Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Информатиканың негізгі түсініктері
Сабақтың тақырыбы: «Информатиканың негізгі түсініктері».
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға информатиканың негізгі түсініктері туралы
мағлұмат беру. Информатиканың негізгі түсініктеріне нелер жатады және
оларды пысықтай отырып, оқушыларға ақпараттық процестер, ақпаратты беру,
ақпаратты сақтау, ақпараттарды өңдеу
ақпараттық технологиялар түсініктерін қалыптастыру.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Өткен сабақты пысықтау
Сәлеметсіздер ме! Оқушылар сіздер өткен сабақта информатика
кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін өттіңіздер. Сол ережелерді қайталап
кетейік.
Енді бүгінгі жаңа тақырып «Информатиканың негізгі түсініктері».
Информатика ғылым ретінде XX ғасырдың ортасында пайда болды.
"Информатика" термині 60-жылдардың ортасында деректерді өңдеу процесін
автоматтандыру туралы ғылым ретінде "Информация" және "Автоматика"
сөздерінен пайда болды. Сондықтан оны көздеген мақсатқа компьютердің
көмегімен қол жеткізу үшін қолданады.
Кез келген пән сияқты информатика да ақпараттарды оқып-білудің жалпы
пәні ретінде біріктірілетін әр түрлі пәндер жиынтығын ұсынады. Оған
жататындар:
— ақпараттар теориясы;
— кибернетика;
— жасанды интеллект;
— программалау;
— ақпараттарды қорғау және т.б.
Адамдар әрқашан өз еңбегін жеңілдетуге тырысты. Ол үшін олар әр түрлі
механизмдер мен машиналар ойлап тапты. Бұл құралдар ой еңбегін емес дене
еңбегін жеңілдетті. Қазіргі уақытта дене еңбегімен қатар ой еңбегімен
айналысатындардың саны күрт артуда. Адам өзіне көмекші құрал ретінде
ақпараттармен жұмыс істей алатын сақтау, өңдеу, жылдам іздеу және алмастыру
жүргізетін компьютерді ойлап тапты.
Информатиканың негізгі түсінігі ақпарат болып табылады. Ақпарат
терминінің көптеген анықтамасы бар. Ақпарат адамдар мен автоматтар
арасындағы мәліметтер, өсімдіктер және хайуанаттар әлемінде сигналдар
алмасуды, бір денеден екінші денеге белгілер беруді қамтиды.
Информатика ақпараттық процестер, технологиялар және ресурстар
түсініктерін байланыстырады.
Ақпараттық процестер деп адамдардың арасындағы қарым-қатынас кезінде
техникалық құрылғыларда және қоғамдық өмірде ақпараттарды беру, жинақтау
жөне өңдеу процестерін айтады.
Ақпаратты беру. Ақпарат, негізінен, пайдаланушыға сигнал арқылы
беріледі. Ақпараттың нақты немесе жорамал бейнесін алу ақпаратты беру деп
аталады.
Ақпаратты сақтау. Ақпаратты сақтаудың әр түрлі тәсілдері бар. Мысалы,
ежелгі заманда ақпаратты үңгірлердің қабырғасында, папируста сақтаса,
типографиялық қондырғыны ойлап тапқаннан кейін кітаптарда сақталатын болды.
Қазіргі кезде ақпаратты әр түрлі электрондық тасымалдаушыларда сақтауға
болады.
Информатикада ақпараттарды өңдеу деп ақпараттарды бір түрден екінші
түрге қатаң ережелер арқылы кез келген түрлендіруді айтады.
Нақты бір техникалық құралдарды қолдану арқылы (бәрінен бұрын ЭЕМ-ді)
ақпараттарды жинақтау, өңдеу және беру технологиясы ақпараттық
технологиялар атауын алды.
Қоғамның дамуында информатиканың алатын орны орасан зор. Ақпараттарды
өңдеуге арналған әмбебап машиналардың пайда болуы ақпараттық технологиялар
саласындағы революцияны білдіреді.
Бақылау сұрақтары
1. Информатика дегеніміз не?
2. Информатика нені окытады?
3. Ақпарат сөзін калай түсінесіз?
4. Ақпараттық процесс дегеніміз не?

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz