Жұп сандарға мысал келтір

1. Әзір-қайталау командаларын Паскаль опреторында программалауды үйрену, пысықтау.
2. Программаны ықшам, сапалы жазу дағдысын қалыптастыру. Программаның математикалық моделі туралы түсінік қалыптастыру.
3. Программа мәтінін экранға және дәптерге жазудың эстетикасын сақтауды ескеру.
барысы:
(3 мин)
(10 мин)
Ұйымдастыру.
- Оқушыларды түгелдеу, журнал толтыру, оқушылардың дәптерлерін, оқулықтарын қарап шығу.
- Сынып, тақта, парта тазалығын қарап шығу, қажет болса ескертулер жасау.
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Үй тапсырмасымен жұмыс.
1. Үй жұмысының орындалуын тексеру, есепке алу
Үй жұмысы орындалған, бірақ дұрыс емес - 1 ұпай,
жартылай дұрыс - 2
толық дұрыс - 3
жоқ - 0
2. Қысқаша сұрақ-жауап. (1-2 ұп)
- Қайталау операторы не үшін қолданылады?(қайталанып келетін процестерді программалау үшін)
- Әзір қайталау операторы қалай орындалады(шарт сақталмай қалғанша қайталау опреторы серия жарлықтарын атқара береді)
- Қайталау параметрі деген не?(қайталау санын көрсететін, әр қайталау сайын 1-ге артып отыратын натурла типті шама)
- Шарт деген не?(жауабы «иә» немесе «жоқ» болатын ұйғарым)
- Серия деген не?(Паскаль опреторларының тізбегі)
- ҚО Паскаль тілінде қалай жазылады? Әр қызметші сөздің қазақша мағанасы қандай?(әзір, дейін, басы, соңы)
Журналдағы тізім бойынша әр оқушы бір сұраққа жауап береді. Сұрақтар бітіп қалғанда басынан бастап қайтадан қойыла береді. Әр қайталанған сайын сұрақтар күрделене береді. Бір дұрыс жауапқа бір ұпай.
Жаңа сабақ
(10 мин)
1. Бүгінгі сабақта осы әзір қайталау операторын есептің программасын жазу үшін қолданамыз. Алдымен мына сұрақтарға жауап берейік. (1-3ұп)
- Жұп сандарға мысал келтір.
- 10-ға дейінгі жұп сандарды айтып шық.
- 10-ға дейінгі жұп сандардың қосныдысын ауызша есепте.
Енді мына есепке программа жазып көрелік.
Е С Е П: Бүтін М санына дейінгі жұп сандардың қосындысын табатын программа дазыңыз.
Мат. мод.
- Не белгілі? М - бүтін, қайталау параметрі і- бүтін,
- Не табу керек? Жұп сан қосындысы s - бүтін,
3. Қалай есептейміз;
М -мәнін енгіземіз, i:=2 қосынды s:=0
болады
і < m болса i=m болғанша қайталанады,
s:=s+i: i:=i+2;
қайталаймыз.
Программа мәтіні:
program sum01;
var s, i, m:integer;
begin
s:=0; i:=2;
write('bytin san engiz ') ;
read(m) ;
while i<=m do
begin
s:=s+i; i:=i+1;
end;
write('summa s=', s) ;
end.
Сынып жұмысы
(17 мин)
А. Осы программаны компьютерде теріп орындаңдар, (5ұп)
В. Осы прогмамманы тақ сандардың қосындысын табатындай етіп өзгертіп, компьютерде орындаңдар. (10ұп)
С. Оқулықтан №11 есеп (103) . Бүтін М (100<=M<=200) санына дейінгі жұп сандар мен тақ сандардың қосындысын жеке есептеп, нәтижелерін экранға шығаратын программа жазып, компьютерде орындағңыз. (15 ұп)
Нұсқа:. Қателерін тексеріп, түрлі мән беріп бірнеше рет орындаңдар, файлды сыныптарыңның «9 сын» папкасына өз фамилияларың мен есеп нөмірін файл аты етіп сақтаңдар.
Бағалау:
(4 мин)
Қосымша ұпайлар:
белсенділік - 2 ұп, оқу-құралдары (кітап, дәптер, қалам) толық - 1 ұп
тәртібі - 2 ұп
35-40 үп - «5» 25-34 ұп - «4» 3 - 24 ұп - «3» . . . - 0-2 - «2»
Үйге тапсырма
(1 мин)
Оқулықтан 3. 7 (91-92 бет)
Есеп №2ә, программа жазып келу, мүмкін болса дискіге жазуп келу.
Оқушының бағалау парағы:
Үй жұмысы
Бар, бірақ
дұрыс емес -1
жартылай дұрыс - 2 толық дұрыс - 3
жоқ - 0
Сынып жұмысы
А-нұсқа
В
С
мұғалім бағалайды
5 ұп
10 ұп
15 ұп
№
25-26
1. Дейін-қайталау командаларын Паскаль опреторында программалауды үйрену, пысықтау. CHAR, STRING, LENGT қызметші сөздерімен және олардың атқаратын қызметтерімен қажеттілік туғыза отырып алдын-ала танысу.
2. Программаны ықшам, сапалы жазу дағдысын қалыптастыру. Программаның математикалық моделі туралы түсініктерін тереңдеу.
3. Программа мәтінін экранға және дәптерге жазудың эстетикасын сақтауды ескеру.
барысы:
(5 мин)
(15 мин)
Жаңа сабақпен байланыс-тыру
Ұйымдастыру.
- Оқушыларды түгелдеу, журнал толтыру, оқушылардың дәптерлерін, оқулықтарын қарап шығу.
- Сынып, тақта, парта тазалығын қарап шығу, қажет болса ескертулер жасау.
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Үй тапсырмасымен жұмыс.
1. Үй жұмысының орындалуын тексеру, есепке алу (Есеп №2ә)
Үй жұмысы орындалған, бірақ дұрыс емес - 1 ұпай,
жартылай дұрыс - 2
толық дұрыс - 3
жоқ - 0
2. Қысқаша сұрақ-жауап. (1-2 ұп)
- Қайталау операторы не үшін қолданылады?
- Әзір қайталау операторы қалай орындалады
- Қайталау параметрі деген не?
- Шарт деген не? Серия деген не?
- ҚО Паскаль тілінде қалай жазылады? Әр қызметші сөздің қазақша мағанасы қандай?
- Шартты тексермей тұрып серияны орындауға болама? Неге?
Журналдағы тізім бойынша әр оқушы бір сұраққа жауап береді. Сұрақтар бітіп қалғанда басынан бастап қайтадан қойыла береді. Әр қайталанған сайын сұрақтар күрделене береді. Бір дұрыс жауапқа бір ұпай.
Жаңа сабақ
Лекция мазмұны.
(20 мин)
1. Бүгінгі сабақта қайталау опреторының денесін (тұлғасын) шарттан бұрын орындауға мүмкіндік беретін Паскальдың жаңа опреторымен танысамыз.
Жазылу түрі:
<серия >;
UNTIL <шарт>;
repeat-until операторының While - do- ға қарағанда үш айырмашы-лығы бар. 1. шарт циклдан бұрын тексеріледі, сондықтан серия кем дегенде бір рет атқарылады. 2. Repeat операторында шарт ақиқат (иэ) болғанда қайталау (цикл) аяқталады. 3. Repeat операторында қайталау соңы шартпен аяқталады.
ЕСЕП: Берілген сөйлемде «а» әрібі қанша рет кездесетінін табатын программа жазайық.
Бұл мақсатқа жету үшін сөзде қанша әріп бар, «а» әрбін қалай белгілейміз, соны анықтап алайық. Алдымен есепте кездестін шамаларды айқындайық. Еспті шешу үшін не белгілі деп ойлайсыңдар? «а» әрібі , сөйлем , сөйлемнің ұзындығы . Паскалда тамаша мүмкіндіктер бар. Әріпті жеке таңба деп қарасақ оның типін CHAR қызметші сөзімен көрсетуге болады. Мысалы: аа:char; Сөйлемнің өзін де типі STRING болатын айнымалымен белгілейміз. String -типімен көрсетілген сөйлемде (жолда) 1-ден 256-ға дейін таңба бола алады. Сөйлемдегі таңбалар солдан оңға қарай 0-ден 255-ке дейін нөмірленеді. Әр таңбаға бір нөмір сәйкес келеді. Мысалы: аа:=’Информатика’; , болса, aa[3] =ф, aa[7] =а, aa[11] =а болады. Енді сөздің ұзындығын ше? Яғни, тағы бір қызметші сөз қажеттігі көрініп тұр. Сөйлемде, кез-келген таңбалар тізбегінде қанша таңба бар екенін LENGTH(zz) қызметші сөзі көмегімен анықтауға болады. Мұндағы zz - таңбалар тізбегі немесе сөйлем. Сонымен мысалда келтірілген есепті шешу үшін қажет нәрсенің бәрі бізде бар.
Есептің математикалық моделіндегі бірінші сұраққа жауап беріп қойдық.
1. Не белгілі «а» әрібі, сөйлем zz-жолдық, сөйлемнің ұзындығы n - бүтін сан
2. Не табу керек? «а» әріптерінің саны s- бүтін сан.
3. Қалай есептейміз;
Сөйлемді енгіземіз zz;
-мәнін енгіземіз, қайталау параметрі i:=1; а-лар саны s:=0;
n:=сөйлем ұзындығы;
қайталау
егер zz[i] =’a’ онда s:=s+1;
i:=i+1;
жоқ і > n иә
Программа мәтіні:
program sanau_repeat;
var s, i, n: integer ;
zz: string ;
begin
s:=0; i:=2;
write ('Сөйлем енгіз ') ;
read (zz) ; n:=lengt(zz) ;
s:=0; i:=1;
repeat
if zz[i] =’a’ then s:=s+1;
i:=i+1;
until i>n;
writeln ('а саны =', s) ;
end .
Сынып жұмысы
(20 мин)
А. Осы программаны компьютерде теріп орындаңдар, (5 ұп)
В. Осы прогмамманы сөйлемдегі «б» (с, е . . . , әркімге әртүрлі) әрібін санайтындай етіп өзгертіп, компьютерде орындаңдар. (10ұп)
С. REPEAT-UNTIL көмегімен оқулықтан №11 есептің (103) программасын жазыңдар. Бүтін М (100<=M<=200) санына дейінгі жұп сандар мен тақ сандардың қосындысын жеке есептеп, нәтижелерін экранға шығаратын программа жазып, компьютерде орындаңыз. (15 ұп)
Нұсқа:. Қателерін тексеріп, түрлі мән беріп бірнеше рет орындаңдар, файлды сыныптарыңның «9 сын» папкасына өз фамилияларың мен есеп нөмірін файл аты етіп сақтаңдар.
Бағалау:
Компютерлік тестілеу
(10 мин)
Қосымша ұпайлар: белсенділік - 2 ұп, оқу-құралдары (кітап, дәптер, қалам) толық - 1 ұп, тәртібі - 2 ұп
1 дұрыс жауап 1 ұп. Барлығы - 10 ұп.
40-50 үп - «5» 20-39 ұп - «4» 3 - 19 ұп - «3» . . . - 0-2 - «2»
Үйге тапсырма
(3 мин)
Оқулықтан 3. 7 (93-95 бет)
Есеп №2ә, программасын repeat-until көмегімен жазып келу, мүмкін болса дискіге жазып келу.
Оқушының бағалау парағы:
Үй жұмысы
Бар, бірақ
дұрыс емес -1
жартылай дұрыс - 2 толық дұрыс - 3
жоқ - 0
Сынып жұмысы
А-нұсқа
В
С
мұғалім бағалайды
5 ұп
10 ұп
15 ұп
№
27
1. FOR -DO опреторы көмегімен программалауды үйрену.
2. Программаны ықшам, сапалы жазу дағдысын қалыптастыру. Программаның математикалық моделі туралы түсініктерін тереңдеу.
3. Программа мәтінін экранға және дәптерге жазудың эстетикасын сақтауды ескеру.
барысы:
(3 мин)
(10 мин)
Ұйымдастыру.
- Оқушыларды түгелдеу, журнал толтыру, оқушылардың дәптерлерін, оқулықтарын қарап шығу.
- Сынып, тақта, парта тазалығын қарап шығу, қажет болса ескертулер жасау.
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Үй тапсырмасымен жұмыс.
1. Үй жұмысының орындалуын тексеру, есепке алу (Есеп №2ә repeat-until көмегімен жазып келу)
Үй жұмысы орындалған, бірақ дұрыс емес - 1 ұпай,
жартылай дұрыс - 2
толық дұрыс - 3
жоқ - 0
2. Қысқаша сұрақ-жауап. (1-2 ұп)
- Әзір-қайталау операторы не үшін қолданылады?
- Дейі- қайталау операторы қалай орындалады?
- Қайталау параметрі деген не?
- Repeat - Until-діңWhile - do-ден қандай айырмашылығы бар?
- Бұл оперторларда циклдің қайталану саны белгілі ме?(жоқ)
- Қайталанатын процес саны алдын ала белігі болған жағдайда не істеуге болады?
Журналдағы тізім бойынша әр оқушы бір сұраққа жауап береді. Сұрақтар бітіп қалғанда басынан бастап қайтадан қойыла береді. Әр қайталанған сайын сұрақтар күрделене береді. Бір дұрыс жауапқа бір ұпай.
Жаңа сабақ
Лекция
(20 мин)
1. Қайталау саны алдын-ала белгілі болған жағдайда For - Do және For - Downto операторларын қолданған ыңғайлы. Жазылу түрі:
For <цикл параметрі>=<алғашқы мән> to <соңғы мән> do
begin ;
<серия>;
end ;
For <цикл параметрі>=<соңғы мән > to < алғашқы мән > downto
begin ;
серия;
end ;
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz