Ұстаздарға сұрақ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ы. Алтынсарин атындағы Мемлекеттік Педагогикалық институты
Педагогика және филология факультеті
Педагогика және психология кафедрасы
Тақырыбы: Бала - біздің болашағымыз
Орындаған: М-21 тобының студенті
Төлегенова Ж. Б.
Тексерген: Бижанова Ғ. Қ.
Арқалық 2009
Бала біздің - болашағымыз
Мақсаты:
а) Бала тәрбиесінде ата-ана мен ұстаздың жауапкершілігін арттыру.
ә) Қоғамда қиын бала болдырмау үшін ата-ана мен мұғалім арасында үйлесімді жұмысты жолға қою.
Көрнекілігі : өсиет сөздер, тест сұрақтары, қабырға газеттері.
Техникалық құралдар : кодоскоп, магнитофон.
Кіріспе бөлім:
Адамзаттың өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы- бала. Бала- дербес тұлға.
Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары, отбасында, мектепте, әлеуметтік ортаданәрленеді, толысып, әрленеді. «Бала нені білсе жастан, ұядан- өле-өлгенше соны таныр қиядан» деген нақылдың астарында қаншама мән-мағына жатыр. «Бала істеген жауыздықтың жазасын тәрбиешісі көрсін» деген Иран мәтелі де соны меңзейді. Бұл орайда мектептің де атқаратын рөлі зор. Өйткені, отбасы тәрбиесі мен мектептегі тәрбие бір-бірімен тығыз байланысты. Баланың басты ұстазы-ата-анасы. Бала ата-анасын, ата-ана баласын танымайынша, іс-алға баспайды. Ата-ана мұғалімге көмекші, сенімді тірек болса, мұғалім де сондай болуы керек. Екі жақты байланыс нығайғанда ғана, барлық күрделі мәселелердің түйіні шешіледі.
Негізгі бөлім:
Отбасындағы, мектептегі бала тәрбиесі қандай
Келіңіздер, осы тақырып төңірегінде салиқалы пікір алысайық.
- Ой қозғау.
- Балаңыздың білім алуына жағдай жасадым деп ойлайсыз ба?
- Білім алуына жағдай жасадым деп ойлайсыз ба?
- Мектептен оралғанда көңіл-күйіне мән бересіз бе?
- Балаңыздың достарын білесіз бе?
Ұстаздарға сұрақ:
- Баланы қабілетті, қабілетсіз деп бөлесіз бе?
- Баламен қарым-қатынас ата-ананың қызметі сізді қызықтырады ма?
- Баланың білім алуы мен тәрбиесіне жауаптымын деп ойлайсыз ба?
- Сабақта баланың көңіл-күйіне мән бересіз бе?
Оқушыларға сұрақ:
- Білім алуда саған жауапты кім деп ойлайсың?
- Саған ұстазыңның қандай қасиеттері ұнайды?
- Сынып жетекшісі мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас қандай болуы керек?
- Мектебімізде мінсіз мұғалім бар деп ойлайсыз ба?
Осы сұрақтарға жауап алынып, қорытынды жасалады.
- Кездейсоқ жағдайдан шығу.
Ата-аналарға:
- Сіз тәрбиелі отбасы иесісіз. Бірақ, балаңыздың жат әрекеттерге бой алдырып бара жатқанын байқадыңыз. Балаңызды қалай қорғап қаласыз
Ұстаздарға:
- Сіз сыныпты тыныштандырып, сабақты бастап кеттіңіз. Бір уақытта оқушының қатты күлкісі естілді. Сіз тосыннан ештеңе айтып үлгермей, оған таңдана қарап едіңіз, ол сізге тіке қарап: «Сіз сабақ түсіндірген кезде менің сізге қарап, күлкім келеді», - деді. Сіз қандай шара қолданасыз?
Оқушыға:
- Сен би кешіне баруға достарыңмен уәделесіп келдің. Ата-анаң рұқсат бермеді. Бұл жағдайдан қалай шығасың?
ІІІ. Психологиялық сараптама.
Тесттердің жауабынан жинаған ұпайларына қарап, бағыт-бағдар берңледі,
Қорытынды.
Қадірлі ата-ана, ұстаздар, «Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең, балаға кішкентайынан түзу тәрбие бер» деп, ата-бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытында көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік. Егер ата-ана мен мектеп өзара тығыз байланыста болса, балаларға дірдей талап қойып отырса, тәуелсіз еліміздің ұл-қыздары жан-жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz