Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Оқушы өзінің жағымды, жағымсыз қасиеттерін зерттеуге ұмтыландыру

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ
Өтетін орны: "Шымыр" спорт бөлмесінде
Көрнекілігі: тоғызқұмалақ тақталары, диаграммалар
Сабақтың тақырыбы: Жүрісті есептеу жолдары
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларды математикалық амалдарды пайдалануға дағдыландыру.
2. Оқушыларды жазбаша және ауызша есептеу әдістеріне қалыптастыру. Жас
ұрпақтың ойлану қабілетін дамыту. Қас-қағымда шешім қабылдауға үйрету.
3. Жас ұрпақты ұлттық қадір-қасиетімізді қастерлей білуге тәрбиелеу.
Қазақтың ұлттық ойынын дамытуға ат салысу. Пән аралық байланыс: Математика,
тарих.
Сабақтың барысы:
I. Дайындық бөлімі:
Сапқа тұрғызу, саптық, командаларды орындау. Кезекшіден рапорт қабылдау,
оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. Сабақтың тақырыбын, мақсатын
түсіндіру.
II. Негізгі бөлім:
Оқушыларға сұрақ: казақтың қандай ұлттық ойындарын білесіздер?
Тоғызқұмалақ, көкпар, арқан тарту, аударыспақ, күрес, бестас, санамақ,
қыз қуу, жігіт қуу, жанбы ату, теңге алу, алтыбақан, ақ сүйек, т.б.
Ойындардың өзіндік шарттары, ережелері, тәрбиелік мәні бар.
Тапсырма. Ойындардың мақсатына, ережесіне, мағынасына қарай әр қатар
ойындардың аттарын жазыңыздар.
I қатар II қатар
III қатар
Аңға байланысты ойындар Малға байланысты ойындары Ой-
өрісін дамыту ойындары
1 .Тоғызқұмалақ
1. Ақсерек-көксерек 1. Көксиыр 2.Шахмат
2. Аңшылар-қояндар 2. Түй мен бота 3. Дойбы
3. Қаскұлақ 3. Асау көк
4.Ордағы қасқыр аларман
4. Нарды
1. Тоғыз деген қасиетті сан шығар Еберкенің белгісіндей кұмалақ Отыр, әне,
екеу-екеу аңшылар Ойын емес ой алғысын қуалап
9-шы отаудан әр
ойыншыда
X белгі алъшбайды 9
отаудан бар
9
9 тарихи атаулары бар әр отауда
тоғыз
кұмалақтан бар
Жас ұрпақ өнегеңмен көгереді, Дәстүрсіз жалаң қолдан не келеді. Артыңа
өшпес мұра сыйлап кеткен.
Бабам-ай, ойың кеткен емел еді.
Ұлттық ойын Есептеу ойыны
9
Жүрісті дәл Ұлттық рухани
қасиетін
көрсету ойыны жетілдіру
Ақыл — ой өнері ойыны
Жүрісті есептеу жолдары:
Бірінші есептеу жолы:
Жүріс жасалатын отаудың соңғы құмалағы дөл қай номерлі отауға барып
түсетінін анықтап жазу тәртібі бойынша цифрлардың қосу белгісін қоямыз;
А) егер қосынды 10, немесе 10 ~ ға жетпейтін болса қосындыдан 1-ді
шегереміз
315-3+1+5-9-1-8
б) Егер қосынды 10-нан артық, болса, қосындыдан 10-ды шегереміз
814-8+1+4-13-10-3
Екінші есептеу жолы:
Жүріс отаудың соңғы құмалағы дәл қай отауға барып түсетінін анықтау
үшін отаудың реттік санына сол отауда жатқан құмалақтар санын қосамыз.
А) Егер қосынды 10 — нан артық болса, қосындыны 10-ды шегереміз 315-3+15-18-
10-8
б) Егер қосынды 20 немесе 20- дан артық болса, қосындыдан 19 -ды
шегереміз 814-8+14-22-19-3
в) Егер қосынды 29-дан 37-ге дейін болса, қосындыдан 28-ді шегереміз. 724-
7+24-31-28-3
г) егер қосынды 38 не одан жоғары болса, қосын-дыдан 37-ні шегереміз 738-
7+38-45-37-8
Үшінші есептеу жолы:
Жүріс жасалатын отаудағы соңғы кұмалақ дәл қай отауға барып түсетінін
табудың үшінші жолы ілгері, кері есептеу.
10 қүмалақ осы отаудан басталған жүріс карсыластың өзі аттас номерлі
отауына дәл барып түседі.
19 құмалақ осы отаудан басталған жүріс құмалақтарды барлық отауға
қатар түсіп, өз орнына қайта келуі.
28 құмалақ болса, ол екі жақтың барлық отауларын бір айналып, қайтадан
қарсыластың өзі аттас отауына дәл барады.
37 кұмалақ болса, ол барлық отауды екі айналып шығып, қайтадан өз
орнына келіп түседі.
Тоғыз саны сиқырлы,
Толығады ой-сана.
Тоғыз мақал білмесең,
Тоғыз құмалақ ойнама.
1. Дұшпанның сырын біл, жүрсе жүр, кұлсе күл.
2. Дұшпанның жанына
Тұздық сақтама
3. Алыстан арбалағанша
Жақыннан дорбала.
4. Үйіңнің рахатын көр,
Үйге жинай бер.
5. Береген қолым алаған,
Алаған қолым береген
6. Жұт болды деп қорланба
Қорада қотыр тоқгы бар.
Ол да егіз туар лақ, қозыңды санап ал.
7. Пайдасыз жерге пұл шашпа,
айлық тиыннан құралады.
8. Сый берсе қашпа, пұлға берсе алма.
Жолықсаңыз пөлеге, жете алмайсыз мөреге.
9. Жаңылмайтын жан жоқ,
Сүрінбейтін түяқ жоқ.
Алсаң мақтанба, берсең даттама.
Қорытынды бөлім.
Оқушылармен карточка бойынша жұмыс істеу, бағалау.
Сабақты қорытындылау.
Үйге тапсырма беру. 313,317,739, 949- сандарын жүрісті есептеу жолының
1 және 2 жолдарымен есептеп, дәлелдеу.

Өэіңді- өзің танысаң – істің басы.
Мақсаттары: Оқушыларды адамгершілік қасиеттерге баулу. Өзін-өзі тануға
көмектесу. Өз ойын, пікірін айта білуге баулу. Топтық, жұптық және жеке
жұмыс жасауға үйрету.
Міндеттері: 1) Оқушы өзінің жағымды, жағымсыз қасиеттерін зерттеуге
ұмтыландыру;
2) Өз кемшіліктерін өзі реттеп өзін-өзі жетілдіріп, тәрбиеленуге
талпындыру.
Көрнекілік: Жазбақағаз, парақтар, нақыл сөздер7.
БАРЫСЫ
I. Қызыл, жасыл, сары, ақ түсті белгілер арқылы, оқушылар төрт топқа
бөлінеді.
II. Абайдың жетінші қара сөзі оқылады.
а) Бұл маржан сөздің авторы кім? Ол туралы не білесіңдер?
ә) Мәтіннің мағынасы туралы не айтар едіңіздер?
б) Қара сөздің негізгі түйіні.
III. Мұғалім. Дүниедегі ең асыл, бағалы нәрсе - адам болса, сол адам
бойындағы ең басты сипаттар Рух, Нәпсі, Ақыл, Ой туралы ойларыңды қағазға
жазып, әр топтан бір оқушы шығып қорғау керек.
- Адамның денесіне жан бітіріп түрған екі қуат - осы рух пен нәпсі.
Барлық адамгершілік қасиет рухтан тарайды. Рух пен ақыл бірін-бірі күшейте
отырып қуаттанады, адам рухани өседі, адамгершілік қасиеті артады. Ақыл
нәпсіге қызмет қылса, адамгершілік қасиеттерден жұрдай болады. Осы үш
күштің өзара әзірлесуін тудырушы ақылды іске қостырушы рух пен нәпсіні
қоздыушы тағы да бір күш бар, ол ой ағыны. Жақсы ой болса - алып, жаман ой
болса - қағып отырса, адамның ақылы артып сәйкесінше рухы да өседі. Рух пен
нәпсінің мұқтаждықтары мен құмарлары ара-қатынасынан келіп адамның мінезі
шығады. Адам өзін-өзі тану үшін өзінің мінезін білу керек, яғни рухы мен
нәпсісін тану керек.
Сергіту кезегі. "Орамал тастау" ойыны. Мұғалім адамгершілік қасиеттерінің
бірін айтып, қолындағы орамалды бір оқушыға тастайды, ол оқушы тағы бір
қасиетті айтып келесі оқушыға орамалды тастайды.
IV. "Мен қандаймын?" Қолдарыңдағы кестені толтыруларыңыз сұралады. Бір
жағында "Менің жағымды жақтарым'", екінші жағында "Менің жағымды емес
жақтарым" деген кестені толтыру. Шындықты жазуға тырысыңдар. Өйткені бұл
жұмыс түрі өзімізді-өзіміз тануға, реттеуге, тәрбиелеуге қажет. Кестені
толтырып, оқып береді.
V. "Өзіңді ғана емес, өзгені де таны". Оқушылар жұптасып жұмыс жасайды.
Әрқайсысы екі тізім жазады. Бірінде өзінің жағымды жақтары, екіншісінде
көршісінің жағымды жақтары, яғни жақсы қасиеттерін жазып шығады. Бір-біріне
оқып береді.
VI. Иә, сіздер өз кемшіліктеріңді байқаған шығарсыздар. Енді өзімізге-
өзіміз кеңес беріп көрейік. Ол үшін "Өзіме хат " жазып, кодоскоп арқылы
оқу.
VII. Қорытынды. Сіздер бөлініп отырған түстерде адамгершілік қасиеттерді
білдіреді екен.
Мысалы.
Жасыл - мейірімділік, сезім тереңділігін.
Қызыл - жылылықты, күш-қуатты, сергектікті білдіреді.
Сары - ақыл-парасаттылықты, назды көңіл-күйдің белгісін, ал ақ -
бақыттың, адалдықтың белгісін білдіреді екен.
Егеменді елдің ертеңін қорғар "жеке тұлға" немесе Абай атамыз
айтқандай "толық адам" боламыз десек, ең бірінші мінездің беріктігі керек
екен.
Адам, ғалам ғажайып жеке дана,
Жан қүмары - іздегең мәңгі сана,
Өзіңді-өзің танысаң - істің басы,
Түзеген өз ғаламын болған дана.

Ұқсас жұмыстар
"мен және менің ортам " тренинг сабақ 9-10-11 сынып
Топтарға тапсырмалар беру
Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық процестерін ойын арқылы дамыту жолдары
Топтарға бөлу. Оқушының әрекеті
Мен таңдаған өмір (психологиялық тренинг)
Жаңа дәуірдегі зерттеулер
Жаттығу Менің мінезім
Ұбт-ға дайындық. психологиялық тренинг
Табиғаттың адам өміріндегі маңыздылығы
Психологиялық кеңес
Пәндер