Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Қоңырау кестесі

Excel-де деректермен жұмыс
1-тапсырма
Сабақтың немесе үзіліс ұзақтығынығ өзгеруімен бірге қоңырау кестесінің
де ілесе өзгеретін электрондық вариантын құрастыру керек.
Орындалу реті:
1. Үяшықтарға мәтіндер енгізу: А1-ге «Қоңырау кестесі»; ВЗ-ке «Сабақтың
басталуы»; СЗ-ке «Сабақтың аяқталуы»; А4 : А10-ға «1-сабақ», «2-сабақ»,...,
«7-сабақ»; ЕЗ-ке — «Сабақтың үзақтығы»; Е4-ке «Үзіліс үзақтығы».
2.Бастапқы мәндерді енгізіңдер: ВЗ үяшығьша — 8:30; ҒЗ үяшығына — 0:45; Ғ4
үяшығына - 0:10.
3. Қалған үяшықтарға мынадай формула енгіземіз. Сабақтың аяқталуы:
«Сабақтың басталуы»+«Сабактың үзақтығы» форму-ласымен есептеледі. Бүл үшін
В4+F3.
4. Қалған сабақтардың бәрінің басталуы алдыңғы сабақтың аяқталуы мен үзіліс
үзақтығының қосындысы ретінде анықталады. В5 үяшығына қандай формула
жазылады?
5. Енгізілген формулаларды үяшықтардың сәйкес аймақтарына көшірмелеңдер,
абсолюттік адрестеуді үмытпаңдар.
Сөйтіп, сендерде мына кесте шығуы тиіс:

Қосымша тапсырмалар:
✓ Қоңырау кестесі енгізілген ұяшықтар үшін шекаранытағайындаңдар.
✓ Сервис→Параметры→Вид→Парметры окна→Сетка ұяшықтар желісін
ажыратыңдар.
✓ WordArt объектісін дайындап, кестеге әсемдеп жазу жазыңдар.

2-тапсырма
Оқушылардың аты-жөнінің тізімін, күнделікті және тоқсандық
бағаларын, сондай-ақ сабақтың өткізілген күнін қамтитын электрондық «Сынып
журналын» жасаңдар.
Тапсырманы орындау реті:
1. А бағанының ұяшықтарына өз сыныбыңын оқушыларының тізімін енгізіңдер.
2. В1 ұяшығына бірінші сабақтың өткізілу күнінің енгізіңдер. Қалған
ұяшықтар бір апталық периодпен келесі сабақтардың өткізілу күндерін
қамту тиіс. =B1+7
3. В2:Л8 үяшығын аталған пән бойынша оқушылардың ағымдағы
бағаларымен толтырыңдар.
4. К бағанына әр окушы бағаларының дөңгелектенген арифмети-калық
ортасын есептеу формуласын жазу керек =Округл СРЗНАЧ) (В4:J4);0), ал
формуланы теру үшін функциялар мастерін пайдаланыңдар, керекті функцияны
математикалық функциялар ішінен іздеңдер.
5. Дайын кестенің астына, керекті ұяшыққа статистикалық
=СЧЕТЕСЛИ(К$4:К$10; "=5") формуласын енгізіп, үздіктер, жақсы оқитындар,
орташа оқитындар санын есептеп жазыңдар. Функция мастері көмегімен СЧЕТЕСЛИ
функциясы нені есептейтінін түсін-діріңдер.
6. Кестенің үстіне тағы бір жол қосып, оған пәннің атын мысалы,
ИНФОРМАТИКА деп жазыңдар.
7. Кестені пішімдеуді жүзеге асырыңдар.
8. Бүкіл кестені басқа бетке көшірмелеңдер. Таңбаларды кесте
беттеріндегі рәсімделген пәнге сәйкес қайта атаңдар, Күндер мен бағаларды
өзгертіңдер.
9. Әр кестені әр түрлі етіп пішімдеуге тырысыңдар. Не бары 5-6 кесте
болуы керек.
10. Әр пән бойынша үздік, жақсы, орташа оқитындардың санын көрсететін
диаграммалар күрыңдар. Әр түрлі типті диаграммаларды пайдаланыңдар.

3-тапсырма. Көшірмелеу кезінде сандары формула бойынша толтырылатын бір
айдың күнтізбесін жасаңдар және меңзерді кейбір күндерге бағыттағанда сол
күнгі елеулі оқиға туралы деректі көрсететін болсын.

Тапсырманы орындау реті:
1. А бағанын апта күндерімен толтырыңдар. В жолында ай атын көрсетіңдер.
2. В, С, D, Е, Ғ, G багандарын күн санау формуласымен толтырыңдар. Дүйсенбі
күні «Жексенбі +1» саны, сейсенбі = «Дүйсенбі +1» саны ретінде және т.с.с.
анықталады. Содан кейін В2:В8 үяшықтары блогы бөлініп алынады да, С, D, Е,
Ғ, G - бағандарының сәйкес ұяшықтарына көшірмеленеді.
3.Ұяшықты бірінші күнмен толтырыңдар. Артық күндер алынып тасталады.
4. Содан соң кейбір елеулі күндерге ескерту қосыңдар (Вид — Примечание).
5. Кестені пішімдеуді қолданыңдар.

4-тапсырма. Егер X 1 қадаммен — 12-ден 34-ке дейін өзгеретіл болса,
Ү=0,5*Х+6 сызыктық функциясының графигін салыңдар.

Тапсырманы орындау реті:
График X, Ү координаталары анықталған нүктелер бойынша салынады. Х-тің
мәндерінің диапазоны және өзгеру қадамы белгілі болғандықтан, X, Ү үшін
мәндерінің кестесін оңай құруға болады.
1. 2-жолды X координаталарының мәндері үшін толтырамыз. Ол үшін А2 ұяшығына
«X» мәтінін жазамыз. В2 үяшығына Х-тің бірінші -12 мәнін енгіземіз. Ал
келесі ұяшыққа =В2+1 формуласын енгіземіз. Осы формуланы АV2 ұяшығына дейін
көшірмелейміз, соңғы ұяшықтағы мән 34-ке тең болуы керек. Сөйтіп, нүктенің
координатасы үшін X бойынша кесте дайын.
2. Енді нүктенің координатасы үшін Ү бойынша кесте толтырамыз. АЗ үяшығына
«Ү=0,5*Х+6» мәтінін енгіземіз. ВЗ үяшығына функция мәндерін есептеу үшін =
0,5*В2+6 формуласын енгіземіз. Назар аударыңдар, Х-тің орнына В2 ұяшығына
шығуды қойдық, өйткені дәл осы ұяшықта Х-тің бірінші мәні сақталған. Одан
әрі осы формуланы СЗ:АVЗ ұяшықтары диапазонына көшірмелейміз.
3. А2:АVЗ ұяшықтары диапазонын бөліп аламыз. Содан кейін аспаптар панелінде
диаграммалар мастерінің көмегін сұраймыз. Ұсынылған диаграммалар типтерінен
нүктелік диаграмманы таңдап алу керек. Ал содан соң, мәндері тегістеуші
маркерсіз сызықтармен қосылған нүктелік диаграмманы таңдап алған жөн.
«Далее» батыр-масын пайдаланып, диаграммалар мастері қандай мүмкіндіктерді
ұсынатынын көріп алыңдар. Егер сендерде қайсыбір сұрак туатын болса, оның
жауабын анықтамалык жүйені пайдаланып алуға болады. Анықтамалық жүйе
горизонталь менюдегі асты сызылған сұрақ белгісінің көмегімен шақырылады.

5-тапсырма. Егер Х 0,1 қадаммен 2,5-тен 3,5-ке дейін өзгеретін болса, У=-
10*Х+40 сызықтық функциясының графигін салындар.
Тапсырманы орындау реті:
1. 2-жолды X координаталарының мәндері үшін толтырамыз. Ол үшін А1
ұяшығына «X» мәтінін жазамыз. В1 ұяшығына Х-тің бірінші 02,5 мәнін
енгіземіз. Ал келесі ұяшыққа =В2+1 формуласын енгіземіз. Осы формуланы
L1 ұяшығына дейін көшірмелейміз, соңғы ұяшықтағы мән 3,5-ке тең болуы
керек. Сөйтіп, нүктенің координатасы үшін X бойынша кесте дайын.
2. Енді нүктенің координатасы үшін Ү бойынша кесте толтырамыз. А2
ұяшығына «Ү» мәтінін енгіземіз. В2 ұяшығына функция мәндерін есептеу
үшін = -10*В1+40 формуласын енгіземіз. Назар аударыңдар, Х-тің орнына
В1 ұяшығына шығуды қойдық, өйткені дәл осы ұяшықта Х-тің бірінші мәні
сақталған. Одан әрі осы формуланы L2 ұяшықтары диапазонына
көшірмелейміз.
3. А1:L2 ұяшықтары диапазонын бөліп аламыз. Содан кейін аспаптар
панелінде диаграммалар мастерінің көмегін сұраймыз. Ұсынылған
диаграммалар типтерінен нүктелік диаграмманы таңдап алу керек. Ал
содан соң, мәндері тегістеуші маркерсіз сызықтармен қосылған «График»
диаграмманы таңдап алған жөн. «Далее» батыр-масын пайдаланып,
диаграммалар мастері қандай мүмкіндіктерді ұсынатынын көріп алыңдар.
Егер сендерде қайсыбір сұрак туатын болса, оның жауабын анықтамалык
жүйені пайдаланып алуға болады. Анықтамалық жүйе горизонталь менюдегі
асты сызылған сұрақ белгісінің көмегімен шақырылады.

6- тапсырма. Үлгі бойынша есептеу кестесін құрыңдар.
Excel B3:G12 ұяшықтарының диапазондары үшін тапсырмаларды орындаңдар.

1. НЗ, I3, J3, К3 үяшықтарына төмендегі мәндерді табу үіігін енгізіңдер:
✓ жолдағы минимал элементті______________________________________
✓ жолдағы максимал элементті_____________________________________
✓ жолдың барлық элементтерінің қосындысын________________________
✓ жолдағы барлық элементтердің орташа мәнін_______________________

Формулаларды төмен қарай жылжытыңдар.

2.ВІЗ, ВІ4, В15, В16 үяінықтарына төмендегі мәндерді табу үшін формула
енгізіңдер:

✓ Бағандағы минимал элементті__________________________
✓ Бағандағы максимал э лементті_________________________
✓ Бағандағы барлық элементтердің қосындысын____________
✓ Кестедегі барлық элементтердің орташа мәнін______________

Формуланы оңға қарай жылжытыңдар.

3. J1З, J14, J15, J16 үяшықтарына төмендегі мәндерді табу ушін формула
енгізіңдер:
✓ кестедегі минимал элементті_____________________________
✓ кестедегі максимал элементті_____________________________
✓ кестенің барлық элементтерінің косыыдысын _______________
✓ кестенің барлық элементтерінің орташа мәнін_______________

7-тапсырма. ЕХСЕL электрондық кестесінде автоматтандырылған тексеруі бар
кроссворд құрыңдар.
Кроссворд кұру үшін неліктен ЕХСЕL қосымшасын пайдалану қолайлы?
Біріншіден, ұяшықтардың өлшемдерін пішімдеу кроссворд үшін тор
дайындауға мүмкіндік береді.
Екіншіден, ұяшыққа ескерту түрінде беріліп анықталатын терминнің
сөзбен тұжырымдалуы жеткілікті түрде қолайлы, өйткені көрсеткіші осы
ұяшыққа орын ауыстырған кезде ғана пайда болады.
Үшіншіден және бұл ең негізгісі, ұяшықтардың мазмұнын салыстыру және
электрондық кітаптың бірнеше беттерімен жұмыс істеу кроссворд толтырудың
дұрыстығын автоматты түрде тексеруге мүмкіндік береді.
Кроссворд құруға ұсынылатын алгоритм
1. Кроссворд кұру үшін электрондық кітаптың үш беті пайдаланылады.
Бірінші бетте кроссворд ұяшықтары үшін керекті өлшемдері бар тор құрылады.
2. Кроссворд теріледі, сонда сөздердің әрбір әрпі жеке ұяшықта (сөздер
қиылысатын жағдайлардан басқа) орналасады.
3. Табылатын сөздердің бірінші ұяшықтарында тапсырмасы мен сөздің қалай
(горизонталъ немесе вертикаль) орналасқаны көрсетілген ескерту беріледі.

4. Дайындалған 1-бет қалған екеуіне көшірмеленеді.
5. 3-бет кроссвордтың дұрыс толтырылғанын тексеру үшін пайдаланылатын
болады. Бір ұяшыққа, айталық 3-беттегі С7 ұяшығына салыстыру формуласы:
(егер (С7 Лист 1= Лист 3; С7 1; 0)
енгізіледі. 3-беттің С7 ұяшығына автоматты түрде 1 жазылады. Егер 1-ші
және 2-ші беттердің сәйкес ұяшықтарындағы мәндер тең болса, яғни оларда
бірдей әріптер жазылады. Содан кейін формула кроссвордтың барлық
ұяшықтарына көшірмеленеді. Кроссворд дұрыс толтырылғанда 3-беттегі
ұяшықтардың бәрі автоматты түрде бірлермен толтырылады.
6. Енді тексеру ұяшықтарына жеке сөз үшін пайдаланылатын ұяшықтардың
бәрінің көбейтіндісін есептейтін формуланы жазу керек болады. Дұрыс емес
түрде терсек, көбейтінді 0- ге тең болады да сөз табылмайды. Осындай
жұмысты барлық сөздер үшін жүргізу керек болады. Формуланы көшірмелеп және
түзетіп, процесті тездетуге болады.

7. Енді барлық бақылау (тексеру) ұяшықтарының қосындысын есептеу ғана
калады. Бағалауды формула бойынша есептеуге болады:
Баға= табылған сөздер санын барлык сөздер саны *5 формуласы бойынша
есептеуге болады.
Бүған қосымша жүмыстың орындалу процентін:
=табылған сөздер саны барлық сөздер саны * 100 формуласы бойынша
есептеуге болады.
8. Бағасы және жұмыстың орындалу проценті бар үяшықтар бірінші параққа
көшірмеленеді.
9. Ұяшықты қоршауды, түспен бояуды, қаріп таңдап алуды пайдаланып,
сондай-ақ қажет жағдайда керекті суретті қыстыру арқылы кроссвордтың
көрнекілігі мен суреттілігіне қол жетеді.
10. Бірінші бетте кроссворд сөздері әріптерінің бәрі өшіріледі.
11. 2- және 3-беттер жасырылады да порольмен қорғалады. Төменде
электрондық кросворд беттерінің мысалы келтірілген.

Ұқсас жұмыстар
Кейіпкерге берілетін баға
Есептегіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік техника ережесін сақтау.(КОМПЬЮТЕРМЕН ІС ҚАҒАЗДАРДЫ ЖҮРГІЗУ КУРСЫ)
"әйел ана" а. сейдімбек 4 сынып
Менің мектебім
Формулаларды енгізу.Бұл тақырып Excel кестелік процессорға арналған негізгі тақырып
Монета және қағаз ақша
Шартты және шартсыз рефлекс
Б.майлин жаңбырлы күні. 2 сынып
Есептегіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік техника ережесін сақтау
Құлақтан үнің кетпестей, Сыңғырла, соңғы қоңырау туралы
Пәндер