Көктемгі арулар байқауының оқу-тәрбиелік сценарийі (Тассуат орта мектебі, 2009-2010 оқу жылы)

Мақсаты:

Білімділік: Өзін-өзі таныстыра білуге, мақал-мәтелдерді, өлеңдерді мәнерлеп оқуға, ою-өрнектердің түрлерін айыра білуге үйрету.

Тәрбиелік; Әдептілікке, сыпайылыққа, сұлулыққа, кішіпейілділікке, өнерге ұмтылған қыз балаларды тәрбиелеу.

Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау қабілеттерін, қиялын, тілін дамыту.

Көрнекілігі Гүлдер, магнитафон, үлестірмелі қиындылар, нақыл сөздер.

Армысыздар, аяулы ұстаздар мен патша көңіл көрермендер!

Бүгін көктемнің шуақты күндерінде бізде үлкен мереке. Көктемгі жауқазындай құлпырған әсем де сұлу қыздарымыз сіздердің алдарыңызда өз бағын сынауға келіп тұр. Тотыдай таранған, алтындай ардақты, жібектей созылған, мақпалдай масаты, қарлығаштың қанатындай қиғаш қасты, құралайдың көзіндей мөлдіреген, раушан гүлдей хош иісті, айнадай таза, сәуледей жарқыраған, маржан тісті, сымбатты арулар! Көктем мерекелеріңіз құтты болсын!

Той тойлап дала мен қалаларым,

Мерекең құтты болсын аналарым.

Қаракөз қыз, абзал ана мерекесін,

Құттықтап жатыр міне балаларың.

Қыздарға арнап жыр жазбаған ақын жоқ, ән шығармаған сазгер жоқ. Қызыл гүл, қарақат көз, қиғаш қас, алма мойын бұлардың барлығы біздің әсем қыздарымызға айтылған теңеулер. Ендеше біз ару қыздарымызға лайықты ықылас-ниетімізді білдіріп, осы байқауға қатысатын қыздарды ортаға шақырайық.

1 Байжан Райхан 5-сынып оқушысы

2 Мұқанғали Камшат 6-сынып оқушысы

3 Сейтжанова Индира 7-сынып оқушысы

4 Мұқанғалиева Азиза 7-сынып оқушысы

5 Сейткерейова Даяна 8-сынып оқушысы

6 Тайшабаева Әсем 8-сынып оқушысы

7 Жакетаева Аягөз 9- сынып оқушысы

8 Сарсекова Гүлжанат 9- сынып оқушысы

9 Сейсемхан Айман 10- сынып оқушысы

10 Андамасова Салтанат 10- сынып оқушысы

Сайысымызды сараптап, қазылайтын қазылар алқасын тағайындап алайық

1 Оспанов Т. О.

2 Мырзагалиева Д. М.

3 Жанабергенов Д. Қ.

Таныстыру

Арулар келіп жетті танысуға,

Сыпырды тамағасын осы дұға.

Қызып келген қырандай керілтеді,

Әдеппен, ізетпен танысуға.

Әрбір ару өздерін таныстырып өтеді.

Ұлттық сұрақтарға жауап

«Біреулер білмегенді, біреу білер» дегендей қазақтың тұрмыс-салтына байланысты сұрақтарға жол берейік.

1 Шекпен -тек қана түйе жүнінен тоқылатын жаздық сырт киім

2 Шашбау - шаштың ажарын аша түсетін зергерлік өнер туындысы

3 Сыбаға - дастарқан жайғанда, яғни тағам ұсынғанда, әр адамның жасына, жынысына қарай берілетін тағам

4 Жолаяқ - келген қонақты жолға шығарып салып тұрып, оларға жол басын айтып дәм тұз ұсыну

5 Төр - киіз үйдің жоғары әрі сыйлы орны. Жас келіндер бұл жерде отырмайды

6 Алтын үзік - 24 қанаттан тұратын аса лауазымды хан отбасы тұратын үй

7 Отау - жас жұбайлар үйі

8 Қараша үй - кедей үйі

9 Уық - шаңырақ пен кереге ортасын қосатын иінді ағаш

10 Түндік - шаңырақ үстіне жабылатын төртбұрышты кигіз

11 Кереге - үй іргесі мен шеңберін құрайтын негізгі бөлік

12 Адал бақан - киім ілуге арналған ашалы, ою-өрнекті ағаш

13 Жүкаяқ - сандық астына тұратын оюлы төрт аяқты ағаш

14 Бақан - шаңырақ көтеретін, бір жақ басы аша ұзын ағаш

15 Шолпы - шашқа тағатын, қымбат бағалы, сылдырмақты бұрым сәнін келтіретін, алтыннан, күмістен жасалатын бұйым.

16 Ожау - арқар, сиыр мүйізінен істелген, қымыз сапыруға арналған сәнді құрал

17 Иткөйлек - жаңа туған нәрестеге кигізетін жөрмеп тіккен көйлекше

18 Шапан - тізеден төмен түсетін қалың сырт киім

19 Қиықша - ысылған қамырды қиықшалап кесіп, майға пісірілген нан

20 Шұбат - түйе сүті, дәмді, шипалы тағам

21 Қалжа - жас босанған әйелдерге әдейі әзірленген тамақ

22 Төркін - тұрмысқа шыққан қыздың туған туыстары

Ән-би

Кедеймін деп қысылма,

Өнерің болса қолыңда.

Өнерлінің ырысы

Жарқырап жатыр жолында, - деп аруларымыздың ән-биге деген өнерлерін тамашалайық

Әрбір ару өздерінің дайындаған әнін немесе биін көрсетеді.

Қол өнер

Шеберлерім өнер тамып қолынан,

Жаңылмаған ата-баба жолынан.

Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін,

Біз айтайық төрелігін соңынан, - деп кезекті қолөнерге береміз.

Сән үлгілерін көрсету

Қыз емес қыздың аты қызыл алтын,

Көрінер толған айдай жүзі жарқын.

Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,

Халқының сақтай білген ізгі сәнін, - дей келе арулар сән үлгілерін көрсетеді

Қорытынды

Келді міне бүгін сынауға,

Сыналып үлкендерден үлгі алуға.

Салты бар өнерлі осы ортада,

Берер деп әділқазы әділ баға, -деп әділқазыларға сөз береміз

“Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар”- деп аруларымызды қошаметпен шығарып салайық.

Ақмола облысы

Жарқайың ауданы

Тассуат орта мектебі

Өткізген: Нуримбетов Асан Алимжанұлы

2009-2010 оқу жылы


Ұқсас жұмыстар
Қазталовка орта мектебі 2009-2010 оқу жылы Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы мектепішілік сайысының сценарийі мен қорытындысы
8-сыныпқа арналған гимнастика бөлімі: бекетті сабақтың сабақ жоспары және Ережепова Шырайгүл Фермебайқызының педагогикалық тәжірибесі (Ы.Алтынсарин орта мектебі, 2009-2010 оқу жылы)
№6 орта мектептің 7-сыныптары арасындағы математикадан сыныптан тыс сабақ-сайысы (2009-2010 оқу жылы)
25 мамыр 2010 жылғы 2009-2010 оқу жылының Сыңғырла, соңғы қоңырау салтанатты жиынының сценарийі
2010-2011 оқу жылы Алғашқы қоңырау салтанатының сценарийі - Жүзімдік жалпы орта мектебі, Бәйдібек ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы
2009-2010 оқу жылы №4 орта мектептің 7-сынып оқушылары арасындағы физика пәнінен Кім білгір сайысының жоспары
№41 жалпы білім беретін орта мектеп: 4 а сыныптың Бастауышым - Балбұлағым қоштасу мерекесінің сценарийі (2009-2010 оқу жылы), жетекші Добрашева К.Ә.
№15 орта мектепте қалалық семинарда өткізілген математика пәнінен сыныптан тыс жұмыс (5, 8, 9 сыныптар, 2009-2010 оқу жылы)
Ана тілім - ажарым, асыл мұрам: 5-сыныптың әдеби кеші (2009-2010 оқу жылы)
Ш. Батталова атындағы орта мектептің 2010-2011 оқу жылы бастауышпен қоштасу ертеңгілігінің сценарийі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz