Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Сөз сарапшыларда



Тақырыбына арналған іскерлік ойын

1-жүргізуші:
Қайырлы күн, құрметті ата-аналар, қонақтар, достар! Бүгінгі ойынымыз қай
уақытта да халықтың проблемасына айналаған «кикілжің» тақырыбына арналады.
Кикілжіңнің шығу себептері әр түрлі.
Бүгінгі сабақ тақырыбының арқауы – ата-ана мен бала арасындағы кикілжіңге
арналған іскерлік ойын.

2-жүргізуші:
Бүгінгі таңда ата-ана мен бала арасындағы кикілжіңді ең бір күрделі
мәселе деуге болады.
Қыры мен сыры мол бала тәрбиесі көп көрегендікті, ақыл мен парасат,
пайымды талап етеді. Осы қиын істі үйде ата-ана өз деңгейінде алып жүр ме?

1-жүргізуші:
Бүгінде жастардың әр нәрсеге еліктеуі, елтуі, біреудің жетегінде кетуі
неде? Әрине, оған бір-ақ жауап бар, ол – тәрбиенің әлсіздігінен. Данышпан
ақын Сухомлинский «Ата-ана тәрбиесінің даналығы болмаған жерде ана мен
әкенің балаларға деген сүйіспеншілігініңөзі оларды жарымжан етеді» деген.
Демек, адамның адам болуы- жақсы ана, жақсы әке, жақсы ұстаз, жақсы
ортадан. Кейде бала отбасында, мектепте дұрыс тәрбие алғанына қарамастан,
отбасындағы кикілжіңнен өзге жолды таңдап, дос-құрбысының немесе
айналасындағы басқа адамдардың жетегінде кетіп жатады. Осының сыры неде?

2-жүргізуші:
Олай болса, біздің бүгінгі ойынымыздың қонақтарын ортаға шақырамыз.
Олар: ата-аналар, оқушылар және сарапшы-психолог мамандар.
Ата – аналар командасы сол жақ орынға, балалар командасы оң жақ орынға
жайғасуларыңызды сұраймыз. Әр тақырыпты талқылау үшін, сарапшы мамандарды
ортаға шақырамыз.
Олар:
1.Аудандық білім бөлімінің өкілі
2.Головацкий атындағы орта мектептің психологы – Саула Ахметжанқызы
3.Ш.Уалиханов атындағы орта мектептің психологы – Райхан Оспанқызы

1-жүргізуші:
Ойынға қатысқалы отырған ата-аналардан және балалардан өздерін
таныстыруды сұраймыз.

2-жүргізуші:
Ойынымызды бастамас бұрын ата-ана мен бала арасындағы кикілжің неден
болады? Осы сұраққа сауал іздеп көрелік.
1) Ойын тақырыбы «Біз не үшін жақсы көреміз»
Біз жан-жағымыздағы адамдармен араласқан кезде олардың бізге деген
көзқарасын көріп, сезіне бастаймыз. Ал, ата-ана мен бала арасындағы
махаббат – ол мүлде басқа, сондықтан бір-біріміздің бойымыздағы бүгінге
дейін байқап келген жақсы және жаман қасиеттерімізді қағаз бетіне түсіріп
көрейік. Тапсырманы орындауға 3 минут уақыт беріледі.

1-жүргізуші:
Сіздердің уақыттарыңыз аяқталды.Оқуларыңызға болады.

2-жүргізуші: Сөз сарапшыларда.

1-жүргізуші:
Келесі ойынымыз «Түсін мені» деп аталады. Бұл үшін, ата-аналар, сіздерге
әдеби тілде жазылған мәтін таратылады. Бұл мәтінді сіздер жастардың жаргон
тіліне аударып жазасыздар, ал балалар жаргон тіліндегі мәтін әдеби тілге
аударып жащуы керек.
Уақыттарыңыз шектеулі. Командалар тапсырманы орындап болғанша,
көрермендермен мәтелдерді еске түсіріп айтайық. Отбасы, жанұя туралы әр
айтылған мақал- мәтелге жетондар беріледі. Балалар, сіздердің жинаған
жетондарыңыз ата-аналар командасының ұпайына қосылады.

2-жүргізуші:
Командаларға берілген тапсырма бойынша ойынымызды жалғастырайық,
мәтіндеріңізді оқуға болады.

1-жүргізуші:
«Күн жылытпайын суық көңілді сөз ғана жылыта алады», -деп Ғабиден мұстафин
айтқандай, келесі ойын түрі «Бір-бірімізге жылы сөз айта аламыз ба?»
Әр команда мүшелерінде түрлі-түсті карточкалар: ата-аналарға қызыл,
балаларда сары, олар 1 минут ішінде жылы сөздер айтуы керек. Әр айтылған
сөзге карточкалар беріліп отырады. Айтылған сөздер қайта қайталанбауы
керек.
Гонка дауысы шығады.

2-жүргізуші:
Сөз сарапшыларда.

1-жүргізуші:
Атақты психолог Х.Робле айтқан екен: «Әр адам өзін қаншалықты бағаласа,
соншалықты бағалы» деп. Олай болса, «Сен ғажапсың» атты ойынымыздың келесі
түрін бастаймыз.

2-жүргізуші:
Бұл сайысымыздың мақсаты- Х.Робленің сөзіне жауап беру.
Қарсыластарыңызға «Мақтау одасын» жазасыздар, ол жоқ дегенде 10 жолдан
тұрсын.
Гонг дауысы
Команда ойыншылары уақыты аяқталғанша көрермендермен адам аттары, яғни
есімдері кездесетін әннің бір жолын немесе шумағын айтады. Мысалы, Ләйлім
шырақты».

1-жүргізуші:
Назарларыңызды мына фильмге аударыңыздар. Ата –ана мен бала фильмдегі
ата-ана мен бала орынына қойып, ситуациядан шығып көріңіздер.

2-жүргізуші:
Сарапшылар ойын қорытындыларын біз сіздерге американдық психолог
Добсонның ата-анаға көмек ретінде қағидасын ұсынамыз:
1.Бәрін ашық алақанда ұста!
2.Ақыл кеңес бер, бірақ бұйыра сөйлеме
3.Жақсы көрген адамыңды еркіне жібере алмаса ешқашан сенікі болмағаны.

1-жүргізуші:
Сіздерге Эрик Фроммның айтқан тағы бір сөзін ұсынғалы отырмыз: «Бала
мінезі мінезінің көшірмесі, ол ата-ана мінезіне қатысты да дамиды».

2-жүргізуші:
Ал, орыс жазушысы Л.Толстой былай дейді: «Үйінде бақытты адам- нағыз
бақытты адам».

1-жүргізуші:
Бүгін біз сіздерге ата-ана мен баланың бір-бірін түсінуі үшін не істеу
керектігін көрсетуге тырыстық.

2-жүргізуші:
Олай болса іскерлік ойынымызды қорытамыз.

Психолог: Жанұяда өзара сүйіспеншілік ғана отбасылық тұрмыс зор бақытқа
кенеледі. Ендеше осыны естен шығармаңыздар. Қатысқандарыңыз үшін рахмет.

Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының көрнекі қайраткерлері
Бапкерлер жарысы. Ашық сабақ
Оқушыларды топ ережесімен таныстыру
Рахмет сіздерге, құрметті әділқазы алқасы
Жақсы сөз – көңіл құлпын ашатын кілт
Сөз тіркесінің түрлері
Біріккен сөздің емлесі
Әңгімеге біріккен сөзді қатыстыру
Тақырып Тұрақты сөз тіркестері
Тұрақты сөз тіркесі. Қазақстан -тәуелсіз мемлекет
Пәндер