№25 Г. Титов атындағы жалпы орта мектепте 2009 жылғы 12 қарашада өткен Мен қазақпын өнер-білім сайысының баяндамасы

№25 Г. Титов атындағы жалпы

орта мектеп

Орындаған:

Тембаева Айкерім. Е.

2009 жыл 12 қараша күні 7-9 сынып оқушылары арасында «Мен қазақпын атты» өнер-білім сайысы болды. Сайысқа 8 оқушыдан қатысты.

МАҚСАТЫ:

Тәрбиелік: қасиетті, өнерпаз, ақын, шешен, ержүрек, кеңпейіл, иманды ұрпағын тәрбиелеу.

Білімдік: ел тарихынан білімдіерін молайта түсу, әдебиеттен алған білімдерін нығайту.

Дамытушылық: туған жеріне, елінең Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, дамыту.

Ж О С П А Р Ы :

  1. Таныстыру.
  2. Салт-дәстүрді білеміз бе?(сұрақ-жауап)
  3. Бұл қай қазақ?
  4. Әу демейтін қазақ жоқ.
  5. Қазақ деген - Абай
  6. «Мың сауал» немесе «сөз тапқанға қолқа жоқ»
  7. Қорытынды, марапттау.

1-жүргізуші: сайыс болғаннан кейін, онда төрешінің болуы шарт. Сондықтан, әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

1-жүргізуші: Енді сайыскерлірімізді ортаға шақырамыз.

2-жүргізуші: Бірінші бөлім - таныстыру бөлімі . Сайыскерлерімізге сөз берейік.

1-жүргізуші: Саысымыздың келесі бөлімі «Салт-дәстүрді білеміз бе?» Сайыстын бұл бөлімінде «Мен қазақпын» сайысына қатысушылардың өз салт-дәстүрен қандай деңгейде білетіндіктері сараланады. Әр оқушыға бір сұрақ беріледі.

1. «Ассалаумағалейкум» деп амандасудың мәні неде? Қандай ұғымды білдіреді? (Сізге Алланың нұры жаусын!)

2. Қазақ халқы қонақжай халық. Қонақтың қандай түрлерін білесіз?

3. Қазақ халқына тән әдептің бір көрінісі киіз үй ішін жеті бөлікке бөлген.

4. Қазақтың қандай ырым-тыйымдарын білесіз:

5. Еттен табақ тарту түрлерін айтып беріңіз?

6. «Уызқағанақ» деген не?

2-жүргізуші: 3-бөліміміз «Бұл қай қазақ?» деп аталады. Әр оқушыға бір сұрақ.

Қазақ елі қашанда ақылдылар мен ғұламаларға, теңіз түбіндегі інжу маржандай өзіндік идеялары бар данышпандарға кенде емес. Бұл бөлімде сайыскерлеріміздің осы тақырып аясында білім деңгейлері сараланады.

  1. Біз қазақ мал баққан елміз!

Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз,

Ешбір дұшпан басынбаған елміз.

Басымыздан құт-береке қашпасын деп,

Жеріміздің шетін жау баспасын деп,

Найзаға үкі таққан елміз,

Достықты сақтай білген елміз,

Дәс тұзды ақтай білген елміз.

Мұны айтқан қай қазақ? (Қазбек би)

  1. Елбең-елбең жүгірген,

Ебелек отқа семірген.

Арғымақ мінген жаратып,

Ақ сауыт киген темірден

Алатаудай бабалар,

Аруағыңмен жебей гөр!

Күн шұғыласындай құйылған жалғыз-ақ өлеңмен жалпақ әлемге есімі жайылған, ер мінезді жас ұлан қарттарымызда жүрсе, биыл 43 жасқа толар еді. Әрине тиіссіз. Бұл қай қазақ? (Қайрат Рысқұлбеков)

Сайыскерлерге тағы сол сияқты сұрақтар қойылады.

1-жүргізуші: Сайысымыздың келесі бөлімі - «Әу демейтін қазақ жоқ» деп аталады.

Тұйе баққан қазақ жоқ дегенде төрт ауыз өлең айтады. Атақты орыс оқымыстысы Потанин «қазақ даласында ән өзге елдерге қарағанда жер бауырлап өтті, сондықтан да қазақтар дүниедегі әншілердің біреуі» - деген екен. Олай болса сайысқа қатысушы әнші қазақтарымыздың өнерін тамашалайық.

2-жүргізуші: Келесі бөлім «Қазақ деген - АБАЙ» деп аталады. Бұл бөлімде Абай қарасөздерінен үзінділер оқылады. Сайысқа қатысушылар қай қарасөз екенін табуы керек.

1-жүргізуші: Сайысымыздың келесі бөлімі «Мың сауал немесе сөз тапқанға қолқа жоқ» деп аталады. Бұл бөлімде әр оқушыға сұрақ қойылады, оған шешен тілмен дұрыс жауап беру керек.

  1. Ақылды адамның іс қандай болады?
  2. Адамның өзгертіп ала алмайтыны не?(кәрілік, мінез, өлім)
  3. Адам ненің қадірін білмейді?(денсаулықтың, жақсы әйелдің, жігіттіктің)
  4. Ақыл алтау, ой жетеу деген сөзді қалай түсінесіз?(Ақыл деген - ол шеті мен бұл шеті жоқ, көл көсер тұңғиық терең дүние. Бірақ ой одан да терең, одан да кең дүние деген сөз. Адам қанша ақылды болса да, ой түбіне жете алмау себебі содан)
  5. Алыс пен жақын не?(Алыс - қияметтің күні, жақын - өлім)
  6. Қол бастау қиын ба?

Сөз бастау қиынба?

(Қол бастау қиын емес, найзалы ерің болса.

Жол бастау қиын емес, соңына ерген ерің болса.

Бәрінен десөз бастау қиын,

Тауып айтсаң мереке қылады, Таппай айтсаң келеке қылады)

  1. Адамды қор қылатын не нәрселер?

(Нәпсіқұмарлық, менмендік, өтірік айту, әдепсіздік, екісөздік, мақтаншақтық. )

  1. Адам баласы не нәрсеге асығу керек?(үш нәрсеге - өлікті жылдам қоюға, ұл мен қызын үйлендіруге, уәдесін орындауға)

2-жүргізуші:

Құтты болсын тәуелсіздік мейрамы,

Ол әркімге еркін өмір сыйлады.

Білімділер алға шығып елімде,

Жақсы атақпен нұр-шапағын жинады.

Жорықта жолың болсын азаматым,

Болыңдар жаудан кекті қайтаратын.

Кеудеңде шыбын жаның болса егер,

Жоғалтпа жер бетінен қазақ атын!

«Елім менің» әні орындалады.

Қорытынды.


Ұқсас жұмыстар
М. Әуезов атындағы орта мектептің Жас ғалым ғылыми-практикалық ұйымының 2008-2009 оқу жылы бойынша есеп-баяндамасы
Қарасай ауылы Абай атындағы орта мектепте 2015 жылы өткен Бала тілі - бал интеллектуалдық сайысының мақсаты мен ұйымдастыру кезеңдері
С.Сейфуллин атындағы орта мектепте 2016 жылғы 2-12 ақпанда өткізілген Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы онкүндігінің қорытынды есебі
КММ №19 жалпы орта білім беретін мектепте өткен физика пәні бойынша Ойлан тап зияткерлік-ойыны (Семей, 2013)
Астана қаласы №40 Әлкей Марғұлан атындағы орта мектепте 8-сынып оқушылары арасында өткен ХХІ ғасыр көшбасшысы зияткерлік сайысының сипаттамасы
Қ. Мырзалиев атындағы орта мектептің 2009-2010 оқу жылындағы Сынып дарабозы интеллектуалдық сайысының өткізу сценарийі мен кезеңдері
2015 жылғы Малайсары жалпы орта білім беретін мектептегі 7-10 сынып оқушылары арасындағы Жеті өнер, шеберлер сайысы
Иман айнасы: Қ.Топаев атындағы орта мектепте өткен мұсылмандық парыздар мен қажылық туралы кездесу кеші
Бұлдырты жалпы білім беретін орта мектебінің математика, физика және информатика пәндері бойынша Екі жұлдыз апталық білім-өнер сайысының қорытынды кеші
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы №213 Қыркенсе орта мектебінің 2009 жылғы 25 мамыр Соңғы қоңырау салтанатының сценарийі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz