
Ағылшын ғалымы Чарьлз Бэббидж программалық басқарумен жұмыс істейтін аналитикалық есептеуіш машина проектісін ұсынды.: Американ математигі Джон фон Нейман машинада бағдарламаны сақтау идеясын ұсынды.
ХІХ ғасырдың 30-шы жылдары: 1946 жылы
Ағылшын ғалымы Чарьлз Бэббидж программалық басқарумен жұмыс істейтін аналитикалық есептеуіш машина проектісін ұсынды.: АҚШ-та Джон Маугли және Джон Преспер Эккерт бірінші толық электрлік-цифрлық компьютер ENIAC жасады.
ХІХ ғасырдың 30-шы жылдары: 1948 жылы
Ағылшын ғалымы Чарьлз Бэббидж программалық басқарумен жұмыс істейтін аналитикалық есептеуіш машина проектісін ұсынды.: Транзисторлар құрастырылды.
ХІХ ғасырдың 30-шы жылдары: 1949 жылы
Ағылшын ғалымы Чарьлз Бэббидж программалық басқарумен жұмыс істейтін аналитикалық есептеуіш машина проектісін ұсынды.: Ағылшын ғалымы Марис Уилкс бағдарлама сақтайтын EDSAC компьютерін жасап бітірді.
ХІХ ғасырдың 30-шы жылдары: 1951 жылы
Ағылшын ғалымы Чарьлз Бэббидж программалық басқарумен жұмыс істейтін аналитикалық есептеуіш машина проектісін ұсынды.: АҚШ-та UNIVAC ЭЕМ-нің бірінші сериялары шыға бастады
ХІХ ғасырдың 30-шы жылдары: 1951 жылы
Ағылшын ғалымы Чарьлз Бэббидж программалық басқарумен жұмыс істейтін аналитикалық есептеуіш машина проектісін ұсынды.: С. А. Лебедевтің басшылығымен Киев қаласында МЭСМ (кіші электрондық есептеу машинасы) жасалды.
ХІХ ғасырдың 30-шы жылдары: 1952 жылы
Ағылшын ғалымы Чарьлз Бэббидж программалық басқарумен жұмыс істейтін аналитикалық есептеуіш машина проектісін ұсынды.: БЭСМ-1 компьютердерін сынақтан өткізу басталды.
ХІХ ғасырдың 30-шы жылдары: 1964 жылы
Ағылшын ғалымы Чарьлз Бэббидж программалық басқарумен жұмыс істейтін аналитикалық есептеуіш машина проектісін ұсынды.: Интегралдық схемалар көптеп шығарыла бастады.
ХІХ ғасырдың 30-шы жылдары: 1965 жылы
Ағылшын ғалымы Чарьлз Бэббидж программалық басқарумен жұмыс істейтін аналитикалық есептеуіш машина проектісін ұсынды.: ДЕС фирмасы алғаш рет РДР-8 мини-компьютерлерін шығарды.
ХІХ ғасырдың 30-шы жылдары: ХХ ғасырдың 70 жылдары
Ағылшын ғалымы Чарьлз Бэббидж программалық басқарумен жұмыс істейтін аналитикалық есептеуіш машина проектісін ұсынды.: Үлкен интегралдық схемалар ойлап табылды.
ХІХ ғасырдың 30-шы жылдары: 1977 жылы
Ағылшын ғалымы Чарьлз Бэббидж программалық басқарумен жұмыс істейтін аналитикалық есептеуіш машина проектісін ұсынды.: Apple фирмасы СтефенВозниак және Стивен Джобстардың бірінші микрокомпьютерін шығарды.
ХІХ ғасырдың 30-шы жылдары: 1980 жылы
Ағылшын ғалымы Чарьлз Бэббидж программалық басқарумен жұмыс істейтін аналитикалық есептеуіш машина проектісін ұсынды.: Бір кремний кристалында процессор ойлап шығарды.

Кейбір слайдтарды қызықты әңгімелермен ұштастырамын.

Саусақты қолданып санауға байланысты: (слайд 2)

Белгілі орыс саяхатшысы Н. Н. Миклухо-Маклай Жаңа Гвинеяда жабайылардың саусақпен санау тәсілін былай деп жазады: “…Папуас санағанда саусақтарды бүге отырып, белгілі бір дыбыс шығарады. Мысалы, “бе, бе, бе, …” беске дейін санағаннан кейін, ол “ибон-бе” (қол) дейді. Содан кейін екінші қолының саусақтарын бүге отырып, тағы да “бе, бе, бе, . . ”, “ибон-али” (екі қол) жеткенше қайталайды. Әрі қарай “бе, бе, бе, …” санау жалғасады, “самба - бе” және “самба-али” (бір аяқ, екі аяқ) жеткенге дейін санайды. Егер әрі қарай санау керек болса, басқа біреудің саусақтарын қолданады”.

Сұрақ: жоғарыда аталған құрылғылардың барлығы қалай жұмыс істейді? (адам басқарады, есептеуді механизациялаған құрылғылар) (слайд 8) (фронтальді)

Енді адамдар өзі адамның қатысуынсыз автоматты түрде есептейтін машина жасауды армандады. Осындай машинаның бірінші жобасын ұсынған Кембридж университетінің профессоры Чарльз Бэббидж болды. Ол 1820-1856 жылдар аралығында “Аналитикалық машинаның” программалық-басқару жүйесін құрумен айналысты. Ол өте күрделі механикалық құрылғы болғандықтан, оны қолдану мүмкін болмады. Кейбір ғалымдар Бэбидж еңбегін нәтижесіз деп таныды. Бірақ Чарльз Бэббидждің айтқан сөзі уақыт өте дәлелденді. Ол: “Қазіргі аз түсінікті және мүлдем керексіз нәрселер болашақ ұрпақтың қажетті азығына айналады. Бұл ғылыми білімнің заңдылығы”, - деген. Аналитикалық машина проектісінің негізгі идеяларын біздің ғасырдың ЭЕМ конструкторлары қолданды. Қазіргі компьютердің негізгі компоненттері аналитикалық машинада да болды:

  1. ҚОЙМА (қазіргі терминалогияда - ЖАДЫ) - берілген сандар мен аралық нәтижелер сақталады;
  2. ДИІРМЕН (арифметикалық құрылғы) - қоймадан алынған сандарға операциялар жасалады;
  3. КОНТОРА (басқару құрылғысы) - бағдарламаға сәйкес сандарға қолданылатын операциялардың ретін басқарады;
  4. ЕНГІЗУ БЛОГЫ берілгендерді енгізу;
  5. НӘТИЖЕНІ БАСУ.

С. А. Лебедевтің өміріне қысқаша тоқталамын. (алдын-ала бір оқушыға тапсырма беріледі) (слайд 17)

ҮІ. Жаттығу кезеңі

Кітаппен жұмыс жүргізу (34 беттегі және слайдтағы ақпаратты қолдана отырып, ЭЕМ буындарын, олардың бір-бірінен айырмашылығын көрсететін кесте ойластыру, оны компьютерде толтыру) 2 жұмысты проектор арқылы көрсетіп, салыстыру. (ішінара іздеу әдісін қолданамын, жеке-дара 1)

Карточкамен жұмыс (топпен, практикалық әдіс)

Қалдырылған сөзді тауып жаз.

  1. Көне есептеу құралы адамның болды.
  2. Б. э. д. Ү ғасырда Египетте, Грецияда, Римде кеңінен тарады.
  3. Есептеуіш машинасын құру тарихы француз философы, жазушысы, математигі және физигі атымен байланысты.

Ұқсас жұмыстар
Информатика мейрамханасы
Есептеуіш техникасының даму тарихы
Word Pad мәтіндік редакторы
"білім баспалдағы" интеллектуалды ойыны
Эем даму кезеңдері
"тапқыр информатик" сайысы
Есептеу техникасының даму тарихы. Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Қытайлық есептеу құрылғысы
Есептеуіш техниканың даму тарихы. Компьютер құрылғылары
Есептеуіш техниканының даму тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz