Қасиеттер терезесі

САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі

«» 20 ж

Пән аты: Информатика

Класы: 11«А»

Сабақтың тақырыбы: Есептегіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік техника ережесін сақтау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында білімдерін арттыру.

Тәрбиелігі: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп,

пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютерлер

Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.

Сабақтың барысы:

а) ұйымдастыру кезеңі

б) сабақ сұрау

в) бағалау

г) жаңа сабақ

д) бекіту

е) үйге тапсырма

ж) қорытынды

Қоңырау оғылып сабақ басталған соң балаларды ұйымдастыра отырып сабақты бастаймын.

Жаңа материалдың мазмұны:

Сендердің жұмыс орындарында компьютердің құрамдас бөліктері орналасқан: жүйелік блок, пернетақта, монитор. Жұмыс кезінде монитордың сәуле түтігі жоғары кернеуде жұмыс істейді.

І. Төмендегі әрекеттерді жасауға болмайды:

1. Кабельдердің қосылған орындарына тиюге болмайды

2. Жұмыс істеп тұрғанда экранға, монитор мен пернетақтаның сырт жағына тиюге болмайды.

3. Оқытушының рұқсатынсыз аппаратураларды ток көзіне қосуға, үзуге болмайды.

4. Кітап, дәптер және т. б. артық заттарды монитордың, пернетақтаның үстіне қоюға болмайды.

5. Су киіммен, су қолмен компьютерде жұмыс істеуге қатал тиым салынады.

ІІ. Жұмыс тәртібі :

1. Компьютер экранынан 60-70 см қашықтықта дұрыс, еңкеймей, жатып алмай отыру қажет, ал ұдайы көзілдірік тағатындар - көзілдірікпен отыру керек.

2. Дисплей алдында 20 минут жұмыстан соң міндетті түрде 5 минут дем алу керек.

ІІІ. Жұмыс кезінде:

1. Аппаратуралардың дұрыс жұмыс істеуін қадағалаңдар, егер аппаратураның дұрыс жұмыс істемей тұрғанын сезсеңдер, немесе өзгеше дыбыс пайда болса, немесе пернетақта өз бетімен өшіп қалса, дереу жұмысты тоқтатыңдар. Техниканың ақауы жөнінде оқытушыға хабарлаңдар.

2. Пернелерді қатты тақылдатпай жай басыңдар.

3. Пернетақтада жұмыс істегенде қолдарың таза болсын.

4. Аппаратураның ақауын ешқашан өз беттеріңмен жөңдеуге ұмтылмаңдар.

Кез келген дербес компьютер бірнеше құрылғылардан тұрады. Бұл құрылғылардың кейбірі өте маңызды- бұл монитор, жүйелік блок пен пернетақта, өйткені компьютер оларсыз жұмыс істей алмайды.

Жаңа сабақты бекіту: Ол үшін балалрға жаңа сабақтан бірнеше сұрақтар қоя отырып сабақты аяқтаймын.

Үйге тапсырма : Есептегіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік техника ережесін сақтау.

Сабақты қорытындылау : Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдер бағалау.

САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі

Пән аты: Информатика (таңдау курсы)

Класы: 11 «А»

Сабақтың тақырыбы: Visual Basic ортасы туралы түсінік. Негізгі элементтері.

Бас мәзір. Проектілер терезесі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту.

Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабыты болуға қалыптастыру

Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілетімен қызуғышылығын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық

Сабақтың көрнекілігі : компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары, т. б. б.

Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.

Пайдаланылған әдебиеттер: Н. Ермеков, М. Ермеков, С. Ноғайбаланова информатика 10 сынып оқулығы, Балапанов инфарматикадан 30 сабақ, информатика ортасы, Ж. Динисламов Bisual ортасы, Ж. Динисламов Basic Bisual Basic

Сабақтың барысы:

А) ұйымдастыру кезеңі

Б) сабақ сұрау

В) жаңа сабақ

Г) бекіту

Д) үйге тапсырма

Е) ) қорытынды

Жаңа сабақ:

Біз Visual Basic 6 версиясын - осы кең тараған бағдарламалау тілінің соңғы жаңалықтарының бірін оқып - үйренуі бастаймыз. Visual Basic өзін инструменттердің үлкен жиынтығын пайдалана отырып, пішімдер мен графикалық объектілерді көрнекі құрастұруға болатын графикалық орта ретінде ұсынады.

Visual Basic бағдарламалау тілі дегеніміз - көпке таныс Basic стандартттық тілінің кеңейтілген версиясы.

Visual Basic - ті іске қосу Пуск - Программы - Visual Basic - Visual Basic6 командасымен жүзеге асырылады.

Visual Basic - ті іске қосқанда экранда Project Wizart жобаларының менеджері өзінің New Project терезесімен пайда болады.

Терезе үш қосымша беттен тұрады. New (Жаңа жоболар), Existing (Қолданыстағы жобалар), Recent (Жақында пайдаланылған жобалар) .

New қосымша бетінде жаңа қолданба үшін шаблон таңдайсыңдар.

Existing қосымша бетінде қолданыстағы жобаны таңдауға болады.

Recent қосымша беті Existing қосымша бетне ұқсас, бірақ онда өздерің соңғы кездерде жұмыс істеген жобалар ғана түседі.

Visual Basic пен жұмыс істеуді кез келген қосымшамен бастауға болады. Алайда біз жаңа жобаны бастап отырмыз, сондықтан New қосымшабетіндегі Standard EXE таңбашасын екі мәрте шертіңдер, бұл Project Wizart жобалар менеджері жұмысын аяқтауға әкеледі. Visual Basic 8 элементтен тұрады:

* Басты меню

* Инструменттер панелі

* Жоба терезесі

* Қасиеттер терезесі

* Пішін макетінің терезесі

* Элементтер панелі

* Пішіндер конструкторы

* объектілерді карау терезесі

Басты меню деп Visual Basic терезесінің жоғарғы жағында орналасқан мәтін жолын айтады. Сол жақта File меню тұр. Ол қолданбаларында құрайтын файлдармен жұмысістеуге арналған. Онда жобаларды жасауға, ашуға, басуға және сақтауға болады.

File менюінен кейін Editменюі келеді. Онда алмасу буферімен ойып алу, көшірмелеу және кірістру іспетті стандартты операциялар орындалады.

View менюінде әр түрлі құрауыштар мен инструментттерді қарау режимдері қосылады. Пішіндер мен бағдарламалық модульдерді, сондай - ақ даярлама процесін неғұрлым өнімді ететін алуан түрлі көмекші объектілерді қарауға болады.

Project менюі - жобаның жүрегі.

Format менюі командалары элементтер мен пішіндердің өлшемдері мен орналасуын ан. ықтайда.

Run менюі командалары қолданбалы іске қосады және тоқтатады, бағдарламаның орындалуын үзіп жібереді және қайтадан бастайды.

Tоols менюінен процедралар қосуға және олардың қасиеттеріне мән беруге болады. Add-Ins-менюінде қондырма аталатын қосымша тиімді құралдар бар. Wіndоws менюінде ашық терезелермен жұмыс бойынша таныс командалар. Неlр менюі дегеніміз-Visuаі Basic бағдарламалау тілінің қайсыбір қызметтері немесе құрауыштары ортасымен жұмыс істеу боиынша жөн сілтегіш арқылы шақырылатын командалар.

Қосымша жасауда қолданылған барлық формаларды модульдер мен элементтерді көрсетіп тұратын арнайы терезені объектілер терезесі деп атайды. Бір формадан екінші формаға немесе бір модульден екінші модульге өту үшін Проектілер терезесіне қажетті форманы немесе модульдің белгішесіне курсорды апарып, екі рет шертсе жеткілікті. Visual Basic-тің басқа терезелері сияқты Проектілер терезесін жылжытуға, оның формасын өзгертуге болады. Сондай-ақ бұл терезеде тышқан құрылғысының оң жақ батырмасын басу арқылы бірден File мәзірінің командаларын таңдауға болады.

View Code программалық код терезесін шығарады.

View Object - форманы шығарады.

Tooggle Forders - форма бумасын шығарады.

Жаңа сабақты бекіту:

Ол үшін балаларға жаңа сабақтан бірнеше сұрақтар қоя отырып сабақты аяқтаймын.

Үйге тапсырма: Visual Basic ортасы туралы түсінік. Негізгі элементтері.

Бас мәзір. Проектілер терезесі.

Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.

САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

«Оқу ісінің меңгерушісі»

Пән аты: Информатика

Класы: 11 «А»

Сабақтың тақырыбы: Форма, форма конструкторы және макеті, компоненттер панелі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Білімділікке, сауаттылыыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту.

Тәрбиелігі : Жауапкершілікке баулу, дәлдікке үйрету.

Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасымен қабілеттін біріктіріп, пәнге

деген қызығушылығын арттыру .

Сабaқтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекілік, практикалық

Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т. б. б.

Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық

Сабақтың барысы:

а) ұйымдастыру кезеңі

б) сабақ сұрау

в) бағалау

г) жаңа сабақ

д) бекіту

е) үйге тапсырма

ж) қорытынды

Қоңырау соғылып сабақ басталған соң балаларды ұйымдастыра отырып сабақ ты бастаймын. Кезекшіден оқушыларды түгелдеп журналға белгілеп алып үй тапсырмасын бірнеше сұрақтар қою арқылы сұраймын.

  1. Visual Basic программасына қалай кіре аламыз?
  2. Visual Basic программасының неше версиясы бар?
  3. Visual Basic программасын түсіндір?

4. Visual Basic ортасының бөлктерін түсіндір?

5. New парағын түсіндір?

  1. Existing парағын түсіндір?
  2. Recent парағын түсіндір?
  3. Visual Basic программаларында сақтаудың неше түрі бар?
  4. Visual Basic қосымшасын қалай сақтаймыз?
  5. Қасиеттер терезесі дегеніміз не?
  6. Экраннан қасиеттер терезесі көрінбесе, қалай ашамыз?

Осы жауаптарды ала отырып оқушыларды бағалаймын.

Жaңа сабақ:

Visual Basic қосымшаларын жасауда қолданылатын компоненттердің орналасуы және оның дизайнын жасау үшін қызмет атқаратын басты терезені Форма деп атайды. Ол орындалған кезеңде көзге көрінбейтін нүктелі тордан тұрады. Тор пайдаланушының формадағы объектілердің дұрыс орналасуы үшін қызмет атқарады. Форма форма конструкторы терезесінде орналасады. Форма макеті терезесі қосымша орындалғанда программалаушыға форманың экранның қай жерінен шығатынын көрсетіп тұрады. Форманың экранға шығатын орнын өзгерту үшін программалаушы макеттегі форманың бейнесін курсормен шертіп қалаған жеріне сүйреп апарып қоюына болад. Пайдаланушы Форма мен оның конструкторы терезелерінің өлшемдерін, кәдімгі Windows терезелеріндегі әдістерді қолдану арқылы, өзінің қалауы бойынша өзгертіп алуына болады. Егер экранда форма көрінбесе, онда ол келесі командаларды орындап шығаруға болады:

  1. Бас менюден View-Object коамндасын орындау арқылы
  2. SHIFT+F7 функциональды клавишаларын басу арқылы;
  3. Project терезесіндегі сәйкес батырманы басу арқылы.

Visual Basic ортасының компонеттер панеліндегі келесі элементтер орналасқан.

  1. Pointer (указатель)
  2. Label (надпись)
  3. Frame(рамка)
  4. ChecкBox (жалауша)
  5. ComboBox (комбинированные поля)
  6. HscrollBar(полоса прокрутки)
  7. Timer (таймер)
  8. DirListBox (списки каталогов)
  9. Shape(фигура)
  10. Image(рисунок)
  11. OLE(контейнер)
  12. PicterBox(графическое поле)
  13. TextBox(текст)
  14. OptionButton (переключатель)
  15. CommandButton (командная кнопка)
  16. ListBox (список)
  17. VscrollBar(полоса прокрутки)
  18. DriveListBox(список дисков)
  19. FileListBox(список фаулов)
  20. Line(линия)
  21. Data(данные)

Жаңа сабақты бекіту

ІХ. Үйге тапсырма

Форма, форма конструкторы және макеті, компоненттер панелі.

Х. Сабақты қорытындылау

Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.

ХІ. Бағалау.

САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

«Оқу ісінің меңгерушісі»

Пән аты: Информатика

Класы: 11 «А»

Сабақтың тақырыбы: Қасиеттер терезесі, Қасиеттер, әдістер және оқиғалар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Білімділікке, сауаттылыыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту.

Тәрбиелігі : Жауапкершілікке баулу, дәлдікке үйрету.

Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасымен қабілеттін біріктіріп, пәнге

деген қызығушылығын арттыру .

Сабaқтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекілік, практикалық

Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т. б. б.

Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық

Сабақтың барысы:

а) ұйымдастыру кезеңі

б) сабақ сұрау

в) бағалау

г) жаңа сабақ

д) бекіту

е) үйге тапсырма

ж) қорытынды

Қоңырау соғылып сабақ басталған соң балаларды ұйымдастыра отырып сабақ ты бастаймын. Кезекшіден оқушыларды түгелдеп журналға белгілеп алып үй тапсырмасын бірнеше сұрақтар қою арқылы сұраймын.

  1. Visual Basic программасына қалай кіре аламыз?
  2. Visual Basic программасының неше версиясы бар?
  3. Visual Basic программасын түсіндір?

4. Visual Basic ортасының бөлктерін түсіндір?

5. New парағын түсіндір?

  1. Existing парағын түсіндір?
  2. Recent парағын түсіндір?
  3. Visual Basic программаларында сақтаудың неше түрі бар?
  4. Visual Basic қосымшасын қалай сақтаймыз?
  5. Қасиеттер терезесі дегеніміз не?
  6. Экраннан қасиеттер терезесі көрінбесе, қалай ашамыз?

Осы жауаптарды ала отырып оқушыларды бағалаймын.

Жaңа сабақ:

Visual Basic объектілерінің қасиеттерін көрсету үшін арналған терезе Қасиеттер терезесі деп аталады. Проектідегі кез-келген объект белгіленген кезде оның қасиеттері қасиеттер терезесінде көрінеді. Бұл терезеде белгіленген объектінің әртүрлі қасиететрін таңдап орнатуға болады. Егер қасиететр терезесі көрінбесе, онда оны төмендегі командаларды орындап шығаруға болады:

  1. Бас мәзірден View-Properties Windows командасын орындау арқылы;
  2. Құрал-саймандар панелінен сәйкес батырманы шерту арқылы
  3. F4 функциональды клавишын басу арқылы

Visual Basic-ті оқып үйренудің кезінде біз обьект қасиеттер, оқиғалар және әдістер деген секілді ұғымдары пайдаланып іс жүргізетін боламыз. Пішін, батырма енгізу өрісі, жазу т. б іспетті барлық вйзуальді обьектілерді обьект атауға болады. Vіsuаl Ваsіс-те жүзден аса құрамдас обьект бар. Пайдаланушы Visuаl Ваsic - тің құрамдас объектілерден басқа өзінің жеке объектілерін жасай алады. Объектілер мен объект-бағдарлық бағдарламалауды пайдалану шын мәнінде күрделі тапсырмаларды шешу мүмкіндіктерін едәуір молайтады. Объектінің өзі оншалықты маңызды емес. Объектімен нендей іс-әрекеттер жасауға болатыны және объектінің қандай қасиеттерге ие екендігі әлдеқайда маңыздырақ. Әдіс дегеніміз - объектіге қатысты жасалатын әрекет болып табылады. Объект. Әдіс. Қасиет дегеніміз - объектінің сипаттамаларын немесе объектінің күйін белгілейтін объект атрибуты.

Форманың негізгі қасиеттері:

Name - формаға ат қою, программалық кодта Visual Basic объектіні осы ат қою арқылы таниды, сондықтан объектіге атты ағылшын тілінде қою керек.

Backcolor - форманың фонының түсін орнату түс мәндерін System немесе Palett тізімдерінен таңдауға болады.

Bolderstyle - форма жиегінің стильдерін орнату

Caption - форманың тақырыбын жазу

ControlBox - форманың өлшемдерін басқару батырмаларын орнату немесе алып тастау.

Font - шрифт түрлерін орнату

Forecolor - формаға Print әдісімен шығатын текст түсін орнату, бұл қасиеттің мәні формада орналасқан басқа текстік объектілерге әсер етпейді.

Height, Top, Left, Width - форманың экранда орналасуын реттеу және оның өлшемдерін орнату үшін қолданылатын қасиеттер де бар. Объектінің сипаттамаларын өзгерту үшін оның қасиеттерінің мәндерін өзгертуге жеткілікті. Оқиға дегеніміз обьектімен танылатын әрекет болыып табылады, ол үшін үн қосуды бағдарламауға болады. Оқиғалар осы қолдаманы немесе басқа бағдарламаларды пайдаланушының әректері нәтижесіеде туындайды. Визуальды бағдарлламалаудың мәні осы екі түсініке түйінделеді: оқиға және оған үн қосу. Егер пайдаланушы әлдебір әрекет жасаса, мысалы батырманы басса, үн қосу ретінде пайдаланушы жасаған процедураның коды орпындалады. Vicual Bacik - тың негізгі .

обьектісі - пішін. Басқа кез келген обьект сияқты, ол да қасиеттерге, әдістермен оқиғаларға ие. Жалпы, пішін дегеніміз - әр түрлі басқару элементтері орналасатын қолтаңбаларының болашақ терезесі .

Жаңа сабақты бекіту : Ол үшін балаларға жаңа сабақтаң бірнеше сұрақтар қоя отыры сабақты аяқтаймын .

Үйге тапсырма : Қасиеттер терезесі, Қасиеттер, әдістер және оқиғалар.

Сабақты қортындылау : Жаңа материалды пысықтау, Оқушылардың менгерген білімдерін талдау, бағалау .

Бекітілді: Пәні : информатика

Класы: 11 «А»

Күні:

Жаратылыстану-математикалық бағыт

І. Сабақтың тақырыбы: Айнымалылар. Тұрақтылар. Стандартты функциялар

ІІ. Сабақтың мақсаты:

А) Білімділігі : білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту

ә) Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру

б) Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру

ІІІ. Сабақтың түрі: Аралас сабақ

IV. Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т. б.

V. Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық

VІ. Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық

VІІ. Пайдаланылған әдебиеттер: Н. Ермеков, М. Ермеков, С. Ноғайбаланова Информатика 10 сынып оқулығы, Балапанов Информатикадан 30 сабақ, Информатика негіздері журналы. Информатика негіздері журналы. О. Камардинов Bisual Basic ортасы, Ж. Динисламов Bisual Basic ортасы.

VІІІ. Сабақтың барысы:

а) ұйымдастыру

ә) сабақ сұрау

б) жаңа сабақ

в) бекіту

г) үйге тапсырма

д) үйге тапсырма

е) қорытынды

Жаңа сабақ

АЙНЫМАЛЫЛАР - деп программаның орындалу барысында әр түрлі мәндерді қабылдай алатын шамаларды айтады. Айнымалылар қарапайым және индекстә болады. Олар идентификатормен белгіленіп әрбір уақытты белгілі бір мәнге ие бола алады. Айнымалыларды Dim немесе Private қызметші сөздері арқылы өзіне тән бір типпен процедураның басында сипаттап кетуге болады. Бірақ, айнымалылардың соңғы меншіктелген мәндері, процедура аяқталса да жатса сақталып қалып, олардың мәндерін проектінің басқа процедураларында қолдану айнымалыларды код терезесінің бөлігінде сипаттаған ыңғайлы

Мысалы: Dim X As Integer. Y As String

Сондай-ақ код терезесінің бөлігінде процедураларда жиі қолданылатын тұрақтыларды Сonst қызметші сөзінен кейін жазып қоюға болады:

Сonst РІ=3. 14

  • алу амалы
  • * көбейту амалы
  • / бөлу амалы
  • ^ дәреже амалы
  • Visual Basic процедураларында пайдаланатын арифметикалық өрнектер амалдар және стандартты функциялар Бейсик тіліндегідей жазылады.

Sqr(x) х-тің квадрат түбірін шығаратын функция.

Amod B А-ны В-ға бөлгенде бүтін қалдығын шығаратын амал, мысалы: 150mod20=2

Int(x) х-тің өзінен аспайтын бүтін бөлігін шығару

Fix(x) х-тің бүтін бөлігін шығару

Sgn(x) х-тің таңбасын анықтау үшін қолданылатын функция

Rnd(x) - кездейсоқ сандар шығаратын функция

Abs(x) - х-тің модуі

Sin(x) - х-тің синусы

Cos(x) - х-тің косинусы

Str(x) - х сандық шамасын шамаға айналдыру.

Val(x) - цифрлардан тұратын х жолдық қатарын сандық шамаға айналдыру.

End - программадан шығу

Exit Sub - процедурадан шығу

Err - программаның орындалуында кететін қателерді тексеру функциясы, егер қате кетсе, онда Err = True

On Error Resume Next + өзінен кйеін жазылған қатарлардың қателерін тексеру.

ІХ. Үйге тапсырма

Айнымалылар. Тұрақтылар. Стандартты функциялар

Х. Сабақты қорытындылау

Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.

ХІ. Бағалау.

Бекітілді: Пәні : информатика

Класы: 11 А

Күні:

І. Сабақтың тақырыбы: TextBox Label,

CommandButton компоненттері

ІІ. Сабақтың мақсаты:

А) Білімділігі : білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту

ә) Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру

б) Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру

ІІІ. Сабақтың түрі: Аралас сабақ

IV. Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т. б.

V. Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық

VІ. Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық

VІІ. Пайдаланылған әдебиеттер: Н. Т. Ермеков, Н. Ф. Стифутина 7-8 класс оқулығы, Н. Ермеков, М. Ермеков, С. Ноғайбаланова Информатика 10-11 сынып оқулығы, Балапанов Информатикадан 30 сабақ, Информатика негіздері журналы. Ж. Динисламов «Visual Basic ортасы»

VІІІ. Сабақтың барысы:

а) ұйымдастыру

ә) сабақ сұрау

б) жаңа сабақ

в) бекіту

г) үйге тапсырма

д) үйге тапсырма

е) қорытынды

Үй тапсырмасын сұрау мақсатында бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Visual Basic ортасы дегеніміз не?
  2. Форма дегеніміз не?
  3. Проект терезесі дегеніміз не?
  4. Макет терезесі дегеніміз не?
  5. Қасиеттер терезесін қалай шығарамыз?
  6. Бас мәзірлер қатарын ата.

Жаңа сабақ

Visual Basic-те басқарудың құрасдас элементтерінің көлемді жиынтығы бар. Пішін сияқты басқару элементтері де объект болып табылады. Сондықтан кез-келген объектіге тән, олардың өзіндк қаситтері, әдістері және оқиғалары бар. Басқару элементтері инструменттер панелі арқылы жасалады. Басқару элементінің немесе пішіннің қасиеттерін орнатқан соң олармен байланысты кодты жазззуға кіріседі. Кодта оқиғаларды өңдеу процедуралары ерекше орын алады. Код терезесін жоба терезесінде ViewCode батырмасын басып та шауға болады.

TextBox компоненті (Енгізу өрісі) - мәтін енгізі үшін қолданылады, әрі қарай ол бағдарламада немесе оған бағдалама есептерінің нәтижелерін шығару үшін қолданылады.

Label компоненті (жазу) - тақырыптарды бейнелеу үшін қолданылады.

CommandButton компоненті (командалық батырма) - батырманы басумен шақырылатын кейьір элементтердің орындалуын (іске қосу немесе тоқтату т. б. )

VІІІ. Үйге тапсырма:

TextBox Label, CommandButton компоненттері.

ІХ. Сабақты қорытындылау:

Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.

Бекітілді: Пәні : информатика

Класы: 11 «А»

Күні

Жаратылыстану-математикалық бағыт

І. Сабақтың тақырыбы: InputBox, MsgBox функциялары, Print операторы, Тармақталу программалары.

ІІ. Сабақтың мақсаты:

А) Білімділігі : білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту

ә) Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру


Ұқсас жұмыстар
Visual Basic объектілерінің қасиеттерін көрсету үшін арналған терезе
Объектінің қасиеті
Microsoft visual basic бағдарламасындағы жаңа нұсқаулар
Visual Basic бағдарламасымен жұмыс істеу принциптері
Сабақтың атауы. Сабақтың мақсаты
Форма макеті терезесі
Қасиеттер терезесінде
Қапшық терезесі
Электрондық пошта хабарларын құру мен жіберу
Терезе элементтері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz