Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Зиянды әдеттер және олардың алдын алу
Зиянды әдеттер және олардың алдын алу
Сабақтың білімділік мақсаты: оқушыларға зиянды әдеттерге қызығудың
зияндылығын ескерту, есірткінің, алкогольдік ішімдіктердің және темекінің
зиянды әсері туралы ақпарат беру;
Дамытушылық мақсаты: қарсы тұра алу дағдысын дамыту;
Тәрбиелік мақсаты: іс-әрекетіне, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау
дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: тренинг;
Сабақтың формасы: шағын топтармен жұмыс;
Керекті құралдар: маркер мен пакаттар;
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
– Сәлеметсіздер ме! Сендердің дендерің сау, жүздерің жылы, көңілді
белсенді сабаққа келіп отырғандарыңа қуаныштымын, әр кез осындай
болыңдар. Бүгінгі сабақта әртүрлі аурулардың алдын алу, денсаулығымызды
күту туралы сендермен бірігіп жүргізіп жүрген жұмысымызды жалғастырамыз.
Ағзамызға зиянды кейбір әдеттер туралы әңгімелесеміз.
ІІ. Ой қозғау, іздену.
– Кез келегн адамның өзіне тән әдеті бар. Сендер өздеріңе таныс қандай
әдеттерді білесіңдер? (Әдетке байланысты ассоциациялық карта құрайды).
– Ал енді картаға зейін қойып қарап ағзаға зиян келтіретін әдеттерді
қоршап қояйық.
Олар – нашақорлық, маскүнемдік, темекі тарту. Осы зиянды әдеттер туралы,
олардың ағзаға зиянды әсері туралы кеңінен талқылайық.
ІІІ. Реализация (жүзеге асыру).
1-тапсырма.
Әр топ нашақорлық, маскүнемдік, темекі тарту туралы білетін ақпараттарын
сұүйеніп плакатқа дәйекті сөздер немесе сурет, символдар салулары керек.
Тапсырманы орындамас бұрын таңдаған тақырыпты өз араларыңда талқылап
алыңдарда жұмысқа кірісіңдер.
Топ жетекшілері тапсырманы таққтада қорғайды.
– Топтың қосымша пікірі бар ма?
– Топқа сұрақ бар ма?
– Барлық топтың жұмыстарында ортақ қандай пікір бар?
2-тапсырма.
– Адамдар зиянды әрекеттердің зиянын біле тұра оған әуестенуді жалғастыра
беретіні туралы сендер ойландыңдар ма? Енді осы ойдың төңірегінде ойланып
сұраққа жауап берулеріңді сұраймын.
Топ мүшелері қағазға адамдардың зиянды әдетке әуестену себебін кезек-
кезек барлығы жазып шығады да, өз араларында жазған себептерін
талқылайды, пікірлерін дәлелдейді. Топ капитаны қорытынды пікірді тақтаға
шығып қорғайды. Екінші топ өз пікірлерін айтқанда алдыңғы топтың пікірін
қайталамауға тырысу керек.
– Иә, шындығында осы айтқан себептердің барлығы есірткіні қолдануға,
ішімдікті қабылддауға, темекінің түтініне улануға алып келеді, ал енді
негізгі мәселеге көңіл аударайық осы зиянды әдеттерден қалай сақтануға
болады?
ІҮ. Рефлексия (ойлану)
– Балалар, денсаулығымызға зиян келтірмейік деген ниетте біздің мектептің
оқушыларына үндеу жолдайық. Әрқайсымыз зиянды әдеттен аулақ болудың
себебі мен салдарын плакатқа жазайық та күннің тұсына ілейік.
– Күн – денсаулықтың, қуаныштың, жылылықтың символы. Ал сендер
мемлекетіміздің болашағысыңдар. Республикамыздың ертеңгі жағдайы
сендердің қандай азамат болып өскендеріңе байланысты. Бұл сөз жоғары
пафоспен айтылса да, шындығында да мемлекетті құрайтын адам, ал ертеңгі
күні сендер әрқайсың әр мамандықтың иесі боласыңдар, белгілі бір қызмет
атқарасыңдар. Сол қызмет барысында халыққа, мемлекетке қызмет
жасайсыңдар. Еліміздің ертеңі сендердің қолдарыңда, сондықтан
мемлекетімізге дені сау, білімді, әр нәрсені пайымдай алатын азамат керек
екенін естен шығармаңдар.
«Валеология» №1 – 2006 жыл.
Жаксылыкова Айсулу Ф-21.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz