Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Баланың денсаулығы ата - анадан
Мақсаты: Көпшілік ата-ана, қоғамдық ұйымдардың жек мектеп арасындағы
байланысты жақсарту. Бала тәрбиесі – баршаның ісі екеніне мән беру және
ата-ананың ықпалын жақсарту. Қазақ халқының ұрпағына тән имандылық,
ибалық, адамгершілік, мейірімділікке өз ұлтының салт-дәстүрін
қастерлеуге тәрбиелеу.
Қажетті құрал жабдықтар: үнтаспа, ұлағатты сөздер жазылған үн парақ, бала
тәрбиесіне арналған «Ауызша журнал», тірек сигналдары, т.б.
Шақырылған қонақтар:
1. Мектеп директоры.
2. Жасөспірімдер инспекторы
3. Балалар дәрігері
4. Кітапханашы
5. Оқу-тәрбие ісінің меңгнрушісі
6. Бастауыш сыныптардың әр сыныбынан 2-ден ата-ана және 12 оқушы
Безендірілуі: «баланың басты ұстазы-ата-анасы», «Заңды біл, заңды
құрметте» , «Ата-аналар сіздер үшін!», «Тәрбие отауының»
сызбасы.
Кіріспе:
- Қымбатты ата-аналар, ұстаздар, қадірлі қонақтар! Біздің бүгінгі,
«Баланың басты ұстазы-атасы» атты пікір алысу кешіне хош келіпсіздер!
Бүгінгі кешке шақырылған қонақтармен таныстыру. Сіздермен бас қосып
пікір алысумыздағы мақсатымыз – ата-ана, мектеп, қоғамдық ұйымдармен
жұмысты және озара байланысты одан әрі жақсарту. Көпшілікті
толғандырып, шешуі табылмай жүрген мәселелер болса, ойымызды ортаға
салайық деп отырмыз.
Бастауыш сынып оқушыларының төменгі жастан бастап
өздерінің заңды тұлға екенін түсіндіру. Сонымен қатар ата-аналардың
бала тәрбиесіндегі түсінбеушілік, жетістіктер, жіберілген кемшіліктері,
бала тәрбиесіндегі кездесетін қиыншылықтар және оны болдырмау жолдарын
іздестіру және ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі, олардың
физиологиялық дамуы, денсаулығы, тамақтануы туралы әңгіме қозғалады.
Жүргізу барысы.
1. Баяндама «Бала жанына жол табу да-өнер». Баяндамашы – сынып жетекші
2. Баяндама төңірегінде пікір алысулар және ата-аналарға сұрақтар қойылып,
мәселелер туралы айтылады.
3. «Жалпыға білім беру» туралы заңдағы ата-аналар жауапкершілігі,
оқушылардың білім алудағы құқықтары мен міндеттері туралы сұрақтар қо
4. Тәртіп бұзу немесе қылмыс. Бұл бөлімде оқушыны жас кезінен дұрыс
тәрбиелеп дұрыс бағдар беру керектігі және ата-ананың заң алдындағы
жауапкершілігі туралы және «Неке және отбасы»заңдылықтарымен танысады.
Оқушыларға құқықтық білім беріледі. Заңды құрметтеуге, білуге
дағдыландыру, . оқушының тәртіп бұзғандағы жауапкершілігі немесе заңға
тартылуы сөз болады.
5. «Баланың денсаулығы ата-анадан»
Бұл бөлімде қалалық аурухананың дәрігері балаларға тән сырқаттар және
оны алдын алу шаралары туралы қамтиды. Арнайы дайындалған сұрақтар
қойылады. Баланың денсаулығы тікелей ата-анаға байланысты. Демек, күн
ретінің сақталуы әр мезгіл уақытымен тамақтануы, жұқпалы аурулардан
сақтануы және денесінің тазалығы, киімінің жылы талапқа сай болуы.
6. «Болар елдің баласын сәнінен емес сәлемінен танимын» деген екен
қариялар. Бүгін біз ата-аналармен бірлесе отырып, көптеген мәселелердің
басын аштық. Енді айтарымыз жанұядағы бала тәрбиесіне кім көңіл бөледі?
Әке ме? Шеше ме?
Ұл тәрбиесі -әкеден , қыз тәрбиесі- анадан. Бала ата-ана
өмірінің жалғасы. «Құс балапаны үшін тұзаққа түседі, адам балас үшін
азапқа түседі» ,- демекші кейбір жанұяда баласы үйден сұрамай ақша алып
жүреді, оған мән бермейді, ол ары асқынып үлкен қылмысқа айналып
жатады. Барлық бала кәмілеттік жасқа толғанша ата-ана жауап береді.
Темекі шегіп, арақ ішуге зиянды екніне көз жеткіздік, алдын алу
шараларын ойлап көрейік. «Ырыстан ынтымақ озыпты демекші» сіздерді
бірлесіп жұмыс істеуге шақырамыз.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz