Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Дамыта оқыту технологиясы

Тақырыбы: Оқу үрдісінде жаңа технология элементтерін пайдалана отырып
оқушылардың ой өрісін дамыту.
Мақсаты: Жаңа технологияны пайдалана отырып оқушының ой-өрісін дамыту,
жан-жақты өздігімен білім ала – алатын жеке тұлғаны – қалыптастыру.
Міндеті: Сабақтың негізгі мазмұны мұғаліммен бірлесе отырып талдау,
ашу, топтау.
Жаңа технология элементтерін оқу-тәрбие үрдісінде тиімді пайдалану.
Бастауыш мектеп - баланы оқуға үйрету мен тәрбиелеу, оның тұлға ретінде
өзін-өзі ашуға жалпы дамуының қалыптасуына жағдай жасайтын негізгі соты.
Жалпы адамның мектептегі білім алу кезеңі және тұтас педагогикалық үрдіс
сапалы нәтижеге жету үшін бастауыш сыныптардан оқу-тәрбие үрдісі қазіңргі
заман талабына сай құрылуы шарт. Білім беруді ізгілендіру жеке тұлғаның
дамуына және оқытуды саралауға мүмкіндіктер тұрғызуға бағытталған.
Білім берудің реформалаудың жүзеге асырудың бір маңызды сипаты
қазіргі уақыттағы оқыту процесі технологиялардың қажеттілігімен туындап
отыр.
Оқытудың жаңа технологиясының жалпы құрылымы қандай болуы керек?
Жаңа технология дегеніміз оқушыларды оқытудағы бағдарламалық
талаптарды қамтамасыз етудегі мұғалімнің,сабақ берудегі белгілі
тәсілдерінің, амалдарының әдістерінің жиыны. Оқытудағы жүйелік, бірізділік,
тиімділік сияқты бұрын айтылған талаптарды ескеру. Олардың оқыту сапасын
арттыру, пәнді толық меңгеру әдістемесін еске түсіру сенімді негізгі
мақсаттарының топтасуы.
Қазіргі кезде дамыта оқыту бағытын қалыптастыру жер-жерлерде ынталы
жүргізіліп жатыр. Осының нәтижесін де мектептерде дағдылы қалыптастыру күні
бүгінге дейін, «осылай істе» деген ұстаным бойынша танымал және тәжірбиелік
міндеттерді шешуге бағытталған жалпы заңдылықтар мен интелектуальды
іскерлікті саналы қолдану негізінде емес, мұғалім берген бағыт-бағдар ойын
түйіндеу, ойын түйіндеу арқылы жауап қайтару.
Жалпы айтқанда сынып оқушыларының білім деңгейі бірдей емес.
Сондықтан сабақ кезінде әрқайсысының деңгейіне қарай жұмыстың түрін таңдап,
сол тақырыпты игеру көзделсе, өте пайдалы. Мен өз іс-тәжірбиеме осыларды
еңгізіп жұмыс жасап келемін. Менің басты мақсатым –сынып оқушыларның
ерекшелігін анықтау.
Күнделікті сабақ жоспарын жазуда сынып оқушыларының ерекшелігін
ескере отырып, берілген оқу материалының ауыр. Жеңілдігіне қарай топтап
түрлендіремін. Өйткені оқушы өз мүмкіндігіне орай тек міндетті деңгейден
кем білім алуға ерікті. Бірыңғай тапсырма оқушыны жалықтырып жіберуі де
мүмкін. Сондықтанда мен өз сабақтарымда «Жаңа технология» элементтерін
пайдаланамын. Ол үшін мұғалім нені білу керек.
«Мұғалімнің жаңа технологияны меңгеру схемасы» көрсетіледі.
Қазіргі таңда әлемдік оқу үрдісінің өзегі – жаңа технологиялар екені
мәлім. Әлемнің бірнеше еліне сынақтан өткізілген жаңаша оқыту төрт бағытта
қамтиды. Олар мыналар
- Модульдік технология.
- Рейттік жүйе.
- Дамыта оқыту технологиясы.
- Сын тұрғысынан ойлау.
Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс- тәсілдерімен ерекшеленеді.
Тиімді
пайдалана отырып жетілдіре түседі. Көрнекті педагог В.А.Сухомлинский
«Сабақ жас өспірімдердің интеллектуалды өміріне, құрғана сабақ болып қоймас
үшін ол қызықты болу шарт.Осыған қол жеткенде ғана мектеп жас өсіпірмдер
үшін рухани өмірдің тілеген ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметті иесі мен
сақтаушысына айналды» деп айтқан.
Мысалы жаңа технология элементтерін сабқтарда кеңінен пайдалануға
тырысамын, ана тілі, қазақ тілі, математика, дүниетану, еңбекке баулу
сабақтарында қолданамын. Элемнттер «кубизм метод», «венндиаграммасы»,
«кластер», «нөлдік бақылау».
Сабақтарды жеке –жеке көрсетемін.
Викториналық тест.
Сол сабақтардан, «жаңа технологияны» қолданудағы оқыту
технологиясының ерекшеліктері мынадай.
- Оқушының белсенділіктерін арттыру.
- Оқу материалында баланы қызықтыратындай құпиясы бар мәселе туғызу.
- Оқушы материалды сезім мүшелері арқылы қабылдап қана қоймайды, білімге
деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді.
Тірек сызбалар арқылы оқыту технологиясы төмендегідей мақсатты
көздейді.
- Білім, білік дағдыны қалыптастыру.
- Барлық баланы оқыту.
- Оқытуды жеңілдету.
- Бірте-бірте толық дербестікке жету.
Қазақ тілі пәнін оқытуда Ж.А.Қораевтың технологиясын пайдаланамын.
Тиімділігі:
- Оқушыны үнемі әрекетке қосады.
- Үш кезең арқылы өздігінен үздіксіз білім алуға ынталандырады.
- Тілдік категориялардың лексика – грамматикалық құрылымын игеріп,
ауызша, жазбаша тілде қолдану аясына кеңейтуге мүмкіндік береді.
- Оқушы әрі талдай отырып, салыстырады, негізгі білімді өздігінен
меңгеруге әрекеттендіреді.
Сабақ үрдісінде пайдаланып жүрген әдіс- тәсілдерді оқушылардың оқуға
ынта-ықыласын, дағды мен ой өрісін білім бірліктерінің артуымен
сипаттамалары сөзсіз.
1. Балалар бір-біріне талап қояды.
2. Пәнге қызығушылығы артады.
3. Тіл үйренушінің тілге деген бейімділігін артқандығын көрсетеді.
Оқушы тұлғасының дамуына, қабілетінің артуына жаңа технологиялдар
айтарлықтай ықпал жайсайтыны сөзсіз және қазіргі таңдағы білім беру
жүйесінің дамуындағы елеулі бағыт. Сондықтан әрбір әдіс тәсілдің ұстаздар
үшін маңызы зор. Кез-келген жаңа технологияның негізгі мақсаты – жеке
тұлғаны дамыту, яғни жеке тұлғаның дамуындағы сыңар жоқтылық пен
толымсыздықты жойып, әр өзіне сенімін арттыра отырып адамзаттық тұғырын
табуын, сол арқылы оның ішкі әлеуметтік, ізгі қасиеттерін ашу және әр
кезеңде үздіксіз білім алып, өздігінен шығармашылық ізденіс негізінде
білімін, шығармашылығын дамыта отырып, сын кезеңнен алып шығатын өзгермелі
өмірге бейімделуге жағдай жасау. Бастауыш сатыда тәрбиеленіп отырған жеке
тұлға болашақта ел тізгінін ұстайтын азамат сондай ел жанды, білімді, дені
сау азаматты тәрбиелеу біздің басты мақсатымыз.
Қорыта айтарым – мұғалімнің кәсіби қызметі жүйесіндегі қазіргі білім
беру технологиясының алатын орны ерекше, себебі әрбір педагог жаңа
технологияны меңгеру барысында жақсы бір жетістіктерге жетеді, өзінің
кәсіби білім деңгейін кеңейтеді және көтереді.

Ұқсас жұмыстар
Математика пәнін оқыту технологиялары
Қазіргі сабақтарда қолданылатын инновациялық технологиялар
Әлеуметтік мектеп технологиясы - әлеуметтік технологиялар
Вальдорф технологиясы
Кезеңдеп оқыту технологиясы
Инновациялық технология элементтерін тарих сабағында пайдалану арқылы оқушының ынтасын арттыру
Жаң оқыту технологиялар
Информатика сабағында дамыту технологиясын қолданып оқыту
Бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын арттыруда жаңа инновациялық технологиялардың тиімділігі
Орыс сыныбындағы қазақ тілін оқыту мәселелері
Пәндер