Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Сұрақ қою сендер қалай ойлайсыңдар
«Құндылық», «адамгершілік қасиет» ұғымдарымен жұмыс жүргізу технологиясы
«МАХАББАТ» құндылығы туралы ұғым
І-кезең Ұғымға анықтама беру
/қатысушылардың пікірін тыңдау/
Махаббат – өмір негізі.
Махаббат – ....
/Анықтаманы өзі айту/
Махаббат – адамның бірін-бірі сүйіспеншілікпен аялауы.
ІІ-кезең Ұқсас ұғымдарды табу
Махаббат – сезім, сүйіспеншілік, аялау, мейірім т.т.
- Бойында осындай құндылықтар бар адамды қалай атауға болады?
/сезімтал, мейірімді.../
ІІІ-кезең Қарама-қарсы ұғымдағы сөздерді атау
Махаббат – қатігездік
Махаббат – зұлымдық
Махаббат – жеккөрушілік
- Бойында осындай қасиеттер жоқ адамды қалай атауға болады?
/ақкөңіл, ақниет.../
- Қатігездік, зұлымдық, немқұрайдылық деген нені білдіреді?
ІҮ-кезең Ұғымның басымдылық жағына анықтама беру
/Ұғымды жағымды жағынан қарастырсақ, өмірлік қуат береді, құштарлық сенім
тудырады./
- Бұл қасиет несімен бағалы?
/өмірдің мәні болуымен бағалы/
- Осы қасиет адамға қажет пе?
/өте қажет/
- Егер осы қасиет өз бойыңнан табылса, сен қандай күйде болар едің?
/бақытты болар едім, шаттыққа кенелер едім, .../
- Осы қасиетті иеленген адамның қандай артықшылығы болады?
/ол адам өмірге құштар, сенімді, бақытты, қуанышты.../
- Бойында осы қасиет жоқ адам қандай болады?
/бақытсыз, қайғылы, ызақор.../
Ү кезең Ұғымның кемшілік жақтарын табу
Махаббаттың кемшілік бар ма?
/Тапсырма алдымен жекелей орындалады. Сосын топта талданады. Ортақ шешім
жария етіледі/
/Егер адам ессіз сүйсе, артынан өкінішке ұрынуы мүмкін.
Алдану, сатқындық, өкініш.../
Махаббат
жағымды жақтары
жағымсыз жақтары
...
...
/парақ бетін ақ-қараға бөлу, ақ жағына жағымды, қара жағына жағымсыз
жақтарын жазуға болады/
ҮІ кезең Өзара әрекеттестік рефлексиясы
/өз әрекетіне талдау жасау/
- өз көңіл күйіңді айтып бер.
/қуаныш, қанағат, түсінбеушілік, сенімсздік, рақаттану/.
(сабақ мазмұныны сәйкес басқа ұғымдармен /достық, жауапкершілік, көмек,
төзім, кешірім/ осы тәсілмен жұмыс жүргізуге болады).
ӘҢГІМЕ БОЙЫНША ТАЛДАУ ЖҰМЫСЫ
Жұмыс жүргізу жоспары:
1. Әңгіме кейіпкеріне ұқсас кейіпкерлерді /аң, құс, өсімдік, ағаш/ атау.
2. Осының ішінде қайсысы саған жақын, оны сипаттап айту.
3. Автор: енді менің кейіпкерім туралы тыңдағыларың келе ме?
4. Әңгіменің басын /бір оқиғасын, мысалы құсты, аңды ұрлап кетті./ оқиып
беру.
5. Сұрақ қою /сендер қалай ойлайсыңдар?/
6. Қатысушылар өз ойларын айтады.
7. Әңгіме жалғастырылады. /оқиғаға байланысты кейіпкердің әрекеті туралы/
8. Әңгіме бойынша кейіпкердің іс-әрекетін сипаттайтын сөздерді теріп
жазыңдар. /әңгіменің осы бөлігі таратылып беріледі/
9. Осы сөздерді оқып шығады.
10. Автор әңгіменің осы бөлігін оқып шығады
11. Сендерде кейіпкерге қандай сезім пайда болды?/ойланады/.
12. Қатысушылар өз ойларын айтады.
13. Қалай ойлайсыңдар, оқиға ары қарай қалай өрбиді?
14. Қатысушылар ойланып, өз ойларын ортаға салады.
15. Автор әңгімені жалғастырып оқып шығады.
16. Осы әңгімеге сәйкес өз қатысын түсті қағаз жапсыру арқылы білдіру.
Неліктен осы түсті таңдағанын түсіндіру /мысалы, сары түсті ілген
себебім, жылылық сыйлағым келді./
ӘҢГІМЕ БОЙЫНША ТАЛДАУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ҮЛГІСІ
- Балалар, сендер қандай ағаштарды білесіңдер?
- Саған қай ағаш, несімен ұнайды?
- Ал маған қандай ағаш ұнайтынын білгілерің келе ме?
- Маған емен ағашы ұнайды. Еменнің пайдасы мол. Одан жиһаз жасайды. Біз
отыратын парта, кітаптарымыз тұрған шкафтар да еменнен жасалған. Емен өте
мықты ағаш.
- Балалар, қазір мен сендерге Бердібек Соқпақбаевтың «Ағаштар неге
ашуларды? деп аталатынын әңгімесін оқып беремін. Әңгіме мазмұны бойынша
сұрақтар қоямын, мұқият тыңдаңдар.
Ағаштар неге ашуланды.
Бердібек Соқпақбаев
Жадырап көктем туды. Қар тез ерiдi де, аз күнде төңiрек қарайып, құрғап
шыға келдi.
Мектепте көшелердi көгертiп, ағаш отырғызу апталығы басталды.
Оқушыларды түгел қызықтырған бұл бастама тек Алмабекке ұнамады. Орман
болса, тап iргеде тиiп тұр. Көшеде ағаш отырғызып, әуреленудiң керегi қанша
деп ойлады ол.
- Балалар, Алмабек не істейді?,- деп ойлайсыңдар?
Бiрақ жұрт бiр кiсiдей жұмылып кiрiскен iстен Алмабек шетте қала
алмады. Өз сыныптастарымен бiрге тоғайға ол да барды. Бiрнеше жас тал,
терек, қайың әкелiп, басқалардың үлгiсiмен терезе тұсына тiзiп отырғызды.
- Алмабек өзі отырғызған жас талдарды қалай күтті?, - деп
ойлайсыңдар?
Алмабек осымен iстi тындыға санады. Өзгелер отырғызған ағаштарын
суарып, түбiн қопсытып, мәпелеп күтумен болса, бұл оның бiрiн де iстемедi.
- Осы жас талдардың қандай күйге тап болғанын сипаттап
сөздерді жазыңдар.
/Балалар жазғандарын оқиды/
- Сендерде жас талдарға деген қандай сезім пайда болды?
Жаз шықты. Көктемде отырғызған ағаштар ешбiр күтiм көрмеген соң,
тамырланып кете алмай, шөгiп, шала-жансар жұтап тұрды.
- Енді бұл жас талдар не істейді деп ойлайсыңдар?
/Алмабекке жалына ма? Адамдардан көмек сұрай ма? Басқа ағаштарға
шағымдана ма? Осыған көне бере ме?../
Бұл қайғылы халдi самал жел өзен бойындағы орманға жеткiздi. “Осындай
да осындай. Алмабек дейтiн бала алып барып отырғызған сiздердiң туысқан
шыбықтарыңыздың халi мүшкiл екен”, - деп, ол сыбырлап бұталарға, оны сыбдыр
қағып талдарға, талдар қайыңдарға, қайыңдар дереу теректерге жеткiздi.
Сөйтiп, кең алқапты жалпағынан алып жатқан ну орман Алмабектiң қылығын
түгел бiлдi.
- Алмабектің бұл қылығын естіген ағаштар не істейді?, - деп
ойлайсыңдар?
Бiр күнi Алмабек орманға барып едi, оны ағаштар қоршап алып, үйiне
қайтармады. Алмабекте ес қалмады. Ағашы аздау бiр жермен жүгіріп өтпекші
болып еді, ұзын ақ қайың жапырақтары жалпылдап, алдын бөгей қалды. Алмабек
кейін қарай жалт берді. Маңайдағы ағаштар су-су етіп, төніп келіп қалғанын
көрді. Бірнеше солқылдақ көк шыбық жотадан шып-шып еткізіп, шарпып өтті.
– Сендерге мен не жаздым? – деп Алмабек жылап жіберді. Сол кезде төбесі
көк тіреген, көпті көріп, көп жасаған орман атасы – кәрі еменнің гүжілдеген
жуан даусы естілді.
– Сенің жазығың сол, біздің бірнеше жас шыбығымызды үйіңнің қасына
отырғызбақ болып, қазып әкетіп едің, нағыз азап халге салып қойыпсың. Түбі
босатылмай, қатып қалыпты. Тамыры суалып, құрып бара жатқан көрінеді. Осы
қылығың адамшылыққа жата ма? Ағаштан көрген не жамандығың бар? Жайқалып
өсіп тұрсақ, қыстақтың көркі емеспіз бе? Жаздыгүні ми қайнатқан ыстықта
саямызға паналайсың. Қыстыгүні азынаған бораннан қорғаймыз. Астыңдағы
орындығың мен алдыңдағы үстелің, қалам-қағазыңа дейін – бәрі ағаштан
істеледі. Үйіңе қабырға болып та қаланамыз. Сен осыны неге түсінбейсің,
неге бағаламайсың? – деді қарт емен.
– Алмабек енді не істейді?,- деп ойлайсыңдар?
– Кешіріңдер. Мен отырғызған ағаштарымды бүгіннен бастап мәпелеп,
күтуге уәде беремін, – деді Алмабек.
– Жарайды, – деді қарт емен, олай болса, бар үйіңе...
- Балалар, жас талдарға деген өз тілектеріңді түсті қағаздардың бірін
таңдап, тақтаға жапсыру арқылы білдірулеріңді өтінемін.
/Балалар өздері таңдаған түсті қағазды жапсырады/.
- Неліктен бұл түсті таңдадың? Осымен не айтқың келді?
/Әр бала өз ойын ортаға салып айтады/.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz