7-сынып: WordPad мәтіндік редакторында құжат құру - сарамандық жұмыс

7 -сыныптар

Сабақтың тақырыбы: Word Pad-та құжат құру. Сарамандық жүмыс

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға Word Pad мәтіндік редакторының мүмкіндіктерін пайдалануды сарамандық жұмыс арқылы үйрету
  2. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру және компьютермен жұмыс жасау мүмкіндіктерін дамыту.
  3. Оқушыларды ұқыптылыққа, үйымшылдыққа, компьютермен сауаты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : Сарамандық жұмыс

Әдісі: Сұрақ-жауап, жеке жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: ДК, слайттар, үлестірмелі тапсырмалар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ

ІV. Сарамандық жұмыс

V. Үйге тапсырма

VІ. Қортындылау

І. Сабаққа келмеген оқушыларды түгендеу, үй тапысырмасын пысықтау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Пысықтау сұрақтары.

  1. WORD PAD қандай редактор?
  2. WORD PAD редакторын қалай іске қосамыз?
  3. WORD PAD редакторының терезесінің элементтерін атаңдар?
  4. Саймандар тақтасы неше топқа бөлінеді?
  5. Меню қатарында қандай менюлер орналасқан?

ІІІ. Жаңа сабақ.

WORD PAD -та құжат құру

WORD PAD -та құжат құру үшін мынадай сатыларды орындаймыз.

  1. Қаріп(шрифт) және оның өлшемін таңдаймыз
  2. Мәтінді енгізу және редакциялау
  3. Мәтінді пішімдеу
  4. Құжатты сақтау және ашу
  5. Баспаға шығару.
  1. Ең алдымен қаріпті және оның өлшемін таңдаймыз.

Бағдарлама іске қосылғанда үнсіз келсіммен, автоматты түрде орысша және ағылшынша әріптермен мәтінді енгізу үшін Times New Roman қаріпі орнатылады. Тапсырма тақтасындағы пернелік тақта индикаторынан Ru немесе En батырмаларын таңдаймыз. Мәтінді қазақ тілінде енгізу үшін құрал-саймандар тақтасындағы шриф батырмасын шертіп Kz Times New Roman қарпін таңдаймыз және пернелік тақта индикаторында Kz батырмасын шерту керек.

Размер шрифта батырмасының созылған менюінен қаріптің қажет іөлшемін таңдаймыз.

Тапсырма тақтасындағы Times New Roman қаріпін таңдау Қаріп өлшемін таңдай

пернеліктақта индикаторы

  1. Мәтінді енгізу және редакциялау

Мәтін пернелік тақтамен енгізіледі. Мәтінді енгізгенде жолдар автоматты түрде төмен жылжып отырады. «Enter» пернесі тек азат жолдан бастар кезінде қолданылады. Бас әріп теру үшін «Shift» пернесін қолданамыз. Жолды түгер бас әріппен жазу үшін «Caps Lock» пернесін қолданамыз. Қате теріп қойсақ «Backspace», «Delete» пернелерін қолданамыз .

ІV. Сарамандық жұмыc

1. Мәтінді теріңіздер

2. Мәтін тақырыбы барлығы бас әріппен және қаріп өлшемі-28, ал қалған мәтінді өлшемі-20 мен жазыңыздар.

3. Пернелік тақта индикаторынан Kz батырмасын таңдаңыздар.

Бірнеше он жыл бұрын археолог-ғалымдар ертедегі адамдардың қонысын тапты. Онда олар 30 мың жыл бұрын бір ертедегі аңшы оған шауып, елу бес кертік жасаған қасқырдың сүйегін тапты. Алғашқы қауым адамдары мал шаруашылығын да, жер шаруашылығын да білмеген. Олар жабайы аңдарды аулап, балық аулап, бүлдірген, саңырауқұлақ, жаңғақ жинап, жеуге болатын өсімдіктердің тамырын қазып жеп күн көрген.

4. Мәтінді редакциялаңыздар

V. Үйге тапсырма:

Word Pad мәтіндік редакторында құжат құру тақырыбын оқып келу.

VI. Қорытындылау:

  1. Сонымен оқушылар Word Pad редакторы қандай редактор?

VІI. Оқушларды бағалау

Сарамандық жұмыc

1. Мәтінді теріңіздер

2. Мәтін тақырыбы барлығы бас әріппен және қаріп өлшемі-28, ал қалған мәтінді өлшемі-20 мен жазыңыздар.

3. Пернелік тақта индикаторынан Kz батырмасын таңдаңыздар.

Бірнеше он жыл бұрын археолог-ғалымдар ертедегі адамдардың қонысын тапты. Онда олар 30 мың жыл бұрын бір ертедегі аңшы оған шауып, елу бес кертік жасаған қасқырдың сүйегін тапты. Алғашқы қауым адамдары мал шаруашылығын да, жер шаруашылығын да білмеген. Олар жабайы аңдарды аулап, балық аулап, бүлдірген, саңырауқұлақ, жаңғақ жинап, жеуге болатын өсімдіктердің тамырын қазып жеп күн көрген.

4. Мәтінді редакциялаңыздар


Ұқсас жұмыстар
Ашық сабақ: 5-сынып - WordPad мәтіндік редакторында құжат құру, сақтау және ашу
7-сынып: WordPad мәтіндік редакторында жұмыс істеу және бағдарламаны іске қосу
WordPad мәтіндік редакторында құжаттарды құру, сақтау және ашу
WordPad мәтіндік редакторында жұмыс жасау: сабақ жоспары мен практикалық тапсырмалар
8-сынып информатика: MS Word редакторында мәтіндік құжат құру және мәтінді пішімдеу
WordPad мәтіндік редакторында мәтінді теру және түзету ережелері
WordPad мәтіндік редакторы: интерфейс, құжаттарды құру және пішімдеу
MS Word редакторында практикалық сабақ: құжат құру, форматтау және бағалау
7-сынып: Word мәтіндік редакторында кестелерді құру, редакциялау және пішімдеу
7-сыныпқа арналған WordPad мәтіндік редакторымен жұмыс: сабақ жоспары мен практикалық тапсырмалар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz