Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Аталар айтқан асыл сөз
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты
Педагогика және филология факультеті
Педагогика және психология кафедрасы
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Әкем, шешем және мен
Орындаған: М-21 тобының студенті
Тайжанова М.М.
Тексерген: Бижанова Ғ.Қ.
Арқалық 2009
«Әкем, шешем және мен»
Сабактың мақсаты: ата-ананы мектеппен тығыз байланысын арттыру,
баланы ұлттық педагогика негізінде тәрбиелеуде ата-ана мен мұғалімнің
бірлескен жұмысын нығайту.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, сурет, ұлттық ою-өрнек, қоржын, нөмерлі
асық, сұрақтар жазылған конверттер, бала тәрбиесіне қатысты баспасөз
материалдарынан этнографиялық заттардан жасалған көрме.
Жоспар:
1. Кіріспе сөз.
2. Мен және менің отбасым.
3. Ұрпақ тәрбиесінде: «Баланы жастан»
4. Отбасы және өнер.
5. Аталар айтқан асыл сөз.
6. Ата-баба дәстүрі-асыл қазына
7. Бала тілі – бал.
8. Қорытынды сөз.
(Төрт отбасы қатысады).
Барысы: Кіріспе сөз.
1-жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар, ата-аналар, ұстаздар!
Сәлем, ана алтын күн!
Сәлем қарты халқымның!
Бақытты болсын балалар,
Ашық болсын күніңіз,
Жайнай берсін жүзіңіз,- дей келіп, бүгінгі «Әкем, шешем және мен» атты
тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Бала деген бал екен,
Бала дегеніміз бала екен.
Балалардың бойында,
Бір тәттілік бар екен.
Туған балаң- жанға сән,
Демесең де жат бөтен.
Нағыз балаң ойласаң,
Немере деген тәтті екен.
Сұра жезде, ападан,
Қарсы шығар аз екен.
Нағыз әке-ата да,
Нағыз ана-әже екен,-
дегендей, біздің бүгінгі тәрбие сағатымызға ұл-қыздарына ұлттық төл
тәрбиесін бойына сепкен тамаша ұл-қыз тәрбиелеп отырған ата-аналар мен ата
салтын үлгі еткен ата-әжелеріміз де қатысып отыр.
2-жүргізуші:
Жақсы тәлім көрмеген,
Әдепсіз деп саналар.
Жеті атасын білмеген,
Жетесіз деп танылар,-дей келе сайысымыздың «Мен және менің отбасым»
деп аталатын алғашқы бөлімінде әр оқушы өз отбасын, тегін таныстырады.
3-жүргізуші:
Бала- ата-ананың мерейі,
Бар жақсысын баласына тілейді.
Адамдық қасиетті үйретіп тек,
Баланы ол мейірімге бөлейді,- деп ақын жырлағандай, келесі бөліміміз
«Баланы жастан» деп аталады.Бұл бөлімде әр отбасы қоржынға салынған нөмерлі
асықты алып, тиісті конверттердің сұрағына жауап береді.
Конверттегі сұрақтар:
1. Балаңыздың білім деңгейі ортадан төмен, бұл жөнінде қандай жұмыстар
ұйымдастырар едіңіз?
2. Үйге берілген тапсырманы балаңыз орындай алмаған жағдайда қандай
көмек берер едіңіз?
3. Балаңыз жолдасымен келіспей қалып жылап келді. Мұндай жағдайда не
істер едіңіз?
4. Сіз балаңыздың бойына адамгершілік, әдептілік қабілеттерін
қалыптастыру үшін қандай үлгі өнеге көрсетер едіңіз?
4-жүргізуші: «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дегендей,
келесі «Отбасы өнер» бөлімінде әр отбасы шеберлік қабілеттерін сынға
салады. Мұнда анасы мен қызы ою арқылы, ал әкесі мен ұлы қамшы өру арқылы
өз шеберліктерін танытады.Бұл кезде әр отбасы мүшелері (мүмкіндіктеріне
қарай) өздерінің шеберліктерін шыңдаумен бірге домбырамен ән айтып, күй
тартып, спорттық ойын түрлерімен де өнер көрсетеді.
5-жүргізуші:
Елді көркем көрсетер,
Төрелігі әділ данасы,
Ерді көркем көрсетер,
Білім мен өнер санасы.
Өнерлі өрге жүзеді,
Сөз маржаны халықта
Асыл сөздің түйіні
Мақалды үйрен, жалықпа,-
Деп халқымыз айтқандай, келесі бөліміміз «Аталар айтқан асыл сөз» деп
аталады. Бұл бөлімде мақалдың бірінші жолы айтылады, ал отбасы мүшелері сол
мақалдың ұйқас жолын тауып айтуы қажет.
*Батамен ел көгерер,...
*Өнер- білім бұлағы,...
*Балапан ұяда не көрсе,...
*Даулетіңнің қадірін, ұлың өскенде білерсің,...
*Көп біл,..
*Ит тойған жерінде,...
*Батыр бір рет өледі,...
*Әдепті бала- арлы бала,...
*Жақсыдан үйрен,...
*Ұлың өссе мұратың,...
*Әдепті бала ата-анасын мақтатар,...
*Анаңның баласы болма,...
*Үлкенге құрмет,...
*Әдептілік белгісі,...
*Өнер бұлақ,...
*Еңбектің наны тәтті,...
*Ана сүтін ақтамағанды,...
*Балалы үй-базар,...
6- жүргізуші:
Қалатын болсын бір ізің,
Мирас болып артыңа.
Еш аянбай күн ұзын,
Қызмет ет халқыңа.
Болады-ау әсте талай сын,
Ата-баба даңқына,
Ал, ата-ана қалайсың?!
Ұлттық дәстүр-салтыңа,- дегендей, келесі бөліміміздің тақырыбы –«Ата-
баба дәстүрі- асыл қазына».
1. Жеті ата. (ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене)
2. Адайдың пірі.( Бекет)
3. Үш жұрт.(өз жұрты, қайын жұрт, нағашы жұрт)
4. Балаға берілетін енші.(бәсіре)
5. Үш би. (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)
6. Мұсылман дінінің пайғамбары (Мұхаммед пайғамбар)
7. Қазақтың күйшілерін атаңыз (Құрманғазы, Дина, Қорқыт)
8. Маңғыстаудан шыққан тұңғыш олимпист, спортшы (Әмин Тұяқов)
9. Жеті күн (дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі,бейсенбі, жұма, сенбі,
жексенбі)
10. Жылқы малының атасы (Қамбар ата)
11. Адасқанда бағыт көрсететін жұлдыз (Темірқазық)
12. Үш арсыз (ұйқы, күлкі, тамақ)
13. Қазақтың киелі сандары (3,7,9 т.б)
14. Екі ақынның өнер сайысы (айтыс)
15. Бала өмірге келгенде болатын той (шілдехана)
7- жүргізуші: Соңғы бөлім «Бала тілі- бал» деп аталады.
Бесікте жатқан баласың,
Жұбатты ана әнменен.
Құлыным, ботам, қозым деп,
Мәпелеп қызын ұлменен.
Ұрпағына әуелден,
Халқымыз аса мән берген:
«Қылығы қандай тәтті еді,
Баланың тілі- бал»,- деген.
Ата-аналар баласының есте қалған қызық қылықтарын айтып береді.
Қорытынды сөз.
- Ал, енді құрметті қонақтар, ұстаздар! Ұстаз бен ата-ана біріге отырып,
баланы тәрбиелеуде жасап жатқан жұмысымыздың айғағы ретінде осы тәрбие
сағатымызды көрсетіп отырмыз, бала тәрбиесінде бірлесе істеген жұмысымыз
жемісті бола берсін.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz