Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Желтоқсан жаңғырығы тақырыбы
Желтоқсан жаңғырығы
Сабақтың мақсаты:
1. Шәкірттерге білім бере отырып, оларға туған топырағының сонау тереңде
жатқан тарихын таныту;
2. Егемендіктің мәнін түсіндіру;
3. Бүгінгі тәуелсіздікке қалай қол жеткенін зерделеу; 4. Оларды Отаны
үшін отқа түсетін ел жанды, ел Азаматы етіп тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:
1."Тәуелсіздік тұғыры", "2030-бағдарламасы", "Қазақстан Республикасының 19
жылдық шежіресі" атты үш үлкен полотно; 2. Көгілдір қағазға жазылған
"Желтоқсан жаңғырығы" тақырыбы".
Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Құшақ, жая таныстым сан тіліммен
Жаман үйді қонағы билейді деп,
Қала жаздап айырылып өз тілімнен,
Өзге тілге еліктеп ел болмайық,
Қазағымның артық жоқ, өз тілінен...
Мұғалімнің сөзі: 1986 жылы 16-желтоқсанда қазақ жастары тоталитарлық
режимге ашық қарсылық көрсеткен күні бәрімізге белгілі. Міне, осындай
ұмытылмас оқиғадан бері 19 жыл өтті. Өмір-өзен толқындары бізді әйгілі 16-
шы желтоқсан оқиғасынан уақыт өткен сайын алыстатып әкетіп бара жатса да
жүректер де мәңгілік ұмытылмайтын бір нәрсе бар. Ол - дүниені дүр
сілкіндірген сол үш күн ішінде қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына,
ерлігіне деген тағзым, құрмет етеміз.
1-оқушы:
Әнұраным — жан ұраным,
Айтар әнім — сөйлер сөзім.
Туған жерім — сағынарым,
Мәңгі-бақи шырқалады,
Республика әнұраны. (Әнұран айтылады).
2-оқушы:
Елтаңбасы елімнің,
Неткен көркем әдемі.
Тұнығындай көңілдің,
Ортада аспан әлемі.
3-оқушы:
Жарасқан байрақтың мәні бар,
Көк аспан, күн-қыран сәні бар.
Көк байрақ, ашық күн кеңісім,
Алтын күн — белгісі жеңістің.
4-оқушы:
Республика! Ерікті ел — Қазақстан!
Келді ақыры көп күткен жаз алыстан,
Келді алыстан аңсатып армандатып,
Торды бұзған мен де бір мәзарыстан.
Хор: "Менің елім — Қазақстан!".
5-оқушы:
Өзіңдікі — Елің де,
Өзіңдікі — Жерің де,
Өзіңді өзің еткен бақ –
Тәуелсіздік төрінде!
6-оқушы:
Өзіңдікі — Туың да,
От пен ауа, суың да,
Жаса, Қазақстаным,
Белді бекем буын да!..
7-оқушы:
Көк аспандай тулардың,
Желбірейтін күні бұл,
Елім деген ұлдардың,
Елжірейтін күні бұл.
8-оқушы:
Әйнегі ~ күн, шатыры — аспан,
Кең дала төсі толқыған егін.
Көлдері көкке күмістер шашқан,
Қазақстан ~ Республикам менің!
Хор: "Елім менің".
Оқушылар:
Біз намыскер — Қазақ елі ұланымыз,
Қорғайтын жерді Отан қыранымыз.
"Талап, Еңбек, Терең ой, Қанағат қыл,
Рақым ет " деп Абай айтқан ұранымыз.
9-оқушы:
Қанатыңнан қайрылып,
Қыл арқаннан майрылып,
Қонақ, — Тәуелсіздіктен
Қала көрме айрылып.
10-оқушы:
Қалса да, қайда жерің, қайда көлің,
Қасқайып хақ жолынан таймап едің.
Айрылып күндіз — күлкі, түнде ұйқыдан
Күткенің осы еді ғой қайран елім.
Хор: "Желтоқсан желі".
11-оқушы:
Ер едің өліссең де беріспеген,
Ел едің еншісін де бөліспеген.
Зар мұңның әні бар ма сен айтпаған,
Тағдырдың зәрі бар ма сен ішпеген ?
12-оқушы:
Ұраның да жасасын!
Құраның да жасасын!
Қасиет кие дарыған,
Ұланың да жасасын!
Көрініс: Қайрат Рысқұлбековтың сағынышты да қайғылы мәңгі қоштасуы, ең
соңғы амандық-жамандық хаты.
Қош болыңдар! Қош бол, жарық, дүние! Бар бақытымды о дүниеден
табармын.
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар,
"Еркек тоқты құрбандық ",
Атам десең, атыңдар!
Жүргізуші: Он екі де бір гүлі ашылмай қыршын кеткен Асанқызы Ләззаттың,
Сыпатайұлы Ерболдың, Мұхамеджанқызы Сәбираның, Ноғайбайұлы Қайраттың
аңсаған армандары мен үміт-тілектері бұл күнде толық жүзеге асты. Қазақ елі
өзінің Тәуелсіздігін алды!
Қаймана қазақ қамы үшін,
Қарусыз шықтық алаңға.
Алыстан әскер алдырып,
Қырып салды-ау табанда,
Сөйлесем даусым жетпейтін,
Кез болдық мынау заманға.
"Шовинизм еді ғой, басты себеп жан-жалға " - деген қазақ қыздары мен
жігіттерін бір минут еске алайық.
Хор: "Қара бауыр қасқалдақ".
Қорытынды:
Тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы. Мақсаты: 1. Шәкірттерге білім бере отырып,
оларға туған топырағының сонау тереңде жатқан тарихын таныту;
2. Егемендіктің мәнін түсіндіру;
3.Бүгінгі тәуелсіздікке қалай қол жеткенін зерделеу;
4. Оларды Отаны үшін отқа түсетін ел жанды, ел Азаматы етіп тәрбиелеу
Қорытынды: Бабаларымыздың жүздеген жылдар бойы армандаған егемендігіне
желтоқсан оқиғасы арқылы қол жеткізгендігімізді,осы тәуелсіздікке жету
бойында талай боздақтарымыздың шейіт болғандығы сөз болды.
Міне көрдіңдер ме, балалар, тәуелсіздігіміз қаншама қиындықпен
келді. Ендігі үміт өздеріңде. Болашаққа сендер қалай қарасаңдар, солай
сендердің арман мұраттарың да орындалады.
Әрқашан өстіп көк байрағымыз желбіреп, бейбіт өмір сүрейік. Жер бетінде
тыныштық орнасын.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz