Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Қазақ тілінен орыс тіліне және керісінше, екі тілде ауызекі сөйлей білуге жаттығу

Ы. Алтынсарин дидактикасының қазіргі мектеппен үндестігі.

М. Көпжасарова
Алматы қалалық педагог
мамандары-
ның білімін көтеру және қайта
даярлау институның «Бастауыш
оқыту және мектеке дейінгі тәрбие»
кафедрасы меңгерушісі,
педагогика
ғылымының кандидаты
доцент.
Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық еңбектерінен оқытудың алғашқы
теориясы мен тәрбие мәселелері маңызды орын алды. Ол ең әуелі мектепке
үлкен міндет жүктеді: «Мектеп-жаңа адамдарды тәрбиелеуі қажет», Бұл ойдың
тереңдігі дәл қазіргі кезеңдегі мектептерге арналғандай. Сондай-ақ оның
пікірінше, мектептегі бүкіл оқыту және тәрбие процесінің ең қозғаушы күші,
жемісті нәтижесінің басты тұлғасы-мұғалім. Бұл орайда мұғалім рөлін жоғары
бағалаған ұлы педагогтың: «Біздің жұмысымызда қазақ мектептерінің бүкіл
болашағы, көбіне қазір басталып отырған іске байланысты, сол себепті мен
дүниеде жақсы мұғалімді бәрінен де жоғпры бағалаймын. Олармен тамаша
педагогикалық та,... ұқыпты инспекторлық бақылау да тең келуге тиісті емес.
Халық мектептері үшін мұғалім бәрін шешеді»-деген дәл бүгінгі мектеп
ұстаздарының тамырын басқандай.
Ыбырайдың бұл тамаша тұжырымы біздің заманымыздағы мектептердің үлкен
айнасы, айбынды абыройы, қажырлы еңбегі болуға тиіс. Мұғалімдік мамандық,
оның ішінде, әсіресе, бастауыш мектеп мұғалімі барлық кәсіпкерліктің
бастауы бола тұра бүгінгідей ең қиын, қуанышынан күйініші мерейінен
бұлтарысы молдау мамандыққа айналғаны даусыз. Дегенмен, жас өспірімді
тәрбиелеп, оқыту ісіне осы кәсіпке аса машық, тәрбиелі, қабілетті, талапты,
еңбекқор, тәжірибе жинақтауға ықыласты, ең соңында халықтың педагогикадан
хабарлы, мейрімді жандар тартылуы тиіс. Бұлай баса айту себебіміз, бүгінгі
таңда педагогикалық мамандықты «жеңіл» түсініп, білім алудың тұтқасын,
көкшіл кітапшаның нұсқасын қалтаға салып алып, немесе «кездейсоқ» мамандар
мектептегі оқу-тәрбие процесінде ауырдың үстімен, жеңілдің астымен
мардымсыз еңбек етіп, сынға түссе, сынаптай толқып шыға келетін, орайы келе
қалса, мектепті тастап басқа шаруа күйітіне айырбастай салатын «саңылақтар»
да аз емес. Бұндайлардың қылығы мектеп қабырғасында ұзақ жылдар бойына
абыройлы еңбек еткен әріптестеріміздің көңілдеріне қаяу салып, ұстаздық
жолға кірбің туғызары сөзсіз. Демек, қазақ педагогикасының негізін қалаушы
Ыбырай атамыздың мектеп мұғалімдерінен үлкен үміт күткендей, ұстаздықты
бүкіл өміріміздің көркі санаған біздер ең жоғарғыдағыдай сүреңсіз
көрністерден аулақ болуыды жөн деп санаймыз.
Ыбырай бүгінгі күнге дейін күшін жоймаған класс-сабақ жүйесін жақтады.
Ол оқушылар құрамының тұрақтылығын қадағалады, оқулықтарды қазақ
балаларының жағдайына лайықтап, оқыту процесінде баланың білім дәрежесін
анықтады, қажетті жағдайда бағдарламаны өзгертіп отыруды мұғалімдерден
талап етті.
Дидактика, әдістеме мәселелері де педагог еңбектерінен шешуші орын алды.
Оның дидактикалық принциптері мынандай еді:
1) бастауыш кластарға арналған оқу бағдарламасының болуы;
2) қазақ мектептерінде оқулықтарды пайдаланудың жарамдылығы;
3) оқу-материалдық базаның шешуші күш атқаратындығы;
4)оқыту мен тәрбиелеу мәселесінде мұғалімнің рөлінің жоғары бағалануы;
Ыбырайдың осындай педагогикалық жүйесіндей қазіргі мектептегі дидактика
оқыту әдісінің дипазоны мол технологиясы мен психологиялық көрністеріне:
баланың танымдылық қабілетін, оқуға ынтасын ояту, оның ғылымға деген
көзқарасын, адамды сүю мен елін, жерін қошемейттін сезімін қалыптастыруға
үлкен мән берілуі тиіс.
Алтынсарин бастауыш кластарға арналған оқулықтардың баланың жас-
ерекшіліктерін ескертетін және түсінікті тілмен жазылуын, әдемі, мазмұнды
болуларын қатты қадағалады. Бастауыш мектептің білім беру шеңберін
кеңейтіп, оны байытып отыруды басты мақсат тұтты. Материалдарды іріктеуде
оның идиясының халықтығы, гумаизмі, балалардың халқын, ана тілін сүю
сезімі басты назарда болды. Ол мұғалімдерге, әсіресе, табиғат тану,
география, тарих пәндеріне байланысты материалдарды өте мұқияттылықпен
іріктеп алуды тапсырды және оны өзі қадағалап отырды.
Қазақ баласының бойнан өнегелі, шешен сөздерді, мақал-мәтелдерді, жұмбақ-
жаңылпаштарды бірден қадағалдап алып, оны ұзақ уақыт жадында сақтап,
айналасындағы ұрпаққа беруге дағдыланған құбылысын байқаған Ыбырай оқу
жүйесіне, әсіресе, ана тіліне, табиғат тануға, балаларды қазақ тілінде
оқыта отырып, орыс тілін де меңгеруге үлкен мән берді.
Оған мына төмендегі мәліметтер дәлел:
1. Оқу, таза жазу.
2. Қазақ тілінен орыс тіліне және керісінше, екі тілде ауызекі сөйлей
білуге жаттығу.
3. Грамматика: зат есім, сын есім, етістік. Септеу және жіктеу.
Гамматикалық талдау.
4. Арифметика: қосу, азайту, көбейту, бөлу.
5. Жер шары, әлемдегі құбылыстар туралы. Еуропаның басты қалалары жайлы
кейбір мағлұматтар.
6. Татар тілінен: оқу және жазу. Міне осыларды байқап, салыстыра отырсақ,
Ыбырай қойған педагогикалық жүйе мен бүгінгі біздің заманымыздағы
педагогикалық қызыметтің түрлері төркіндес келетінін байқау аса қиындық
келтірмес.
Қазіргі кезеңде республикамызда оқытудың ең жаңа түрлері есепке алынып,
оқулық жасауда дидактикалық талаптар біршама ілгерілеуде. Әсіресе, бастауыш
класс оқулықтарына қара дүрсінділікпен қарамай, оларды белгілі трафареттер
мен басқа ұлт оқулықтарынан көшіріп алу немесе соның негізінде жазудан
сақтандырылуда. Теорияның практикамен, өмір қоғам заңдылықтарымен
байланыстыратындай талаптар авторлар алдына үлкен міндеттер жүктеуде. Бұдан
бүгінгі ұлттық мектебіміз Ыбырай жасаған оқу бағдарламалары мен оны оқыту
әдістерімен үндес жатқандығын осыдан тануға болады.
Мектептегі оқу жабдықтарымен, мектеп кітапханасымен, оны әдеби
кітапханаман қамтамасыз етті. Мұғалімдерге әдістемелік әдебиеттер мен
педагогикалық журналдарды күнделікті пайдалану қажеттілігін ескертіп,
мектепті өз жеткілікті түрде құралдармен жабдықтады. Мәселен, Торғай
мектептері кітапхана қорларында «Семья және мектеп», «Халық мектебі»
журналдарын, Бобровскийдің «Ұлы дидактика», Н.Ф. Бунаковтың «Ана тілі»,
Н.А. Корфтың «Біздің дос», К.Д. Ушенский, Л.Н. Толстой т.т. еңбектері
кеңінен орын алды.
Бүгінгі таңда әрбір мектепте кітапхананы жандандырып, қамқорлық жасау,
оған қоғамдық көзқарас тудыру, көркем әдеби кітаптармен оқу-әдістемелік,
педагогикалық-психологиялық оқулықтар мен әдебиеттерді молынан жинап,
педагог мамандарға назар аударту кезек күттіртпеуі тиіс.
Ы. Алтынсарин оқыту жұмысына өз замандағы техника дәрежесіне көтерді,
құрал-жабдықтар, модельдер, коллекциялармен жабдықтады.
Қазіргі заман талабына сәйкес алдыңғы қатарлы мектептер болмаса, оқу
кабинеттерін қажетті мебельдермен , құралдармен, техникалық заттармен
электроника, компьютерлермен, есептегіш машиналармен көптеген мектептердің
жабдықталмай отырғаны баршылық. Сондықтан қазақ педагогикасының ұлы атасы
Ыбырай идеялары қазіргі мектептер өмірінде ретті қолданылып, өз шешімдерін
табулары тиіс.
Жоғарыда айтқандай Ыбырайдың оқыту теориясы мен қазақ жастарына тәлімді
тәрбие беруге қосқан еңбегінің мәнділігін дәлелдейді. Ол өз халқына
пайдасын аянбай тигізген, сол жолда тынымсыз күрескен, қазақ тілі мен
әдебиетін, ғылым мен ағарту жұмысының өмірге аса қажетті мәселелерін
сұрыптап, ең оөзық, тиімді, жаңалыққа бой алдырған шешуші бастамаларына
ұйытқы болған тұңғыш ғылым-педагог бола тұра, оның педагогикалық мұралары
қазіргі кезеңдегі қазақ ұлттық педагогика ғылымының алатын қорынап қосылып,
біте қайнасып, үндесіп жатқан маңызы ұшан теңіз екенін көрсетті. Сондықтан
да Ыбырай деп қазіргі күндері біз, қазақ педагогтары үшін үлгілі де қымбат.

Ұқсас жұмыстар
Сөздік жұмысы
Тіл – достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы
Меймандос қала
Жемістер 3-сынып
Тіл тазалығы
Кірме сөздер
Орыс тілінен енген сөздер
Сабақтың тақырыбы Кірме сөздер
Самолет - орыс тілінен енген сөз
Орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
Пәндер