Сабақ жоспары :: Сценарилер
Файл қосу
Бастауышым балбұлағым жайлы ақпарат
№1 А.С. Пушкин атындағы гуманитарлы-экологиялық
гимназия мектебі
Ашық сабақ
Тақырыбы: БАСТАУЫШЫМ БАЛБҰЛАҒЫМ
Бастауыш сынып мұғалімі: Жубатова Тамара Менлиуловна
Шымкент
БАСТАУЫШЫМ БАЛБҰЛАҒЫМ
(Бастауыш сыныппен қоштасу кешінің, сценарийі)
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Қош келіпсіздер, құрметті ата-аналар, қымбатты әріптестер, қадірлі
қонақтар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн, оның
ерекшелігі сол – 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған
кіпкішкентай балғындар еді. Енді, міне, бойлары да, ойлары да өсіп,
бастауыш білім сатысынан орта буынға ұшқалы отыр.
Бесіктегі баланың, күлгенін көрген бірмұрат.
Алдына түсіп ананың, жүргенін көрген бір мұрат, -
дегендей, бұл да бір қуанышты күн.
Мұғалімнің сөзі: Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа
келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал
күлкілі балалық шақтан басталады. Міне бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне
өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып бір жылға тағыда есеигелі
отыр. Ендеше қызыцты да, ғаламат озгерістер сыилаған, білім нәрімен
сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата-
аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.
Мұғалімнің кіріспе сөзі: «Талаптарыңа нұр жаусын!» деп «Бастауышым
балбұлағым» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.
1-жүргізуші: Армысыздар, ұстаздармен оқушылар, ата-аналар мен ақ
жаулықты апалар!
2-жүргізуші: Бүгінгі «Бастауышым балбұлағым» ертеңгілігіне қош
келіпсіздер. Әр жанұяға береке, бірлік, табыс тілей отырып тойымызды
бастауға рұқсат етіңіздер.
1-жүргізуші: Армысыздар, мұғалімдер - әз жандар
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді
Би билеп, ән де бүгін шырқалар.
2-жүргізуші: Қош келдіңіздер ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар
Алдарыңда жауқазындай құлпырған
Біз алаңсыз балғын шақты балдырған.
1-жүргізуші: Біз бүгін көзімізді ашып, көкірегімізді оятқан, білім
нәрімен сусындатып, ілімнің ірге тасын қалаған бастауыш мектебімізбен
қоштасамыз.
2-жүргізуші: Сондай-ақ біздің ыстығымызға күйіп, суығымызға тоңа
білген, оңымызбен солымызды танытқан, жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге
баулыған алғашқы ұстаздарымызбен қоштасқалы отырмыз.
1-жүргізуші: Шыңғыс, ал енді замандастарымызды, түлектерді, көңілді де
ақылды 4 А сыныбын ортаға шақырайық. Қарсы алайық ағайын.
(Музыкамен оқушылар ортаға шығады). Вальс!!!
Ән:
1-жүргізуші: Армысыздар жас достар
Болашаққа жол бастар.
2-жүргізуші: Білім деген ғажаптың
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден.
1-оқушы: Қоштасу тойын бастайық,
Ән мен биге басайық.
Өнерімізді көрсетіп,
Құрметіне бұл тойдың.
Ән мен шашу шашайық.
2-оқушы: Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де,
Үлкен, кіші жасымыз, кәріміз де.
Төрлетіңіз қадірменді конақтар,
Гүл-гүл жайнап, бүгінгі сәніңізбен.
Шаттанамын мен бүгін шаттанамын,
Ғылым сырын түсіндім, мақтанамын.
Осы сырды үйреткен бастауышым,
Түстей болып, міне бүгін артта қалдың.
3-оқушы: Білімнің қайнар бұлағы.
Өнердің жарық шырағы.
Тұрағы өзің, мектебім.
Мектебімде шырқалмаған жыр бар ма?
Мектебімде айтылмаған сыр бар ма?
Мектебімде алаулаған жас жалын.
Кетер мәңгі сөнбей талай жылдарға.
4-оқушы: Өтті оқу, сан сабақ,
Бүгін үлкен салтанат.
Оқулықпен достасып,
Бастауышпен қоштаспақ
5-оқушы: Қош бол, құтты Бастауыш!
Алғыстарым көп менің.
Ақыл - білім, тәрбиең,
Ой-санама еккенің.
6-оқушы: Есігіңді ашқан балаңа,
Құшақ жайдың мектебім сен қуана.
Сол бір сәтті мәңгі ұмыта алам ба,
Сенен артық дүниені таба алам ба?
Мектебім – мәңгі бапкерім
Қарызбыз саған бәріміз
Өзіңе деген парызды,
Ақтаймыз талай әлі біз.
7-оқушы: Білім деген байлық бар,
Еш байлық оған жетпейді.
Жасыңда оқып, жиып ал.
Тепкілесең кетпейді.
Өртіңе де күймейді,
Ұрылар да тимейді
Жатып ішер жамбастап,
Жалқауды ол сүймейді
1-жүргізуші: Айдында аққудай сылаңдаған
Біреулер күй, біреулер жыр арнаған
2-жүргізуші: Шықсын енді ортаға биші қыздар
Тал шыбықтай иіліп мың бұралған.
Би:
1-жүргізуші: Дүниеде адамға ең жақын ыстық жанның бірі кім?
2-жүргізуші: Адам өміріндегі ең қымбат жанның бірі – ұстаз. Өйткені
оның көкірек көзін ашып, дүниетанымын кеңейтіп, қиялға қанат қақтырады.
1-жүргізуші: Дұрыс айтасың:
Ұстаз еңбегі - ұлы еңбек.
Сондықтан да ұлы ақын Абайдың:
Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға, - деп айтуында терең ой жатыр.
2-жүргізуші: Олай болса, келесі бөліміміз: «Ұстаз ұлағаты» деп
аталады.
Көрініс:____________________________________________________
8-оқушы: Әріптерді үйретіп,
Жақын болған кім бізге?
Жамандықтан жиреніп,
Ақын болған кім бізге?
Десек, ол жан - мұғалім
Қапастағы елдердің
Мұңын айтқан кім бізге?
Көрікті сан жерлердің,
Сырын айтқан кім бізге?
Рахмет, саған мұғалім!
9-оқушы: Отанның ұланын,
Баулыған мұғалім.
Өзіңсің ағытқан,
Білімнің бұлағын.
Мен сенің көктемің
Нұрыңмен көктедім.
Сол үшін өзіңе,
Алғысым көп менің!
10-оқушы: Анамдай сүйем мен,
Шеберін ғылымның.
Ұстаздан үйренем,
Өнерін білімнің,
Үйретіп іс сазын,
Мың жаса ұстазым!
11-оқушы: Сүйікті мұғалім,
Бес алсам ұнадым,
Екі алсам сынадың,
Алдыңда әрқашан,
Бас иіп тұрамын,
Сүйікті мұғалім!
Ән:
Оқушы: Ұшырса да бұл өмірдің сан құсын,
Ұстаз-ғалым толастамас мәңгі ісін.
Тыншымайтын асыл жандар аяулы,
Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын.
Нәріңді беріп құрғатпай,
Сусаған шөлді қандырған.
Сәулеңді шашып жүрекке,
Жанымның отын жандырған.
Оқушы: Өнерге ошақ тәрбиең,
Бір сенен қуат аламын.
Жарылқашы тәңір ием,
Таудай ғой менің талабым.
Әр жыл сайын қаруланып білімнен,
Алға дәйім мені бастап сүйредің.
Нәр аламын аяулы ұстаз үніңнен,
Ардақтысың мектеп — алтын бесігім!
Оқушы: Әлі есімде мектепке келгеніміз,
Келгеніміз, сыныпқа енгеніміз.
Жасқаншақтап, таңырқап тұрған шақта.
Өзің болдың ұстазым сенгеніміз!
Ұқсаттың ба сіз бізді балаңызға,
Ұқсатып ек, біз сізді анамызға.
Жақын тарттың, біртіндеп бауыр бастық.
Жүргеніңді ұнатып арамызда.
Оқушы: Кеп кешегі тосырқау қайда қалған.
Шықпаушы едік бір елі айналаңнан.
Мейірің бе, ұстаздық жүрегің бе.
Жан дүниесін баланың жайлап алған.
Оқушы: Ұстазым ғой әліпбиді үйреткен,
Көкейіме көрік беріп, гүл еккен.
Мені оқытып, өркенімді өсіріп,
Жалындатып, жанарымды нұр еккен.
Жадыраған жаздай жылы жаны бар,
Жақсылықтың шырағы боп жағылар.
Қадірлі ұстаз гүлмен бірге жолдаған
Шәкіртіңнің жүрек сөзін қабыл ал.
Көрініс:
1-жүргізуші : Мың бұралған бишілерімізге кезек береміз.
Би:
1-жүргізуші: Болмасаң да, ұқсап бақ,
Бір ғылымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз, - деп Абай атамыз айтқандай ұлы
ғұламалар, ұлы адамдар өнегелерін бойымызға сіңірдік.
2-жүргізуші :
Әйтекенің жарып айтқан,
Қазыбектің қазып айтқаны,
Төлебидің тауып айтқан,
Ұлағатты сөздерінен
Көрініс: (ортаға қария мен 5 оқушы шығады)
1 - оқушы
- Ата, ата, арман деген не? - депті жігіт
- Арман дегеніміз - ақыл-ойдың шындығы. Құс ұшсам дейді, бала өссем
дейді, қыз көрікті болсам дейді, ұстаз шәкіртіне үлгі болсам дейді.
Арманына адаспаған жетеді, ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді депті қарт.
2 - оқушы
Дос табу оңай ма? - депті қарт.
Ата, дос табу ақылдыға оңай, ақымаққа қиын.
- Жоқ, балам, өмірде дос табу ақылдыға қиын, ақымаққа оңай. Есіңде
болсын, досың ақылды болса, өзің дана боласың, досың бала болса, өзің шала
боласың, депті қарт.
3- оқушы
- Үйдегі алтын қазығың кім? – депті қарт.
- Ата, үйдегі алтын қазық - бала, депті жігіт.
- Жоқ, балам, үйдегі алтын қазық - ана. Ана ақылды болса, бала дана
болады. Ана — ақылшың, әке - қамқоршың, ағаң — қорғаушың, інің — сүйенішің,
қарындасың - қанатың. Ананы сыйламағанның ақылы кем, әкені сыйламағанның
жақыны кем, - депті қарт.
4 - оқушы
Өмір сүру үшін не қажет? - депті қарт.
Ата өмір сүру үшін алтын, ақша, нан, мал қажет, - депті жігіт.
Жоқ балам, адамның өмір сүру үшін су, от, тұз, қыз, ақыл қажет. Су —
тіршілік, от - өмір, тұз - дәм, қыз - сән, ақыл өмірдің нәрін береді.
5-оқушы
- Адамға ақыл беретін кімдер? - депті қарт.
- Ата, ана тілі ғой ақыл беретін, -депті жігіт.
- Жоқ, балам, адамға ақыл беретін ата-ана, ұстаз, досы. Ата — ана
ақылын баласына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады. Достықтың көзі ақылдан
басталады, - депті қарт.
1-жүргізуші: Иә, қасиетті тіл, сөз шеберлігіне не жетсін?
2-жүргізуші: Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады деген. Ендеше туған
тіліміз, ана тіліміз туралы тақпақ өлеңдерге кезек берейік.
Оқушы: Өмірімнің шырағы, ақыл ойдың бұлағы.
Ана тілі қадірлі, халқымыздың жыр - әні.
Ақыл, ой да, білім де, туған ана тілінде.
Ана тілсіз ұғылмас, ауа, жер де, күнің де.
Ақ сүтіндей анамның, ардақтаймын ана тілін.
Оқушы: Тілім барда, қазағым бар, халқым бар.
Дәстүрім бар, ата жолым салтым бар.
Кең даладай жиналмаған шалғайы,
Аңқау, ашық мінезім бар аңқылдар.
Оқушы: Тілім менің — елдігім де, ерлігім,
Кемеңгерлік кемелдігім, кеңдігім.
Тілім менің мөлдірлігім, пәктігім,
Ойлылығым, тереңдігім, теңдігім.
Оқушы: Ана тілім - қасиетім, дарыным,
Көз жеткісіз көк жиегім жарығым.
Бұл дүниенің терең тылсым сырларын,
Өзің ғана арқылы тек таныдым.
Ән:
Би:
Көрініс:
1-жүргізуші: Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән мағына, күш
құдыреті қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ.
2-жүргізуші: «Жақсы мұғалім - мектептің жүрегі» - деген Ы. Алтынсарин
атамыз. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске
аспайтыны белгілі.
1-жүргізуші: Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны.
Айқара есік ашып тастағаны.
Бір мереке думан боп осы маңда.
Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны.
Енді міне, сағымдай боп өте шықты.
Төрт жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті
Ұстаз ана жасады мына бізден
Ел таңғалар азамат бір-бір мықты.
2-жүргізуші: Спасибо, Вам, родные педагоги,
За всё, за всё, чем дороги вы нам
За этот взгляд, то ласковый, то строгий,
За то что мы направильной дороге
Своим стремлением и делам.
Среди немеркнующих профессий
На вечность предявляющих права,
Учителям, как вдохновенным песням,
Жить на Земле, пока Земля жива!
1-жүргізуші: Шексіз алғысымызды айта отырып, жеке құндылықтарыңызды
бағалай әр-түрлі номинацияларда Сіздерді дипломдармен марапаттаймыз.
2-жүргізуші: «Самая обаятельная и привлекательная» номинациясымен
мектеп директоры Якубонек Татьяна Николайқызы марапатталады.
Оқушы: Наших чувств нерастраченных чашу,
И живое дыханье весны,
И любовь, и признательность нашу
Адресуем директору мы.
Сколько мы видели Вас на работе,
Вечно Вы в поисках, вечно в заботе,
Все Вас волнует? Все Вас тревожит,
Чуткое сердце любому поможет.
Мы Вам желаем такой оставаться
И ни за что, никогда не меняться.
1-жүргізуші: Сөз кезегі мектеп директоры Якубонек Татьяна Николайқызына
беріледі:
2-жүргізуші: «Қамқор және мейірімді» номинациясымен оқу ісінің
меңгерушісі Жұманова Балхия Аббасқызы марапатталады.
Оқушы: Анамдай мейірімді құшақ ашып,
Тұрасыз Балхия апай амандасып.
Әр уақыт жылы сөзің шабыт беріп,
Барамын болашаққа қадам басып.
1-жүргізуші: Сөз кезегі оқу ісінің меңгерушісі Жұманова Балхия
Аббасқызына беріледі.
2-жүргізуші: «За организованность» номинациясымен тәрбие ісінің
меңгерушісі Коченова Людмила Борисовна марапатталады.
Оқушы: Завучу от нас поклон. Кто из нас в Вас не влюблен?
Вы душевны и добры, и при этом так умны
Знайте, не забудет Вас
Выпускной четвертый класс!
1-жүргізуші: Сөз кезегі тәрбие ісінің меңгерушісі Коченова Людмила
Борисқызына беріледі.
2-жүргізуші: «Ардақты ұстаз» номинациясымен алғашқы ұстазы Базарбаева
Зауре Ибадуллақызы марапатталады.
Оқушы: Білімнің байыбына барып терең,
Зауре апай бастап еді әліппеден.
Жаны асыл ұстазымызға мың бір алғыс,
Бастаған тәрбиесін алып келем.
1-жүргізуші: «Баға жетпес, өнегелі» номинациясымен сынып жетекшісі
Жұбатова Тамара Менліқұлқызы марапатталады.
Оқушы: Сөз сөйлесе жарқын - ақ,
Күніміздей жарқылдап,
Қызық өтіп сабағы,
Өсіреді ой-сананы.
Біздермен ойнап күледі,
Сырымызды біледі.
Қасымызда қашан да,
Қамқор болып жүреді.
Тамара Меңліқұлқызына
Алғыс айтады түлегі.
2-жүргізуші: «Кең пейілді, ұлағатты» номинациясымен күні ұзартылған топ
тәрбиешісі Садибекова Умида Сейдахметқызы марапатталады.
Оқушы: Кемшілікті кезінде
Кесіп айтар өзіне.
Өнеге мол өзінде,
Өсиет көп сөзінде.
Көңіліңнің хошын-ай,
Көп шәкірттің досындай,
Ақ ниетті кең пейіл
Умида Сейдахметқызы осындай.
1-жүргізуші: «Инабатты» номинациясымен күні ұзартылған топ тәрбиешісі
Есенгельдиева Венера Құлахметқызы марапатталады.
Оқушы: Көрмеген артық күліп, артық жүріп,
Шәкіртіңді баулыдың тәртіпті ғып.
Қоштасамыз біз бүгін, Венера апай,
Шәкірттердің алғысын айтып тұрып.
2-жүргізуші: «Күміс көмей» номинациясымен ән-күй пәнінің мұғалімі
Қожамжарова Жанат Жұмабекқызы марапатталады.
Оқушы: Әдемі ғой ән сабағы мектептің,
Жүректерге әсемдікті сепкен кім?
Жанат апай, бас иеміз сізге де,
Ән мен сазды талмай бізге үйреткен.
1-жүргізуші: «Алтын қалам» номинациясымен сурет пәнінің мұғалімі
Абдулова Светлана Давлетқызы марапатталады.
Оқушы: Кейде жайлы мінезіне қызығасың,
Кейде ашусыз мінезіне табынасың.
Күліп жүрер үнемі Светлана Давлетқызы.
Жан жүрегін қашанда ұғынасың.
2-жүргізуші: «Тәні саудың, дені сау» номинациясымен дене шынықтыру
пәнінің мұғалімі Нұрбаев Ерлан марапатталады.
Оқушы: Спорттан талай шәкірт даярлады,
Шәкіртіне бәрін берді, аямады,
Әзілі бірге жүрер өзімен
Ерлан ағай қашып кетсек аямады.
1-жүргізуші: «Қадірлі емші» номинациясымен мектеп медбикесі
Бердалиева Меруерт Амангельдіқызы марапатталады.
Оқушы: Адамға деген мейірімнің өзінен
Бойыңыздан толған жылылық лебін сезінем.
Ақ халатты, абзал жан Меруерт апай,
Мың алғыс жолдап сізге тоқтамай
Қашанда шәкірт жанын ұға алады,
Көңілден әр уақытта шыға алады.
Жанат апай, ризамыз өзіңізге,
Сәлеміміз сізге алыстан құралады.
2-жүргізуші: «Смак» номинациясымен біздің құрметті аспазшылар
Смышлевская Анна Васильевна және ... Жеңіскүл ... марапатталады.
Оқушы:
1-жүргізуші: «Алтын қол» номинациясымен құрметті Көпбосынова Бибінұр
Бекбауқызы марапатталады.
Ән:
2-жүргізуші: Бас иіп, шексіз алғысымызды ақ жаулықты аналарға және
қадірлі әкелерге білдіреміз.
1-жүргізуші: Біздің қуанышымыз бен жеңісімізге ортақ болған, бізбен
бірге уайымдаған — ата-ана. Олар бізге дүниедегі ең жақын қадірлі адамдар.
2-жүргізуші: Құрметті ата-аналар, біз сіздерге алғысымызды білдіре
отырып келесі өлең шумақтарын жолдаймыз.
1-жүргізуші: Ата-аналар атынан сөз кезегі
...............................................
........................................................................
......................................беріледі.
(ата-аналардың ыстық лебіздері)
Би:
Ұстаздар оқушыларға грамоталар ұсынады
Не жетеді көңілдің байлығына,
Мойындатар еңбегімен жұртты мына
Мектебі ниеттес боп қолын бұлғап,
Сәттілік тілеп тұр ғой староста Гулназға
Айгерім мінезі бар жанға жайлы,
Ешкімді еш уақытта алдамайды.
Күліп жүр өмірде дәл осылай
Қиындыққа кездессең болма қайғы.
Санжардай әншіміз бар мақтанамыз,
Әніне рахаттанып шаттанамыз.
Талантымен талайды табындыртар,
Санжарға ақ тілекті ақтарамыз.
Жанерке адал жүрек, ақкөңіл қыз,
Сыйлаймыз жақсы қыз деп сіз бен біз
Өнері бар бойында тұнып тұрған,
Жолың болсын қашанда кішкене қыз.
Еңбекқор, әзілкеш бойында бар,
Қате ісі әрқашан мойындалар.
Әр ісіне жауапты Ердәулет
Арманың болашақта орындалар.
Сахнада ойнаса талдырады,
Өлең оқыса жүректі жандырады.
Қалалық олимпиада жүлдегері, атағы бар.
Абылай артқа өз ізін қалдырады.
Жаның бай , өзің сұлу ертегісің,
Мінекей ұшып барады ерке құсым.
Жақсы істі жүрегімен ұйымдастырар,
Сымбат - сен еліміздің ертеңісің
Айтар сөзім, тілегім бар.
Көп жинап білім деген тірегіңді ал.
Ш. Шыңғыс сенің көңілің ақ, жүзің жылы,
Кең дархан сәбидей пәк жүрегің бар.
Үлкені боп келеді жанұяда,
Сөз айтайын ендеше Аружанға
Өнерпаз, әсем қызды айтпай болмас,
Жақсының жақсысын жарияла.
Болашақ біздің жазушы,
Сөз құдыретін танушы.
Лаураны біз бағалаймыз,
Әдебиеттен бес алушы.
Бос жіберме ешқашан уақытыңды,
Аялай біл ақылың жақұтыңды.
Нұржан сен ел сыйлар азамат боп,
Болашақтан табарсың бақытыңды.
Шыңғысқа мінекей кезек келді,
Қызыл тілім жыр айтып безектеді.
Жігіт болды айтсақ та сенбейді ешкім,
Қаншама бұзық оны десек те енді
Қуаныш көп болуда сүйікті елде
Ақылды адам - бәрінен биік пенде.
Нұрдаулет болашағың жарқын болсын
Жұлдызың болсын әр кез биіктерде.
Әлібек сондай салмақты,
Сабақ оқудан бір талмапты
Әр іске де жауапты екенін сезінумен
Кімге болса да ол ардақты
Мейірбек спортты сүйеді
Мектеп үшін намысты бермей күйеді
Бірақ оның қай жерде жүретінін
Тек бір өзі ғана біледі.
1-жүргізуші: «Шөлдеген адамға бір жұтым су берген адам жұмаққа барады»
деген сөз бар. Мұғалім жеткіншек ұрпаққа берген мол білімі, тәлім-тәрбиесі,
үлкен жүрегі, мейірімі, уыстап жұтқызған өмір шербеті - тіршілік зәмзәмі.
2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар! Біздің бойымызға сіңірген ерен
еңбектеріңізге оқушылар атынан мық бір алғысымызды білдіреміз.
1-жүргізуші: Ал енді 4 «А» сынып түлектерінің орындауында «Қоштасу»
вальсін тамашалаңыздар.
Қоңырау үні күмбір қағып, тынады үндер
Зымырап өтер-кетер бала күндер.
Тұрады шәкірттерін шығарып сап,
Көз жасын жасыра алмай мұғалімдер.
Бастауышым - балбұлағым,
Лаулап жансың шам-шырағың.
Өзің берген біліміңмен.
Самғап ұшты тау қыраның.
Өтті сенде қызық шағым.
Бастауышым - балбұлағым.
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын!
Қош бол, қош бол,
Сүйікті бастауышым!
Ән:
1-жүргізуші: Осымен «Бастауышым - балбұлағым» атты кешіміз аяқталды.
Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.
2-жүргізуші: Жұлдызыңды жақ! Бұл сөз тек сіздерге арналады, түлектер!
Ұстаздарыңыз, мектебіңіз соған тілекші. Жолдарыңыз босын, түлектер!
Аттанарда ұрпағым бақ жолына,
Түссін деп тура нақ жолына,
Арнайы ақ матадан жол төседік,
Ырым ғып түлектердің Ақ жолына!
(Ақ жолмен түлектер шығарып салынады)
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz