Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Интернет тобына

“Кім шапшаң” атты тапқырлар сайысы

Тапқырлар сайысына қатысушы оқушылар “Интернет” жєне “Дисплей” деп
аталатын екі топқа бөлінеді. Сайысушы топтар үстел үстін өздері дайындаған
заттармен безендіріп, өздері екі шетінде орналасады. Олардың топтарға
қойылған тапсырмаларды бірлесіп, ақылдасып шешулеріне мүмкіндіктері бар.
Сайысымызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасын сайлап алайық.
1-жүргізуші: )
“Өмір деген көк мұхиттың толқыны,
Бір-бірімен жатқан шулап жалғасып,
Бір-бірімен жатқан тулап арбасып.
О, толқындар, арпалысып алға шық,
Өмір деген мәңгі гүлдеп жататын,
Құштарлықтың толғағы мен көктемі” деп Тұрсынбеков Береке жырлағандай
өмірдің өзі сайыс. Бүгін информатика пәнінің алғырлары сайысуға келіп отыр.
Ортаға жарысушы топ тапқырларын шақырамыз.
2-жүргізуші:
Мінекей залда тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк.
Мұны біз де қоштаймыз.
Кешіккендерді тоспаймыз.
Ғылымдардың жаңасы,
Дегенмен бала данасы.
Информатика тойында
КТС-ті бастаймыз.
Жас достарым!
Мұны дұрыс ұғайық
ЭЕМ құрметтеуге лайық.
1-жүргізуші: Ќұрметті ұстаздар мен оқушылар. 9-сынып оқушыларының
қатысуымен өткізілетін “КІМ ШАПШАН” атты сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.
2-жүргізуші:
Көрермен жиналған бұл тамашаға
Ќөр қарап жым отыру жараса ма?
Туыс,достар,кластас,танысқа емес
Соқ қолыңды білімді жас талапқа.
Қолыңды бекерге бос, соға берме
Ойсыз,соқыр сезімнің соңына ерме
Зерделеп, сұрақ –жауап санаңа түй
Сонда ортақ боласың бар жеңіске.
1-жүргізуші: Ал енді сөз кезегін “Интернет” жєне “Дисплей” тобы сіздерге
береміз. Өздеріңді таныстырып жарысып көріңіздер.
2-жүргізуші: “Дисплей” тобының сәлемдесуі
1-жүргізуші: “ Интернет”тобының сәлемдесуі
2-жүргізуші: ”Сәттілік кезең” Бұл сайыста 1 минут уақытта сұрақтарға
қаншалықты дұрыс жауап беретіні анықталады.
“Интернет” тобына
1. Вирустың кері әсерін жоятын бағдарлама
(антивирус)
2. Ақпараттың өлшем бірліктері не?
(байт, бит)
3. Белгілі бір атпен жазылған мәліметтер жиыны
(файл)
4. Санау жүйесінің неше түрі бар
(4)
5. QBasic бағдарламасында шартсыз өту операторы
(Goto)
6. Сурет салуға арналған бағдарлама
(графиктік редактор)
7. Командалары бірінен кейін бірі орындалатын алгоритм
(сызықтық)
8. Деректерді сақтауға арналған құрылғы
(жады)
9. Әртүрлі объектіні орындауға арналған Windows экраны
(жұмыс үстелі)
10. QBasic бағдарламасында шеңбер салу операторы
(Circle)
11. QBasic бағдарламасында меншіктеу операторы
(Let)
12. Жалпы желіге қосылу үшін қажет құрылғы
(модем)
13. Жыпылықтап тұратын тік сызықша
(меңзер)
14. Қарапайым есептеулер жүргізетін бағдарлама
(калькулятор)
15. Ақпаратты өңдеу құрылғысы
(процессор)
16. Басу құрылғыларының түрлері
(лазерлік, матрицалық, бүріккіш)
17. Адам денсаулығына зиянды компьютер құрылғысы
(монитор)
18. Компьютер жанына қойылатын өсімдік
(кактус)
19. QBasic бағдарламасында енгізу операторы
(Input)
20. Командалары шартқа байланысты орындалатын алгоритм
(тармақталған)
1- жүргізуші: “Дисплей” тобына
21. QBasic бағдарламасында мәндері мәтін болатын шама
(бедербелгілік)
22. Екілік жүйенің сандары
(0,1)
23. Дүниежүзілік компьютерлер арасындағы байланыс ортасы
(интернет)
24. Файл көлемін кішірейтіп сақтау бағдарламасы
(архиватор)
25. Орындаушы орындай алатын командалар тізбегі
(алгоритм)
26. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі
(бит)
27. Компакт дискіні оқу құрылғысы
(CD-ROM)
28. QBasic бағдарламасында шартты операторлар
(IF, THEN, ELSE)
29. QBasic бағдарламасында бір әрекеттің бірнеше рет қайталануы
(цикл)
30. QBasic бағдарламасында нүкте салу операторы
( PSET)
31. QBasic бағдарламасында бірінен кейін бірі орындалатын
командалар жиынтығы
(серия)
32. QBasic бағдарламасында тұйық фигураны бояу операторы
(PAINT)
33. QBasic бағдарламасында графиктік операторлар үшін қолданылатын түс
нешеу (16)
34. Алгоритм түрлері
(сызықтық, тармақталған, циклдік)
35. Ақпарат енгізу құрылғысы
(пернетақта)
36. Компьютердің жұмыс өнімділігі неге тәуелді
(процесор жиілігіне)
37. Дыбыс шығару құрылғысы
(колонка)
38. Ақпаратты шығару құрылғысы
(басу құрылғысы)
39. QBasic бағдарламасында түсініктеме беру операторы
(REM)
40. QBasic бағдарламасында кесінді салу операторы
( LINЕ )
41. QBasic бағдарламасында қию операторы
( MID )
42. Бағдарламалау тілінің командаларымен өңделетін деректер
(шама)
2-жүргізуші: Енді “Кім жылдам” атты сайысымызда әртүрлі тақырыптарда
сұрақтар берілген, оқушы тақырыбы мен сұрақ нөмірін таңдап жауап береді.
Windows тақырыбында:
1.Операциялық жүйе дегеніміз не?
2.Windows 98 операциялық жүйенің атқаратын қызметі қандай?
3.Бағдарлама дегеніміз не?
4.Windows операциялыќ жүйесін қалай іске қосады?
5.Калькулятор қандай бағдарлама тобына жатады, қалай іске қосылады?
6.Жұмыс үстелінде буманы қалай құрады?
7.Мультимедианың қандай мүмкіндіктері бар?
8.Word Pad редакторы не үшін қажет, іске қалай қосылады?
9.Жұмыс үстелінің фонын қалай өзгертеді?
10.Мүмкіндігі жоғары монитор.
11.Дискіні қалай форматтаймыз?
12.Файлды қалай тез іздеп табуға болады?
1-жүргізуші:
MS Excel бағдарламасы:
1.MS Excel іске қос, терезенің әлемін ата?
2.Қатар, бағана, ұяшық дегеніміз не? Олар қалай белгіленеді?
3.Диаграмма дегеніміз не? Оныњ түрлері қандай жєне диаграмманы қалай
құрады?
4.Excel электрондық кестесінің атқаратын қызметін, мүмкіндіктерін ата?
2-жүргізуші:
Q Basic
1. Блок-схема дегеніміз не? Блок-схема құруға қажет геометриялық фигураны
ата?
2. Бедербелгілік шама дегеніміз не, оған қолданатылатын операциялар
механизмін түсіндір?
3. Q Basic –те сурет салуға қажетті операторларды және атқаратын
қызметін ата?
4. Алгоритм деген не, оның түрлері мен қасиеттері қандай?
1-жүргізуші:
MS Word бағдарламасы:
1. MS Word бағдарламасы не үшін қажет? Құжатты қалай баспаға береді?
2. MS Word бағдарламасын іске қосудың үш тәсілін көрсет, терезесінің
элементтерін ата.
3. Мәтінді пішімдеу деген не, пішімделген мәтінді қалай сақтайды?
4. MS Word бағдарламасында кестені қалай құрады? Кесте ұяшықтарын қалай
біріктіреді, қосады, өшіреді?
2-жүргізуші: Ендігі сайысымыз “Есеп эстафетасы”, онда берілген есепке
алгоритм, блок-схема, бағдарлама құру және компьютерде бағдарламаны
жазып нәтижесін көрсету.
“Дисплей” тобына:
Тіктөртбұрышқа іштей сызылған боялған шеңбер кескінін салу.
“Интернет ” тобына:
Үшбұрышқа іштей сызылған боялған шеңбер кескінін салу.
1-жүргізуші: Келесі сайысымыз “Үй тапсырмасы”, онда қарсы топ оқушылары
өздері дайындаған ребустар, сөзжұмбақтар жасырып, шығарған газеттерін
қорғайды.
2-жүргізуші: Сайысымызды қорытындылау үшін сөз кезегін әділ-қазылар
алқасына береміз.
Командаларға әр бөлім бойынша көрсеткен білімдеріне қарай ұпай
беріліп, жеңімпаз команда анықталды. Жеңімпаз команда оушыларын
құттықтаймыз!

М.Әуезов атындағы № 20 орта мектеп

Өткізген: Собалақова Баян Жұмашқызы
информатика пәні мұғалімі

Ақтау қаласы
2007 ж

Ұқсас жұмыстар
Компьютер тобына
Тригонометриялық формулаларға есептер шығару
Жаңаша оқытудың мәні
Тапқыр достар. 7-сыныптар
Жүйріктер тобы сұрақтары
Сабақтар - сабақ
Жалпы мәліметтер
Компьютер тобы
Ең үздік информатик интеллектуалды ойыны
Сабақты бекіту сұрақтары
Пәндер