Бағыттаушы қолданбасы

7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Бағдарламаларды іске қосу және құжаттар ашу.

Бағыттаушы қолданбасы (Проводник)

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларды «менің компьютерім» бумасының терезесі, «бағыттаушы» бағдарламасы арқылы және «пуск» батырмасын қолданып, бағдарламаларды іске қосу және құжаттарды ашу тәсілдерімен таныстыру.
  2. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру және компьютермен жұмыс жасау мүмкіндіктерін дамыту.
  3. Оқушыларды ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа, компьютермен сауаты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : Жаңа сабақ

Әдісі: Көрсете баяндау, пікірлесе- түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: ДК, слайттар, үлестірмелі тапсырмалар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ

ІV. Сарамандық жұмыс

V. Үйге тапсырма

VІ. Қортындылау

І. Сабаққа келмеген оқушыларды түгендеу, үй тапысырмасын пысықтау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Пысықтау сұрақтары.

  1. Сыртқы жадылардың түрлерін атаңдар?
  2. Ақпаратты шығару-енгізу құрылғыларын атаңдар?
  3. Қатқыл дискінің қызметі?
  4. Иілгіштік дискінің көлемі қандай?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Бағдарламаларды іске қосумен құжаттарды ашудың бірнеше жолдары бар.

  1. «Пуск» батырмасы арқылы
  2. «Менің компьютерім» бумасы арқылы
  3. бағыттацыш қолданбасы арқылы

«Пуск» батырмасы арқылы бағдарламаны іске қосу

Ол үшін:

  1. пуск батырмасын басыңдар, сонда Бас меню пайда болады.
  2. Бас менюде тышқан нұсқағышын Бағдарламалар командасына орналастырыңдар, сонда бағынқы меню шығады
  3. Бағынқы менюде тышқанның нұсқағышын Станттарты командасына орналастырса, келесі бағынқы меню шығады.
  4. Бұл бағынқы менюде маус нұсқағышын қажетті қолданбаның белгішесіне орналастырып, оны шертса, қолданба ашылады.

«Пуск» батырмасы арқылы құжаттарды ашу.

  1. Пуск бармасын шетеміз.
  2. Басты менюде Документы командасына тышқан нұсқағышын орналастырғанда қалқып шығатын бағынқы меню пайда болады, онда жақында ашылған 15 құжат көрсетіледі.
  3. Тышқан көрсеткішін белгілі бір құжаттың белгішесіне әкеліп, тышқанның сол жақ батырмасын шертеідер.

«Менің комьютер» бумасы арқылы бағдарламаны іске қосу

  1. Мой компьютер бумасының терезесін ашыңдар: ол үшін жұмыс орнындағы Мой компью белгісіне маус көрсеткішін қойып, оны екі рет шертеміз.
  2. Мой компьютер бумасы диск С: белгісініе маус көрсеткішін орналастырып, оны екі рет шертіңдер. С: дискісінің терезесі ашылады.
  3. Бұл терезедеProgram Filesбумасының белгісініе маускөрсеткішін орналастырып, оны екі рет шертіңдер.Program Filesбумасының терезесі ашылады.
  4. Бұл терезедеAccessoriesбумасының белгісіне маус көрсеткішін орналастырып, белгіні екі рет шертеміз, сонда осы бума терезесі ашылады.
  5. Бұл терезедеWordPadқолданбасының белгішесіне маус көрсеткішін орналастырып, оны екі рет шертіңдер, сондаWordPadмәтіндік редакторының қоллданбасы ашылады.

Бағыттаушы қолданбасы. (Проводник)

Бағыттаушы қолданбасын іске қосу үшін:

  1. Маус көрсеткішін «Пуск» батрмасына орналастырып, оның сол жақ батырмасын шертеміз.
  2. маус көрсеткішін бас менюдегі Бағдарламалар командасына орналастырып, сонда бағынқы меню шығалы.
  3. маус көрсеткішін бағынқы менюден Проводник командасына орналастырып, оның сол жақ батырмасын шертеміз.

