Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Бауырсақпен қоштасу

Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министрлігі
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты

Педагогика және филология факультеті
Педагогика және психология кафедрасы

Тақырыбы: «Нан – дастарханның байлығы»
Орындаған: М-21 тобының студенті
Каримов Е.К.
Тексерген: Бижанова Ғ.Қ.

Арқалық-2009 ж.
Нан – дастархан байлығы

Мақсаты: Тәрбиелік: Бауырсақ кейіпкеріне көмек беру нәтижесінде
ұйымшылдықты, нанға байланысты мақал-мәтелдер, өлеңдер тақпақтар мен
жаңылтпаш айту арқылы балалардың тілге деген икемін тәрбиелеу. Балаларға
наннан жасалатын ұлттық тағамдарды таныстыру арқылы қаазқтың ұлттық салт-
дәстүріне тәрбиеленеді.
Білімділік: сабақ барысында балалар дән тұқымдарының түрлерімен, машина
атауларымен танысып біледі. Диірмен, арық, т.б. сөздермен танысады.
Дамытушылық: балалар Бауырсақ кейіпкеріне көмектесу арқылы ұжымдық
жұмысқа дағдыланады, нан жайлы терең мағлұмат алып рухани байлығын
дамытады, сұраққа жауап беру арқылы баланың ұшқырлығы мен ойлау қабілеті
тез дамиды. Берілген мақал-мәтелдермен бала лексикасының қорын одан әрі
молайту көзделді.
Көрнекіліктер: «Ас атасы – нан», «Бидай, ұн, нан», «комбайн, ұн
жасайтын зауыт, нан пісіретін зауыт, дүкен», «кітап көрмесі» плакаттары,
домалақ бауырсақтар, қасқыр, піл, қоян, аю ойыншықтары, «сиқырлы сандықша»,
нан тағамдары, шарлар.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
А) Балаларға тақырыпты оқытқызып танымтыру.
ә) Мұғалімді таныстыру
ІІ. Негізгі бөлім. «Бауырсақ» ертегісіне саяхат
ІІІ. Қорытынды бөлім.
А) Бауырсақпен қоштасу
ә) Балалар пікірін сараптау.

Барысы.

Мұғалім: сәлеметсіздер ме, балалар, отырыңыздар!
Сонымен балалар, тақтаның бас жағына назар аударыңдаршы, онда не деп
жазылып тұр, кәне барлығымыз бір дауыспен оқиықшы! (Балалар тақтада ілінген
тәрбие сағатының тақырыбын дауыстап оқиды).

Балалар: ас атасы – нан.
Мұғалім: дұрыс, бүгінгі өтілетін тақырып осы, ал нан туралы сіздерге
толық түсіну үшін бізге қонаққа ертегіден Бауырсақтың өзі көмек сұрауға
келді. Кәне, балалар, міне Бауырсақ та келіп қалды.
Осы кезде перденің артынан бауырсақ кейіпкер шығып сөйлейді.
Бауырсақ: Сәлеметсіздер ме, балалар? Сендер мені таныған шығарсыңдар
деп ойлаймын.
Балалар: Иә, біз сізді таныдық, сіз Бауырсақсыз!
Бауырсақ: Дұрыс айтасыңдар. Өздерің білетіндей мен апам мен атамнан
қашып жүрмін. (Осы кезде қоян кенеттен)
Қоян: Жәрәйді, онда сен маған және мына отырған балаларға осы нанды
қайда өсіреді, пайдаланатын құралдары туралы айтып түсіндірші. Сонда ғана
мен сені жимеймін.

Бауырсақ: Жарайды,. Менің «Сиқырлы сандықшам» бар, сонда бәрі де бар.
Мұғалім: Балалар, нан тұқымдары негізінен қай жерде өсіріледі? Қалай
ойлайсыңдар егің салғаннан кейін әрине оны суарып отыру керек.
Балалар: Суы жақын жерге отырғызылады.
Мұғалім: Дұрыс айтасың, отыра ғой, міне мынау саған бір бауырсақ.
Балалар, негізінен егінді суы мол жерге немесе суға жақын жерге егеді.
Сондықтан, балалар, егін суы мол Сыр өңірі, Жетісу, Есіл,
Ертіс, Жайық бойында егілген.
Мұғалім: Ал егер су болмаса онда қайда отырғызады?
Балалар: онда арық қазылады.
Мұғалім: Өте дұрыс жауап айттыңдар. Алыс жерден су тасымалдау
мақсатымен арықтар жүргізіліп салына бастайды.
Мұғалім: балалар, енді былай қарайық, қоянның қойған екінші
сұрағына жауап берсек, онда Бауырсақты жемеймін, ал егер
табылмаса, онда бауырсақ менің ас үйімдегі басты тағамым болады.
Енді екінші сұрақ: Нан, ұн , бидай. Осы үшеуін реттеп қойып
дұрыс жауабын көрсет. Сонан соң бидай тұқымынан ұнды қалай алуға
болатынын айтып бер.
Соңғы сұрақ: Осы бидай тұқымдарын өсіріп, баптауға арналған
қажетті құралдарды айтып көрсет.
Бауырсақ: балалар, менің «Сиқырлы сандықшамда » осы сұрақтарға
жауап табылады. Мұғалімдердің де білгені бар шығар.
Мұғалім: (тақтаға, «Бидай, ұн, нан» деген плакат іледі)
Ал, бабалар бірінші орынға нені қоямыз?
Балалар: Бидай, сонан соң бидайдан ұн аламыз, ұннан нанды
пісіріп аламыз.
Мұғалім: Міне, мына бауырсақ саған, дұрыс таптың.
Ал, екінші сұраққа кім жауап береді?
Балалар, «Сиқырлы сандықша » көмекке келді. (Осы кезде
«Сийқырлы сандықшадан» қағаз алынады) Бидайдан ұнды алу үшін бұрын
қол диірменін пайдаланған (Суреті көрсетіледі), ал қазір ұн
зауытында бидайдан ұн алады.
Балалар: Бидайдан ұнды алу үшін оны диірменнен өткізу керек.
Мұғалім: Дұрыс айтасың, міне саған бір бауырсақ.
Енді үшінші сұраққа жауап берейік. Қиын екені бірден байқалып
тұр. (Осы кезде «Сиқырлы сандықша» көмекке келеді) Жер жыртып егін
егуге қажет- соқа, омаш. Жыртылған жерді тегістеуге арналған -
тырма, күрек, кетпен. Егінді оруға арналған-орақ, шалғы.
Қоян: Балалар, сендер барлық сұраққа дұрыс жауап бердіңдер,
оларыңы рахмет. Мен енді бауырсақты жемеймін. (Кетіп қалады)
Аю: Бауырсақ, Бауырсақ, мен сені жейінші.
Байырсақ: Жоқ, аю, жемеші, мен тәтті емеспін.
Аю: (Иіскеп) О, қандай тәттісің!
Бауырсақ: Жемеші, айтқаныңнын бәрін де істеймін, отырған
балаларда көмектеседі.
Аю: Жарайды, осы сен маған бидайға ұқсас егіндік дақылдарды
атап берші!
Бауырсақ: Иә, балалар, маған көмектесесіңдер ғой!
Балалар: Иә, жегізбейміз, көмектесеміз.
Мұғалім: Балалар, «Сиқырлы сандықша» көмекке келді. Осы жалпы
«Сиқырлы сандықшаның» көмегінсіз бұл сұрақты оңай әрі тез шешеміз
ғой деп ойлаймын. Кәне, кім біледі, айта ғой!
Балалар: тары, арпа, күріш, жүгері, сұлы.
Мұғалім: Дұрыс айтасың, саған екі бауырсақ.
Аю: Ал балалар, сендер жұмбақтар, мақал – мәтелдер не болмаса
өтірік өлең, тізбек сөздер білесіңдер ме, айтыңдаршы. Кім айтады,
соған мұғалім бауырсақ береді.
Осы кезде беттегі тапсырма айтылады.
Аю: Ой, Бауырсақ, көмекшілерің сондай ақылды, менің сұрақтарыма
дұрыс қатесіз жауап берді. Мен сені жемеймін, бара бер.
Осы кезде қасқыр кездеседі.
Қасқыр: Бауырсақ, Бауырсақ мен сені жеймін, сен сондай
тәттісің, алыстан иісіңді сезіп қойдым, қашып құтыла алмайсың.
Бауырсақ: Жемеші мені, айтқаныңнын бәрін істеймін.
Қасқыр: істейсің бе?
Бауырсақ: Иә, бұлжытпай орындаймын.
Қасқыр: Жарайды, Сен маған мына сұраққа жауап берші. Осы
бұрын егінді орақпен, шалғымен орып жинайтын, ал қазір не
істейді. Қазір оны қалай өңдейді?
Балалар: Қазір комбайндармен орады, машиналармен жинайды.
Мұғалім: Дұрыс, балалар, мен сендерге түсіндірейін. Егінді
көктемде егіп, күзде оны комбайнмен орып, жинайды, сонан соң ол
машиналарға жүктеліп салынады, содан кейін ұн шығаратын зауытқа
апарады, содан соң ұнды нан пісіретін жерге апарады, онда ұннан
нан пісіріледі.
Осы кезде құрастырма ойын ойналады: комбайн- ұн жинайтын
зауыт- нан пісіретін зауыт- дүкен, суреттері салынады.
Мұғалім: Балалар, мен сендерге түсіндірдім, енді бірулерің келіп
бұрысын түзеп, дұрысын тауып көрсетіңдер.
Оқушы шығып бағытын дұрыс көрсетеді.
Мұғалім: Жарайсың, міне саған бір бауырсақ.
Бауырсақ: Қасқыр аға, мұғалім мен балалар шаршады ғой деймін,
кішкене демалса қалай болады.
Қасқыр: Мен қарсы емеспін, демалсын.
Бауырсақ: Менің «Сиқырлы сандықшамда» бір өзіме байланысты
сергіту сәті бар еді, соны істеп көрейікші.
Сергіту сәті.
Мұғалім: Жарайсыңдар, енді түп-түзу отыра қалайық.
Қасқыр: Ал, балалар, мен Бауырсақты жемеймін қорықпаңдар.
Қойған сұрағымның дұрыс жауабын таптыңдар. Мен кеттім.
Осы кезде түлкі келеді.
Түлкі: Бауырсақ, Бауырсақ , мен сені жеймін және мына отырған
балалармен мұғалімді жейін деп келдім.
Бауырсақ: Жемеші, біз дәмсізбіз!
Мұғалім: Түлкі, бізді жеп, жұтып әуреленіп қайтесің, оданша сабақ
бойы балалардың жинаған бауырсақтарын жесеңші.
Түлкі: Жоқ , олар қағаздан емес пе! Оданша ұннан жасалатын
нанның түрлерін айтып берсін балалар. Ал егер де көрсетпесе, мен
Бауырсақты жеймін.
Бауырсақ: Балалар, көмектесіңдерші, енді апам мен атамнан
қашпайтын боламын.
Мұғалім: Көмектесеміз бе, балалар?
Балалар: Ий.
Осы кезде «Сиқырлы сандықша» ашылады.
1-бала: Бауырсақ, ши бауырсақ, ақ бауырсақ, тұм бауырсақ, ашыған
бауырсақ, бармақ бауырсақ, жалпақ бауырсақ, жас бауырсақ, бұрма
бауырсақ.
2-бала: Дөңгелек, ләйлек, күлше, шелпек, май шелпек, қиықша,
бүкпе шелпек, күлшепай.
3-бала:Шиыршақ, құймақ, жайма құймақ, қабырған шелпек, су шелпек.
4-бала: Бөкпен, бүкпелер, тұшпара, бәліш, самса, май қаман.
Мұғалім: Дұрыс балалар, ал түлкі біз сенің сұрағыңа жауап
бердік.
Қандай мақал-мәтелдер айтып бере аласыңдар?
1-оқушы: Нан - тамақтың атасы,
Ынтымақ - көптің батасы.
2-оқушы: Қамбасында дәні жоқтың,
Дастарқанында нан жоқ.
3-оқушы: Тістем нанныңқадірін
Тарыққанда білерсің.
Анық достың қадірін
Зарыққанда білерсің.
4-оқушы: Қоныс көркі – там,
Дастарқан көркі - нан.
5-оқушы: қарны ашқанға
Қара нанда май татыр.
Шөлдегенге
Қара суда бал татыр.
Нанға құрмет- елге құрмет.
6-оқушы: Дастарқанға төгілген тамақ пен қиқымдарды теріп
жеген адамдардың күнәлары кешіріледі. («Мың бір хадистен»)
7-оқушы: дүниеде байлықтың түрі көп, Солардың ішіндегі ең
негізгісі- осы нан байлығы. (Ғ.Мұстафин).
8-оқушы: Нан болса - ойнап- күлеміз.
Нан болса - еркін жүреміз.
9-оқушы: Нан-қасиет.
Нан- береке.
Нан – мереке.
10-оқушы: Өтірік өлең.
Нан теріп өріктің,
Нағыз шортан қырда жүр.
11-оқушы: Тізбек сөздер.
Нан пісірем десем мен,
Нұрмаш, неге нанбайсың?
Нанбасаң сұра Нұрадан.
Нағашым Назар –Наубайшы.

Наркөз бота үнемі,
Нарға ілесіп жүреді.
Нағыз еңбек кепілі,
Нан – тіршілік тірегі.

Ұқсас жұмыстар
Әліппемен қоштасу тойымызға
Түлкі - түлкі сен бізідің осымызды жемеші
Бауырсақпен орманға саяхат
Он көлеміндегі сандардың құрамы
Жабайы аңдар жайлы ақпарат
Жаңа жыл мерекесі. Аяз ата
Балаларға жабайы аңдар жайында түсінік беру
Бауырсақ жаттығулары. Шымырбекпен бірге ертегі
Білім бастауы болған әліппені құрметтеуге тәрбиелеу
Ж.жабаев аттандыру
Пәндер