Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Оқушыларды бағалау

Сабақтың тақырыбы: Ы.Алтынсарин. «Баланың айласы»
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Қазақтың көрнекі ақын, жазушысы Ы.Алтынсариннің өмірі мен
шығармашылығы туралы тереңірек танысып, әңгімені тақырыбы мен
жазушының идеялық мұратын мәтінге сүйене отырып ашу және
шығармасындағы негізгі ойды таба білуге үйрету.
2. Дамытушылығы: оқушыларға бағыт-бағдар бере отырып, өздіктерінен жұмыс
істеуге, шығармашылық жұмыста шапшаңдық танытуға, өздігінен қорытынды
шығаруға машықтандыру, таным белсенділіктерін дамыту.
3. Тәрбиелігі: әңгіме арқылы жамандықтан аулақ, жақсылыққа жақын болуға,
адамгершілікке тәрбиелеу.
Түрлі: аралас сабақ
Типі: сын тұрғысынан ойлау, дамыту технологиясы, ассоциация әдісі.
Әдісі: ой қозғау, бес жолды өлең құрастыру, Венн диаграммасы, әңгімелеу,
сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: Ы.Алтынсарин портреті, мәтінге байланысты плакатқа салынған
сюжетті сурет, сабаққа қатысты сызба-нұсқалар, үлестірмелі парақшалар,
проектр.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, қазақ тілі.
Сабақтың жоспары:
1. Психологиялық дайындық.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
3. Жаңа сабақ.
4. Ой қозғау.
- мәтінмен жұмыс;
- сөздікпен жұмыс; /түртіп алу жүйесі, INSERT/
- оқулықпен жұмыс;
- дәптермен жұмыс;
5. Ой толғаныс
- Венн диапграммасы;
- Бес жолды өлең жазу;
6. Сабақты қорытындылау.
7. Үй тапсырмасы.
8. Оқушыларды бағалау.
Сабақтың барысы:
1. Психологиялық дайындық. Оқушылардың назарларын сабаққа аудару.
Оқушыларға 6 жолды тақпақ айтқызу.
Кел, балалар, ойнайық,
Ойнайық та, ойлайық.
Қандай сұрақ болса да
Таппай оны қоймайық
Алға қарай самғайық,
Екілікті алмайық.
2. Үй тапсырмасын сұрау:
- Балалар, үйге қандай тапсырма берілді?
- Әңгімеге байланысты суреттер салып келу мен мақал-мәтелдер жинастыру.
- Б.Соқпақбаев кім, оның қандай әңгімесін оқыдық?
- Қарт Мәуленге неге риза болып, не үшін рахмет айтты?
3. Ой ашар:
Жаңа сабақ топтық талдау арқылы меңгеріледі.
4. Топтастыру стратегиясы
- Балалар, Ы.Алтынсарин кім және ол қай жерде, қай жылы дүниеге келген?
- Қандай шығармалар мен өлеңдерін білесіңдер?
- Қандай оқулық жазды?

Ақын

1841-1889ж.ж.
Жазушы

Ұстаз
Кел, балалар, оқылық!

Қостанай облысында «Қазақ
хрестоматиясы» оқулығын
дүниеге келген жазды
«Өнер, білім
бар жұрттар»

- Олай болса, оқулықтарыңның 161-бетін ашыңдар, Ы.Алтынсарин «Баланың
айласы» атты әңгімесін өтеміз.
4. Ой қозғау:
Мәтінді оқымас бұрын, оқушылардың жалпы (айла» туралы ойларын біліп алу
қажет.
- Айла деген сөзді қалай түсінесіңдер?
а) Мәтінмен жұмыс. Мәтінді мәнерлеп оқу, мәтіннің мазмұнымен оқушыларды
плкаттағы суреттер арқылы таныстыру.
ә) Сөздікпен жұмыс. Түртіп алу жүйесі.
Төре (төрелік) – шешім /барлық мәселені шешетін: ақсақал немесе ақылды
ер-азаматты айтамыз /әкім/.
Әйдік – үлкен
Ғалым – білімді, жаңалық ашқан адам.
б) Оқулықпен жұмыс. Оқушыларға мәтінді мәнерлеп оқыту.
в) Дәптермен жұмыс. 3 қатар жоспар бойынша дәптерге мәтінді көшіріп,
өздерінің түсінгендерін баяндайды.
1-қатар. Ғалым мен жыланның түйеге жолығуы.
2-қатар. Жеміс ағашына жолығуы.
3-қатар. Итке жолығуы.
5. Ой толғаныс.
- Венн диаграммасы арқылы көрсету. Осы төмендегі диаграмма арқылы
оқушылар мінездеме береді.

Айырмашылығы

Ортақ қасиет

- Бес жолды өлең стратегиясы.
1) Кім?
2) Қандай?
3) Не істеді?
4) Кім үшін?
5) Жалпы ойды түйіндейді.

6. Сабақты қорытындылау.
- Оқушыларға үлестірмелі парақшалар таратып беру.
- Сұрақ-жауап арқылы сабақты қорытындылау.

7. Үйге тапсырма беру. Әңгіме оқып, мазмұнын айтуға дайындалып келу,
өзіңе ұнаған көріністің суретін салу.

8. Оқушыларды біліміне қарай бағалау.

Сабақтың тақырыбы: «Бай баласы мен жарлы баласын» оқыту
Сабақтың мақсаты:
а) тәрбиелік: оқушыларды Ы.Алтынсарин әңгімелерінен еңбектің пайдасын,
жалқаулықтың залалын түсініп, жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге
тәрбиелеу.
ә) танымдық: тәрбиелік мәні бар әңгімені мәнерлеп, түсініп оқуға,
талдауға, жоспар құруға, композициясы мен сюжетін табуға, алгоритмге сала
білуге, мінездеме беруге үйрету.
б) дамытушылық: салыстырма мінездеме бере отырып, мазмұндама, әңгіме
жазуға дағдыландыру.
Оқушылардың алдарына қойылатын міндет Ы.Алтынсариннің еңбек тақырыбына
арналған шығармаларын салыстыра оқу.
Әдіс-тәсіл: талдау, мәнерлеп оқу.
Көрнекілік: Ы.Алтынсариннің портреті, шығарма бойынша оқушылар салған
суреттер, сабақтың модулі, таңдамалы шығармалары, газет-журнал материалдары
жинақталған папка, көрме.
Пайдаланылған сабақтың түрі: проблемалық оқыту
Стандарт бойынша берілетін талап: тіл дамыту, таза, сауатты сөйлеу,
кейіпкерлерге салыстырмалы мінездеме беру, өз пайымдаулары, шығарма
кейіпкерлері бойынша мазмұндама, әңгіме жазу, әдебиет теориясын меңгеру.
Мектептің биылғы оқу жылындағы проблемасы: мұғалімнің кәсіптік
шеберлігін арттыру жеке тұлғаны тәрбиелеудің негізгі жолы.
Менің алдыма қойған мәселем: оқушылардың жеке басын зерттей отырып
тәрбиелеу және оқыту.
Осы мақсатта сыныпты оқу жылының басында білім деңгейлерінің
ерекшеліктеріне қарай 3 топқа бөлгенмін. Олар: І топ – озаттар, ІІ топ –
ізбасарлар, ІІІ топ – екпінділер.
І. Сабақтың барысы. Ұйымдастыру кезеңі. Ғ.Қайырбековтың «Дала қоңырауы»
поэмасынан үзінді жатқа оқып, оқушылардың назарларын біріншіден, сабаққа
аударып, екіншіден, оқушылардың өнерге, әдебиетке деген сүйіспеншілігін
арттырып, үшіншіден, жаңа сабақтың кім туралы өтетінін хабарлауды мақсат
еттім. «Кел, балалар, оқылық!» деген шумақты оқушылар хормен айтып, онан
соң көрме туралы түсінік беріліп, Ы.Алтынсарин туралы бастауыш сыныптарда
алған білімдері еске түсірілді.
ІІ. Сабақтың негізгі бөлімі. І. Мәнерлеп оқу сәті. Мұнда әр топтан бір
оқушы Ы.Алтынсарин туралы төмендегі өз ойларын айтты.
Ой шамына от берген Ыбырай атамыз.
Халыққа қадірлі ұстаз, әліппенің атасы – Ыбырай ата.
Даладағы қоңырау үні Ыбырай Алтынсаринге арналды.
Жаңа сабақ бойынша мәтінді оқушыларға алдын ала оқуға беремін. Олар
мазмұн желісін біледі. Сондықтан сабақ бойынша 9 тапсырма беріліп, жұмыс
істеледі. Тапсырмалар сөздік жұмысы, мақал-мәтелдер де тақтада жазулы.
1-тапсырма. Мазмұн желісін қысқаша айту.
2-тапсырма. Жоспар құру.
а) Екі баланың жұртта қалуы.
ә) Балалардың далаға түнеуі.
б) Олардың ата-аналарымен табысуы.
3-тапсырма. Мәнерлеп оқу. Мұнда мәтіннен бір абзацты оқиды, неше
абзацтан тұратынын ауызша айтады.
4-тапсырма. Әңгіменің мазмұн желісін еске түсіре отырып, проблемалық
ситуация тудыру сұрақтарын беру.
Әңгімеден кейіпкерлерден басқа нендей суреттер байқадыңдар?
Оқушылар: «табиғат, ауыл, мола, су, екі баланың іс-әрекеттері» - дейді.
Бұл композицияға барар жол. Осы жерде балалар композиция туралы түсінік
береді.
- Әңгіме қалай басталып, қалай аяқталады? Оқушылар жауап берген соң,
«оны әдебиет теориясында не деуші едік?» - деген сұрау қойылады.
- Оқушылар оқиғаның басталуы, байланысы, дамуы, шиеленіс, шарықтау шегі,
шешімін табады.
Басталуы. Асан мен Үсеннің ойнап жүріп жұртта қалуы.
Байланыс. Асанның жылауы, Үсеннің жағдайды ойлап толғануы, екеуінің
көшті іздеуі.
Дамуы. Асан – дәрменсіз, Үсен - өмірге икемді.
Шиеленіс. Екеуінің далаға түнеуі, қиындықты жеңуі.
Шарықтау шегі. Балалардың ауыл үстінен түсуі.
Шешімі. Олардың ата-аналарымен табысуы, қуанышқа бөлінуі. Бұл мәтінмен
жұмыс алгоритмі.
5-тапсырма. Әңгімедегі басты кейіпкерлерге мінездеме беру.
Асан Үсен
бай баласы жарлы баласы
шыдамсыз сабырлы
дәрменсіз парасатты
қамсыз көреген
жалқау еңбекқор
Оқушылар осындай мінездеме бере отырып, әр сөзге түсінік берді, ауызша
талдап, мәтінмен байланыстырды.
6-тапсырма. Мәтіннен мағынасы терең, нақыл сөздерді табу. Оқушылар
тауып, оқып берді. Үйрек-қаз – адал құстар, мұқтаждықта құдай тағала
бұларды адамға ұстап алып, тамақ етуге бұйырды, бірақ тірілей байлап-матап
әуре ету обал. Далада жүріп аддасаң, молалы жерде су болады, сулы жерде ел
болады.
7-тапсырма. Шығарманың тақырыбы мен идеясын ашу.
Тақырыбы – адамгершілік, идеясы – жақсыдан үйрену, жаманнан жирену.
8-тапсырма. Мақал-мәтелдің мәнін ашу, өздері мақал-мәтел айту.
1. Тақтада жазулы тұрған мақал-мәтелдерді оқып, түсіндіріп, мәтінмен
байланыстырады, кімге қатысты айтылғанын айтады. Оқушылар: «Әке көрген оқ
жонар», «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен», «Жақсыдан шарапат, Жаманнан
кесапат» деген мақалдарды айтып, түсіндірді.
9-тапсырма. Сабақты қорыту.
- Шығарманың айтар өсиеті не?
- Адамды өсіретін, ақыл-ойын жетілдіретін, адамгершілік қасиетін
сақтауға, қиындықты жеңуге жетелейтін, тәрбиелейтін не?
Оқушылар: мен, көрегендігімен ұнады, ал Асан жалқау, жылауық, еш
нәрсенің пақырын түсінбейді. Автор бізге осы екеуінің қайсысынан үлгі алып,
қайсысынан жирену керектігін айтқысы келген деді. Кей оқушы Асанды жақтап,
аяп, ол кінәлі де емес, байдың баласы емес пе деп пікірлерін ортаға салды.
Үйге: І-топ - әңгіме, ІІ топ – мазмұндама, ІІІ топ – мінездеме, жазып
келу тапсырырылды.

-----------------------
Ыбырай Алтынсарин

Жақсылық

Жамандық

Ұқсас жұмыстар
Оқушыларға интернет туралы ағылшын тілінде айтуға үйрету
Пернелер тобы
Вирусқа қарсы программалар
Компьютерде ақпаратты ұсыну тәсілдері
Компьютердің құрамына кіретін негізгі құрылғылар
Қазір ғарышты қалай зерттейді
Топтарға тапсырма ұсыну
Демалыс үшін не қажет
Оқушыларды бақылау
Менің үйім
Пәндер