Бағыттаушы қолданбасының терезесі ашылады.

Терезенің сорл жақ бөлігі сендердің компьютерлерінде бар бумаларды ағаштың бұтақтарында орналасқан жапырақ тәрізді көрсетеді.

Бумалар белгілеуінің жанында ішінде «+» немесе «-« белгісі бар кішкентай шаршы орналасқан. «+» белгісі бар шаршыда маусты шерттсе, қапшықтың ішіндегі барлық бағыныңқы бумалар көрінеді, ал «+» белгісі «-» белгісіне ауысады. Ал егер «-» белгісін шертсе, онда барлық бағыныңқы бумалар бір бумаға жиналады, ал «-» белгісі «+» белгісініе ауысады

Бағыттауыш қолданбасы арқылы бағдарламаны қалай іске қосамыз.

  1. Бағыттауыш қолданбасын іске қосыңдар
  2. Терезенің сол жақ бөлігіндегіProgram Filesбумасының «+» белгісіне маус көрсеткішін орналастырып, оны шертіңдер, Program Filesбумасының «бұтағы» ашылады
  3. Терезенің осы бөлігінде маус көрсеткішінAccessoriesбумасына орналастырып, оны шертіңдер. Терезенің оң жақ бөлігінде оның мазмұны пайда болады.
  4. Маус көрсеткішін терезенің оң жақ бөлігіндегіWordPadқолданбасының белгішесіне орналастырып, екі рет шертіңдер.WordPadмәтіндік редакторы қолданбасы ашылады.

Бағыттауыш қолданбасы арқылы құжатты қалай ашады.

  1. Бағыттауыш қолданбасын іске қосыңдар
  2. Терезенің сол жақ бөлігіндегіМой документыбумасының «+» белгісіне маус көрсеткішін орналастырып, оны шертіңдер, Мой документыбумасының «бұтағы» ашылады. Терезенің оң жағында осы буманың мазмұны шығады.
  3. Терезенің оң жақ бөлігін ашқыларың келетін құжаттың белгішесіне маус көрсеткішін қойып, оны екі рет шертіңдер. Құжат өзі құрылған қолданба терезесінде ашылады.

ІV. Сарамандық жұмыс

  1. Кестені толтыр.
Бағдарламаны іске қосу мен құжатты ашудың үш тәсілі бар.
Бағдарламаны іске қосу мен құжатты ашудың үш тәсілі бар.:

2. тапсырма

«Пуск» батырмасы арқылы бағдарламаны іске қосу.

1. Пуск батрмасын бас
1. Пуск батрмасын бас: 2
1. Пуск батрмасын бас: 3
1. Пуск батрмасын бас: 4

«Пуск» батырмасы арқылы құжатты қалай ашады?

1. Пуск батрмасын бас
1. Пуск батрмасын бас: 2
1. Пуск батрмасын бас: 3
1. Пуск батрмасын бас: 4

V . Үйге тапсырма:

Бағдарламаларды іске қосу және құжаттар ашу. Бағыттаушы қолданбасы (Проводник) тақырыптарын оқып келу.

VІ. Қорытындылау:

  1. Сонымен оқушылар Бағдарламалармен құжаттарды ашудың неше жолы бар?

VІІ. Оқушыларды бағалау


Ұқсас жұмыстар
Дискілерді пішіндеу
Блокнот және калькулятор бағдарламалары
Ақпаратты компьютермен сақтау
WINDOWS ОЖ жұмыс үстелі. Обьектілерді іздеу. Бағдарламаларды іске қосу және
Интербелсенді тақта, оқулық
Жаңа сабақ Обьектілерді презентацияға қою
Калькулятор программасы
Орта мектептің жоғарғы буынында "page make"r бағдарламасын оқыту
Презентация жоспарын құру
Бағыттаушы парақтары оқулық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz