Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Жанды сұрақ
Физикалық кеш
Мектепте өткізілетін пән кештері оқушылардың сол пәнге деген қызығушылығын
арттырып, өздігінен ізденуін тудырады. Осы мақсатта физикадан 7,8,9-сынып
арасында өткен кеш жоспарын ұсынып отырмын.
Алдымен оқушылар екі командаға бөлінеді.
Оларға үйге тапсырма беріледі: Әр қайсысы қарсы командаға қойылатын бір
–бір сұрақтан дайындап келу керек.
Команда жанкүйерлеріне: бір – бір жарнамадан қойылым қоюлары қаже.
Әділ қазылар алқасы тағайындалады. (3 адам).
І-тур.
Екі командаға кезекпен -кезек сұрақтар беріледі. Олар қол көтеріп жауап
береді.
1. Неге су отты сөндіреді?
Жауабы: Су буға айналып, оттың көп жылуын алады. Бу отқа ауа жібермейді,
ал ауасыз от сөнеді.
2. Судан алған балықты неге қолда ұстау қиын?
Жауабы: Сырты слизбен (сілекей) жабылғандықтан үйкелісті азайтады.
3. Винтті бұрағанда неге астына шайба салады?
Жауабы: Тіреу ауданың ұлғайтып, мықты бұрау үшін.
4. Қардан жасалынған аяз атаға тон кигізсе ол еріп кетеді мен? Неге ?
Жауабы: Жоқ ерімейді, себебі тон жылу бермейді.
5. Қаз неге судан құрғақ шығады?
Жауабы: Себебі оның қанаттары өз майымен майланып тұрады, ал майлы зат
суланбайды.
6. Қатты жолға қарағанда неге құмды жермен жүру қиын?
Жауабы: Қатты жолда күшті тек жүруге жұмсаймыз, ал құмды жерде аяғымыз
құмға батып, ондағы үйкелісті жеңу үшін де энергия жұмсалады. Энергияның
артық жұмсалуы адамды шаршатады.
І-команданың жанкүйерлері өзінің жарнамасын қояды.
ІІ-тур.
Үлкен жетілік.
Оюлап тігілген қалтада нөмірленген асықтар және бір асықта «бақытты
оқиға» жазуы болады, яғни ол командаға сыйлық беріледі.
Сұрақ түрлері мынадай:
1. Денелердің жылулық күйін сипаттайтын шамалардың бірі (Температура)
2. Ең алғашқы ұшқыш –косманавт (Гагарин)
3. Физиканың бір өлшемі(Механика)
4. Бір заттың екінші затпен араласу құбылысы (Диффузия)
5. Молекулалар түзілетін кішкене бөлшектер (Атом)
6. Электр тогы ұғымын енгізген француз физигі және математигі (Ампер)
7. Жұмыстың өлшем бірлігі (Джоуль)
ІІІ-тур.
Сен маған, мен саған
Команда мүшелері өз сұрақтарын кезектесе қарсыластарына қояды.
ІV-тур.
Ойын қонағы
Қонақ әр командаға бір-бір сұрақтан даярланып келіп, қою керек.
Ойын қортындысы шығарылады.
Оқушылардың өзіндік жұмысын жетілдірудің бір жолы
Қазақстан Республикасының орта білімінің мемлекеттік стандартына сәйес
физиканы оқытудың базалық деңгейінде алға қойылатын мақсаттардың бірі-
оқушылардың ғылыми ойлауын, танымдық және шығармашылық қабілеттерін,
табиғат құбылыстарын танып білуге қызығушылығын, оқуға деген саналы
ынтасын дамыту.
Физиканы оқыту оқушыларды ғылыми таным әдістерімен қаруландырып
қанақоймай, оларға табиғи және техникалық құбылыстарды өз бетінше
зерттеуге мүмкіндік беретін интелектуалдық және практикалық
біліктіліктерін дамытуға бағдарлануы тиіс (1).
Әр түрлі оқыту әдістерінің барлығының көздейтін түпкі мақсаты оқушылардың
білімалуының тиімді жолы мен әдіс – амалын анықтау (2).
Осы мақсатқа жету үшін мұғалімдердің тиімді әдістемені іздеу жолындағы
шығармашылығын дамытудың бір жолы- физика пәнің оқыту процесінде ғылыми-
көпшілік әдебиеттерді дұрыс пайдалана білу.
Физикадан үй тапсырмасының танымдық және шығармашылық сипаты болуы тиіс.
Орта және жоғары мектептегі көп жылғы іс-тәжірибеміз, осындай
үйтапсырмасына оқушылардың өз бетімен кішігірім баяндамалар мен
рефераттар дайындауы екендігін көрсетті.
Оқушылардың мұндай жұмыстарды орныдауына мұғалім тарапынан әдістемелік
және ұйымдастырушылық басшылық керек. Осы мақсатта мұғалім оқу жұмысының
басында баяндамалар мен рефераттардың тақырыбын бекітеді және оның физика
курсының қай тарауына және тақырыбына сәйкес орныдалатының айтады.
Дайындық барысында мұғалім оқушылармен консультация өткізеді.
Консультация кезінде баяндаманың немесе рефераттың жоспары құрылады,
қажетті әдебиеттердің тізімі анықталып, қандай мәселелерге көніл бөлу
керектігі айтылады және баяндаманы немесе рефератты қандай түрде дайындау
керектігі жөнінде кеңес беріледі. Біз өз жұмысымызда оқушыларды
«қазақстан» баспасынан 1983 жылы жарық көрген «Жарасымды тұрмыс үшін»
жинағындағы М. Құдайқұловтың «Кітаппен жұмыс істей біліңіз» мақаласымен
таныстырқ. Баяндамалардың және рефераттардың тақырыбы анықталған соң,
өтілетін қай тақырыпқа немесе тарауға сәйкестігіне қарай әр оқушының
өзіндік жұмысты тапсыратын мерзімі көрсетіледі.
Баяндама- материалды түсініп, ойға түйген деңгейдегі оқушының жалпылама
хабарламасы болса, реферат- танымдық, шығармашылық түрдегі оқушының
жалпыланған хабарламасы. Осы ретте барлық оқушылардың жасаған
бағдарламасы реферат деңгейіне көтере алдмаса да, бірқатар оқушылар бұл
жұмысты тиянақты түрде орындап шықты. Баяндама және реферат деп бөліп
айтуымыз осыдан.
Жоғары сынып оқушыларына мынадай тақырыптарда рефераттар мен баяндамалар
дайындау ұсынылады.
1. Жарық сәулесінің таралуы.
2. Жарық және түс бейнелеу өнерінде.
3. Жарық интерференциясы, оның табиғатта білінуі және техникада
қолданылуы.
4. Электромагниттік сәулелер, олардың қасиеттері және қолданылуы.
5. Рентген сәулелері және оның қолданылуы.
6. Фотоэффект және оны техникада өолдану.
7. Спектрлік анализ және оның ғылымдағы орны.
8. Лазерлер және олардың қолданылуы.
9. А. Эйнштейн әлемінде.
10. Атом- адам игілігіне.
11. Ядролық энергетика және оның өолданылуы. Қазақстанда ядролық
энергетиканың даму мүмкіндіктері.
12. Термоядролық энергетиканың проблемалары.
13. Элементар бөлшектер және табиғаттағы күштер.
14. Изотоптар және оларды қолдану.
Рефераттар мен баяндамалар дайындау үшін оқушыларға ұсынылған қазақ
тіліндегі ғылыми- көпшіліқ әдебиеттердің тізімі.
1. Ерматов С. Барлаушы бөлшектре А., Қазақстан, 1988.
2. Жетбаев Ә. Нейтрондар. А., Ғылым, 1985.
3. Қойшыбаев Н. Элементар бөлшектер әлемінен хабар. А., Мектеп
4. Бақтыбаев К., Мақанов У. Атом- адам игілігіне. А., Қазақстан,
1976.
Біздің жұмысымызда рефераттық жұмыс немесе баяндама жазу оқу- тәрбие
жұмысының негізгі бір бөлігі болып табылады. Тәжірибе барлық оқушылардың
баяндама немесе реферат дайындап, сынып оқушылары алдында белгілі бір
тақырып бойынша өз ойларын тұжырымдай алатынын көрсетті. Барлық баяндамалар
және рефераттар бірдей жақсы болмағанымен, тіпті үлгірмейтін оқушылардың
өздерінің біраз еңбектенгендігін көрдік.
Бір қиыны мектеп кітапханасынан табыла бермейді. Кейбір тақырыптар бойынша
оқушыларды пән мұғалімі қажетті әдебиеттермен қамтамасыз етіп отырды.
Барлық оқушылардың 90-96% (әр сыныпта әр түрлі) белсенділігін және өз
бетімен жұмыс істей алатындығын көрсетті.
Қазақ тіліндегі ғылыми көпшілік әдебиеттерді пайдалана отырып баяндама
немесе реферат дайындау оқушылардың отандық ғалымдардың еңбектерімен
танысып қана қоймай, олардың бойында мынадай қасиеттердің пайда болатының
көрсетеді.
1. Өздігінен кітап оқу ебдейлігі мен дағдысының артатынын;
2. Физика пәніне деген қызығушылығының артатынын;
3. Оқушылардың жеке тақырыптарды тереңірек ұғынатынын.
Реферат немесе баяндама жазу мұғалімнің басқаруымен жасалатын оқушылардың
өз бетімен атқаратын жұмысы. Оның бүкіл сынып оқушылары үшін де және жеке
баяндамашы үшін де үлкен танымдық және тәрбиелік мәні бар.
«ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты сайыс
Ғылымдардың ғылымы,
Физика жайында
Кешімізді бастаймыз.
Жас достарым,
Мұны жақсы ұғайық.
Физика құрметтеуге лайық.
Дүниедегі құбылыстардың мәнін де,
Табиғаттық қозғалыстың бәрін де,
Мүмкін емес физикасыз түсінку,
Физика дүние кілті бүгінде.
Физика еді өмірдің,
Асыл бір үлкен саласы.
Жаңарды сол физикамен,
Елімнің өзен даласы.
Түсіріп аспан заңын жұмыр жерге,
Бақтырып жұлдыздарды ескен желге,
Жансызға жан бітіріп, қолға салып,
Физика кереметті көрсетті елге.
Бірі өшіп, кітаптардың бірі тозған,
Қай жүйрік архимедті басып озған.
Жалынды патриот, батыр ғалым.
Ғасырлар түпкірінен басып озған.
Физика- тілдесер табиғаттың тілі екен ғой,
Көз тартар табиғаттың сыры екен ғой.
Аттасаң аяғынды алдына орап
Артыңнан қалмайды екен тіріде ол.
Салған ән, айтылған сөз, ішілген ас,
Бәрінің бағынары физика ғой.
Сондықтан табиғаттың сыры терең,
Деушіге оқып, зерттеп,көрем, білем,
Демесең болсын егер еңбегім еш,
Әуелі физиканы оқы дер ем.
Негізі бар ғылымның физика,
Жалықпай оқып үйрен тек қана.
Білімнің есігін ашты көзін тауып,
Ньютон, Эйнштейн, Архимедтер.
Бүгінде физика барлық жерде,
Құрылыста, техникада, өндірісте.
Сырларын бұл ғылымның үйретіндер.
Шәкірттер, зерделікпен үйреніндер.
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер,- деп бүгінігі сайысымызды өткізуге рұқсат етініздер.
Армысыздар, құрметті жиналған қауым, қадырлі қонақтар, «Жүзден жүйрік,
мыңнан тұлпар » сайыскерлер. Бүгінгі «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты
сайысымызға қош келдініздер.
Бүгінгі кеш- қызықты кеш,
Көрермендер, халайық.
Ой- түйсікті қозғап қазір,
Биік қанат қағайық.
Физика салтанаты,
Осы жерде құруын,
Белсенділік көрсетейік,
Бар ықылас құрулы.
Мәңгілікке есте қалар,
Қызықты бұл жиын болсын.
Білімдірек шәкірт озар,
Сұрақтары қиын болсын.
Әділ- қазы алқасына бір сәлем,
Әділдікке бас иеді күллі әлем,
Жүйрік озар сайыстарда неше бір,
Сарапқа сал әділдікпен шеше біл.
Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпаз болу шарт сол.
Еңбек етіп жалықпай,
Сәтті сапар тілеумен.
Сайысты біздер бастайық,
Көрсетіндер өнерді,
Қарап қалма жасқанып.
Ал, оқушы, ұстаздар
Ортаға назар салайық.
Сайыскерлер шықпақ сайысқа,
Қол соғып қарсы алйық,- деп д уқол шапалақтап сайыскерлерімізді ортаға
шақырамыз:
1. нөмірдегі сайыскеріміз...........
2. нөмірдегі сайыскеріміз...........
3. нөмірдегі сайыскеріміз...........
4. нөмірдегі сайыскеріміз...........
5. нөмірдегі сайыскеріміз...........
6. нөмірдегі сайыскеріміз...........
І- тур. Бәйге.
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз,
Жүзден жүйрік, мыңан тұлпар шығарар,
Бәйге, бәйге, бәгені бір көріңіз.
Тақырыбы: «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты сайыс
Мақсаты: Оқушылардың өзіндік дамуға,өзіндік білім алуға, өзіндік жетілуге
психология және практикалық дайындығын қалыптастыру.Оқудың өзіндік стилін
қалыптастыру,дағдысын дамыту, үнемі өзгеретін дүниенің жағдайына жылдам
бейімделуге жалпы қабілетті қалыптастыру.
Сайысымыздың І-кезеңі – «Бәйге». Бұл кезеңде сайыскерлеріміз физикалық
анықтамаларға қол көтеру арқылы жауап беруі тиіс. әрбір дұрыс жауапқа 10
ұпай беріледі. Дайын болсаңыздар сайысымызды бастаймыз. Ал, мұқият
болыныздар:
1. Денені құрайтын бөлшектердің қозғалыс энергиясы мен олардың өзара
әсерлесу энергиясы (ішкі энергия)
2. Жылу берілуі кезінде дененің алған немесе жоғалтқан энергиясы (жылу
мөлшері)
3. молекулалар арасындағы өзара әсерлесу, елеусіз аз болатын газ.(идеал
газ)
4. Өз сұйықтығымен динамикалық тепе-теңдікте болатын бу. (қаныққан бу)
5. денеге басқа нәрселер әсер етпенген кезде жылдамдығын сақтау
құбылысы.(инерция)
6. зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы.(ток)
7. бір дененің екінші денінің молекулаларымен өздігімен араласу құбылысы
қалай деп аталады?(диффузия)
8. Сұйықтың буға айналу құбылысы.(кебу)
9. бірлік ауданға түсірілетін күш.(қысым)
10. Электрзаряды жоқ бөлшек (нейтрон)
11. Заттың қатты күйден сұйыққа өтуі.(балқу)
12. Қозғалыстың шапшандығын және бағытын сипаттайтын физикалық
шама(жылдамдық )
13. Кебу процесіне кері процес.
14. Жылу берілудің қатты заттардағы түрі.
15. Балқу кезінде ішкі энергия қалай өзгереді?
16. Уақыт өтуіне қарай дененің басқа денелерге қатысты кеңістікте орын
өзгертуі.
17. Дененің пішінінің V көлемнің өзгеруі.
18. Будың сұыққа айналу құбылысы.
19. Жылудың ауа және сұйық ағыны арқылы берілуі.
ІІ-тур.
Көкпар.
Адам алып таңғажайып ісімен,
«Көкпар»-ойын ой тастаған түсімен.
Зерделілер замандыалға жылжытсақ,
Физикалық заңдылықтар күшімен.
Бұл адамдар ардақтаған халықтар,
Физикада даңқы шыққан алыптар.
Қара, ойлан,зерек болсаң сайыскер,
Алыптарды әрқашан ад танып қал.
1. Ампер Андре Мари-француз физигі және математигі, электр және
магниттік құбылыстар арасының байланыс заңын, теориясын жасаған.
Магнитизм табиғаты жөнінде гипотеза ұсынған. Физикаға электр тогы
ұғымын енгізген Ампер заңы бар.
2. Вольта Александро – итальян физигі, электр тогы туралы ілімнің негізін
салушы 1-гальвани элементін жасаушы. Электр тогы ғылымға жол салушы.
3. Ом Георг – неміс физигі, тізбектің бөлігіндегі ток күші, күш. Кернеу,
кедергі арасындағы заңды теория жүзінде ашқан, тәжірибе жүзінде
дәлелдеген.
4. Шарь Огюстан Кулон- француз физигі, электр және магниттік
заңдылықтарды тағайындау үшінаспап ойлап тапқан-1781 ж. Сырғанау және
домалау үйкелістерінің заңдылықтарын тұжырымдады.
5. Исаак Ньютон –(1643-1727) ағылшын физигі және математигі. Ол денелер
қозғалысының негізгі заңдарын және тартылыс заңын ашқан. Жарықтың
көптеген қасиеттерін ашып, зерттеген. Жоғары математиканың маңызды
салаларын талдап дамытқан.
6. Архимед (б.э.д. 287-212жылдар) ертедегі грек ғалымы, физик және
математик. Рычаг ережесін тағайындаған, гидростатика заңын ашқан.
ІІІ-тур. Полиглот.
Келді кезек полиглотты шешуге ,
Жауаптарды аударуға 3 тілде.
Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,
30ұпай , шәкірт саған несібе.
1. Аса қажет өмірге халық үшін,
Пайдаланамыз күн сайын жарық үшін.
(ток,ток, energy)
2. Жалғыз бағыт білері,
Бұрғанына көнбейді.
Жол көрсетіп береді,
Бірақ өзі көрмейді.
(компас, compas)
3. Туыстарын шетінен,
Өбеді де бетінен.
Бала-шаға ұсағын,
Бауырына қысады.
(магнит, magnet)
4. Көкке қараған, жұлдыз санаған.
(телескоп, telescop)
5. Тар шеңберді айналып,
Тұр құдықта байланып.
Қаға берер таңдайды,
Әдетінен танбайды.
(сағат, часы, clock)
6. Қозғалысқа келтіріп,
Жылдамдығын береді.
Өлшемдерін қарасақ,
Ньютонға ол келеді.
(күш, сила, strength)
7. Ақ жарықтың жаңбыр тамшыларында түрлі түсті жарық шоқтарына
жіктеліуінен пайда болған тамаша көрініс.
(кемпірқосақ, радуга, rainbow)
8. Өз еркіне жіберсен,
Дүниені бүлдірер.
(өрт, огонь, fire)
9. Жіпке ілдім мен өзім,
Кіп- кішкентай күн көзін.
10. Жоғалмайды ешқашан,
Түрлендірсек егерде.
Басқа күйге ауысса,
Жұмыс істейді әрқашан.
(энергия, энергия, energy)
IV-тур. «Ғажайып жетілік»
Жетіліктің сұрағы көп сабақтан,
Шәкірттердің білері алға шығады.
Асықпандар ойланындар жақсылап,
Үш жауап бар, біреуі оның шырағы.
1. Мылтық атылғанда оғы өте қауіпті, неге?
а) Потенциалдық энергия жоғары;
ә) Толық энегриясы потенциалдық энергияға тең;
б) Кинетикалық энергия өте жоғары.
2. Кеседегі ыстық шайдағы қасық кесемен жылулық тепе-теңдікте. Енді
осы жағдайда қасықты алып стакандағы суық суға саламыз. Қандай
жағдайда да бір кесе шай мен стакан су жылулық тепе-теңдікте болады
егер....
а) Шайдағы қасықты алып стакандағы суға салғанда қасық суыса;
ә) Шайдағы қасықты алып стакандағы суға салғанда қасық қызса;
б) Шайдағы қасықты алып стакандағы суға малып алып, қайтадан кесеге
салғанда шайдың температурасы өзгерсе.
3. Ауасы сорылып алған шыны түтікте ағаш, тығын, құс қауырсыны. Осы
денелередің қайсысы үлкен үдеумен қозғалады.
а) Ағаш;
ә) Барлық денелер үдеумен құлайды;
б) Барлық денелердің үдеулері.
4. Жеңіл машинаға әсер ететін барлық күштер компенсацияланады, оның
қозғалыс жылдамдығы өзгеріссіз қалады. Бұл құбылыс қалай аталады.
а) Тартылыс;
ә) Инерция;
б) Салмақ.
5.Жүк машинасы жолдан тайғанақтап жүре алмай тұр. Артқы дөнгелектерінң
жермен үйкелісін арттыру үшін жүргізуші не істеу керек.
а) Машина кузовын жеңілдету;
ә) Двигательдің тартылу күшін арттыру;
б) Артқы дөңгелектің астына құм салу.
6. Пышақты қайраған уақытта оның ішкі энергиясы қалай өзгереді.
а) Жылу беру есебінен кемиді;
ә) Жылу беру есебінен артады;
б) Артқы дөнгелектер астына құм салу.
7.Келесі жағдайлардың қайсысында дене қозғалысын материалдық
нүктенің қозғалысы ретінде қарастыруға болады.
а) Токарлық станоктағы өндеуші дененің айналуы;
ә) Космос корабльіндегі қозғалыс;
б) Коньки тебушінің қозғалысы.
V-тур. Жанды сұрақ.
Шамаларды білемізбе тұрақты,
Түсіндіріндер физикалық сұрақты.
О, формула фантастика секілді,
Білесің бе қызықтарды не түрлі?
Заңдылыққа физикалық сеніндер
Салыстырып барлығында көріндер
Сұрақтарға ұлағатпен қарандар,
Ойларынды ептілікке орандар.
1.Массасы 2000т поезд түзу сызықта қозғалып, жылдамдығын 36км\сағ- дейін
арттырады. Импуль өзгерісін табындар.
2. Оқтың бастапқы жылдамдығы 600 м\с, ал массасы 10т. таекторияның жоғарғы
(.)-гі кинетикалық энергиясы 450 Дж болса, оқ мылтықтың аузынан горизонтқа
қандай бұрыш жасап шыққан?
3. Газдың температурасы 7-ден 350С-қа дейін арттырғанда оның
молекулаларының орташа кинетикалық энергиясы қанша %- ке артады?
4. Автомобиль жолдың 1-ші жартысынан м\с, ал 2-ші жартысын м\с
жылдамдықпен жүріп өтті. Барлық жол бойына қатысыт орташа жылдамдықты
табындар. Осы орташа жылдамдықпен мен мәндерінің арифметикалық
орта мәндерін аз екенің дәлеледендер.
VІ-тур. Шешендік.
Білімдіден шығады алғыр шешен
Шешендік пен болған ғой барлық көсем
Сайра шәкірт, бұбұдай шарықташы
Қалмасын бұл жарыста сенің есең.
Үйкеліс күшінің пайдасы 1-ші оқушы
Үйкеліс күшінің зияны 2-ші оқушы
VІІ-тур.Жорға
Ең қиыны жарыстың «Жорға » келді,
Мықтылары қалыпты жеңсін енді.
Тез жауап бер ойланып тұрып қалмай,
Осы ойыннан көреміз ерен ерді.
Сайысымыздың соңғы кезеңі «Жорға». Бұл кезенде 15 сұрақ. Осы сұрақтарға
шапшанадықпен 1 минуттың ішінде жауап беру керек.
1-оқушы:
1. Ньютонның 1867ж. Бүкіләлемдік тартылыс заңын ашуына себеп болған
не?(Алма)
2. Атмосфералық ғылымды анықтаған ғалым (Торичелли)
3.Ток бағыты қай полюстен қай полюсе бағытталады? (+тен-ке)
4.Желсіз ауада гүлдер мен шөптердің хош иісінің таралуы қандай
физикалық құбылыспен түсіндіріледі. (Диффузия)
5.Тұзды суда жұмыртқа бата ма?(Жоқ)
6. Электр шамын ойлап тапқандар? (Джозеф Сван)
7. Электр тогы болу үшін өзгерткіш ішіне не тұрғызу керек? (эл.
өрісін)
8.Рычаг ережесін тагайындаған кім? (Архимед)
9. Табиги жарық көзі. (күн)
10.Фотографияны ойлап тапқан француз ғалымдары? (Жозеф Ньепс, Луи
Даггер)
11. Барометр ішіндегі сұйық? (сынап)
12.Аттас зарядтар бір-бірбіремен тартыла ма? (жоқ)
13.Заттың ең ұсақ бөлшегі(атом)
2-оқушы:
1. Александр македонски заманындағы уақыттың көрсеткіші немесе
өлшеуіші (тауық)
2. Алғаш Нобель сыйлығын алған физик ғалымы (Рентген)
3. Тізбектігі ток күші, кернеу, кедергі арасындағы байланысты
тағайындаған кім? (Ом)
4.Температураны өлшейтін құрал (термометр)
5. Жерді қоршап тұрған ауа қабаты (атмосфера)
6.Ұлы Александар патшаның тәрбиешісі, ұстазы болған Грециядан шыққан
ұлы данышпан ғалым (Аристотель)
7.Киноны ойлап тапқан француз ғалымдары (ағайындылар Льюмерлер )
8. Электр шамының сымы неден жасалған (вольфрам)
9. Әр аттас заряд бір –бірімен тебілеме? (жоқ)
10Ауаның ылғалдылығын өлшейтін құрал?(жоқ)
Қорытынды : Қорытынды сөзді пән мұғалімі , жюри мүшелері сөйлеп
аяқтайды.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz