Информатика сабақ жоспары: Ақпарат пен басқару және компьютерлік ақпаратты қорғау

Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Шетпе лицейінің информатика пәнінің мұғалімі Дәрменова Айбөбек Қылышбекқызы

сот: 87016800201

жұмыс тел: 8(72931) 22013

e-mail: karakia. sh8. 68@mail. ru


Сабақтың тақырыбы:
Ақпарат. Ақпарат және басқару. Информатика

Сабақтың мақсаты: Ақпарат, ақпараттық процестер, әлемнің ақпаратты бейнесі туралы оқушылардың білімін тереңдету;
Ақпараттың не екенін, ақпараттың қасиеттерін, ақпараттық процесс ұғымын, ақпаратты өлшеу тәсілдерін меңгерту;
Ұжымдық жұмыс жасауға, өз пікірлерін айтуға, сұрақтар қоя білуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: интерактиві оқыту әдісі

Жабдықтары: Қағаз, маркерлер, карточкалар

Сабақтың жүрісі:
1. Ұйымдастыру. Оқушылармен келісім шартқа отыру:

  • Біз барлығымыз өзімізді оқыту үшін жауаптымыз.
  • Бір-бірін тыңдай білу - сөйлеп тұрған адамға қарау және сөзін бөлмеу.
  • Бір ғана адам сөйлеуі тиіс.
  • Тақырып бойынша сөйлеу.
  • Өз ойларыңмен бөлісу қажет.
  • Басқалардың сезімін сыйлау қажет.
  • Біреудің беделін түсіруге тыйым салу.
  • Барлық оқушыларға сыйластық сезіммен қарау.
  • Орынсыз сұрақ болмайды.

2. Бой жазу : Топтарға бөлу.

3. Миға шабуыл: Ақпарат деген не? Қандай ақпараттық процестерді білесіңдер? Ақпарат қандай қасиеттерге ие болуы тиіс? Ақпарат мөлшерін қалай бағалауға болады? Ақпаратты өлшеудің қандай бірліктерін білесіңдер?

4. Топтардағы жұмыс:
1-топқа: Ақпарат
2-топқа: Ақпарат және басқару
3-топқа: Информатика

5. Топтардың жұмыстарын қорғауы.
Оқушылардың сұрағы

6. Бой жазу: «сәлем жолдау» Аудитория үлкен шеңбер құрап, қол ұстасып тұрады. Бастаушы қасындағы адамның қолын ақырын қысып «сәлемін» жібереді. «Сәлемді алған оқушы оны ары қарай жалғастырады. Ойын біткеннен кейін сұрақ қою: «Бұл жаттығу арқылы нені сездіңдер? Бұл қандай ақпарат алмасу болады?»

7. Топтардағы жұмыс:
1. Ақпарат ұғымының толық анықтамасын қоршап көрсетіңдер:

Адамдар мен құрылғылардың

сигнал алмасуы

Адамдардың өзара мәлімет

алмасуы

Адамдар мен құрылғылардыңсигнал алмасуы:

Жанды және жансыз табиғаттың

өзара сигнал алмасуы

Адамдардың өзара мәліметалмасуы:

Мәлімет, сигнал, сондай-ақ

хабар немесе жадтағы мәлімет

8. Талқылау. Пікір алысу барысында неліктен «адамдардың өзара мәлімет алмасуы», «жанды-жансыз табиғаттың өзара сигнал алмасуы» толық анықтама бола алмайтыны талқылау. Себебі жалпы мағынада ақпарат алмасу - адамдардың өзара мәлімет алмасуы да, жанды және жансыз табиғаттың өзара сигнал алмасуы да, адамдар мен құрылғылардың өзара сигнал алмасуы да болады.

9. КВИЗ: Оқулықтың §1. 2-і негізінде кестені толтырыңдар:

Кибернетика бөлімі
Нені зерттейді
Кибернетика бөлімі:

Автоматтандырылған басқару жүйесі

(жауабы)

Нені зерттейді: Автоматиканың теориялық іргетасы. Бұл саладағы зерттеулерсіз аспап жасау, станок жасау, атомдық энергетика салаларында жетістікке жету мүмкін емес.
Кибернетика бөлімі: Техникалық диагностика
Нені зерттейді: Жүйелердің жұмыс істеуін бақылау және олардағы ақауларды табуды.
Кибернетика бөлімі: Бейнелерді тану
Нені зерттейді: Нақтылы құбылыстарды кластарға бөлуге көмектесетін шешуші ережелерді зерттейді.
Кибернетика бөлімі: Бионика
Нені зерттейді: Жанды жүйелер жұмысы принциптерінің жасанды объектілерде қаншалықты пайдаланатындықтарын
Кибернетика бөлімі: Гомеостатика
Нені зерттейді: Бәсекелес типті өзара қайшылықтағы көптеген жүйелердің өзара әрекеттесуі жолымен тепе-теңдікте жетуін
Кибернетика бөлімі: Нейрокибернетика
Нені зерттейді: Кибернетикалық модельдерді нерв жүйесі құрылымы мен әрекеттерін зерттеуде қолдануға тырысады.

10. Сабаққа шолу: : мұғалім аудиторияға сұрақ береді. Мысалы: “Не нәрсе білдіңіз?”, “Сізге қызықты болды ма?”, “Бәрі түсінікті болды ма?”, “Талқыланбаған сұрақтар қалды ма?”, “Нені білгіңіз келеді?”. Барлық оқушыларға қойылған сұраққа өте қысқа, бір сөйлеммен жауап қайтару ұсынылады. Мұғалім кез келген сұрақты бере алады.

Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік ақпаратты қорғау.

Сабақтың мақсаты: Ақпаратты қорғау туралы түсінік беру,
Антивирустық қорғауды пайдалануға үйрету;
Ұжымдық жұмыс жасауға, өз пікірлерін айтуға, сұрақтар қоя білуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Интерактивті оқыту әдісін қолдану

Сабақтың жабдықтары: Қағаз, маркерлер, карточкалар, компьютер

Сабақтың жүрісі:
1. Ұйымдастыру. Оқушылармен келісім шартқа отыру:

  • Біз барлығымыз өзімізді оқыту үшін жауаптымыз.
  • Бір-бірін тыңдай білу - сөйлеп тұрған адамға қарау және сөзін бөлмеу.
  • Бір ғана адам сөйлеуі тиіс.
  • Тақырып бойынша сөйлеу.
  • Өз ойларыңмен бөлісу қажет.
  • Басқалардың сезімін сыйлау қажет.
  • Біреудің беделін түсіруге тыйым салу.
  • Барлық оқушыларға сыйластық сезіммен қарау.
  • Орынсыз сұрақ болмайды.
  • Құпиялылықты сақтау.

2. Бой жазу. : «Бой-бойымен сапқа тұру». Оқушылар көздерін жұмулары керек. Сөйлесуге тиым салынады. Олар түзу сызықтың бойына бойларына қарай сапқа тізілуі керек. Бойы ең қысқасы бірінші тұрады, ең ұзыны - ең соңында. Топтарға бөлу: Жүйелік блок, монитор, пернетақта

3. Миға шабуыл. Вирус деген не? Вирус арқылы тарайтын қандай ауруларды білесіңдер? Құс тұмауы деген қандай ауру?

4. Шағын топтардағы жұмыс:1. Компьютерлік вирус - жасанды құбылыс
2. Компьютерлік вирустармен күресу әдістері.
3. Тұмау және компьютерлік вирус.

5. Топтардың жұмыстарын талқылау.

6. Бой жазу. «Дұрыс, дұрыс емес» ойыны

7. Миға шабуыл: Адамдарда болатын тұмау мен компьютерлік вирус арасындағы ұқсастықты табу.

8. КВИЗ:


Ұқсас жұмыстар
Ақпаратты қорғау: компьютерлік вирустар және антивирустық бағдарламалар
7-сынып информатика сабақ жоспары: Компьютерлік желі және ақпарат алмасу
5-сынып информатика: ақпаратты жазу және өлшеу, ақпарат тасымалдаушыларға арналған сабақ жоспары
7-сынып информатика сабағы: Компьютерлік желі және ақпарат алмасу
7-сынып информатикасының алғашқы бес апталық сабақ жоспары: техника қауіпсіздігі, ақпарат ұғымы, өлшем бірліктері, ақпаратты қорғау және сығу
Ақпаратты қорғау және антивирустық бағдарламалар: 6-сынып сабақ жоспары
Информатика пәнінің сабақ жоспарлары: техника қауіпсіздігі мен жұмыс орнын ұйымдастыру, ақпараттың көрінісі, қасиеттері және ақпаратты қорғау
8-сынып информатикасы: Ақпарат пен информатика негіздері, қасиеттері және кодтау
6-сыныпқа арналған сабақ жоспары: Ақпаратты қорғау және вирусқа қарсы бағдарламалар
8 сынып: Ақпаратты қорғау негіздері және антивирустық қорғаныс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz