Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Сызықтан секіру
Қуып жет
Ойынның мақсаты: жан – жағына жалтақтамай, қуғыншыдан тез қашуға үйрету.
Мазмұны: ойын алаңына екі жерден сызық жүргізіледі. Біріншісі – «сөре»
сызығы. Одан 20-30 м қашықтықта «мәре» сызығы сызылады. Ойыншылардың
арасынан 2-3 қуғыншы тағайындалады. Олар «сөре» сызығының үстінеде тұрған
ойыншылардың артында 2 м жерде тұрады.
Мұғалімнің белгісі бойынша ойыншылар: «Бір, екі, үш» - деп дауыстап
санайды.
«Үш» дегенде, сызықтың үстінде тұрған балалар алға қарай жүгіре
жөнеледі. Артындағы қуғыншылар оларды қуып, «мәре» сызығына жеткенше
ұстауға тырысады. Қуғыншылардың қолдары тиген ойыншылар шетке шығып тұрады.
Келесі ойында қуғыншылар ұсталмаған балалардың арасынан сайланады.
Ойынның ережесі:
1. Қуғыншыдан қашқанда артқа қарамай, түзу жүгіріп қашу керек.
2. Қуғыншылар ойыншыларды қағып – соқпайды, оларға тек қолдарын ғана
тигізеді.
3. Жүгіріп келе жатып, тоқтап қалуға болмайды.
Әдістемелік нұсқаулар: сыныптағы оқушылардың шамасына қарай, олар ұлдардың
командасына, қыздардың командасына немесе аралас командаларға бөлінеді.
Ойыншылардың жүгіретін қашықтығын қысқартуға немесе ұзартуға болады.
Жүгіргенде балалардың бір – біріне кедргі жасамауларын қадағалау қажет.
Ойынның педагогикалық маңызы: оқушылар тура жолмен бар күшін жұмсап
жүгіруге үйренеді. Ұсталып қаламын деп қорықпай, қарсы әрекет жасап, батыл
болуға дағдыланады. Жеткізбей кетсе, өз күшіне сенім пайда болады.
Ақ сандық, көк сандық
Ойынның мақсаты: екі – екіден тұрып, бір – бірімен күштерін салыстыруға
үйрету.
Мазмұны: ойыншылар санау арқылы екі – екіден бөлініп, ойын алаңында шашырап
тұрады.
Мұғалімнің берген белгісінен кейін, олар бір – біріне теріс қарап
тұрып, қарсыласын арқасына көтеріп алуға тырысады. Кімде – кім бірінші
қарсыласын көтеріп алса, сол қарсыласын арқасында ұстап тұрып, сұрақ сұрай
бастайды:
«Аты – жөнің кім?», «Не көрдің, не білдің?», «Қандай кітап оқыдың?»,
«Қандай тақпақ білесің?», «Менің жұмбағымды шеше аласың ба?» деген сияқты
бірнеше сұрақ беріп, оларға жауап алуы қажет. Жауап алған соң барып ол
арқасындағы баланы жерге түсіреді.
Екінші жолы күш сынаспай – ақ кезекті екінші ойыншыға береді. Ол да
бірінші ойыншы сияқты сұрақтарына тез, дұрыс жауап алуға тырысады.
Ойын мұғалімнің қалауы бойынша тоқтатылады. Ойынның соңында мұғалім
қарсыласын көпке дейін шаршамай арқасында ұстаған, көп сұрақ қойған
«күштілерді» ерекше атап өтеді.
Ойынның ережесі:
1. Күштері бір – бірімен теңдес балалар өзара жұп құрады.
2. Арқаға көтеру әдісі барлық ойыншы үшін бірдей болуға тиіс.
3. Арқадағы бала аяғын жоғары көтермеуі керек.
4. Сұрақ, жауапты әр жұп өздері ойларынан шығарады.
Әдістемелік нұсқаулар: Ойын қызықты өту үшін мұғалім алдын ала дайындық
жүргізеді.
Оқушылар дене шынықтыру сабақтарында жалпы дамыту жаттығуларын
орындайды.
Ойынның педагогикалық маңызы: оқушылар қимыл – қозғалыс әрекеттерімен бірге
ақыл – ойларын жетілдіруге жақсы мүмкіндік алады. Олардың тіл байлығы
артып, қоршаған дүние туралы түсініктері жетіле түседі. Күш – қайраты
дамып, қимылы сапаланып, жақсарады.
Алтын балық
Ойынның мақсаты: бір – біріне соғылып қалмай, бұлтарып жүгіруге
дағдыландыру.
Мазмұны: ойын алаңының (теңіздің) ені 5-6 м, ұзындығы 20-22 м. «Теңіздің»
бір шетінде «балықшының» «қорабы» сызылады. Мұғалім ойыншылардың арасынан
өзіне бір көмекші таңдап алады. Көмекші «теңіздің» бір жағында, ал мұғалім
– «балықшы» қолына бір шетіне құм салынған қалташа байланған ұзындығы 5-6 м
жіп ұстап, «теңіздің» екінші жағасында жүреді.
Балалар – «балықтар» теңіздің ортасында «малтып» жүреді. Мұғалім
кенеттен «ұста» деп, көмекшісіне жіптің бір шетін лақтырады. Сол кезде
жіптің бір жағындағы «балықтар» ұсталған болып есептеледі. Олар балықтарды
жіппен қаумалаған күйі балықшының «қорабына» апарып «салып» қояды.
Балықшының «Балықтар, малти беріңдер!» деген белгісі бойынша
ойыншылар ойынды әрі қарай жалғастыра береді.
Ойын осылай екі рет ойналған соң үшінші ретте ұсталған балықтардың
арасынан балықшы «алтын балықты» таңдап алып, өзіне көмекші етіп сайлайды.
Ойынның ережесі:
1. Балықтар «ұста» деген белгіні күтіп, балықшының қимылын аңдиды.
2. Балықшы мен оның көмекшісіне «теңізге» кіруге болмайды.
3. Ұсталған балықтарға «аудан» шығуға болмайды.
4. Балықшы балықтарды қолымен ұстауына болмайды.
Әдістемелік нұсқаулар: ойыншылардың қимыл – қозғалыстары шамалары келгенше
балықтың қимылына ұқсас келуін қадағалап отырған жөн.
Ойынның педагогикалық маңызы: оқушылар өздерінің оқып – білгендерін іс
жүзінде пайдалануға өздерінің шамаларын байқауға дағдыланады. Балалардың
есте сақтау қабілетін жетілдіруге жағдай туады, олардың шығармашылық
қиялдауы кеңейе түседі.
Қуғыншыдан құтқару
Ойынның мақсаты: балаларға тез бұлтарып жүгіру тәсілдерін меңгерту.
Мазмұны: Алаңда үлкен шеңбер немесе төртбұрыш сызылып, ойнайтын жер алдын
ала дайындалады. Ойыншылардың арасынан санамақ арқылы бір «қуғыншы»
сайланады. Ойын алаңнан шықпай, ішінде жүріп ойналады.
Мұғалімнің «Қуғыншы табылды!» деген белгісінен кейін сайланған бала
қолын жоғары көтеріп: «Мен қуңыншы»! – деп айқайлайды да, балаларды қуа
жөнеледі.
Қуғыншының қолы тиген ойыншы қолын жоғары көтеріп , қуғыншы
болғанын білдіреді де, ойынды әрі қарай жалғастырады.
Бірақ ойыншылар қуғыншыдан бір-бірін құтқаруларына болады. Ол үшін
: қашып келе жатқан ойыншы мен қуғыншы екеуінің арасынан кесіп жүгіріп
өтсе;
Қашып келе жатқан ойыншыға қол тигізсе;
Қашып келе жатқан ойыншымен қол алысса, онда қуғыншы сол ойыншыны
қуады.
Ойынның ережесі.
1. Қуғыншы қолын көтеріп: «Мен қуғыншы» деп басқаларға ескерткеннен
кейін ғана ойыншыларды ұстауына болады.
2. Ойын алаңынан шығып кеткен ойыншы ойыннан шығады.
Әдістемелік нұсқаулар.
Бүл ойынды ұйымдастыру үшін алаңды дұрыс таңдаған жөн. Ойыншылар
жүгірген кезде бір-біріне немесе басқа заттарға соғылып қалмау үшін
қадағалау керек.
Ойын қызықты өтуі үшін ойынныі мазмұнына әртүрлі қосымша тапсырмалар
енгізуге болады.
Бір ойында бір қуғыншы ғана емес, бірнеше қуғыншы сайлауға болады.
Ойынның педагогикалық маңызы.
Ойынның педагогикалық маңызы өте зор. Ойыншылар жолдастықты іс
жүзінде көрсете алады. Достары көп болғанның пайдасын көреді.Қауіптен
қорықпай, қиыншылыққа қарсы тұруға дағдыланады.
Ойын барысында ойыншылар жүгіру жаттығуларын орындау тәсілдерін
жетілдіреді. Өз қимыл –қозғалысын өзгелермен үйлестіруге үіренеді. Шапшаң,
епті қимылдауға жаттығады.
Сызықтан секіру
Ойынның мақсаты: Қос аяқтап секіру тәсілдерін үйрету.
Мазмұны: Ойын алаңының бір шетінен түзу сызық сызылады. Сыныптағы оқушылар
санау арқылы төрт командаға бөлініп, олардың біріншілері сол сызықтың
үстінде тұрады. Осы сызықтан 4-5 қашықтықта бір-бірінен ара қашықтығы 40-50
см болатындай өзара параллель 8-10 сызық жүргізіледі.
Мұғалімнің белгісі бойынша әр команданың бірінші тұрған ойыншысы
бірінші сызыққа дейін жүгіріп келіп , аяқтарын біріктіріп ұстап, паралелль
сызықтардан қос аяқтап секіріп өтеді де, қайтып келіп, тізбектің артына
барып тұрады.
Мұғалім секіріп өткен балалардың секіру әдістерін бағалап, басқа
ойыншыларды көмекке шақырады. Бұдан соң келесі қатардағы төрт ойыншы
секіріп өтеді.
Ойын осылай барлық ойыншылар секіріп өткенше жалғасабереді. Ойынның
соңында әр қатардағы қос аяқтап жақсы секіретін балалардың аты аталады.
Ойынды бірнеше рет қайталап ойнатуға болады.
Ойынның ережесі
1. Ойыншылардың тез секіргені емес, дұрыс секіргені бағаланады.
2. Секіру кезінде балалар арасындағы ара қашықьтықтар сақталуы керек.
3. Оқулықта көрсетілген секіру техникасы орындалуға тиіс.
Әдістемелік нұсқаулар.
Ойынды 1-2 рет өткізгеннен кейін, сыныптағы қос аяқтап секіру
техникасын жақсы меңгерген екі-үш баланың секіргенін басқа ойыншыларға
көрсетіп , басқа ойыншылардан солар сияқты секіруді талап ету керек.
Ойынның педагогикалық маңызы.
Секіру жаттығулары бала аяқтарының бұлшық еттерінің ,қарын,
арқа,бұлшық еттерінің жетілуіне ықпалын тигізеді. Қимыл-қозғалыс әдістерін
көбейтіп, қимыл сапаларының үйлесімі артады. Бала өз күшіне сенуге
үйренеді.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz