Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Windows терезесінің құрылымы

10-cынып
_______________
Сабақтың тақырыбы: Windows операциялық жұйесінің негізгі сипаттамалары
Сабақтың мақсаты:
1) Оқушыларға WINDOWS операциялық жұйесі туралы мәліметтер
беру.
2) Оқушылардың пінге деген қызығушылықтарын және
компьютермен жұмыс жасауды үйрету.
3) Оқушыларды ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа
компьютермен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ..
Әдісі: Түсіндіру, баяндау, жеке жұмыс.
Сабақ көрнекілігі: ДК, слайдттар, тапсырмалар, пернелік тақта.
Сабақтың барысы:
I)Ұйымдастыру.
II)Үй тапсырмасын тексеру.
III)Жаңа сабақ.
IV)Сарамандық жұмыс.
V)Үйге тапсырма.
VI)Қортындылау.
Сабаққа келмеген оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын пысықтау.
II)Үй тапсырмасын тексеру.
1) Жүйелік программалық жабдықтама, оның құрамына қандай программалар
кіреді?
2) Қолданбалы ПЖ-ға анықтама беріңдер?
3) Қолданбалы программалардың қандай дестелерін білесіңдер?
4) Әдістемелік-бағдарланған программалардың негізінде не жатады?
5) Қандай проблемалық-бағдарланған программаларды білесіңдер?
III) Жаңа сабақ.
1. Операциялық жүйе деген не және ол ДК-ді қалай басқарады
Операциялық жүйе дегеніміз компьютердің аппараттық пен бағдарламалық
ресурстарына қатынас құруды автоматтандыруды қамтамасыз ететін
бағдарламалар кешені.
Операциялық жүйе (ОЖ) жүйелік бағдарламалық жасақтаманың негізі болып
саналады. Операциялық жүйесіз қазіргі заманғы компьютердің аппараты мен
бағдарламасына қатынас құру мүлдем мүмкін емес. Барлық аппараттық, сондай-
ақ және бағдарламалық құралдарға пайдаланушының қолы тек делдал –
операциялық жүйе арқылы ғана жетеді
Операциялық жүйенің негізгі қызметтері болып мыналар саналады:
o бағдарламаларды жедел жадқа жүктеу және олардың орындалуын басқару;
o орындаушы бағдарлама мен сыртқы құрылғылар арасында мәліметтер
алмасу бойынша опреацияларды қамтамасыз ету;
o бағдарламаларды орындау барысындағы стандарттық емес жағдайларды
тексеру;
o орындалған бағдарламаны жедел жадтан аластау және жаңа бағдарламаны
жүктеу үшін орын босату;
o сыртқы құрылғылардан бағдарламалар мен мәліметтерді іздестіру мен
сақтауды ұйымдастыру;
o пайдаланушы мен операциялық жүйенің өзара әрекеттерін ұйымдастыру —
пайдаланушының командаларын қабылдау мен орындау;
o дискілік құрылғыларды форматтау, ақпаратты бір дискілік құрылғыдан
екіншісіне көшірмелеу және тағы басқадай әр түрлі қосалқы
қызметтерді орындау.
Енгізу-шығарудың базалық жүйесін құрайтын операциялық жүйенің
бөліктері әдетте компьютердің тұрақты жадына жазылады. Оның қалған
бөліктері жүйелік дискі деп аталатын иілгіш, винчестерлік пен лазерлік
дискілерге орналастырылады.
Операциялық жүйе компьютердің жұмыс істеп тұрған барлық уақыты ішінде
жұмыстық қалып күйде тұруы тиіс. Операциялық жүйенің жұмысы компьютерді
қосқаннан басталады да оны ажыратқан сәтте аяқталады.
2. Жұмыс үстелі және оның құрылымы
Windows операциялық жүйесінің пайдаланушы интерфейсінің негізгі
элементтері келесі объектілер болып саналады: Жұмыс үстелі, терезе,
таңбашалар, жарлықтар, батырмалар, меню, қапшықтар, қосымша бағдарламалар
мен құжаттар. Сондай-ақ интерфейс объектілеріне компьютердің кез келген
аппараттық пен бағдарламалық ресурстары жатады. Компьютер де тұтасымен
объектіге саналады.
Жұмыс үстелі
Windows операциялық жүйесінде дисплейдің барлық экраны ақпаратты
өңдеуге қажетті жағдай жасалған, «жұмыс үстелінің беті» іспеттес, жұмыс
істеуге арналған кейбір құжаттар мен әр түрлі құралдар «орналастырылатын»
маманның жұмыс орнының моделі ретінде қарастырылады.
Пайдаланушы интерфейсінің барлық басқа элементтері солай немесе
басқаша Жұмыс үстеліне байланады. Оған терезе, құжаттардың таңбашалары,
бағдарламалар мен құрылғылар, сонымен қатар қандайда бір таңдашалардың тобы
бар әр түрлі тақталар орналасады
Жұмыс үстелінің төменгі бөлігінде Бас меню – «Пуск – Іске қосу»
батырмасынан, жылдам іске қосу тақтасынан, тапсырмалар тақтасынан, көрсету
тақтасынан тұратын жол орналасқан.
Жұмыс үстелінде келесі объектілер орналасқан
1) Менің құжаттарым – пайдаланушының құжаттары бар
2) Internet Explorer – Интернет беттерін қарап шығуға арналған
бағдарлама бар
3) Менің компьютерім – дискілер мен мәліметтерді сақтайтын қосымша
құрылғылардың тізімін бейнелейді (5-сурет)
4) Желілік қоршам – желіге қосылған компьютерлердің тізімін бейнелейді
5) Қоржын – аласталған объектілердің тізімі бар
3. Windows терезесінің құрылымы

Windows XP-мен жұмыс істеу кезінде экран кеңістігіне бір немесе
бірнеше терезе – әр түрлі Windows-бағдарламасы орындалатын тік бұрышты
экран аймағы орналасады. Терезелерге сондай-ақ Windows-бағдарламаларының
сұраныстары шығарылады
Бағдарламаның көбі өздерінің қажеттілігі үшін бірнеше терезені аша
алады: айтсақ, Microsoft Word құжаттарының редакторы әрбір редакцияланатын
құжат үшін жеке терезені пайдаланады. Бағдарламалардың терезелерінің басқа
терезелерден айырмашылығы сонда, терезенің жоғарғы жолының (тақырыбың)
ортасында оларда бағдарламаның атауы шығарылады, ал оның астына меню
пункттерінің жолы шығарылады.
Windows экранына терезелерден басқа пиктограммалар – терезе
таңбашалары қатыса алады. Windows-тың терезелерінің көбі пиктограммаларға
«оралады», бұл сәйкес терезелер уақытша керек болмаған жағдайда істелінеді
(пиктограммалар әдетте экранның төменгі бөлігінде орналасады). Ал терезе
қайтадан керек болған кезде оны пиктограмма бойынша пиктограммадан екі рет
шертіп бірден «орауын жазуға» болады.
Windows терезелермен және пиктограммалармен жұмыс істеу үшін қарапайым
да қолайлы құралдарды береді: оларды араластаруға, терезелердің
көпшілігінің мөлшерін өзгертуге, терезені пиктограммаға орауға және
пиктограмманы терезеге ашуға болады. Осы құралдардың көмегімен Сендер
экранның жұмыс кеңістігін өте тиімді пайдалана аласыңдар
Windows терезелері
Windows-тың әрбір терезесі экранның тік бұрышты аумағы болып саналады.
Әдеттегідей, терезенің жоғарғы бөлігінде терезе тақырыбының (title bar)
жолы тұрады. Тақырып жолының ортасында терезенің атауы бейнеленеді, тақырып
жолының оң жақ және сол жақ бөлігінде жүйелік В менюдің батырмалары (бірақ
міндетті емес)., сондай-ақ терезелерді орау мен жазу (немесе терезе
мөлшерін қалпына келтіру) орналасады
Тақырып жолының батырмалар орналаспаған аумағын біз терезе тақырыбы
деп атайтын болаиыз.
Жүйелік меню батырмасы да, орау мен жазу (терезе мөлшерін қалпына
келтіру) батырмасы да жоқ бола алатынын байқауға болады: олар тек қана
сәйкес әрекеттердің мән-мағынасы бар терезелер үшін ғана бар бола алады.
Мысалы, Windows-тан шығу кезіндегі (1-сурет) терезе сұранысында орау
батырмасы да, жазу батырмасы да болмайды.
Терезе тақырыбы жолының астында меню жолы орналаса алады
Меню жолы бағдарламалардың негізгі терезелерінде ғана бар болады, ал
өздерінің қажеттілігі үшін бағдарламалармен ашылатын екінші ретті деп
аталатын терезелерде және сұраныстар терезелерінде меню жолы жоқ.
Терезенің оң жақ бөлігінде тік, ал төменгі бөлігінде горизонталь шиырма
сызғышы тұрады. Олардың кез келгені (немесе екеуі де) жоқ бола алады
Windows-пен жұмыс істеу кезінде экранда әр түрлі үш терезе пайда бола
алады:
* бағдарламалар терезесі (олардың тақырыбына бағдарламаның атауы
шығарылады);
* бағдарламалармен жасалатын екінші ретті деп аталатын терезелер.
Мысалы, оларда құжаттар редакторы өңделетін құжаттарды, графикалық
редактор өңделетін картиналарды, Бағдарламалар Диспетчері
бағдарламалар тобын шығарады және т.б.;
* сұраныстар терезесі (кейде қосалқы терезелер деп аталады).
Әдетте олар қандайда бір ақпаратты, пайдаланушының сол немесе
басқа әрекеттеріне сұранысты аз уақытқа шығару, қандайда бір мәліметтерді
және т.б. енгізу үшін пайдаланылады. Сұраныстар терезелері туралы егжей-
тегжейлі келесі тарауда айтылады.
Бағдарламалар терезелері екінші ретті терезелерден және сұраныстар
терезелерінен мыналармен ерекшеленеді:
• бағдарлама терезесінің жоғарғы жолының (тақырыбының) ортасына
бағдарлама атауы шығарылады, ал екінші ретті терезеде шығарылатын
ақпараттың сипаттамасы шығарылады (айтсақ, өңделетін құжаттың атауы),
сұраныс терезесінде сұраныстың атауы шығарылады;

* бағдарлама терезесі тақырыбы жолының астына меню жолы орналасады,
ал екінші ретті терезе мен сұраныстар терезесінде меню жолы жоқ;
* бағдарлама терезесінде әдетте орау батырмасы бар, ал сұраныстар
терезесінде, әдеттегідей, орау мен жазу батырмалары жоқ.
Сұраныстар терезесі әрқашанда бағдарламаның басқа терезелерінің үстіне
шығарылады. Әдетте сұраныс терезесі пайда болған кезде осы бағдарламамен
сұранысқа жауап бергенге және сұраныс терезесін жапқанға дейін ешқандай
жұмыс істеу мүмкін емес. Сұраныстар терезесі, әдеттегідей, мөлшерін өзгерте
алмайды және олардың орау мен жазу батырмалары жоқ.
Маустың көмегі арқылы терезенің барлық түрлерімен жұмыс істеудің
практикаға асуы бірдей. Ал пернетақтаны пайдалану кезінде бағдарламаның бір
терезесінен екінші терезесіне өту [Alt + Esc] пернелерінің қисынын басу
арқылы жүзеге асады, ал екінші ретті бір терезеден екінші (сол бағдарламада
ашық) терезеге өту (Ctrl + F6) (төменге қараңдар) пернелерін басу арқылы
орындалады. Бағдарламаның терезесін жабу (Alt + F4) пернелерінің қисынын,
екінші ретті терезені жабу [Ctrl + F4] пернелерінің қисынын, сұраныс
терезесін жабу [Esc] пернесін басу арқылы жүзеге асыды.
4. Терезелерді қалай басқару керек
Терезенің мөлшері мен орнын өзгерту
Маустың көмегімен Сендер терезенің мөлшері мен орналасуын және
пиктограмманың орналасуын оңай өзгерте аласыңдар.
Экрандағы терезенің орналасуын өзгерту үшін мауспен терезенің
тақырыбын көрсетіңдер де маустың сол жақ батырмасын басып тұрып терезені
жаңа орынға тасыңдар, содан кейін маустың сол жақ батырмасын босатыңдар (
қысқаша айтқанда кез келген терезені тақырыбын «ұстап тұрып» басқа орынға
тасуға болады).
Пиктограмманы экранның басқа жеріне ауыстыру үшін оны мауспен
тасыңдар.
Терезені пиктограммаға орау үшін терезе тақырыбы жолының оң жақ
бөлігіндегі Н батырмасын мауспен шертіңдер (егерде бұл батырма ол жерде жоқ
болса, онда, демек, терезені пиктограммаға орауға болмайды). Пиктограмманы
терезе етіп ашу үшін оны мауспен екі рет шертіңдер.
Терезені айқара ашу үшін терезе тақырыбы жолының оң жақ бөлігіндегі Н
батырмасын мауспен шертіңдер (егерде бұл батырма ол жерде жоқ болса, онда,
демек, терезені тұтас экранға айқара ашуға болмайды). Сол кезде бағдарлама
терезесі тұтас экранға айқара ашылады, ал екінші ретті терезе осы терезені
жасаған бағдарлама терезесінің шетіне дейін айқара ашылады. Дәлірек
айтқанда, екінші ретті терезе оны құрған бағдарламаның терезесімен
«бірігеді»: алынған терезенің тақырып жолы бағдарламаның атауына да, екінші
ретті терезенің атауына да ие болады, тақырыптың төменгі жағына программа
менюі орналасады, ал одан да төмен екінші ретті терезедегілер орналасады.
Тұтас экранға ашылған терезеде терезе тақырыбының оң жағындағы
«Терезеге орау» батырмасының орнына «Кері қайтару» батырмасы пайда болады
Терезенің мөлшерін өзгерту үшін мауспен терезенің шекарасын көрсету
керек, сол кезде (егерде терезенің мөлшері өзгере алатын болса) маустың
көрсеткіші мынадай екі жақты жебелікке айналады: ↔ немесе ↕, егерде маус
терезенің тік немесе көлденең шекарасын көрсетсе, \ немесе с?, егерде паус
терезенің бұрышын көрсетсе. Маустың сол жақ батырмасын басып тұрып
терезенің шекарасын (немесе шекараларын) жаңа орынға тасыңдар, ал содан
кейін маустың батырмасын босатыңдар.
Терезелер арасындағы ауыстырылым
Windows көп тапсырмалы жүйе болып саналады және оның басқаруымен бір
мезгілде бірнеше бағдарлама орындалады. Сондықтан экранда бір мезгілде
бірнеше бағдарлама тұра алады. Пайдаланушының сол немесе басқа әрекеті қай
бағдарламаға және қай терезеге жататынын Windows білуі тиіс (мысалы,
пернетақтадан символдарды енгізу). Сондықтаг уақыттың әрбір мезетінде тек
бір ғана терезе белсенді болып саналады, ал басқалары белсенді емес.
Белсенді терезенің тақырыбы бір түспен (әдеттегідей көк түспен)
ерекшеленеді, ал белсенді емес терезелердің тақырыптары басқа түске (ақ
түске) ие болады. Пернетақтадан символдарды енгізу белсенді терезеге жатады
деп саналады. Белсенді терезе әрқашанда басқалардың бетінде орналасады.
Windows-та жұмыс істей отырып, Сендер бір бағдарламаны, ал содан кейін
оны аяқтамастан екіншісін және үшіншісін – компьютердің жедел жады қаншаға
жетсе сонша бағдарламаны іске қоса аласыңдар. Бірақ Сендер уақыттың әрбір
мезетінде тек бір бағдарламамен ғана жұмыс істейсіңдер (мысалы,
пернетақтадан символды енгізесіңдер) және бұл бағдарлама белсенді деп
аталады, ал басқа, яғни активті емес, бағдарламалар фондық режімде Сенің
қатысуыңсыз орындалына алады. Уақыттың кез келген мезетінде Сен ағымдағы
(белсенді) бағдарламадан басқасына, оны активті етіп, ауыса аласың. Windows
мұндай ауысудың бірнеше тәсілін ұсына алады.
1. Басқа бағдарламаға ауысудың барлығынан оңайы, егерде оның терезесі
экранда көрініп тұрса, онда осы терезенің кез келген жерінде
мауысты шерту керек.
2. Егерде керек бағдарлама пиктограммаға оралған болса және осы
пиктограмма экранда көрініп тұрса, онда осы пиктограмманы мауспен
екі рет шерту керек.
3. Егерде керек бағдарлама экранда көрінбесе, (Ctrl + ESC)-ті басып,
экранға орындалатын бағдарламалардың (суреттің сол жағын қара)
тізімін шығаруға болады, керекті бағдарламаны ерекшелеп және Switch
То (ауысу керек) батырмасын басу керек. Жылдамдау тәсіл –
тапсырмалар тізіміндегі керекті бағдарламаның атаулары бар жолды
екі рет шерту керек.
4. Тағы бір тәсіл – (Alt) пернесін басып және оны босатпастан (Tab)
пернесін экранның ортасында керекті бағдарламаның атауы пайда
болғанша басып тұру керек. Қалай ол пайда болады, пернелерді босату
керек.
5. Ақыр соңында, бағдарламаның келесі терезесіне ауытыратын (Alt)(Esc)
пернелердің қисынын керекті терезеге жеткенше басып тұруға болады.

Терезені жабу

Әдеттегідей, бағдарламаның немесе құжаттың (екінші ретті терезе)
терезесі осы бағдарламамен немесе құжатпен жұмыс істеу аяқталған кезде өзі
жабылады, ал сұраныс терезесі осы сұраныстағы ОK, Cancel (болдырмау) және
т.б. батырмалардың тиістісін басқан кезде жабылады. Дегенмен де, Сендер
терезені өздерің күштеп те жаба аласыңдар. Ол үшін Сендер тақырып жолының
сол жақ бөлігіндегі (3-сурет) жүйелік менюдің батырмасы бойынша маусты екі
рет шерте аласыңдар.
Егерде бағдарламаның терезесін немесе екінші ретті терезені жабу
кезінде дискіде кейбір мәліметтер сақталмаған болса, онда, әдеттегідей,
бағдарлама тиісті хабарды шығарады және Сендер не бағдарламамен өңделген
мәліметтерді сақтайсыңдар, не мәліметтерді сақтамастан терезені жабасыңда,
не терезенің жабылуын болдырмайсыңдар.
Жұмыс үстелінен іске қосу
Егерде бағдарламаның, қапшықтың немесе құжаттың жарлығы Жұмыс
үстелінде тұрса, онда бағдарламны іке қосу немесе қапшық пен құжатты ашу
барлығынан оңай.
Жұмыс үстелінен бағдарламны іке қосу және қапшық пен құжатты ашу
тәсілдері:
- бағдарламаның, қапшықтың немесе құжаттың таңбашасы бойынша екі рет
шертуді орындау керек;

- Жанама менюден объектінің таңбашасын ашу жолын таңдау керек;
- Tab не/немесе ←↑→↓ пернелерінің көмегімен керекті таңбашаны
ерекшелеп, содан кейін Enter пернесін басу керек. с помощью клавиши
Tab и/или клавиш ←↑→↓ выделить нужный значок, затем нажать клавишу
Enter.
Негізгі менюден іске қосу
Кез келген меню үшін бағдарламаны іске қосу немесе құжатты ашу
стандартты тәсілмен жүргізіледі: негізгі менюді ашу қажет және онда
бағдарламаны іске қосуға арналған Барлық бағдарламалар жолын немесе құжатты
ашуға арналған Таяудағы құжаттар жолын таңдау керек. Содан кейін ашылған
каскадтық деңгейде керекті бағдарламаның немесе құжаттың атауы бар жолды
таңдау керек. Кейбір жағдайда негізгі менюдің бірнеше деңгейін ашуға тура
келеді.
5. Windows-тың анықтамалық жүйесі
Windows-тағы анықтамалық жүйе операциялық жүйенің жұмысымен байланысты
сұрақтардың көпшілігі бойынша пайдаланушыға анықтама берудің жақсы
құрылымдалған, өте қолайлы қызмет интерфейсі болып табылады.
Windows-тің анықтамалық жүйесі гипермәтін қағидасы бойынша құрылғын.
Сондықтан әрқашанда анықтама мәтінінде кездескен таныс емес терминнің
түсініктемесін тез алуға болады.
Анықтамалық жүйені шақыру
Windows-тың анықтамалық жүйесіне бірнеше тәсілмен қатынауға болады.
можно несколькими способами. Пайдаланушы өзінің көз қарасы бойынша сол
немесе басқа тиімді жағдайды таңдап алады. Windows-тың анықтамасына қатынау
тәсілдері:
- Windows+ F1 пернелерінің үйлесімі;
- Анықтама мен қолдау жолын (Windows XP-дағы) немесе Негізгі менюдің
анықтамасын (Windows-тың басқа нұсқаларындағы) таңдау;
- Анықтама > Анықтама мен қолдау орталығы немесе Анықтама >
Операциялық жүйе құрауышының қандайда бір менюінен Анықтаманы
шақыру (Справка > Центр справки и поддержки или Справка > Вызов
справки) командаларын таңдау.
Windows-тың қосымша бағдарламаларында анықтамалық жүйені шақыру ұқсас
тәсілдермен жүзеге асырылады:
- F1 батырмасын басу;
- выбрать команду Анықтама > Анықтама: бағдарламаның атауы немесе
Анықтама > бағдарлама менюінен Анықтаманы шақыру (Справка >
Справка: имя программы или Справка > Вызов справки из меню
программы) (кейде Меню анықтамасы орнына сол мағына мен міндеті бар
пунктті қамтиды?).
Windows-тың қосымша бағдарламаларындағы жанама анықтамаға қатынау
тәсілдері:
- Shift+F1пернелерінің үйлесімін пайдалану;
- Анықтама > Қосымша бағдарлама терезесі менюінен Бұл қандай нәрсе?
(Справка > Что это такое? из меню окна приложения) командасын
таңдау.
Сұқбаттық терезелердегі жанама анықтамаға қатынау тәсілі: «?» терезесі
тақырыбындағы анықтаманы шақыру батырмасы бойынша шерту. Осы команданы
орындау кезінде маус көрсеткіші «?» таңбасы формасын қабылдайды. Оны
терезенің сұрақты шақырған объект тұрған орынға ауыстырыр және маус
батырмасын шерту керек.
Windows XP-дағы анықтама алу
Windows XP-ның операциялық жүйесінің «Анықтама мен қолдау орталығы»
терезесі (1-сурет) өзінің құрылымы мен анықтама алу тәсілі бойынша Windows-
тың алдыңғы нұсқаларының анықтамалық жүйесі терезесінің классикалық
формасынан ерекшеленеді.
Аспаптар тақтасында орталықты (2-сурет) басқару батырмасы тұрады.
Терезенің жұмыстық аймағының мәліметтері анықтамамен істелетін жұмыста
пайдаланылатын режімге байланысты болады. Орталық терезесінде мәртебе жолы
болмайды.
«Артқа» немесе «Алға» батырмасы – өткендегі немесе келесі жолға орын
ауыстыру.
«Үй» батырмасы – анықтамалық жүйенің бас терезедегі орын ауыстыруы.
«Көрсеткіш» батырмасы – бөлімдер ме ресурстар бойынша жылдам және
нақты іздестіру терезесіндегі орын ауыстыру
IV) Сарамандық жұмыс.
WINDOWS-ті менгерту SIN тапсырмалары
V) Қортындылау:
1. Операциялық жүйенің міндеттері қандай?
2. Жұмыс столында қандай шарт белгілер орналасқан?
VI) Үйге тапсырма.
Windows операциялық жұйесінің негізгі сипаттамалары тақырыбын оқып
келу
VI) Оқушыларды бағалау.

Ұқсас жұмыстар
Windows терезелері. Терезе элементтері мен құрылымы
Қапшық терезесі
Терезе элементтері
Windowsxp операциялық жүйесі
Анықтама терезелері
Сілтеуішпен жұмыс істеу
Мәтіндік құжат құру
Блокнот қолданбасының құжаты
Алмасу буфері
Графикалық редактор терезесі
Пәндер