10-сынып: Программаларды өңдеудегі модульдік қатынас және объектті-бағытталған программалаудың негізгі принциптері

10-cынып

Сабақтың тақырыбы: Программаларды өңдеудегі модульдік қатынас

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға программалық модул, объектті-бағытталған программалаудың негізгі принциптері туралы ұғым беру.
  2. Оқушылардың пінге деген қызығушылықтарын және компьютермен жұмыс жасауды үйрету.
  3. Оқушыларды ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа компьютермен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : жаңа сабақ. .

Әдісі: Түсіндіру, баяндау, жеке жұмыс.

Сабақ көрнекілігі: ДК, слайдттар, тапсырмалар, пернелік тақта.

Сабақтың барысы:

I) Ұйымдастыру.

II) Үй тапсырмасын тексеру.

III) Жаңа сабақ.

IV) Сарамандық жұмыс.

V) Үйге тапсырма.

VI) Қортындылау.

Сабаққа келмеген оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын пысықтау.

II) Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Процедуралы программалаудың идологиясы неде?
  2. Жоғарыдан төмен программалаудың мәні неде?
  3. Неліктен программаларды өңдеудегі құрылымдық қатынас процедуралыққа қарағанда оңайырақ?
  1. Жаңа сабақ.

Модуль-бұл анықталған тағайындалуы және басқа программалық модульдерден автономды өңдеу берілген функцияларын қамтамасыз ететін программаның тәуелсіз бөлігі.

Өзара байланысқан бөлік-модульдер жиыны түріндегі жасалып жатқан программалық өнім көрінуі, ыңғайлылығы үшін орындалады:

  • өңдеу;
  • программалау;
  • жөндеу;
  • программалалық өнімге өзгертулер енгізу.

Программалық өнімнің модульдік көрінуі келесі мақсаттарды көздейді:

  • өңдеудің қажет мерзімін қамтамасыз етіп орындаушыларға жұмысты үлестіру;
  • жобалық жұмыстарға күнтізбелік график құрау және программалық өнімдерді жасау процесінде оларды үйлестіру;
  • жобалық жұмыстардың еңбек шығыны мен бағасын бақылау.

Көптеген модульдер арасынан ерекшелейді:

  • басты модуль- программалық өнімнің іске қосуын басқарады;
  • басқарушы модуль-басқа модульдерді өңдеуге шақыруын қамтамасыз етеді;
  • жұмыс модульдері-өңдеу функцияларын орындайды;
  • сервистік модульде және кітапханалар, утилиттер-қызмет ету функцияларын атқарады.

Объектті-бағытталған программалаудың принциптері.

  1. Барлығы объект болып саналады.
  2. Объекттер бір-бірімен хабарлама жіберу арқылы әрекеттеседі.
  3. Хабарлама қимылға келтіру үшін керекті аргументтер жиынтығымен қамтылған әрекетті жасауға сұрау.
  4. Әрбір обьекттің онда басқа обьекттер орналасқан тәуелсіз жадысы бар.
  5. Әрбір обьект обьекттердің жалпы қасиеттерін білдіретін кластың өкілі болып саналады.
  6. Класта объекттің іс-әрекеті беріледі. Бір кластың барлық объекттері бірдей әрекеттерді жасай алады.
  7. Кластар жалпыға бірдей, бірыңғай иерархиялық ағаштың төменгі сатысында орналасқан әрекеттерді қайталайды.

Кластар объекттерді суреттеу қызметін атқарады. Класс осы класқа жататын объекттердің қасиеттері мен әдістерін анықтайды. Олай болса кез келген обьектті кластың экземпляры деп білуге болады.

Соңғы уақытта көптеген программалар, әсіресе объектті-бағытталған, визуалды программалау жүйесі ретінде жүзеге асырылуда. Мұндай жүйелердің ерекшелігі дайын «құрылыс блоктарынан» тұратын, программаларды жасайтын мықты орта. Ол программалы операцияларды кодтамай-ақ диологты режимде программалау өнімінің интерфейсті бөлімін жасауға мүмкіндік береді. Объектті-бағытталған визуалды программалау жүйесіне Visual Basic, Delphi, C++ Builder және Visual C++.

  1. Сарамандық жұмыс.
  2. Қортындылау:

Программалық модуль дегеніміз не?

Класс нені анықтайды?

  1. Үйге тапсырма.

Тақырыбын оқып келу

VI) Оқушыларды бағалау.


Ұқсас жұмыстар
10-сынып: Мәтіндік ақпаратты кодтау принциптері (ASCII және Unicode)
Жаратылыстану және математика пәндерін жеке тұлғаға бағытталған оқыту: принциптері мен әдістемесі
Программалаудың даму тарихы және программалық қамтамасыз етудің құрылымы мен түрлері
Программалаудың даму тарихы мен программалық жасақтаманың деңгейлері
Негізгі мектепте математиканы оқытудың дидактикалық принциптері мен әдістемелері
Информатика: құрылымдық, модульдік және объектілі бағдарланған бағдарламалау мен бұлтты технологиялар - 10 «А» сабақ жоспары
10-сынып: Жарасымды қарым-қатынас және адамгершілік құндылықтарды дамытуға арналған сабақ жоспары
10-сыныпқа арналған Кітаби тіл және оның стильдік тармақтары: 10 сағаттық модульдік сабақ жоспары
10-сынып: Комбинаториканың негізгі элементтері бойынша есептер шығару
Қазақ тілі мен әдебиетте бағытталған оқу, бағытталған жазу және болжау стратегиялары: тыңдалым мен айтылым дағдыларын дамыту әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz