Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Тілдің алфавиті

Сабақтаң тақырыбы: «Паскаль тілінің негізгі элементтері».
Мақсаты: Оқушыларды Паскаль программалау тілінің құрлмымен, орындалу
ретімен және алфавитімен таныстырып, алгоритмді программалау тілінде жазу
ережелерін түсіндіру және программа бөліктерінде қолданылаитын міндетті
түрдегі түйінді сөздердің орналасу ретін қатаң сақтауды үйрету.
Оқушылардың біліміне қойылатын талаптар: оқушылар Паскаль прграммалау
тілінің құрылымын, оның орындалу ретін және программада қолданылатын
түйінді сөздердіің дұрыс жазылуын білуі қажет.
Барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
3. Жаңа сабақ.
4. Үйге тапсырма.
Жоспар:
1. Паскаль тіліндегі пограмманың құрылымы.
2. Паскаль программасының жазалу ерекшеліктері.
3. Тілдің алфавиті.
4. Тілдің ерекшеліктеріне қарай символдың жіктелуі.
Программа белгілі бір мәселені, есепті шешуге арналған. Есеп шығару
барысында компьютерге бастапқы мәліметтер енгізіледі, оларды қалай
өңделетіндігі көрсетіледі және нәтиже қандай түрде, қандай құрылғыға
шығарылатыны айтылады.

Тіл объектілерін, яғни программада пайдаланылатын мәліметтердің
құрылымы мен ұйымдастыруын алдын ала анықтайтын сөйлемдер жиыны
программаның сипаттамасы болып табылады.

Компьютер орындай алатын программа жазу үшін программалау тілінің
синтаксисі (оның элементерін жазу ережелері) мен семантикасын (оларды
пайдалану мағаналық ережелері) білу қажет.Паскаль тіліндегі программа жеке
жолдардан тұрады. Оларды теру, түзету арнайы мәтіндік редакторлар арқылы
атқарылады. Программа қатарларының алдындағы азат жол немесе бос орындар
саны өз қалауымызша алынады. Бір қатарға бірнеше команда немесе
операторларды бір-бірімен нүктелі үтір (;) арқылы ажыратып жазуға болады.
Бір жолға жазылатын симвлолдар саны 256-дан аспауы керек. Түзетуге жеңіл,
оқуға ыңғайлы болу үшін бір жолға бір оператор жазған дұрыс.
Кез келген прогограмманың алғашқы жолы PROGRAM сөзінен басталатын оның
тақырыбынан, яғни атынан тұрады. Одан кейін программаның ішкі
объектілерінің сипатталу бөлімі орналасады. Бұл бөлім программадағы
айнымалылар, тұрақтылар сияқты объектілердің қасиеттерін алдын ала
бекітіліп анықтап алуға көмектеседі. Сипаттау бөлімі бірнеші бөліктерден
тұрады. Пограмманың күрделілігіне байланысты көбінесе ол бір немесе екі
ғана бөліктен тұруы мүмкін.
Орындалатын іс-әрекеттер, командалар операторлар бөлімінде орналасады.
Олар begin түйінді сөзінен басталып, барлық атқарылатын операторлар
(командалар) тізбегі жазылып біткен соң, end түйінді сөзімен аяқталып,
соңына нүкте қойылады.
Программа құрылымын 2.1-суретте көрсетілгендей етіп бейнелеуге болады.
Операторлар бөлімінде командалар реттеліп орналасады, олардың кейбірі
шартқа байланысты атқарылса, ал кейбірі қайталанып цикл немесе қосымша
программа (подпрограмма, процедура) түрінде де орындалуы мүмкін.
Деректер – сан мәндерін, мәтін ретіндегі сөз тіркестерін де мән ретінде
қабылдай алатын тұрақтылар, айнымалылар, т.б. осылар тәрізді құрылымдар
немесе солардың адрестері.
Дерек енгізу – бастапқы мәліметтерді пернетақтадан, дискіден немесе
енгізу-шығару порттарынан оқу арқылы жүзеге асырылады.
Операциялар немесе амал-әрекеттер – берілген, есептелген мәндерді
меншіктеу, оларды өңдеу, салыстыру істерін орындайды.
Нәтиже алу (шығару) – аралық немесе қорытынды мәліметтерді экранға,
дискіге немесе енгізу-шығару порттарына жазу.
Шартты түрде атқарылу – белгілі бір көрсетілген шарт қанағаттандырылса
(ақиқат болса), онда командалар жиыны атқарылады, әйтпесе олар аттап
өтіледі немесе басқа командалар жиыны жүзеге асырылады.
Цикл - белгілі бір орындалса (кейде орындалмаса), көрсетілген
командалар жиыны бірнеше рет қайталанып атқарылады немесе шарт көрсетілмей-
ақ алдын ала олардың неше рет қайталанатыны бүтін санмен беріледі.
Көмекші программа – алдан ала ат қойылған командалар тобы программаның
кез келген бөлігінде оның атын көрсету арқылы шақырылып атқарыла береді.
Түсініктеме – программа жолдарының соңында немесе оның түйінді сөздері
арасында жүйелі жақшаға алынып жазылған қазақша (орысша) түсінік беретін
сөз тіркестері. Олар программа жолдарының орындалуына ешқандай әсер
етпейді.
Тілдің негізгі анықтамаларын беру алдында Паскаль тілінде құрылған бір
қарапайым мысал келтірейік.
1-мысал. Радиусы r=5,5 см болатын берілген шеңбердің ұзындығын табу
керек болсын. Шеңбер ұзындығын есептеу үшін l=2r формуласын
пайдаланамыз.
Program esep1; {Программа тақырыбы}
Const pi=3.14; { тұрақтысының мәнін беру}

Var r, l: real; {r, l мәндерінің нақты (аралас) сан екенін
сипаттау}
begin {Операторлар басы}
r:=5.5; {r мәнін беру}
l:=2*pi*r; {Шеңбер ұзындығын есептеу}
write (‘радиусы 5,5 см болатын шеңбер ұзындығы=’, l); {Нәтижені
экранға шығару}
end. {Программа соңы}
Жоғарыдағы программаның алғашқы жолы – оның тақырыбы, екінші және
үшінші жолы – сипаттау бөлігі, begin (басы) және end (соңы) сөздерінің
ортасында орналасқан операторлар, яғни әр түрлі амалдар орындалу бөлігі.
Программаның сөздік элементтері ағылшын тілінде. Оны қазақшаға (орысшаға)
аударуға болады, алгоритмдік тіл де солай жасалған. Бірақ барлық еледер
программадағы негізгі немесе түйінді сөздерді өз тіліне аудармай, олардың
ағылшынша нұсқасын пайдаланады, олар көп емес (60-70 сөз). Сондықтан
ағылшын тілін үйренуді осы түйінді сөздерден бастап әрі қарай дамыту
оқушылар үшін тиімді болады.
Тілдің алфавиті программаның элементтерін құруды қолдануға болатын
символдар жиынынан тұрады. Оған әріптер, цифрлар және арнайы белгілер
(символар) жатады.
Тіл ерекшеліктеріне қарай символдар тобын шартты түрде төмендегі
топтарға жіктеуге болады:
• атаулар (идентификатор);
• цифрлар;
• айыру белгілер;
• арнайы символдар.
Атау символдары ретінде латын алфавитінің 26 әрпі мен цифрлары
қолданылады.
а) Әріптер ретінде латын алфавитінің бас әріптері мен кіші әріптері:
A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z
a b c d e f g h I j k l m n o p q r s t u v w x y z
және астын сызу таңбасы (___) қолданылады.
Бас әріптер мен кіші әріптердің маңызы бірдей болып есептеледі,
мысалы, Х пен х-тің айырмасы жоқ, дәл сол сияқты ALFA1 және Alfa1 де бір
атаудың жазылу түрлері болып саналады. Атауларда әріптер цифрлармен
араласып жазыла береді, бірақ атаудың алғашқы символы міндетті түрде әріп
болуы тиіс, мысалы, VES1, SALMAK2, Baga5, T7S25.
ә) Ондық цифрлар: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 сан таңбалары.
Оналтылық цифрлар ондық цифрлардан және А-дан Ғ-қа дейінгі латын
әріптерінен тұрады.
Арнайы символдарға пунктуация және арифметикалық операция (амалдар)
белгілері жатады.
б) Арифметикалық амал белгілері:
(+) қосу; (*) көбейту;
(-) азайту; (/) бөлу.
DIV – бүтін бөлу (бүтін санды бүтін санға бөлгендегі бөліндінің бүтін
бөлігін табу), мысалы, 10 div 3 амалының нәтижесі 3.
MOD – қалдықты табу (бүтін сандарды бөлген кездегі бүтін қалдықты
табу), мысалы, 10 mod 3- нәтижесі 1.
Логикалық амал белгілері:
AND – және (логикалық көбейту) операциясы;
OR – немесе (логикалық қосу) операциясы;
NOT – емес (терістеу немесе жоққа шығару) операциясы;
XOR – арифметикалық немесе амалы;
SHL – биттер (1 мен 0-дер) тіркесін солға ығыстыр;
SHR – биттер (1 мен 0-дер) тіркесін оңға ығыстыру.
в) Айыру белгілеріне бос орын, барлық басқару символдары, тыныс
белгілер, ENTER (келесі жолға көшу) пернесін басу белгісі және
түсініктемелер жатады.
Сонымен айыру белгілері: _ (бос орын); , (үтір); . (нүкте); : (қос
нүкте); ; (нүктелі үтір); ‘ (апостроф); жатқызамыз. Пунктуация
белгілерінің атқаратын қызметтері 2.1-кестеде көрсетілген.
г) Қатынас таңбалары немесе салыстыру белгілері:
= (тең), <> (тең емес), < (кіші), > (үлкен), <= (үлкен емес,
таңбасының орнына), >= (кіші емес, таңбасының орнына).

А н ы қ т а м а. Түйінді сөздер – алдын ала мағынасы анықталған, тілдің
құрамының бір бөлігі болып табылатын сөздер.
Паскаль тіліндегі түйінді сөздер бір-бірімен айыру белгілерімен
бөлінген алдын ала анықталған белгілі бір мағынасы бар сөз тіркестері.
Паскаль тіліндегі түйінді сөздерді үш топқа бөлуге болады, олар: қордағы
(резервтегі) сөздер, стандартты атаулар немесе идентификаторлар және
бейстандарт идентификаторлар. Паскаль тілінің дербес компьютерге арналған
нұсқасының қордағы сөздері 2.2-кестеде және кітап соңындағы қосымшада
келтірілген.
Программалау тілінің синтаксистік диаграммалары.
Синтаксистік диаграммаларды екі геометриялық фигура – тіктөртбұрыш
және эллипс (кейде дөңгелек) кең пайдаланылады. Тіктөртбұрыш ішінде тілдің
анықталатын элементтері (бейтерминалды символдар), ал эллипс ішінде
терминалдық символдар, яғни анықтауды қажет етпейтін таңбалар жазылады (2.2-
сурет).

Синтаксистік диаграммалар құрылымы.

Синтаксистік диаграммаларды пайдаланып, тілдің дұрыс конструкциясын
түсіну үшін көрсетілген бағыт бойынша бір фигурадан екінші фигураға қарай
жылжу қажет. Бір емес бірнеше тармақталған бағыт көрсетілген жағдайда,
олардың кез келгнін таңдап алуға болады. Егер сол бағытта басқа диаграммаға
сілтеме тұрса, онда сол жаңа диаграммаға еніп, сондағы көрсетілген бағыт
бойынша жылжи отырып, одан шығып, бастапқы диаграммаға қайтып оралу қажет.
Егер жылжу бағытында нүкте кездессе, онда бұл тармақтың тек Турбо Паскаль
тіліне ғана қатысты екені белгілі болады, яғни бұл мүмкіндікті стандартты
Паскаль тілінің кеңейтілуі деп түсінеміз.

Үй тапсырмасы:
o 34-41 беттер, оқып келу.
o Кестелерды сызып келу.
o Алгоритмдік тіл мен Паскаль программалау
тілінің ұқсастқтарын Венн диаграммасымен
кескіндеу.

-----------------------
Базалық символ

Бейтерминал символ

Ұқсас жұмыстар
Программалау тiлi. тiлдiң алфавитi. программалау тiлiнде алгоритм жазу ережесi
Паскаль-программалау тілі, жоспар, 9-класс
Арифметикалық өрнектердің жазылу ережелері. 9-сынып
Арифметикалық өрнектердің жазылу ережелері
Паскаль - программалау тілі. Паскаль тілінің негізгі элементтері. Тілдің алфавиті.
Файл және оны баптау
Шығару операторы
Санның квадраты
Ақпараттарды кодтау
Мәліметтер типі. Өрнек. Айнымалылар
Пәндер