WINDOWS ТИПТІ ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР

Сыныбы:8 А Күні: 28. 11. 2008 жыл
Мұғалімі: Найзабеков Е. Тексерген: Н. Жұмадуллаева
Сабақтың тақырыбы : Операциялық жүйе және оның түрлері.
Операциялық жүйе ядросы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік Оқушылардың операциялық жүйе және онын түрлерін, WINDOWS типті
операциялык жүйе туралы білімдерін қалыптастыру;
Тәрбиелілік : Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге
деген қызығушылығьш арттыру.
Сабақтың түрі: Ойын элементтерінің көмегімен демонцтрациялау, баяндау арқылы
түсіндіру.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютер, электрондық оқулық,
оқулық, практикум, интерактивті тақта.
Сабақтың өту барысы :
- Ұйымдастыру кезеңі.
- Өтілген тапсырманы тексеру
- Жаңа тақырыпты түсіндіру
- Тапсырмаларды орындау
5. Үйге тапсырма
Сабағымыз басқа сабақтан өзгешілігі сабақтың құрылымы “Алтын қақпа” ойының арқылы өтіледі. Сабақты бастамас бұрын сыныпты екі топқа бөліп аламын. 1-топ “Монитор”, 2-топ “Жүйелі блок” деп атаймыз.
І. “Тас қақпаны” ашу үшін өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары сұралады.
Экранда 3 тапсырма берілген.
1-тапсырма. Санау жүйесі бойынша есептер берілген.
- 710=?2
- 15110=?8
- 17210=?16
- 10101+1001 =
- 11011-1010 =
- 1101⋅ 010 =
Дұрыс жауабы
- 710= 1112
- 15110=2278
- 17210=AC16
- 10101+1001 = 0
- 11011-1010 = 10001
- 1101⋅ 010 = 011010
2-тапсырма. Өтілген материал бойынша сұрақтар берілген.
1. Санау жүйесі?
2. Логика дегеніміз не?
3. Позиялық санау жүйесі дегеніміз не?
4. Екілік санау жүйесі қандай цифрлардан тұрады?
5. Логикалық көбейту дегеніміз не?
6. Логикалық теріске шығару дегеніміз не?
1. “Информация” сөзін қалай түсінесің?
2. Санау жүйесі қанша топқа бөлінеді?
3. Позиялық емес санау жүйесі дегеніміз не?
4. Сегіздік санау жүйесі қандай ифрлардан тұрады?
5. Пікір дегеніміз не?
6. Логикалық қосу дегеніміз не?
3-тапсырма. Дербес компьютер құрылымына байланысты практикалық тапсырма.
2-тапсырма.
Ақпараттарды тасымалдаушыларды оларды пайдаланылатын құрылғылармен сәйкестендіріңіз.
2-тапсырма.
Анықтамаға сәйкес келетін құрылғыны көрсетіңіз.
Осы 3 тапсырма орындалып болған соң “Тас қақпа” есігі ашылады.
ІІ. “Күміс қақпаны” ашу үшін жаңа сабақты түсіндіру.
Жаңа сабақ
Операциялық жүйе компьютердің барлық құрылғыларының жұмысын және программалық жасауының жұмысын басқару үшін қажет екенін білесіңдер. Ол компьютер мен адамның арасындағы байланысты қамтамасыз етеді, демек,
Операциялық жүйе адам мен компьютердің электрондық құрауыштары және қолданбалы программалар арасында келістіруші қызметін атқарады. Ол адамның программаларды іске қосуына, барлық мүмкін деректерді оларға беруге және олардан алуға, программа жұмысын басқаруға, компьютердің және оған қосылған құрылғылардың параметрлерін өзгертуге, ресурстарды қайта бөліп беруге мүмкіндік береді. Дербес копьютерде жұмыс істеу, шынында, оның операциялық жүйесімен жұмыс істеу болып табылады.
Біз үшін компьютермен қарым-қатынас жасаудың қолайлы әдісі - операциялық жүйе қамтамасыз ететін интерфейс маңызды.
Операциялық жүйелерді жіктеу
Дербес компьютерге арналған операциялық жүйелер бірнеше параметрлері бойынша ерекшеленеді. Атап айтқанда, ОЖ-лер:
- Бір міндетті және көп міндетті қатар атқаратын;
- Бір адам пайдаланатын және бірнеше адам пайдаланатын;
Бұдан басқа операциялық жүйенің командалық немесе графикалық (немесе екеуі
бірге) көп терезелі интерфейсі болуы мүмкін.Анығырақ айтқанда, мұндай жүйелер, әдетте, негізгі режимде бір программаны және фондық деп аталатын режімде көмекші тағы бір програманы іске қосуға мүмкіндік береді. Мысалы, негізгі режимде мәтіндер редакторын, ал фондық режимде басу программасын іске қосуға болады.
Бұл программалар бір-біріне кедергі келтірмей, қатар жұмыс істейді. Мысалы, бір программа адаммен шахмат ойнағанда, басқасы басқа компьютерлермен бірге модем арқылы ақпарат тексеруі мүмкін.
Бір міндетті жүйелер қарапайым, жинақы, қуатты аз компьютерлерде жұмыс істеу қолайлығы жағынан көпміндетті жүйелерге теңесе алмайды, сондықтан да біртіндеп
Әрине, дербес компьютерде бірнеше адам кезекпен жұмыс істеуіне болады және олардың әрқайсысы компьютердегі барлық ақпаратқа шыға алады.
Кейбір бірнеше адам пайдаланатын жүйелер, мысалы, UNІХ, бір компьютерде бірнеше пайдаланушының қатар жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Бұл жағдайда әрбір пайдаланушының жұмыс орнына терминал орнатылуы керек. Терминал ретінде не арнайы жасалған құрылғылар (пернетақтасы бар бейнемонитор), не дербес компьютерде іске қосылған арнайы программа болуы мүмкін. Бірнеше пайдаланушы, әрқайсысы өз терминалымен, бір-біріне кедергі келтірмей, бір компьютерде қатарласа жұмыс істей алады.
Соңғы жылдары графикалық көптерезелі интерфейс қажетті әрекеттер мен объектілердің сипаттамалары мәтін түрінде енгізілмейді, маустың көмегімен менюден, файлдар тізімінен және т. с. с. таңдалады.
WINDOWS ТИПТІ ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР
Бірінші типіне Місгosoft компаниясының ұқсас екі жүйесі Windows 95 пен Windows NТ жатады.
Windows 95 және Windows NТ операциялық жүйелер көпміндетті және олардың көптерезелі графикалық интерфейсі бар.
Өз тарихында Місгоsoft компаниясы алдымен Windows NТ жүйесін жасады. Бірақ сол кездегі дербес компьютердің қуаты бұл жүйені тиімді қолдануға жеткіліксіз больш шықты. Компьютердің қуатына лайықты шектелген жүйенің қарапайымдау нұсқасы Windows 95 деген атпен шығарылды да, бірден кең таралды. Бұл операциялық жүйе ЭЕМ пайдаланушыларының алдыңғы интерфейстерімен салыстырғанда, айтарлықтай тиімді болып табылады,
Windows жүйесінің ең маңызды ерекшелігі мыналар:
1. Windows тұйық жұмыс ортасы болып табылады.
Бұл - операциялық жүйе деңгейінде мүмкін болған кез келген операцияларды Windows -тан шықпай-ақ орындауға болады деген сөз. Қолданбалы программаны іске қосу, дискеттерді пішімдеу, мәтіндерді басуға шығару - мұның барлыған Windows-тан шақырып алуға және операция аяқталғаннан кейін Windows-қа кері қайтаруға болады.
Windows ортасында терезе және таңбашалар пайдаланушы интерфейсінің негізгі түсініктері болып табылады. Windows-та орындалатынның барлығы не таңбашасы (пиктограммасы) бар операция, не терезесі бар (немесе терезедегі) операция болып табылады. Барлық сервистік және қолданбалы программалар үшін терезелер құрылымы және оларды басқару элементтері, операциялар жиыны мен сервистік программаларға арналған менюдің қүрылымы, сондай-ақ маустың көмегімен орындалатын операциялар стандартталған, яғни белгілі стандарт бойынша орындалған.
2. Windows графикалық жүйе болып табылады.
Windows жүйесімен UNIX типті («Юникс» деп оқылады) операциялар жүйелер бәсекелесе алады.
UNIX - бұл командалық интерфейсі бар көпміндетті, бірнеше адам пайдаланатын
ОЖ. Ол бұдан 20 жылдан астам уақыт бүрын жоғары сенімділікті талап ететін міндеттерді шешетін, сол кездің ең қуатты компьютерлері үшін арналған.
Windows пен UNIX типті жүйелермен барлық операциялық жүйелердін көп түрлілігі тамамдалмайды. Көпшілікке арналған алғашқы дербес компьютерді американдық Аррlе компаниясы шығарған. Қазір барлық жерде қолданып жүрген Rапк Хеrох компаниясының жаңалығы графикалық көптерезелі интерфейсті алғашқы рет іске асырғандығында.
WINDOWS -ТЫ БАПТАУ
Windows 98 операция жүйесін орнатқанда жүйе пайдаданушылардың көпшілігіне есептелінген белгілі бір стандартқа сәйкес бапталуы керек. Біз енді Windows -тың кейбір баптауын ғана қарастырайық. Бас меню мен Міндеттер панелінен баска Windows-тың барлық баптауы дерлік Басқару панелі деп аталатын жүйелі қапшық арқылы орындалады. Бұл қапшыкты ашу үшін, мына әрекеттер тізбегін орындаңдар:
Пуск - Настройка - Панель Управления Баскару панелі қапшығын іске қосу.
Жаңа сабақ түсіндіріліп болған соң “Күміс қақпаның” есігі ашылады.
ІІІ. “Алты қақпаны” ашу үшін жаңа сабақты бекіту тапсырмаларын орындау.
Тапсырма 1
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz