Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Айтылған сөз

Тақырыбы: «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте».
Мақсаты:
1) Балаларды туған тілін сүйуге, оны қорғауға және қамқорлық жасауға
тәрбиелеу.
2) Оқушыларды тіл мәдениетін сақтай білуге, тіл тазалығы үшін
күресуге, сөз өнеріне баулу.
3) Оқушыларды ата – баба мұрасын жалғастырушы болуға дәріптеу
Сабақтың түрі: Ашық тәрбие сағаты
Сабақтың әдісі: Аралас
Көрнекілігі: Қанатты сөздер, ұлы тұлғаларымыздың суреттері және т.б.
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, сабақ басталғанда бір күй орындалады.
Мұғалім: Құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар! Бүгін біздің
осылай мерекелі кешке жиналып отырғанымыз Алланың бізге берген ұлы
бақытының арқасы. Ол бақыт – бейбітшілік, ол бақыт – тәуелсіздік.
Тәуелсіздігімізді, еркіндігімізді баянды етер басты қаруымыз – туған тіл.
Ананың бал сүтінен бойға сіңіріп, асыл әлдиімен жанға дарыған тілімізді
қадірлейік, мәртебесін асырайық, - деп өткізгелі отырған ашық тәрбие
сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте».
Басты мақсаты, оқушыларды туған тілін сүйуге, ата – баба мұрасын
жалғастырушы болуға тәрбиелеу.
1- жүргізуші : Тіл табиғаттың адамға берген сыйы. Әр халықтың, әр
ұлттың өз тілі болады. Жер жүзінде қаншама ұлт болса, соншама тіл бар. Тіл
тағдыры ел тағдыры. Тіл қай ұлтта, қай елде болмасын қасиетті, құрметті.
Өйткені тілсіз ел, қоғам болмайды. Тіл - халықтың байлығы, қазынасы.
Бұл жанды тіл – менің аза тілім,
Жадымда талмай самғар қанат тілім.
Жыр – қуат, сөзі – ана уызындай,
Жасай бер, Ана тілім – Қазақ тілім!
2 – жүргізуші : Алдамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі,
біздің осындай қасиетті мұрамыз,ана тіліміз – қазақ тілі. Қазақ тілі –
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Елбасымыз Н. Назарбаев «Тіл
тағдыры - өзін Қазақстан азаматымын деп санайтын баршаның ортақ ісі» - деп
атап көрсеткен.
Жанын сап, халқын сүйіп, баққан тілім,
Жалықпай құпиялар ашқан тілім.
Жаһанның төрт бұрышы түгел танып,
Жат жұрттанда достарын таппқан тілім.
1 - жүргізуші : Ал енді құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар
келесі кезекті оқушыларға берейік.
1 - оқушы: (ұлттық қазынамыз)
«Ұлттық тіл - қазақ ұлтының рухани, медени байлығын ұрпақтан –
ұрпаққа жеткізуші қасиетті құрал.»
2 - оқушы: (Намысымыз)
Тілім менің ғасырлардан аманат,
Аманатқа адам болсын қанағат.
Ар – намысқа келтірмейік жаманат,
Қазақ болып туылдың ба, ендеше,
Өз тіліңді өзгелерге бағалат.
3 - оқушы: (Байлығымыз)
Мемлекеттік тіл - қазақ ұлтының рухани, мәдени байлығы.
4 - оқушы: (Достық көпірі)
«Егер ана тілімізге шын жанымыз ашйтын болса, оны әуелі өзіміз
үйреніп, сосын балаларымыз бен достарымызға үйреткеніміз абзал».
Рауан: (Қарым – қатынас құралы).
Тіл – жеке адамның туындысы емес, қоғамның жемісі, қоғамның нәтижесі. Тіл –
қоғамдағы адамдардың қарым – қатынас құралы.
5 - оқушы: (Халықтың күре тамыры).
Тіл халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін келбеті, болмысы.
6- оқушы: (Мақтанышымыз). Тіл қай ұлтта болса да, қай елде болса да,
қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамның бойына ана сүтімен бірге еніп
қалыптасады. Тіл байлығы - әр елдің мақтанышы.
7 - оқушы: (Мәденит).
Ана тілі - әр халықтың өзінің төл белгісі. Адам өз ана тілімен
бақытты болады. Өз халқының өткен тарихын, салт – дәстүрін, мәдениетін білу
үшін ана тілін білуі қажет.
8- оқушы: (Әдебиет)
Ана тілімізді қадірлеу, қастерлеу – ежелгі салтымыз. Қазақ халқы
ежелден шешендікке әуес.
9 - оқушы: (Тіл).
Тіл - мәдениет, тіл - ұлттық қазына, тіл – біздің намысымыз, арымыз,
мақтанышымыз, байлығымыз, барымыз.
2 - жүргізуші :
Ана тілім жүрегісің анамның,
Жүрек ана, мен өзіңнен жаралдым.
Сағат сайын саулығыңды тілеймін,
Сенсіз маған керегі жоқ ғаламның – дей келе балалар біз қазір
өздеріңізге тіл туралы мақал – мәтелдерді, қанатты сөздерді оқимыз,
ал сіздер оның жалғасын табасыздар.
1 - жүргізуші : Тіл - адам ойының ... (айнасы).
2 - жүргізуші : Аңдамай сөйлеген ... (ауырмай өледі).
1 - жүргізуші : Ойнап сөйлесең де ... (ойлап сөйле).
2 - жүргізуші : Тисе терекке, тимесе ... (бұтаққа).
1 - жүргізуші : Айтылған сөз ... оқ пен тең (атылған)
2 - жүргізуші : Бал тамған тілден ... тамар (у)
1 - жүргізуші : Көп сөз - ... (бос сөз)
2 - жүргізуші : Көп сөз – күміс, аз сөз ... (алтын)
1 - жүргізуші : Жасыңда қылжаң болсаң, өскенде ... (мылжың) боласың.
2 - жүргізуші : Таза сөйлеу – биік ... (мәдениеттілік)
2 - жүргізуші :
Әр бір тілде сөйле, әлемді таң қылып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық.
Өсер болсаң байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.
Ал енді осы орайда оқушыларымыздың дайындаған «Сқз қадірі» атты
көрінісін тамашалаңыздар.
Қатысатындар: Автор, әкесі, баласы, қария.
Автор : Өте ерте заманда бір қадірлі шешен қария дүниеден көз
жұмарында баласына:
Әкесі : Балам мен коп ұзамай дүние саламын. «Әкем қазына қалдырмады»
деп өкпелеме. Ел ішінде қалдырып бара жатқан асыл мұрам бар. Соны іздеп
тап, қадірле, қастерле.
Автор : дейді әкесі. Мұны естіген бала әке мұрасын іздеймін деп,
табанынан таусылып, таба алмайды. Ойы сан-саққа кеткен бала бір күні ел
ішіндегі абзал қарияға келеді.
Бала : Ата, әкем маған қандай қазына қалдырды? Мен іздеп таба алмадым.
Мүмкін сіз білетін шығарсыз, айтыңызшы.
Қария : Әкеңнің сөзі рас, балам оның саған қалдырған мұрасы – тіл, ол
шешен адам еді ғой. Бәріміз сөйлеуді сенің әкеңнен үйрендік. Тілден қымбат
қазына, байлық жоқ.
Автор : деп аталы сөздің шешімін айтыпты.
2-жүргізуші :
Сүйемін туған тілді, анан тілім,
Бесікте жатқанымда –ақ берген білім.
Шыр етіп, жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үшін
Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты.
Сүйгенім, жек көргенім, ұнатқаным.
Келесі кезекті мың бұралған биші қыздарымызға берсек, қалай қарайсың
Динара.
1 - жүргізуші : Әрине Венера, осындай тамаша көріністен кейін мың
бұралған бишілеріміздің биін неге тамашаламасқа. Ендеше алдарыңызда би.
1 - жүргізуші :
Қазақ тілім – саялаған нұр бағым,
Қазақ тілім – анам тілім, ардағым.
Сен арқылы жетіп жатыр өмірге,
Жан сырларым, тілегім, бар арманым.
2-жүргізуші :
Қазақ тілі - өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім – демекші Ахмет, Мағжан, Бауыржан
сынды ата – бабаларымыздың тіл туралы айтып кеткен дана сөздеріне құлақ
салсақ:
А. Байтұрсыұлы (1 – оқушы): «Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры,
жұмсайтын қаруының бірі, осы дүниедегі адамдар тілінен айрылып, сөйлеу ден
қалса, қандай қиындық күйге түсер еді?»
М. Жұмабаев (2 – оқушы): «Тіл – адам жанының тілмәші. Тілсіз ұлт,
тілінен айырылған ұлт болып жасай алмақ емес, сондай ұлт құрымақ. Ұлтының
ұлт болуы үшін бірініші шарт – тіл болуы, ұлтқа тілінен қымбат нәрсе
болмасқа тиісті»
Ерлік, елдік, қайрат, бақ, ардың,
Жауыз тағдыр жойды бәрін, не бардың.
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз бабам тілі сен қалдың.
Б. Момышұлы (3– оқушы): «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған
тілімізді ұмыту – бүкіл ата – бабамызды, тарихымызды ұмыту».
М. Дулатов (4 – оқушы): «Қазақ тілі бай, таза, іргелі жұрт тілі деп
бәрімізге айтамыз. Бірақ құр бай, таза деумен ғана тіліміз өздігінен
сақталып, әдебиетіміз өрбіп кете алама? Міне, сол үшін де, қазақ тілімізді
сақтайық, балаларымзды қазақша білсін десек, олардың бәрінің негізі «Тіл
құралы» екенін ұмытпауымыз керек».
Р. Ғамзатов (5 – оқушы): «Ана тілім менің! Сен маған ризасың ба,
білмеймін, бірақ менің тілегім сенсің. Мен сені әрдайым мақтан етемін,
туған тілім, қазақ тілім »!
С. Көбееов (6– оқушы): «Қазақ тілінен осы, қазақ тілінен бай тіл жоқ
... Дүниедегі ең асыл тіл – араб тілі, одан кейін түрік тілі, түрік тілінің
ішіндегі гауһары – қазақ тілі».
1 - жүргізуші :
Ежелден – ақ елімізі, ірі, іргелі,
Шежіреміз, тарихымыз ілгері.
Менің тілім – қаз дауысты Қазыбек,
Айтеке мен Төле бидің тілдері.
2 - жүргізуші :
Көп ұлтты Қазақстанда,
Жүзден астам тілдер бар,
Мәртебелі, маңызды,
Қазақ тілін танып ал!
1- жүргізуші :
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте! – дей отырып, бүгінгі ашық
тәрбие сағатымызды аяқтаймыз, зейін қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет. Сау
болыңыздар!

Ұқсас жұмыстар
Тілге қатысты достарымен пікірлесу
Ырықсыз етіс
Білімді болсаң, байқап көр
Сөз ойла, тез ойла
Пысықтауыштық қатынастар. 7-сынып
Жалғау жайлы ақпарат
Аққала
Ғылым таппай мақтанба Қазақ халқының ұлы ақыны Абай өмірімен танысу,
Сөз сарапшыларда
Қазақ халқының шешендік сөз өнері
Пәндер