Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Менің көңіл күйім
Психологтялық тренинг
Сабақ мақсаты.
Білімділік: 1 Оқушыларға айналасындағы адамдармен, ортамен , өз-өзімен
дұрыс қатынас қалыптастыру барысында талдау жасауда сүйенетін психология
саласынан мағлмат беру.
2 Дау-жанжалдан, кикілжіңнің туындау себептері, мінез-құлқ, сөйлеу
мәдениетінің адам ағзасына әсер етуі.
Дамытушылық: оқушыларды практикалық және жаттығу жұмыстарын жасау арқылы
жағдайды талдай алуға, шешім қабылдауға баулу.
Тәрбиелік: салауаты өмір сүруге, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға,
айналасындағы адамдармен үйлесімді қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.
Қажетті құралдар: суреттер, магнитофон, жазылған сөздер (компромисс,
кикілжің, келісім сөздерінің мағыналары).
Тақтада: «Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе-оның басқа адамдармен қарым-
қатынасы».
Тренинг барысы
1Психологиялық бағыт беру (әуенмен). Сәлематсыздар ма, балалар,кадірлі
қонақтар! Қарым-қатынас мәдениеті төңірегіндегі болатын психологиялық
тренингтеріміздің құбылысы. Ал кәнеки, барлығымыз көңіл күйімізді тыңдап
көрелік (суретте күн, бұлт, жаңбыр). Көңіл күйді табиғи құбылыстармен
белгілейміз, себебі табиғи құбылыстар өзгеріп тұрады, көңіл күй де
өзгереді. Қазіргі көңіл күйлеріңізді белгілеп қойыңыздар. Менің көңіл күйім
ІІ. Ұйымдастыру кезеңі.
Қарым- қатынас жасау арқылы адамдар ақпарат алады, білім алады, айналадағы
дүниені танып біледі. Адамдар мен дұрысҚарым- қатынас жасау шеберлігі
адамның ішкі мәдениетіне, біліміне байланысты десек артық емес. Ендеше,
Қарым- қатынасқа түсу үшін орнымыздан тұрып орта құрайық.Орта ол
біртұтастық, бірлік.Балалар, сендер ересек адамдар секілді психологиялық
мысалдармен жиі соқтығысып тұрсаңдар. Оның дұрыс шешімін табу үшін адамның
ішкі дүниесін біліп, олармен дұрыс қатынас құра білулеріңде. қарым-қатынас,
кикілжіңнің неден шығатынын, кикілжіңді болдырмау, одан шығу жолдары бар
ма, сол тұрғыда әңгімемізді жалғастырайық.
Сонымен, қарым қатынас дегеніміз не? Қарым-қатынастың қандай түрлері бар?
Кей жағдайда қарым-қатынас кикілжіңге әкеп соқтырады. Оны қалай
түсіндіресіңдер?
Әдетте, кикілжің – ойы, мақсаты мен қалаулары, талабы, қызығушылығы әр
түрлі немесе бірнеше адамдар арасындағы келіспеушілік. Кикілжің келіспей
жатқан екі адамның біреуі әңгімені позитивті сұхпатқа қарама-қарсы
қайшылықты білдіретін вербальді кедергіден басталғанда туындайды. Оны біз
қазір сынып ішінде бір мысалдан ойнау арқылы бақылап көрелік. (Сабаққа
кешігіп келген оқушының орнына басқа оқушы отырды. Қойлымды екі түрлі
нұсқаумен ойнатамыз: айқай, қысым, қорқыту, ақыл). Мысалды талқылау.
Ал балалар, бірнеше мысалда кикілжіңнің себебі неде? (Оқушының
дөрнкілігінде, көңіл күйінде, ұстамсыздық, сезімдерін қадағалай алмауда,
қарым қатынасқа түсе алмауында). Екінші мысалда сабырлы, ұстамды,
түсінбеушілікпен қарау, кикілжіңнен қашу. Осы мысалда кім абыроймен шықты?
Компромисс – бұл кикілжің туындаған сәтте екі жақтың да кейбір өз ойларынан
бас тартып, ортақ бір шешімді қабылдау деп айтамыз. Ал келісім бұл
келешекте алдына қойған мақсатына қол жеткізу үшін адамның бірге күш қосуы.
Осыларды сақтау арқылы қарым-қатынаста кикілжіңнен шығуға болады. Кезекті
мысалға берейік Марат пен Медетке мұғалім музыкалық аппаратураны мектеп
дискатикасына дайындау туралы тапсырды екеуі сабақтан соң тапсырманы
орындаймыз деп уәделесті. Медет 20 минут кешігіп келді тағатсыздана күткен
Марат айқаймен қарсалды. Медетте ұрсып, жұмыс аяқталмай қалды.Адамның қарым
қатынас мәдениеті оның мінез құлқын реттейді. Мінез дегеннің не екенін
бәріміз білетін секілдіміз. Мінезі жақсы, жаман, дәйексіз деп жатады. Кәне,
айтыңдаршы, мінез деген не? Мінез-адамның жүріс-тұрысындағы өзіндік әдет-
өнеге, оның айналасындағы болмысқа көз қарасын білдіретін үлгі. Мінез-
тиянақты үлгі, жеке адамның бой бітімін паш ететін үлгі. Мінезді айтқан
кезде еріксіз көпшілік аузынан темперамент деген сөзді естиміз. Темперамент
дегеніміз адамның жеке –дара өзгешелігі. Темпераментіне қарай адамдар төрт
топқа бөлінеді. Мұқият тыңдап алып, өздеріңнің қандай топқа жататындарыңды
айтуға болады. Холериктер- қимыл қозғалысы шапшаң, ұстамсыз, ылғида күйіп-
пісуге дайын күйгелек адамдар. Бұл топтағы адамдар бір істі бастауын
бастап, кейде аяғынада дейін жетпей қолын бір сілте, сылық түседі. Еті
тірі, ойнақты, сәл нәрсеге шамданғыш көңіл күйі аумалы – төкпелі, жұртпен
қарым-қатынаста тұрақсыз, пысық, бірақ бейқам келетін жандар.
Сангвинник-кісімен тез тіл табысады, өзін көңілді ұстайды, бұл ақкөңіл қызу
істің адамдары, қысылып қымтырылмайды, кісіге қайырымды, еті тірі, бірақ
істі бастап аяқсыз қалдырады, жеңіл мінезділікке салынып, салбыр күйге түсе
кетеді.
Флегматик-сақ, байыпты, байсалды, ынтымақшыл, әрі ісін ойлап істейді,
тұрақты, бір қалыпты жүреді, орынсыз асып саспайды. Бір істі бастаса, оны
аяқсыз қалдырмайды. Мінезі ауыр, көрсеқызар емес, қимыл-қозғалыстары байау.
Меланхолик – сәл нәрсеге өкпелегіш, тұйық, көп сөзі жоқ, песимессиместі,өте
баяу қозғалатын жайбасар адам. Ол жасқаншақ, сіркесі су көтермейді, өте
ынжық кісі. «Мен» деп ешқашан ұмтылмайды, өте ұялшақ, тартыншақ, жұрттан
аулақ жүргенді жаны сүйеді.
Қортынды: Қарым-қатынас әрекеттері адамның сөйлеген сөзінен, сәлемдесуінен,
сабырлық сақтауынан көрінеді. Аузымыздан шыққан сөздерге де назар
аударуымыз керек.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz