Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Paint бағдарламасын жүкте

Тақырыбы: Графикалық редактор Paint: Үзінділерге амалдар қолдану.
Сабақтың мақсаты: білімділік: Үзінді, суретті форматтау қызметін меңгерту.
Тәрбиелік: Эстетикалық талғамын қалыптастыру, нәтиже алуға және
уақытты үнемдеуге дағдыландыру.
Дамытушылық: Графикалық бейнелеу жұмыстарын орындау арқылы бейнелік
ойлау қабілетін дамыту.
Сабақтың типі: аралас
Түрі: теориялық – практикалық
Пәнаралық байланыс: геометрия, бейнелеу өнері.
Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық (берілетін теориялық
білімнің негізі бойынша анықталады)
Оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілі бойынша:
түсіндірме - көрнекі, ізденіс, проблемалық, зерттеушілік.
Оқыту формалары: жеке, ұжымдық.
Жабдықтау: көрнекі материал (слайд, дайын суреттер), оқу құралдары,
проектор,компьютер, деңгейлік тапсырма нәтижесінің тақтасы.
I. Көкейкестілігі:
а) негізгі ұғымдар: Үзінді, белгілеу, жылжыту, көшіру, өшіру, қою, бұру,
қисайту,созу,баспаға басу. Командалары, бұрыштық, өлшем, пайыз, тік,
көлденең бағыттары.
ә) Оқушының қызығушылығын қалыптастыру тәсілдері: Компьютерлік графика
үлгілерін көрсету арқылы оқушылардың қызығушылығын ояту.
б) Бақылау формалары: сұрақ – жауап: Суретте неше элемент бар? Кандай
жолмен жасалынған?
II. Жаңа түсініктер мен іс-әрекеттер тәсілін қалыптастыру.
а) жаңа ұғымдар: Үзінді, белгілеу, жылжыту, көшіру, кірістіру, бұру,
қисайту,созу, баспаға басу командалары, бұрыштық өлшем, пайыз, тік,
көлденең орналастыру бағыттары.
ә) жаңа ұғымның негізін қалыптастыру. Үзіндіге анықтама беру, белгілеу,
жылжыту, көшіру, қою, буру, созу, баспаға басу командаларының орындалу
жолымен таныстыру.
б) мұғалімнің проблемалық және ақпараттық сұрақтары:
- көшіру және жылжыту, созу мен қисайту, бұру мен бейнелеу әрекеттерінің
айырмашылығы; дайын суреттер арқылы бұру
бүрышын, пайыз өлшемін аныктау.
III. Жаңа түсінікті тексеру. Сұрақтар арқылы командаларды игеру
нәтижесін тексеру.
IV. Қолдану: а) қалыптастырылатын білік- біліктіліктер. Үзіндіні
белгілеп алуды, көшіру және жылжыту, созу мен қисайту, бұру мен бейнелеу,
баспаға басу командаларын пайдалана білу білім-дағдысын қалыптастыру;
ә) кері байланыс алу. Компьютерде оқушылардың тапсырманы орындау
нәтижесін бақылау және сұрақ-жауап арқылы.
б) өзіндік жұмыстар типтері.
IV. Үй тапсырмалары:
Кітаптан командалардың орындалу қызметін оқу. Қағазда және компьютерде
сурет салу айырмашылыктарын жазу.
VI. Сабақты қорытындылау.
Жұмысты бағалау, кемшіліктер мен жетістіктерді көрсетіп айту.

Деңгейлік тапсырмалар:
1-деңгей
1. Paint бағдарламасын жүкте.
2. Төмендегі cypemmi сал.
3. Көшіру және кері бұру командасы арқылы cypemmi толықтыр.
4. Суретке аквариум атын беріп сақта.
2-деңгей
1. Paint бағдарламасын жүкте.
2. Төмендегі cypemmi көшіру және симметрияны қолдана отырып сал.
3. Өлшемдерін өзгерте отыра, cypemmi көбейт.
4. Суретке жаз атын беріп сақта.
3-деңгей
1. Paint багдарламасын жүкте
2. Төмендегі cypemmi симметрияны қолдана отырып сал.
3. Көшіру және бұруды қолданып, cypemmi көбейт.
4. Cypemmi горизонталь oci бойынша 30° - қа еңкейт (Көбелек суреті).
5. Cypemmi мамыр деп сақта.
4-ші деңгей
Шығармашылық жұмыс.
Графиктік редакторда қиып алу, көшіру, бұру, созу командаларын пайдаланып,
еркін тақырыпта сурет сал.
Тест
1) Paint бағдарламаның қай түріне жатады?
а) Қолданбалы; ә) Жүйелік; б) Стандартты.
2) Paint -
а) Операциялық жүйе; ә) Графиктік редактор; б) Ойын.
3) Paint редакторын іске қосу:
а) Іске қосу – Бағдарламалар – Сілтеуіш – Paint
ә) Іске қосу – Бағдарламалар – Paint
б) Іске қосу – Бағдарламалар – Стандартты – Paint
4) Файл, Правка, Түр, Сурет, Палитра, Анықтама – ...
а) Стандартты панел; ә) Мәзір жолы; б) Құралдар тақтасы.
5) Дұрысын тап
а) Төртбұрышты салу; ә) Құю; б) Қою.
6) Көшіру үшін қандай мәзір пайдаланамыз?
а) Сурет; ә) Файл; б) Правка.
7)Фигураларды кері бұру үшін орындалатын әрекеттер...
а) Белгілеу -Сурет - Бейнелеу/Бұру;
ә) Белгілеу - Правка - Бейнелеу/Бұру;
6) Белгілеу - Сурет - Созу/Қисайту;
8)Үзіндіні еңкейту мен созу үшін орындалатын әрекеттер
а) Белгілеу - Сурет - Бейнелеу/Бұру;
ә) Белгілеу - Правка - Бейнелеу/Бұру;
б) Белгілеу - Рисунок - Созу/Еңкейту;
9) Сақтау командасы ...
а) Суретке ат беріп сақтау;
ә) Ат берілген суретті сақтау;
б) Суретке жаңадан ат беріп сақтау;
10) Пернетақганың кай батырмасын басып отырып үзіндіні көбейтуге болады.
a) Ctrl; ә) Shift; б) Enter;

Ұқсас жұмыстар
Тақырып Paint графикалық редакторының құралдары
Paint графиктік редакторының құралдары (7 сынып)
Paint графикалық редакторының құралдары
Оқушыларды сабаққа ынталандыру
Pain графикалық редакторының құралдары
Paint графикалық редакторы жазуды қою
Графикалық редактордың сурет салу құралдары. 5-сынып
Paint графикалық редакторы. Графикалық редактор графикалық бейнелерді жасауға және редакциялауға арналған
Paint сурет салу редакторы
Paint гарфикалық редакторының құралдары
Пәндер