Паскаль тобына сұрақтар

Сабақтың тақырыбы: Қысым қызықтары.

Мақсаты: 1. Дәстүрлі емес сабақ түрінде оқушылардың белсенділігін арттырып, өз-өзіне баға беруге, өз жетістіктерін сезініп, әлсіз жақтарына сын көзбен қарауға ұйрету.

2. Осы тарауда нені білді, қандай шамалармен танысты, алған білімдерін есте сақтау мақсатында оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, ойлау қабілетін дамыту, алған білімдерін одан әрі қарай дамыту.

3. Оқушыларды тез ойлауға, тез есептеуге, шапшаңдыққа, жинақтылыққа тәрбіиелеу, пәнге қызығушылығын туғызу.

Сабақтың әдісі: дәстүрлі емес.

Сабақтың түрі: сайыс сабағы.

Сабақтың көрнекілігі: таратпа материалдар, кроссвордтар.

Құрал жабдықтар:Интерактивті тақта, ноутбуктар, Паскаль шары, Архимед шелегі, динамометр, жүктеме, шүмегі бар шыны ыдыс, мензурка.

Пәнаралық байланыс: математика, астрономия, әдебиет.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Сынып оқушыларын 2 топқа бөлу, топ басшысын анықтау. (I-топ Паскаль, II-топ Архимед) . Әділ қазылар алқасын сайлау.

Сайыс сабақ жоспары.

1. Білімділік (сұрақ-жауап) шамалар бойынша.

2. Топтардың таныстыруы-әр топ өздерінің таңдаған аттарын қорғау, эмблема бойынша.

3. Формуланы білесіз бе? Әр топ формулалар жазып сайысқа түседі.

4. Зерделілер сайысы. II-топ тәжірибе жасап қорғайды.

5. Шапшаңдық сайысы есептер шығару, кроссворд шешу.

6. Әділ қазылар бағаларын беріп, қорытындылау.

I. -Топтардың таныстыруы: Эмблемаларын қорғау, не себепті Паскаль немесе не себепті Архимед деп аталғандары жайында айту.

II. -«Білімділік» сайысы- тақтаға физикалық шамалар ілінеді, сол шамалар төңірегінде сұрақтарға жауап береді.

P, F, S, Q, G, H

Паскаль тобына сұрақтар:

1. Қысым дегеніміз не?

2. Қатынас ыдыстарға мысыл келтір. (Шәйнек, кофейник, су құбыры)

3. «Атмосфера» деген сөздің мағынасы. (грекше атмос-бу, сфера-шар)

4. Атмосфералық қысымның өлшем бірлігі. (сын. бағ ммл)

Архимед тобына сұрақтар:

1. Атмосфералық қысымды өлшейтін аспап.

(Барометр)

2. Денелердің жүзу шарттары?

3. Сұйықтың тығыздығын өлшеуге арналған аспап.

(Ареометр)

4. F-күш дегеніміз не, өлшем бірлігі.

Fы=Fa=PgVg (H)

III-Формуланы білесіз бе? Оқушылар өткен формулаларды жазып, әділ қазылар алқасына тапсырады.

IV-«Зерделілер» сайысы .

Паскаль тобы:Паскаль шарымен тәжірибе жасайды.

Архимед тобы:Архимед тәжірибесін жасау.

Керекті құралдар:динамометр, жүктеме, суы бар шыны ыдыс.

V-«Шапшаңдық» сайысы . Есептер шығарады. Карточка бойынша қалған оқушылар кроссворд шешеді.

Паскаль тобына есеп. Судың 0, 6 м тереңдіктегі қысымын табыңдар.

Берілгені : Шешуі:

h=0, 6 м P=pgh=1000 кг/м * 10 н/кг *0, 6 м=6000 н/м=6 кПа

p=1000 кг/м

g=10 н/кг

P-? Жауабы :6кПа.

Архимед тобына есеп. Суға 100 см болатын дене батырылған. Осы денеге әрекет ететін ығыстырушы күшті анықтаңдар.

Берілгені: ХБЖ Формуласы, Шешуі:

V=100 см3 100 с3 * 0, 1м3=Fы=Fа=0, 001м3 * 1000 м3 *10 H=10H

g=10 н/кг=0, 001 м3

p су=1000 кг/м

Fы-? Жауабы :Fы=10H.

Басқа оқушылар тақтаға кроссвордтың жауабын шешеді.

Сабақ соңында оқушыларды бағалау, топ жеңімпазын анықтау.

№2Ленинград орта мектебі

Ашық сабақ

Тақырыбы: Қысым қызықтары

(7 сынып )

Өткізген : Оңғарбай Ж.

2008-2009 оқу жылы.


Ұқсас жұмыстар
Таңғажайып елінде. саяхат сабақ
Сызықтық алгоритмдерді программалау
Паскаль тілінде жазылуы
Атмосфералық қысым туралы
Графиктік процедуралар. 8 сынып
Қалған бұрыштарды тап
Меншіктеу операторы. Стандартты функциялар
Компьютер тобы
жұлдызды сәт . Блиц-турнир
Дененің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz