Бастауыш сыныптарда геометриялық материалды оқытуда сәндік-қолданбалы өнерді қолданудың әдістемесі және математикалық турнир тәжірибесі


Математикалық турнирдің мақсаты - сәндік-қолданбалы өнер материалдарын пайдалану арқылы оқушылардың математикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Жоспары:

1. Кіріспесөз

2. Көрініс «Ою хан мен Жою хан» ертегісі

3. Математикалық аукцион "Жігітке жеті өнер де аз . . . "

4. Математикалық сайыс "Қазақ ою-өрнегіндегі-математика"

5. Қорытынды

Жүргізуші: Ойлан, достар,

Елің-жерің, салтың бар,

Мұратына жетер ұрпақ талпынар.

Халкымның нәрлі қайнар - мұралары

Нұрлы күнің, тағдырың- алда болар.

Құрметт і ұстаздар мен оқушылар! Бүгін, міне, "Өнер-бұлақ, білім-шырақ" атты математикалық турнирге жиналып отырмыз. Қазір ең алдымен көріп тамашалайтындарыңыз -"Ою хан мен Жою хан" атты математикалық көрініс.

(Сағатбек Медеубекұлының "Ою хан мен Жою хан" ертегісінен көрініс қойылады) .

Жүргізуші: Жаңылтпаш айт, есеп шеш,

Өздеріңе сеніндер!

Мына бізге келіндер,

Тек мүдірмей айтындар-

Мақал-мәтел, санамақ,

Айтып және қаламақ,

Саудаласып көріңдер!

Ендігі жүргізілер жұмыс - математикалық аукцион "Жігітке жеті өнер де аз . . . ", яғни қазақ халқының ауызша есептерін шығарудан сайыс. Ұсынылатын есептер : "Торғай мен бұтақ" (1-сынып), "Құсбегілер аманаты" ( 2-сынып), "Тоғыз қап тары" (3-рынып), "Зергердің бөлісі" ( 4-сынып) . Тез, әрі дұрыс шешкен оқушыларға ойыншықтар үлестіріледі. Жүргізуші: Біздің келесі жүргізілер жұмысымыз- математикалық сайыс

" Қазақ ою-өрнегіндегі - математика". Алдын-ала әрбір сыныпқа ою-өрнекпен байланысты геометриялық сипаттағы тапсырмалар таратылған болатын.

1-сыныптың тапсырмасы: сандыққа салынған ою- өрнектердегі геометриялық фигураларды тауып айт.

2-сыныптың тапсырмасы: үшгүл, төртгүл, бесжапырақ ою- өрнектерін сал.

3-сыныптың тапсырмасы: сықырлауыкқа салынған ою- өрнектерден геометриялық фигураларды бөліп көрсет, соның ішінде төртбұрыштардың периметрі мен ауданын тап.

4-сыныптың тапсырмасы: геометриялық фигуралардан ою- өрнектер құрастырып, оларға қысқаша сипаттама бер.

(Әрбір сынып тапсырмаларының дүрыстығы тексеріледі) .

Жүргізуші: Міне, ұстаздар мен окушылар! Осымен "Өнер- бұлақ, білім-шырақ" атты математикалык, турнир аяқталды.

(Соңында бастауыш сынып оқушыларына алғыс хат таратылады)

"Әдіскерлер" алдын-ала ұсынылған үлгі бойынша сабаққа жан-жақты талдау жасайды, мұғалімдер мен оқушылардың іс-әрекетіне баға береді.

Алынған мәліметтерді өңдеу: Студенттердің тапсырмаларды орындау нәтижелерін сапалық тұрғыдан талдау олардың білім деңгейі мен шығармашылық біліктерін анықтауға мүмкіндік береді.

ТАҚЫРЫБЫ : Бастауыш сыныптарда геометриялық материалды оқыту әдістемесі

МАҚСАТЫ : геометриялық материалды оқытуда сәндік-қолданбалы өнер үлгілерін пайдалану әдістемесін игерту.

Практикалық тапсырмалар

1. Бастауыш мектеп математикасы пәнінің бағдарламасына сәйкес геометриялық материал мазмұнының сәндік-қолданбалы өнердегі қолданыс аясын бөліп көрсетіңіз.

2. Геометриялық фигура туралы оқушыларда түсінік қалыптастыру үшін мұғалім мынадай мақсат қояды:

а) фигураның формасы - оның жасалынған материалына, түсіне, жазықтықта орналасуына, өлшеміне т. с. с. байланысты емес;

ә) фигураның формасы оның элементтеріне (бұрышы, төбесі, қабырғалары) байланысты. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін әртүрлі материалдан жасалған, түстері түрлі-түсті, пішіндері әрқилы геометриялық фигуралары бар сәндік-қолданбалы өнер туындыларының үлгілерін таңдап алыңыз.

3. Сәндік-қолданбалы өнер үлгілерін пайдаланудың негізінде бастауыш сынып оқушыларына геометриялық материалды оқытуда ұсынылатын тапсырмалар жүйесін (байқау, өлшеу, салу, есептеу, аралас) дайындаңыз.

4. Геометриялық материалды оқытуда пайдаланылатын көрнекі құралдарды сәндік-қолданбалы өнер үлгілерінен жасаңыз (ою-өрнек элементтерінің жиынтығы, халық қолданбалы өнерінің жазық және көлемді модельдері: кілем, текемет, сандық, киіз, халықгың қолданбалы өнерінің суреттері, т. с. с. ) .

5. Сәндік-қолданбалы өнер материалдарын пайдалана отырып, «Көпбұрыштар», «Тікбұрыш» сабақтарының конспектілерін құрыңыз.

Алынған нәтижелерді өңдеу: Студентгердің тапсырмаларды орындау нәтижелерін бағалау олардың сәндік-қодданбалы өнер материалдарын әдістемелік талапқа сай дұрыс таңдай білу, олардың сандық көлемі мен шығармашылық деңгейіне байланысты жүзеге асырылады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Инновациялық педагогикалық технологиялар. Қ. Сарбасова

2. «Бастауыш сыныптарда мматематиканы оқыту әдістемесі» курсы.

Т. Оспанов


Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz