Word Pad мәтіндік редакторы

Науырзым ауданы, Науырзым орта мектебі.
Есенбаев Ж. Ш.
Cабақты түрлендіріп қызықты өткізуге көмектесетін, оқушылардың шығармашылық белсенділігін артыратын ойын элементтерін пайдалану өте тиімді. Информатика сабағындағы ойындарға ребустар, сөзжұмбақ құрастыру, анаграммалармен жұмыс жасау жатады. Ойын элементтері оқушылардың логикалық ойлау қабілетін артырып, сөз байлығын кеңейтіп, елестету және қалыптан тыс ойлауын, сөздерді жадында сақтауға үйретеді.
Осы мақсаттағы 7 сыныптағы Word Pad мәтіндік редакторы.
Word Pad программасын іске қосу. Мәтіндік редактор терезесі.
Мәтінді енгізу және редакциялау тақырыбында ашық сабағымды және « ТАЛАПТЫҒА НҰР ЖАУАР» сайыс сабағымды әріптестеріме ұсынып отырмын.
Сабақтың тақырыбы: Word Pad мәтіндік редакторы. Word Pad программасын іске қосу. Мәтіндік редактор терезесі. Мәтінді енгізу және редакциялау.
Сабақтың мақсаттары :
Білімділік : Word Pad редакторымен жұмыс істеуді үйрету.
Дамытушылық : Тақырып бойынша алған теориялық білімдерін
тапсырмаларды орындау кезінде тиімді пайдалану,
алдына қойған мақсаттарына жету.
Тәрбиелік : Өз бетімен жұмыс істеуге үйрету. Мәтінді сауатты теру.
Сабақтың жүрісі:
- Ұйымдастыру бөлімі.
- Жаңа материалды түсіндіру.
Word Pad редакторы:
- Іске қосылуы.
- Терезе элементтері.
- Батырмалары.
- Мәтінді теру, редакциялау.
Бұл сабақта блоктау арқылы, трек схемаларын пайдаланып түсіндірдім. Word Pad мәтіндік терезесінің ашылуын, оның элементтерін таныстырдым. Терезеге мәтінді теріп жазу, мәтіндік редактордың Word Pad батырмаларының түрлері мен қызметі айтылды. Мәтінді теру мен редакциялау түсіндіріледі.
Материал толық түсіндіріліп болған соң, оны бекітуді компьютер мен жеке жұмыс жасауға үйрету мақсатында үлестірме бетшелер тапсырылды. Бетшедегі тапсырмаларға Махамбеттің 200 жылдығына байланыстырылып өлеңдер шумағын алдық.
1-тапсырма. Берілген өлеңдер шумағын сауатты теріп жазу.
2 - тапсырма. Оқушыларға тәрбиелік мәні бар мақалдарды өз ойларынан теріп жазуды тапсырдым
3 - тапсырма. Бір әріпті екі рет қолданбай « Программа » деген сөзден ең ұзын мағыналы сөз ойлауды ұсындым.
4 - тапсырма. « Компьютер » немесе «Процессор » сөздерінің әріптерінің орнын ауыстырып қойып, осы әріптерден сөз құрастыру керек.
ІІІ. Материалды бекіту. Өтілген тақырып бойынша мына сөзтізбекті шешіп көрелік. Бұл сөзтізбек Махамбеттің 200 жылдығына арналып алынған.
С ө з т і з б е к
- Ақпараттық процестерді үйрететін ғылым.
- Графиктік немесе текстік мәліметтерді тікелей оқитын құрылғы.
- Файлдар көлемін кішірейтіп сақтауға арналған программа.
- Белгілі бір атпен жазылған мәліметтер жиыны.
- Есеп шешуінің алгоритмін компьютерге түсіру жолы.
- Информацияның өлшем бірлігі.
- Мәлімметті сақтау үшін қажетті құрал.
- Ақпаратты шығару құрылғысы.
IV. Үйге тапсырма :
1) 5. 1 - тақырып.
2) Үйден әркім өз ойынан осы тақырыптың ережелеріне сәйкестендіріп ребустар және сөзтізбек құрастыру.
Осы сабақты бағалауды мынадай кестеге толтырып қорытынды баға қойылды.
Бұл сабақтың артықшылығы мен тиімділігі мынандай:
1. Оқушының логикалық ойлау қабілетін, сөз байлығын жетілдіреді.
2. Компьютерлік сауаттылығын қалыптастырады.
3. Оқушының пәнге қызығуын және шығармашылығын арттырады.
Тараудың соңында, қорытынды сабақта оқушы білімін тексеру үшін әрбір сыныптарға өтілген тақырыптары бойынша тест жұмысы жүргізіледі. Тест - оқушының білімін, іскерлігі мен дағдысын тексерудің немесе оқушы білімінің белгілі бір сапалық қасиетін тексерудің ерекше түрі. Тест құрастыру барысында мейлінше қысқа да нұсқа жауаптарды қажет ететін тапсырмалар қолданылады немесе бірнеше жауаптар ішінен дұрыс жауапты таңдап алуға негізделген тапсырмаларға құралады.
1. Мына программалар программалық тілдер
а) FoxPro
б) Basic
в) Access
г) Lexicon
ғ) Supercalc
д) Word
з) Pascal
2. Келесі редакторлар графиктік редактор болып табылады.
a) Excel
ә) FoxPro
б) Access
г) Lexicon
ғ) Supercalc
д) Coreldraw
ж) Pascal
3. Келесі программалар тақырыптық редактор болып табылады.
a) Excel
ә) FoxPro
б) Basic
в) Access
г) Lexicon
ғ) Supercalc
д) Coreldraw
ж) Word
з) Pascal
4. Мәлімметтер базасын басқару жүйелері болып табылатын программалар.
a) Excel
ә) FoxPro
б) Basic
в) Access
г) Lexicon
ғ) Supercalc
д) Coreldraw
ж) Word
з) Pascal
5. Келесі программалар электрондық кестелер болып табылады.
a) Excel
ә) FoxPro
б) Basic
в) Access
г) Lexicon
ғ) Supercalc
д) Coreldraw
ж) Word
з) Pascal
6. Алғашқы Әмбебап есептеу машинасының жобасының авторы кім?
а) Б. Паскаль
ә) Г. Лейбнец
б) Ч. Беббидж
в) Дж. Фон Нейман
г) Ада Лавлайс
7. Алғашқы алгоритм тілі авторы және Іші программист кім?
а) Б. Паскаль
ә) Г. Лейбнец
б) Ч. Беббидж
в) Дж. Фон Нейман
г) Ада Лавлайс
8. Алғашқы механикалық есептеу құрылғысын (арифметрді) ойлап тапқандар.
а) Б. Паскаль
ә) Г. Лейбнец
б) Ч. Беббидж
в) Дж. Фон Нейман
г) Ада Лавлайс
9. Алғашқы дербес компьютерді шығарған фирма:
а) Apple
ә) IBM
б) Acer
в) Hpaccard
10. Жадттың логикалық бөлінбейтін бірлігі.
а) бит
ә) байт
б) Герц
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz