Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Редакторды ашу жолдары
Сабақтың тақырыбы: «WordPad» мәтіндік редакторы
Сабақтың мақсаты:
а) «WordPad» мәтіндік бағдарламасымен таныстыру. Құжаттың құрылымы, стилі,
баспа бетінің геометриясы туралы түсінік беру. «WordPad» мәтіндік
бағдарламасының терезе элементтері туралы түсінік беру: меню, пішімдеу мен
құрал-саймандар тақтасы, сызғыш.
ә) компьютермен жұмыс істеу іскерлігін дамыту;
б) оқушыларды таза, қатесіз жазуға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: білім, іскерлік пен дағдыны жетілдіру сабағы.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың пәнаралық байланысы: қазақ тілі
Сабақтың көрнекілігі: «Венн диаграммасы», дидактикалық плакаттар, тест
тапсырмалары.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру.
Сәлеметсіздерме, отырыңыздар. Кім кезекші.
II. Өткен тақырыптарды қайталау.
Қайталау сұрақтары.
1. «Paint» қандай редактор?
2. Редакторды ашу жолдары.
3. Терезе элементтерін атау.
4. Сурет салу кезеңдері.
5. Суретті сақтау және ашу.
6. «Paint» редакторының қосымша мүмкіндіктері.
Бекіту мақсатындағы тапсырмалар.
1. Оқушыларға сәйкестендіру тесті беріледі. Мұнда «Paint»
терезесіндегі құрал саймандар қатарының батырмаларын атқаратын қызметіне
қарай сәйкестендіру керек.
Оқушылар тапсырманы орындап болған соң тест жинап алып, кілт бойынша
жауаптары тексеріліп, қорытындыланды.
2. «Топтастыру». Мұнда оқушылар компьютердің барлық мүмкіндіктерінің
ішіндегі «Paint» редакторының мүмкіндігін бөліп алады.
ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру.
Қазіргі кезде дербес компьютерлерді құжаттар мен мәтінді дайындауда кеңінен
пайдаланылады. Компьютерлер тек баспа машинасының қызметін атқарып қана
қоймай, құжаттарды дайындау процесінде көптеген қосымша мүмкіндіктер
береді.
Біріншіден, компьютердегі мәтінді түзетуге, мәтін үзінділерін қосуға, мәтін
арасына жаңа жолдар қосуға, әр түрлі құжаттарды бірін-біріне қосуға,
мәтіннің шекараларын тегістеуге, жолдарды экранның ортасына келтіруге,
құжатты сақтап, баспаға қанша дана болса да шығаруға болады.
Екіншіден, әр түрлі қаріптерді, түрлі тілдердің алфавиттерін, сондай-ақ
графикалық символдарды пайдалануға болады.
Үшіншіден, мәтін арасына кестелерді, суреттерді, графиктерді кірістіруге,
сонымен қатар мәтіннің өзін түрлі пішінде орналастыруға балады.
Төртіншіден, қағазға жазылған мәтіндерді, құжаттарды сканер арқылы өткізіп,
тану бағдарламасының көмегімен мәтіндік пішімге келтіруге болады.
Бесіншіден, стандартты құжаттарды шығарғанда дайын үлгілерді пайдалануға
болады.
Алтыншыдан, мәтіндерді дискілерге қысып жазып қоюға да болады.
Бұл айтылғандарды жүзеге асыру үшін, «WordPad» мәтіндік редакторы
қолданылады.
WordPad мәтіндік редакторы қарапайым мәтіндік құжаттарды жасауға мүмкіндік
береді. WordPad құжаттарында мәтін мен абзацты пішімдеуге, шекараларды
жылжытуға, шегініс орнатуға, әр түрлі қаріпті қолдануға, сонымен қатар
графикалық кескіндерді, дыбыс үзінділері мен бейнеклиптерді қоюға болады.
«WordPad» мәтіндік редакторын іске қосу үшін, мынадай әрекеттерді орындау
керек:
Пуск – Программы – Стандартные – WordPad
Редакторды іске қосқаннан кейін экранға «WordPad» мәтіндік редакторының
терезесі шығады. (тақтада ілінген WordPad терезесін көрсету). Терезе
мынадай элементтерден тұрады: тақырып жолы, меню жолы, құрал-саймандар
тақтасы, пішімдеу тақтасы, сызғыш және терезенің жұмыс аймағы. Терезенің
көп бөлігін бос кеңістік жұмыс аймағы алады, оған мәтін енгізіледі.
Терезенің тақырып жолында құжат аты және WordPad бағдарламасының аты
көрінеді.
Құрал-саймандар тақтасында жиі пайдаланылатын командаларды шақыру
батырмалары бар. Терезеде орналасқан екінші тақта – бұл Пішімдеу тақтасы.
Бұл тақтада да мітңндң пішімдеу командаларына тез қатынау батырмалары
орналасқан.
WordPad бағдарламасында екі мензер болады: кірістіру нүктесі және І-
меңзері.
Кірістіру нүктесі - өшіп-жанып тұратын тік сызықша. Ол мәтінді енгізгенде
символдың қай жерде пайда болатынын көрсетеді.
І-меңзер – терезенің жұмыс аймағында маус нұсқағышы латынның І
әрпінің түрінде болады.
ІҮ. Бекіту.
Оқушыларға «Венн диаграммасы» ұсынылады.
Оқушылар «WordPad» және «Paint» редакторларын салыстыра отырып,
ерекшеліктері мен ұқсастықтарын жазады.
Ү. Бағалау. Сабаққа белсене қатынасқан оқушылар, тестке жақсы жауап берген
оқушылар бағаланады.
ҮІ. Үйге тапсырма. «WordPad» мәтіндік редакторын оқу.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz