Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Қазақ тілінің сөз байлығы

Қазақ тілінің сөз байлығы
Сабықтың мақсаты: білімділік – қазақ тілінің сөз байлығы жағынан өзге
тілдерден озықтығын оқушы санасына дәлелді түрде ұғындыру, оқушыларға
оралымды тілге қойылар талаптарды, сөз мағынасының қыр-сарын, сөздердің
ойға қосар реңктерін мекгерту, аталмыш коммуникациялық сапаның шынайы
құбылыс екендігінен оқушы көзін жеткізу;
тәрбиелік – оқушыларға ұлтжандық рух беру, ізгілік пен ізденімпаздыққа
тәрбиелеу;
дамытушылық – оқушылардың шығармашылық ізденістерін арттыруға ықпал
жасау, сөйлеу мәденеитін қалыптастыру, ой ұшқырлығына баулу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі.
Сабақтың әдісі: аралас
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта, слайдтар.
Сабақтың жабдықталуы: 1) қазақ тілі. Х сынып (электрондық оқулық);
2) Н. Уәли, Ө. Қыдырбаев «Қазақ тілі: сөз мәдениеті». А., «Мектеп»,
2006.
3) «Абай» энциклопедиясы. А., «Атамұра», 1995;
4) Ж..Исаева. «Қазақ тілі» (әдістемелік нұсқау). А., «Мектеп», 2006;
5) Л.Байдулова, Қ.Булатова, Ж.Қарағойшин.«Батыс Қазақстан облысының
жануарлар дүниесі».
Сабақтың барысы.
Кіріспе: оқушыларды түгендеу, сабақты бастауға боларлықтай
алғышарттарды қалыптастыру.
Үй тапсырмасын сұрау: «Сөз сапасы» тарауын қорыту.
Тест әдісі арқылы тексеріледі.
Тест тапсырмасы
І нұсқа
1) Сөз сапасы қандай шартқа тәуелді?
а/ стильге ә/ тілдік шартқа б/ кітаби
тілге
2) Экстралингвистикалық шарт терминінің мағынасы.
а/ тілдік шарт ә/ тілдік емес шарт б/ тілдік жүйе
3) Сөздің коммуникативтік сапасы немен байланысты?
а/ ойлау мәдениетімен ә/жаңа қолданыстармен б/ стильдік бедермен
4)Сөздің коммуникативті сапасын көрсететін белгі.
а/ сөз дұрыстығы ә/ айырым белгісі б/ стиль тармағы
5) Сөз әдебі сөздің қандай сапасын көрсетеді?
а/ фразеологизмді ә/ комуникативті б/ идиомды
6)Сөз дұрыстығы ұғымы нені білдіреді?
а/ сөйлемді тілдегі мағынасына сай қолдану
ә/ аз сөзбен көп мағынаны жеткізу
б/ сөзді тілдегі мағынасына лайық қолдану
7) Қазақ әдеби тілінің байып отыратын негізгі арналарының бірі
а/ дисфемиздер ә/ жалпыхалықтық тіл б/ сөз мәдениеті
8) «Калька» ұғымы.
а/ жөнсіз көшірме ә/ тұтастық б/ диалект
9) Бейәдеби элемент
а/ диалектизмдер ә/ модаль сөздер б/ «калькалық»
11) Сөз дәлдігі лингвистикалық термині қай әдеби тіл стиліне қажетті
сапа?
а/ көркем әдебиет стиліне ә/ публицистикалық стильге
б/ әдеби тіл стильдерінің бәріне
бірдей.
Тест тапсырмасы
ІІ нұсқа
1) Сөз сапасына тән тілдік шарт.
а/ кітаби тілдің айырым белгілері ә/ төте жазу б/ сөз бедерін
тауып жұмсау
2) Сөз сапасына теріс әсер ететін қолданыс.
а/ тіл қасаңдығы ә/ көркем сөз бедері б/ сөйлеу тілі
3) Сөз сапасын ғылыми негізде объективті бағалауды қарастыратын пән
а/ шешендік өнер ә/ қазақ әдебиеті б/ сөз мәдениті
4. Әдеби тілдің игілігіне айналған диалект сөх.
а/ түбек ә/ саулық б/ егемен
5. Бейәдеби элементтер неше қызмет түрін атқарады?
а/ 1 ә/ 2 б/ 3
6. Бейәдеби элементтердің эстетикалық қызметі.
а/ персонаждардың мәдени деңгейін көрсету
ә/ ойды хабарлау б/ сезімді білдіру
7. «Қыса жазуға увақытым болмағандықтан, хатты ұзыннан – ұзақ жазуға
мәжбүр болып отырмын». Сөздің қандай коммуникативті сапасына қатысты
ой?
а/ сөздің дұрыстығы ә/ сөздің дәлдігі б/ сөздің қысқалығы мен

нұсқалығы
8. Сөзді тілдегі мағынасына лайық қолдану сөздің қандай коммуникативті
сапасына қойылатын талап?
а/ сөздің дұрыстығы ә/ сөздің дәлдігі б/ сөздің қысқалығы
мен нұсқалығы
9. Бір түбірден тарап, дербес мағынаға ие болар сөздер қалай аталады?
а/ паронимдер ә/ варваризмдер б/ эвфемиздер
10. Мағыналас сөздерді, лоардың деректі, дерексіз ұғымды білдіретін
түрлерін талғап, таңдай білу сөздің қандай коммуникативті сапасына
қажетті алғышарт?
а/ сөздің дұрыстығы ә/ сөздің дәлдігі

б/ сөздің қысқалығы мен нұсқалығы
11. Сөз дәлдігі лингвистикалық термині қай әдеби тіл стиліне қажетті
сапа?
а/ көркем әдебиет стиліне ә/ публистикалық стильге
б/ әдеби тіл стильдерінің бәріне бірдей

Тест жауаптары
І – нұсқа ІІ –
нұсқа
1.ә
1.б
2.ә
2.а
3.а
3.б
4.а
4.б
5.ә
5.ә
6.а
6.а
7.ә
7.б
8.а
8.ә
9.а
9.а
10.ә
10.ә
11.б
11.б

Жаңа сабақ слайдтар арқылы түсіндіріледі.
1- слайд. Сабақтыңжоспары
1. Сөйлеу барысындағы орынсыз қайталаулар турасында
2. Сөз байлығы және көркем әдебиет
3. Қандай тіл бай тілге саналады?
4. «Сөз байлығы» сапасының стильдік тармақтардағы көрінісі
5. Сөз байлығы кімге қажет?
6. Тілдегі сөздер аспандағы жұлдыздар сияқты
7. «Сөз байлығы» және сөздіктер
Жаңа тақырыпты түсіндіру барысында оқушылармен ауызша талқыланатын
сұрақтар
1. «Сөз байлығы» дегенді қалай түсінеміз?
2. «Сөз байлығын » кімдерден үйренеміз?
3. «Сөз байлығы » қай стильге қатысты деп ойлайсыңдар?
4. «Сөз байлығы» кімге керек?
5. Қазақ тілінде қанша сөз бар?
6. Тілдегі сөздер мен аспандағы жұлдыздар арасында қандай
ұқсастықтар бар?
7. Тілдегі сөздерді түгел қамтитын қандай сөздіктер бар?
2. -слайд. М. Әуезовтың «Абай жолы» роман – эпопеясында 3000 түр – түс
атауы қолданылған, оның 700-і – ақ түстің баламалары. Бұдан басқа
романда 756 елді мекен аты, 216 шөп аты, 50 ер- тұрман атауы
пайдаланылған. Эпопея 500- ден астам кейіпкерден, 1148 беттен, 28
тараудан, әр тарау 180 беттен тұрады. Бұл дегеніміз – 170 беттік 7
кітаптың көлеміне татиды деген сөз.
3. – слайд. Хамза Есенжанов романдарында 6 бөлім, 50 тарау, 182 эпизод,
312 кейіпкер, 150 елді мекен атауы, 50 – ден астам шөп атауы, 20 –
дан астам балық түрі бар.
4. – слайд. Әбдіжәмел Нұрпейісовтың «Қан мен терінде» «теңіз бетіндегі
толқын» ұғымының 40- тан астам баламасы бар. Мысалы: ереуіл
толқындар, ирек толқындар, көк толқындар, жал – жал толқындар т. б.
5. – слайд. Қазақ тілінде « жылқы» сөзінің 80 түрлі синонимі бар.
6. - слайд. Абай шығармалары мәтінінің 50 пайызын ең жиі кездесетін
158 сөз құрайды, ал бұл ақынның барлық қолданған 6293 сөзінің 2,5
пайызы болып табылады.
Пысықтау жаттығулары
Оқулықпен жұмыс. 1. 114 – тапсырма. (Жеке сөз арқылы жасалған шақ
атауларын теріп жазу: таң, сәске, бесін, екінді, іңір, ымырт, ақшам,
намаздыгер, намазшам, ақсам).
Көнелеген мезгілдік мағынаны білдіретін атаулар: таң сімірі, ереуіл
таң, көгала таң, сәске махал, ұлы сәске, қан сәске, сиыр түсі, түс қынды,
түс қиды, түс қия, ұлы бесін, айна бесін, қожа бесін, кіші бесін,
намаздыгер, дігер намаз шағы, қызыл іңір (қоңыр түс), намазшам, ымырт
жабылды,шам жамырады, сам батты, ақсам батты.
2. 115 – тапсырма. Тест сұрақтарын шешіп, ауыспалы мағынада тұрған
сөздерге мағыналық түсініктеме беру:
1) ашық мінез – ақжарқан, аңқылдақ (адам)
2) төбесіне ат ойнатты – баса – кһктеді, күш көрсетті, ойраңдады
3) айтаққа еліртіп – біреуді біреуге айдап салу, арандату
4) ана кісі – сонау, ана бір
5) өсектің ұясы –
6) үлбіреп тозған –
7) дәрежесі – үкімет тарапынан берілетін атақ, шен, қызмет.
3. 113 – тапсырма. ІІ бөлім : «Асыл тастар» (Кісі есімдерінде
кездеспейтін асыл тас атаулары:замартас, шешім тас, кәрібтас, мәрмәр, утас,
табас, ақтас).
* Асыл тас атауларының неліктен жалқы атаулық қызмет атқарып тұрғанына
тоқталу (ауызша).
* Асыл тас атаулары кездесетін өлең – жырлардан мысалдар келтіру.
мысалы: Қыз Назым шықты бұраңдап,
Он сегіз толған жасына
Кәмшат бөрік келісіп,
Бриллиант қойда басына. («Қамбар батыр » жырынан).
Бұлқисын тұрмай балдырған,
Бұл торға қалай болдың кез?
Құйғандай бейне таң нұрдан
Ақ жақұт мойын, мөлдір көз. (Зейнолла Шүкіров).
... Жеңіл буымен құттықтап күн тіл қатып,
Бас изеді тау жүзін сүртіп жатып.
Гүлден көйлек, шыршадан камзол киді,
Сансыз меруерт маржанын жылтылдатып.(Оразақын Асқар).

4. 112 – тапсырма.
* «Жыртқыш » ұғымына тоқталу: жан – жануар етімен қоректенетін аңдар.
* Жыртқыш аң атаулары: қарсақ, күзен, қарасақал, қолтырауын, құну, мәлін,
сусар, сілеусін.
* Жыртқыш аң атауларының тізімін Батыс Қазақстан облысында, яғни өз
облысымызда кездесетін жыртқыштар атымен толықтыру: қасқыр, түлкі, ақкіс,
ақ қалақ, сасық күзен, европа қара күзені, шұбар күзен, орман сусары,
борсық, кәмшат, шұар мысық немесе дала мысығы.
5. Қосымша тапсырма
мысқал
пышақ сырты
кесе
қырқары
қадақ
кез
аршын
он сері
тостақ
батпан

Қазақша өлшем бірліктер: 1) мысқал – 25 грамм; 2) қадақ – 200 грамм; 3)
кесе – 250 грамм; 4) тостақ – 300 грамм; 5Ққырқары – 2,5 кг; 6) он сері – 5
кг; 7) батпан – 176 кг; 8)аршын – 71 см; 9 ) кез – 100 см; 10) пышақ сырты
– 2мм;
6. Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті (С.Мұханов. «Есіл бойында». «Өмір
мектебі» романынан үзінді ).
Тоғай да бұл кезде кемеліне келіп толықсып тұрады. Дәудей дөңкиген кәрі
..., күміс қабықты ... ,қалайы қабықты ... ,мыс қабықты... , теңселген ...
, ши борбай ... , шымшымпаз ... , кірпі түкті ... мен ... , торы ...
аралас өскен тоғай теп – тегіс жасыл желек киіп, жапырақтары желбіреп
өзінен - өзі сыңғырлап күй тартқандай боп тұрады.
Қажетті сөздер: үйеңкісі, шілгі, тобылғысы, мойылы, қайыңы, тікені,
терегі, доланасы, талы, шеңгелі.
Есіл өлкесінің көркемдігі көзіңді сонша қызықтырса, сонша хош иісі
мұрныңды қыттықтаса, құлағыңды қыттықтайтын тамаша хорын қайтерсің! .... Ол
хорға сұңқылдап ..., қаңқылдап ..., шаңқылдап ... , шырылдап ... дегендей
жан – жануарлардың бәрі қосылады.
Қажетті сөздер: сауысқан, үйрек, бұлбұл, қызғыш, қарға, қаз, шегіртке,
аққу, шағала.
7.Үйге: 113 – тапсырма (І бөлім). Сырға атауларын көшіріп жазып, әр атаудың
тұсына анықтамасын жазу. Мысалы: 1. Айбалта сырға дегеніміз сырғаның
қандай түрі? 2. Ай сырға дегеніміз не?
8. Бекіту сұрақтары
1. Ойды мазмұнды жеткізуге қандай нәрселер кедергі болады?
2. Халық сөз байлығын, сөз мағынасының қыр – сырын білуді ең алдымен
кімдерден үйренді?
3. «Сөз байлығы» деген ұғымды тіл білімнің қандай жүйелері құрайды?
4. Сөз байлығы көбіне жазба тіл стилінің қайсысынан нақты байқалады деп
ойлайсыз?
5. Ресми сөз және іс қағаздарында қандай тілдік белгілер басым болады?
9. Оқушыларды бағалау.
10. Сабақты қорыту.

-----------------------
Халықтық салмақ өлшемдері

Ұқсас жұмыстар
Сіздермен Мұқағали Мақатаевтың шығармаларындағы сөз байлығын қарастырып шықтық
Анамның тілі - алтыным менің
Сөз байлығы 10 сынып
Тіл - ұлттың жаны
Тілдік норманың анықтамасы
Болымды етістіктерді болымсыз етістіктерге айналдыр
ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНДЕГІ СИНОНИМДЕР
Тіл мәдениеті. арнайы курс. 7 сынып
Тіл құнарлы ырғақты дамыған қарапайым сөйлеу тілі жергілікті сөйлеу тілі әдеби тіл
Қазақ - тілі өте бай тіл
Пәндер