Өз компьютеріңізде және жергілікті желіде файлдар мен қалталарды іздеу және ортақ қатынас құру

Сабақ №

Пән: информатика

Сынып:

Сабақтың тақырыбы: Өз компьютеріңізде немесе жергілікті желіде қалталармен файлдарды іздеу

Мақсаты:

1. Компьютерден немесе жергілікті желіден керекті қалталар мен файлдарды іздеу және олардың көшірмесін алуға дағдыландыру;

2. Жергілікті желіні пайдалануға дағдылану;

3. Техникаға деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақ жабдықтары: компьютер, электрондық оқулық, кадаскоп, экран

Сабақтың түрі: практикалық

Сабақтың әдіс-тәсілдері: демонстрация, компьютерлік практикум

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

  1. Теориялық бөлімКоммуникациялық құрылғылар

Модем - бұл компьютерлерге (телефон немесе басқа кәбілдік байланыс желілері арқылы) мәліметтер алмасуға мүмкіндік беретін құрылғы. Аса көп модемдер бар, бірақ кең тарағандары стандарттық модемдер, DSL-модемдер және кәбілдік желілерге арналған модемдер. Стандарттық модемдер ішкі де, сыртқы да болады, ал DSL мен кәбілдік модемдер тек сыртқы ғана болады, өйткені олардың қатынас құру қызметін пайдалану үшін байланыс оператордан жеке алынады (кәдігімгі модем бойынша да бірлестіктермен-операторлармен келісімшарт жасасуға болады) . Байланыс тәсілі көрсетілген модемдер тізімі мен мәліметтерді жеткізудің ең жоғарғы жылдамдықтары кестеде келтірілген.

Модемдердің әр түрлі типтерін салыстыру

Типі
Жылдамдығы
Сипаттамасы
Типі: Стандарттық
Жылдамдығы:

Секундына

56 000 бит (бит/сек)

Сипаттамасы: Телефон желілері арқылы Интернетке қатынас құру үшін қолданады.
Артықшылықтары: жабдықтар мен қатынас құру құнының ең аздығы. Кемшіліктері: қосу кезінде телефон желісін иемденеді.
Типі: DSL-модем
Жылдамдығы:

Секундына

8 000 килобит (Кбит/сек)

Сипаттамасы: Жиіліктің еркін ауқымын пайдалана отырып, мәліметтерді телефон желісі арқылы береді.
Артықшылықтары: стандарттық модемнен әлде қайда шапшаң. Кемшіліктері: қымбатқа түседі, байланыс операторларының барлығынан қолдау таппайды.
Типі: Кәбілдік желілерге арналған модем
Жылдамдығы: 30 000 Кбит/сек
Сипаттамасы: Оптикалық талшықты кәбілде бөлінген арналарды пайдаланады.
Артықшылықтары: жылдамдығы бойынша басқа модемдерден әлдеқайда басым.
Кемшіліктері: барлығынан да қымбатқа түседі, байланыс операторларынан әрқашанда қолдау таппайды. Жеткізу жылдамдығы сендер қосылған арнаны пайдаланушылар санына тәуелді. Компьютер көбінесе мәліметтерді модемдерге қарағанда баяу түрлендіреді де модем тоқтап тұрады.

Желілік тақшалар

Компьютер желіге қосылады да онымен желілік тақша (network interface card, NIC) арқылы өзара әрекеттеседі. Желі - бұл мәліметтер алмасуға қабілетті компьютерлердің және/немесе шалғайлық құрылғылардың (мысалы, принтерлердің) тобы. Желілік тақшалардың бірнеше типі бар: Ethernet, token ring және сымсыз желілерге қатынас құруға арналған тақшалар -- ең танымалдары Ethernet пен сымсыз желілер. Ethernet желісінде компьютерлер «қос өрім» деп аталатын кәбілмен немесе бесінші санатты (Cat-5) кәбілмен жалғасады. Сымсыз желілерде мәліметтер алмасу радиотолқындардың көмегі арқылы жүзеге асырылады.

  1. Практикалық бөліма) Жергілікті желі құру үшін керекті құрал-жабдықтарды көрсетіңіз

б) Жергілікті желіні қалай орнатуға болады
в) Желідегі компьютері іздеу жолын көрсет

г) Өз бумаңызға ортақ қатынас құрыңыз
д) Ортақ қатынас құрылған бумаларды көрсетіңіз
е) Желідегі басқа компьютерден 1 файлды өз бумаңызға көшіріңіз

  1. Сабақты бекітуЭлектрондық оқулық бойынша тест орындалады
  2. Сабақты қорытындылау
  3. Үйге тапсырма беру. Ғаламдық желі туралы мағұлыматтар жинау

Ұқсас жұмыстар
Windows жүйесінде файлдар мен қапшықтарды іздеу: 8-сыныпқа арналған сабақ жоспары
Файлдар мен қапшықтар және таңбашалар: құрылымы, түрлері мен құру әдістері
Файлдар, бумалар және жарлықтар: құру, ұйымдастыру және атауын өзгерту
Файлдар мен бумаларды құру және объектілерді басқару: атын өзгерту, көшіру, жылжыту және жою
Ашық сабақ: Файлдар мен папкалар - құру, сақтау және объектілермен жұмыс істеу
5-сынып информатика сабағы: файлдар, бумалар және жарлықтарды құру және аттарын өзгерту
Файлдар, қапшықтар және таңбашалар: құрылым, атау ережелері және Windows-та құру әдістері
7-сынып: Файлдар, бумалар және жарлықтар - бума құру және атын өзгерту
5-сынып информатикасы: файлдар, бумалар және жарлықтарды құру және олардың атауын өзгерту - сабақ жоспары
Адамдармен қарым-қатынас жолдары: тыңдау, өз ойын білдіру және қақтығыстарды шешу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz