Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Кей оқушы

« Бай баласы мен жарлы баласын» оқыту

Сабақтың мақсаты:
а )тәрбиелік : оқушыларды Ы.Алтынсарин әңгімелерін еңбектін пайдасын ,
жалқаулықтың залалын түсініп, жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге
тәрбиелеу.
ә ) танымдық : тәрбиелік мәні бар әңгімені мәнерлеп , түсініп оқуға ,
талдауға , жоспар құруға , композициясы мен сюжетін табуға , алгоритмге
сала білуге, мінездеме беруге үйрету.
б )дамытушылық :салыстырма мінездеме бере отырып , мазмұндама, әңгіме
жазуға дағдыландыру.
Оқушылардың алдарына қойылған міндет Ы.Алтынсарин нің еңбек тақырыбына
арналған шығармаларын салыстсра оқу.

Әдіс – тәсіл : талдау , мәнерлеп оқу.

Көрнекілік : Ы.Алтынсариннің портреті, шығарма бойынша оқушылар салған
суреттер, сабақтың модулі, таңдамалы шығармалары, газет – журнал
материалдары жинақталған папка, көрме.
Пайдаланылған сабақтың түрі : проблемалы оқыту.
Стандарт бойынша берілетін талап : тіл дамыту, таза, сауатты сөйлеу,
кейіпкерлерге салыстырмалы мінездеме беру , өз пайымдаулары, шығарма
кейіпкерлері бойынша мазмұндама, әңгіме жазу, әдебиет теориясын меңгеру.
Мектептің биылғы оқу жылындағы проблемасы : мұғалімнің кәсіптік
шеберлігін арттыру жеке тұлғаны тәрбиелеудің негізгі жолы.
Менің алдыма қойылған мәселем : оқушулардың жеке басын зерттей отырып
тәрбиелеу және оқыту.
Осы мақсатта сыныпты оқу жылының басында білім деңгейлерінің
ерекшкліктеріне қарай 3 топқа бөлгенім. Олар : I топ – озаттар , II топ –
ізбасарлар , III топ – екпінділер.
I.Сабақтың барысы. Ұйымдастыру кезеңі.Ғ.Қайырбековтың « Дала
қоңырауы» поэмасынан үзіндіні жатқа оқып, оқушылырдың назарларын
біріншіден, сабаққа аударып, екіншіден оқушылардың өнерге , әдебиетке
деген сүйіспеншілігін арттырып, үшіншіден , жаңа сабақтың кім туралы
өтетінін хабарлауды мақсат еттім. « Кел, балалар, оқылық!» деген шумақты
оқушылар хормен айтып, Ы.Алтынсарин туралы бастауыш сыныптарда алған
білімдері еске түсірілді.
II. Сабақтың негізгі бөлімі : I. Мәнерлеп оқу сәті. Мұнда әр топтан
бір оқүшы Ы. Алтынсарин туралытөмендегі өз ойларын айтты.
Ой шамына от берген - Ыбырай атамыз.
Халыққа қадірлі ұстаз, әліппенің атасы – Ыбырай ата.
Даладағы қоңырау үні Ыбырай Алтынсаринге арналады.
Жаңа сабақ бойынша мәтінді оқушыларға алдын ала оқуға беремін. Олар
мазмұн желісін біледі. Сондықтан сабақ бойынша 9 тапсырма беріліп , жұмыс
істеледі. Тапсырмалар сөздік жұмысы , мақал – мәтелдер де тақтада жазулы.
1- тапсырма. Мазмұн желісін қысқаша айту.
2- тапсырма. Жоспар құру.
а) Екі баланың жұртта қалуы.
ә) Балалардың далада түнеуі.
б) Олардың ата-аналарымен табысуы.
3- тапсырма. Мәнерлеп оқу. Мұнда мәтіннен бір абзацты оқиды,неше
абзацтан тұратынын ауызша айтады.
4- тапсырма. Әңгіменің мазмұн желісін еске түсіре отырып , проблемалық
ситуация тудыру сұрақтарын беру.
Әңгімеден кейіпкерлерден басқа нендей суреттер байқадындар?
Оқушылар : « табиғат , ауыл, мола, су, екі баланың іс-әрекеттері» -
дейді. Бұл композицияға барар жол. Осы жерде балалар композиция туралы
түсінік береді.
─ Әңгіме қалай басталып, қалай аяқталады ? Оқушылар жауап берген
соң, « оны әдебиет теориясында не деуші едік ?» ─ деген сұрау қойылады.
─ Оқушылар оқиғаның басталуы , байланысы, дамуы, шиеленіс,
шарықтау шегі,шешімін табады.
Басталуы. Асан мен Үсеннің ойнап жүріп жұртта қалуы.
Байланыс. Асанның жылауы , Үсеннің жағдайды ойлап толғануы ,
екеуінің көшті іздеуі.
Дамуы. Асан – дәрменсіз, Үсен - өмірге икемді.
Шиеленіс. Екеуінің далада түнеуі , қиындықты жеңуі.
Шарықтау шегі. Балалардың ауыл үстінен тусуі.
Шешімі. Олардың ата-аналарымен табысуы, қуанышқа бөленуі. Бұл
мәтінмен жұмыс алгоритмі.
5- тапсырма Әңгімедегі басты кейіпкерлерге мінездеме беру.
Асан ─ Үсен ─
бай баласы. жарлы баласы.
шыдамсыз сабырлы
дәрменсіз парасатты
қамсыз көреген
жалқау еңбекқор
Оқушылар осындай мінездеме бере отырып, әр сөзге түсінік берді,
ауызша талдап, мәтінмен байланыстырды.
6- тапсырма . Мәтіннен мағынасы терең , нақыл сөзднрді табу.
Оқушылыр тауып оқып берді. Үйрек–қаз- адал құстар, мұқтаждықта құдай
тағала бұларды адамға ұстап алып, тамақ етуге бұйырды , бірақ тірілей
байлап-матап әуре ету обал. Далада жүріп адассаң, мололы жерде су
болады, сулы жерде ел болады.
7- тапасырма. Шығарманың тақырыбы мен идеясын ашу.
Тақырыбы – адамгершілік, идеясы – жақсыдан үйрену, жаманнан жирену.
8 – тапырма. Мақал – мәтелдің мәнән ашу , өздері мақал – мәтел
айту.
1. Тақтада жазулы тұрған мақал – мәтелді оқып, түсіндіріп ,
мәтінмен байланыстырады, кімге қатысты айтылғанын айтады. Оқушылар : «
Әке көрген – оқ жонар» , « Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен», « Жақсыдан
шарапат, жаманнан кесапат» деген мақалдарды айтып, түсіндірді.
9 – тапсырма . Сабақты қорыту.
─ Шығарманың айтар өсиеті не ?
─ Адамды өсіретін , ақыл- ойын жетілдіретін, адамгершілік қасиетін
сақтауға, қиындықты жеңуге жетелейтін, тәрбиелейтін не?
Оқушылар : Үсен, көрегендігімен ұнады, ал Асн жалқау , жылауық, еш
нәрсенің парқын түсінбейді. Автор бізге осы екеуінің қайсысынан үлгі
алып , қайсысынан жирену керектігін айтқысы келген деді. Кей оқушы
Асанды жақтап,аяп,ол кінәлә де емес, байдың баласы емеспе деп пікірлерін
ортаға салды. Үйге : I топ - әңгіме,II топ -мазмұндама, IIIтоп –
мінездеме , жазып келу тапсырылды.

Ұқсас жұмыстар
Метатаным деген не және неліктен бұл маңызды
Ана тілі 2- сынып. түлкі мен қырғауыл. сабақ жоспары
Менің тәжірибемде көп кездесетін басты қиыншылық әдебиет сабақтарында
Ата –анаммен бірге мерекедемін (ОҚО-ның 80 жылдық мерейтойы туралы)
«қиын», «қиынға бейім» оқушылар әрекетіне қарсы мектеп психологының жұмысы
Қазіргі таңда мектептерде мұғалімдерді мазалайтын басты мәселе қиын балалар
Қалау рай, қалау райдың мағынасы
Айтылады төрт түлік мал
Сабақ көрнекілігі
Тақырып - Адам болам десеңіз.
Пәндер