Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Қуан анам

Туған тілім- елдігінің айғағы

Мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік
тілімізді сүйуге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау
жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, діні, тіл
ерекшелігі болатынын түсіндіру. Оқушылардың ой- өрісін, дүниетанымын
кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу.

Барысы:
1-жүргізуші: Саламатыздар ма? Құрметті ұсаздар, қонақтар, даярлаған
мерекелік бағдарламамызды сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.
2-жүргізуші: Тілдер мерекесіне арналған 8,9 орыс сыныптары даярлаған
мерекелік бағдарламамызды сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.
1-жүргізуші: Мемлекетіміз тәуелсіздік, ана тіліміз мемлекеттік мәртебе
алып, көптен күткен арманымыз орындалды.
2-жүргізуші: Ия, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрлері, тіл
ерекшелігі болады. Біздің ұлттық тәрбиеміз ананың сүті, ананың әлдиі,
ананың тілінен бастау алады.

Али: Тілім менің!
Тілім үшін мың өліп, тірілді елім,
Аралыммен арыммен қатар қойып,
Тілді қорғау –парызым бүгін менің,

Аида: Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Қазақ тілін білмеу қандай заңдылық,
Өсер балаң байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.

Арман: Қазақ тілің-Атаң, Анаң,
Қуат алар Отан да одан.
Дүниеде ешбір асыл
Тең келмейді қатар оған.

Мадина: - Қуан далам! Қуанатын күн бүгін!
Серпіп таста, мұңды жүрек түңдігін!
Тіл туралы Заңым енді күшінде,
Паш еткендей кескен жаңа кіндігін!

Жанна: - Қуан бабам! Қуанатын күн бүгін!
Халық жауы атандың-ау сол үшін,
Ғұмырыңды құрбан етіп жолыңда ар.

Медет: -Қуан анам! Ұстазыңнан сүйініп,
Сәтің де көп кеткен кейде түңіліп.
Ақ сүтіңмен бойға біткен тіліңді
Пір тұтамын мен алдыңа иіліп.

Гаухар: - Қуан балам! Туған тілдің киесі.
Жебеп сені болғаныңа иесі.
Тек мұнымен бітпейтінін ұғып өс,
Дүниеде тіршіліктің күресі.

Абай: - Қуан халқым! Күшіне енді тіл заңы,
Сүйінші деп ақын ұлың жырлады
Ел елдігі бағаланар тілімен,
Сол арқылы құлпырады, гүл бағы.

1-жүргізуші: Қызғалдақ
- Туып өскен Торғайдың даласында
Қайран елі- қазағы санасында,
Тілі үшін жазықсыз жапа шеккен
Арысың кім, ойланбай табасың ба?
Оқушылар: Хормен Ахымет Байтұрсынов!

2-жүргізуші: Ербол

- Елім деп, тек алып соққан жүрегі
Ахмттей ағасына іні еді.
Қазақ тілін терең зерттеп, танытқан.
Ғұламаның есімін кім біледі?
Оқушылар: Хормен Құдайбрген Жұбанов!

1-жүргізуші Қызғалдақ:
Қазақ халқының салт-дәстүрінен хабар беретін кішкене сахналық
көрінісімізді назарларыңызға ұсынамыз. Ол Бата беру рәсімі.
2-жүргізуші Ербол :
Халқымызда батаны әдетте жасы үлкен, көпті көрген ақсақал қариялар
береді. Ақсақалдың біз бойжеткен қыз бен балалы келіншекке бата беру сәтін
бейнеледік.

Бата беру.
Қатысушылар:
Ақсақал - Аглиулин Дамир
Қария - Миннекаев Сергей
Бойжеткен - Булатова Оля
Балалы келіншек - Айдана
Күйеуі – Ержан
Бірінші көрініс- алыс жолдан шаршап келген қарияға алдынан сусын ұсынған
бойжеткенге берген батасы:
Талдай бой берсін,
Жақсы ой берсін,
Қардай жанар берсін!
Анаға шуақ болсын,
Ағаға қуат болсын.
Нәзік жаны болсын,
Елінің ары болсын.
Басыңа өнердің бағы қонсын,
Ақ Орданың шамы болсын!
Әумин!

Келесі көрініс - жас балалы келіншек ауыл ақсақалынан нәрестеге бата
сұрай келеді. Келіншек:
- Армысыз, ата! Мына нәрестеге бата сұрай келдік.
- Ақсақал:
- Қолыңды жай, балам!

Нәрестенің бауы берік болсын.
Азамат болып ер жетсін.
Ақсақал болып төрлетсін.
Мінері болсын салмақты
Өнері болсын жан-жақты
Осы айтқанның бәрі кеп,
Алла берсін зор бақты!
Әумин!

Ана тілім-бақытым.
Абай: Ана тілім, дана тілім бақытым
Қазақ тілін білу менің парызым.
Тілім менің ұмытылмас тірлігім,
Кім біледі тіліміздің тағдырын.

Гаухар: Алаңдатты тіл тағдыры бүгінде.
Сен болмасаң болар ертең күнім не?
Қазақ тілін сүйемін мен жаныммен.
Қазақ болып қалу үшін түбінде.

Мадина: Қазақ тілім бас иемін мен саған
Тілге деген болу керек кең талғам.
Мемлекеттік тілімізді сыйласақ,
Қазақ тілі біздер үшін жаралған.

Азамат: Тіліміздің тарихы бар қол жетпес,
Айтсаң оның тарихына сөз жетпес.
Өткеніне тіліміздің көз жүгіртсек,
Тіліміздің тарихы бар сан жетпес.
Тіл деген қасиетті ұғым екекн,
Қазақ тілі жырлайтұғын жырым екен,
Ұмытпайық тілімізді ешқашан.
Қасиетін сақтайтұғын сырым екен.
Тілім саған әрқашанда бас иемін,
Бар ғой сенің бойыңда қасиетің,
Тіліміз деп әрқашан мақтан тұтқан,
Ұмытпайық бабалардың өсиетін.

Абай: Мәртебесі тіліміздің биік екен
Қазағыма қазақ тіл боп енген екен.
Тілімізді ұмытпайық әрқашан
Қазақ тіл боп мәңгілікке қалған екен.

Жанна: Тілім саған арналады бар күнім
Сен арқылы таси түсті шаттығым.
Қазақ тілін білмесең сен егер де,
Онда сенің қазақ тілге жоқтығың.

Мадина: Қазақ тілім сенсің бар гүлім
Арналады менің саған бар күнім.
Ана тілін ұмытпасаң ешқашан,
Жоғалмайды ешқашанда пәктігің.

1-жүргізуші Ербол : Туған елім-елдігімнің айғағы атты сынып сағаты
аяқталды.
2-жүргізуші Қызғалдақ : Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін көп рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Қуан бабам
Ана тілі – мәңгі құламайтын бәйтерек
Мемлкеттік тіл- менің тілім!
Әли Қуан анам
Жамбыл “балаларға”. сөйлем
Тәуелсіздік тәжі
Қазақ тлі. Мемлекеттік тіл - менің тілім!
Бабам тілі
Тіл туралы
ТУҒАН ТІЛІМ
Пәндер