Үдеуі қанша

Сабақ жоспары
Пән мұғалімі: Жақаев Мұқамеджан
Сабақ тақырыбы: Ньютон заңдары (қорытынды сабақ) . 9-сынып.
Сабақ түрі: «Үздіксіз әрекет» атты ойын сабағы.
Сабақтың мақсаты:
білімділік; оқушылардың күш, күш әсері, масса мен үдеудің байланысы, инерция, тең әсерлі күш туралы ұғымдарын, Ньютон заңдары туралы білімдерін «дене-күш-үдеу» бағытында жүйелеу, оны есептер шығару, тәжрибе жасау, жеке тапсырмалар орындау арқылы тереңдету.
дамытушылық; оқушылардың күш-үдеу, үдеу-масса тұрғысындағы білімін тереңдету, эксперимент жасау, іздену дағдысын қалыптастыру.
тәрбиелік; оқушының жеке тұлға үшін күрес әрекетін игілікті іске жұмсауға әдеттендіру, олардың іздінгіштік әрекетін дамыту, білім беру жүйесіндегі ғылыми тақтармен таныстыру.
Сабақтың көрнекілігі:
Тәжрибе жасауға арналған приборлар, тесттер, тірек-конспект-тапсырмалар т. б.
Сабақтың барысы:
І-ұйымдастыру кезеңі (15 м )
- Оқушыларды үш топқа бөліп тиісті орындарына отырғызу
- Тапсырмалар тарату, олармен жұмыс тәртібін түсіндіру
ІІ-негізгі бөлім (60 м )
1-әрекет: Тапсырма беру
«Түлектер» - А деңгейлі тапсырмалар /билеттер/
«Абитуриенттер» - В деңгейлі тапсырмалар /билеттер/
«Студент» - А, В деңгейлі тапсырмалар /билеттер/
«Аспирант» - С деңгейлі тапсырмалар /билеттер/, эксперимент
жасайды, мұғалімге көмектеседі, тексереді.
«Фрофессор» - С деңгейлі тапсырмалар /билеттер/, тапқырлық
көрсетуге арналған эксперимент жасайды, мұғалімге көмектеседі, тексереді, бағалайды.
2-әрекет: Тексеру. Мұғалім, профессор, аспирант тексеріп, ұпай береді.
3-әрекет: Жылжыту. Тапсырмалар бойынша жинаған ұпайларына қарай, оқушылар басқа топтарға орын ауысады, немесе орынында қалады.
ІІІ - қорытынды бөлім (15 м )
- Оқушылардың ұпайларын жарялау.
- Белсенді оқушыларды, атап өту, алғыс айту, қосымша ұпай беру.
- Оқушыларды бағалау
«Түлектер» - 2
«Абитуриенттер» - 3
«Студент» - 4
«Аспирант» - 5
«Фрофессор» - 5, 5.
Ф-9 №1А
- Үдеу нолге тең болатын жағдайларды жұмыс дәптерге жазыңыз:
1 . . .
2 . . .
3 . . .
4 . . .
- Сурет бойынша тең әсерлі күштің формуласын жазып есептеңіз;
- Есептеп шығарыңыз: Қанадай күштің әсерінен массасмы 200г дене 1, 5 м/с2үдеу алады?
Ф-9 №2А
- Дене бір қалыпты түзу сызықты қозғалады. Үдеу қаншаға тең болады?
- Параллель екі күш (30Н және 50Н) бір нүктеге әсер етеді. Тең әсерлі күшті есептеңіз.
- 0, 05 Н күш әсерінен доп 10см/с2үдеу алады. Доптың массасы қандай?
Ф-9 №3А
- Екі бала әрқайсысы 50 Н күшпен арқанды қарама-қарсы жаққа қарай тартады. Арқанға қанша күш түседі?
- 1 клетка = 5 Н деп алып, төмендегі күштердің модульдерін (сан мәндерін) жазыңыз.
- Массасы 0, 5 т вагонеткаға 125 Н күш әсер етеді. Ол қандай үдеумен қозғалады?
Ф-9 №4А
- Бала 500Н күшпен еденді қысады. Еденнің реакция (серпімділік) күші қанша?
- Парллель екі күш (60Н, 100Н) қарама-қарсы жаққа бағытталған. Сызып көрсетіңіз. Тең әсерлі күші қанша?
- 1 кН күш денеге 5 см/с2үдеу берсе, ол дененің массасы қанша?
Ф-9 №5А
- 1-суретте екі арба қарама-қарасы келіп абс. серпімді соғылды. Бір арбаша 6 см/с2, екіншісі 4 см/с2үдеу алса, олардың массалары бір-бірінен қанша есе ауыр?
1-сурет
- 1-суретте арбалар массасы тиісінше 2кг және 3кг болса, олардың әрқайсысына қандай күш әсер етеді?
3. 2-суретте А-нүктеде жіп үзілсе серіппе қандай күштің әсерінен жиырылады? 2-сурет
Ф-9 №6А
- Ілулі тұрған жүкке әсер ететін күштерді стрелкамен көрсетіп, аттарын жазып, суретін дәптерге салыңыз.
- Ілулі түрған шардың массасы 500г болса, жіптің керілу күші қанша? (g=10 м/с2)
- Массасы 100г және 300 г екі шар абс. серпімді соқтығысып екі жаққа кетті. Қай шариктік үдеуі көп? а2=6 см/с2болса, а2=? (Ньтонның ІІ-заңымен шығарыңыз)
Ф-9 №1Б
- Осы суреттегі тең әсерлі күш қайсысы? Дене қозғала ма? Қозғалса, қалай қарай?
- Массасы 200 г ойыншық тыныш тұрған орыннан үдей қозғалып, 4 с -та 1м жол жүрді. Денеге әсер етуші тең әсерлі күш қанша?
- Екі адам, әр қайсысы 100 Н күшпен арқанды кереді. Арқан 190 Н күшке төзімді болса, ол үзілеме?
Ф-9 №2Б
- Суреттегі 3Н және 4Н екі күштің тең әсерлі күшін есептеңіз;
- Массасы 0, 5 т тыныш тұрған денеге 35Н күш әсер етеді. Ол 4 с -та қанша жол жүреді?
- Екі баланың бірі арқанды 50Н күшпен тартады. Екінші бала қанша күшпен тартады?
Ф-9 №3Б
1. Сурет бойынша барлық күштердің тең әсерлі күші қандай? (өрнек түрінде жазыңыз)
- Массасы 5кг дене бір күш әсерінен 2 м/с2үдеу алады. Массасы 10 кг денеге сол күш қандай үдеу береді?
- Келе жатқан автомобильге маса келіп соғылды. Масаға әсер ететін (Ғ1) пен автомобтльге әсер ететін күшті (Ғ2) салыстыпыңыз.
Ф-9 №4Б
- Парашютші бір қалыпты түзу сызықты қозғалыс жасап төментүсіп келеді. Қандай денелердің әсерлері теңестірілді?
- 120Н күш денеге 1, 6 м/с2үдеу береді. Осы денеге қандай күш 2 м/с2үдеу береді?
- Салмағы 600Н бала, саламағы 400Н жүкті иығына көтеріп тұр. Осы бала еденді қандай күшпен қысады?
Ф-9 №5Б
- Дене шеңбер бойымен бір қалыпты айналып тұр. Осы денеге қандай күштер әсер етеді? Суретін дәптерге салып көрсетіңіз. /үш күш бар/
- Тарту күші 12, 5 кН трактор тіркемеге 0, 25 м/с2үдеу береді. Тарту күші 60 кН трактор сол тіркемеге қанша үдеу береду?
- Кран массасы 2, 2 т жүкті 25 кН күшпен жоғары көтереді. Тең әсерлі күш қанша?
Ф-9 №1С
- Үстел үстінде жатқан кітапқа әсер ететін күштерді ветор түрінде сызып көрсетіңіз.
- Кран массасы 2, 2 т жүкті 25 кН күшпен жоғары көтереді. Тең әсерлі күш қанша?
- Болат трос 45 кН салмаққа шыдайды. Массасы 400 кг жүкті болат сым үзілмейтіндей етіп, ең көп дегенде қандай үдеумен көтеруге болады? (g=10м/с2)
Ф-9 №2С
- Дене шеңбер бойымен бір қалыпты айналып тұр. Осы денеге қандай күштер әсер етеді? Суретін дәптерге салып көрсетіңіз. /үш күш бар/
- Болат трос 45 кН салмаққа шыдайды. Массасы 400 кг жүкті болат сым үзілмейтіндей етіп, ең көп дегенде қандай үдеумен көтеруге болады? (g=10м/с2)
- Қайықта тұрған бала жіптің көмегімен екінші қайықта тұрған баланы өзіне тартады. Бірінші қайық пен баланың массасы 200кг, екіншінікі 100кг, ал жіптің керілу күші 150Н болса, 1-ші және 2-ші қайықтардың 5с уақытта жүрген жолын табыңыз. /Ньютонның ІІ-ші және ІІІ-ші заңы/
Ф-9 №3С
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz