Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Өгей шешенің қылығы

«Қатыгездік қайдан шығады?»

Мақсаты: а) оқушыларды өрескел тәртіпсіздіктерден, өмір құбылысында
кездесетін бұзақылық жағдайлардан, тасбауыр, қатыгездік қасиеттерден
сақтандыру. ә) еліміздің тәрбиелі де, ұлағатты азаматы болып өсуге деген
талпыныстарын, ой-өрістерін дамыту. б) оқушыларды кішіпейілділікке,
мейірімділікке, иманжүзділікке тәрбиелеу.

Әдісі: Пікір сайыс

Түрі: Тренинг

Сабақ барысы: І. Ұйымдастырыу. ҚР. Әнұранын айту. Сынып 3 топқа бөлінеді.
Оқушылардың ойын қозғап тақырыпты ашу мақсатында: «Миға шабуыл»
стратегиясы. «Қатыгездік деген қандай қасиет?»

Оқушы жауабы: Қатыгездік дегеніміз – жаман қасиет, жауыздық, тасбауырлық,
томырық адам.

ІІ.Келесі кезекте оқушылардың пікірін, ойын ашық айтқызу мақсатында ТРЕНИНГ
– Келісім шарт жасады.

1. Ойын ашық айту.

2. Уақытты үнемдей білу.

3. Бір-бірінің пікірін тындай білу.

4. Топтың лидерін сайла.

Әр топқа берілген сұрақтар:

№1 топ. Баланың қоршаған ортаға деген қатыгездігі туралы.

№2 топ. Баланың табиғатқа қатыгездігі.

№3 топ. Баланың ата-анасына қатыгездігі.

ІҮ. Психологпен кездесу. Маман оқушылардың пікірін тыңдап сараптама жасады.

Ү. Әңгімені талдау, пікір айту. №1 топ. Ана туралы аңыз. №2 топ. Байлыққа
басы айналған бала. №3 топ. Өгей шеше қылығы.

Оқушылар мәтінді оқып, талдай отырып, баланың, өгей шешенің, қалындықтың
қатыгездіктері туралы пікірлерін ортаға салады.

ҮІ. Сарапшылар оқушылар ойын сараптады.

Байлыққа басы айналған бала.

Ертеде ата-анасының арқасында өсіп-өніп, байыған бала төрт құбыласы
түгел болған соң, әке-шешесін қажетсінбей, қарттар үйіне апарып тастайды.
Уақыт шіркін өте береді. Бірде жігіттің жолдастары өз ата-аналарының
амандығын құдайдан сұрап, ас береді. Ал жігітті әке-шешесіне істеген
опасыздығы үшін күлкі етеді. Бетіне басады. Басы айналған жігіт,
жолдастарының әрекеттеріне шыдамай, жылай береді. Ақыр соңында өзінің
қателескенін білген жігіт, ата-анасын іздеп қарттар үйіне келеді. Келгенмен
.... бұл үйде жігітті тек ғана анасы қарсы алады. Ал әкесі өткен жылы көзін
жұмған екен. Жігіт жылап-еңіреп анасының аяғына жығылып, кешірім сұрап,
анасын үйіне алып келеді.

Ана туралы аңыз.

Ертеде сұлу қызға болған ғашық,

Ананың әлпештеген жалғыз ұлы.

Қыз атын айтса, ауыздан зор шығыпты,

Құс жастық аққан жасқа малшыныпты.

Дертіне сағыныштың шыдай алмай,

Жас жігіт құр сүлде болып таусылыпты.

Қинады қыздың шарты бөлек екен,

О, сұлу неткен қатал керемет ең?!

Анаңның жүрегін алып келген күні,

«Мен саған жар боламын»-деген екен.

Сол қызға есі ауған жігіт мүлде

Бүк түсіп жата алмады құрып күнде.

Ұйқыда бейқам жатқан сорлы ананың

Жүрегін жұлып алды тұрып түнде

Сүюдің серті ме еді соның бәрі,

Ол, міне қыздың шартын орындады.

Сүрініп кетсе жігіт келе жатып,

Жүрегі түсіп кетті қолындағы.

Ананың кезі бар ма кекті болған,

Оқыста жүрек түсіп кетті қолдан,

Ұмтылса, топырақта жатқан жүрек:

«Құлыным, байқасаңшы»-депті оған.

Өгей шешенің қылығы.

Бірде анасынан жастайынан жетім қалған екі баланың әкесі»анасыз
қалдырмайтын» деген оймен екінші әйелмен бас қосады. Екі баланың қуанышында
шек болмай, өгей шешенің жылы алақанына үміт күтеді. Күндер жылжып өте
береді. Өгей шеше жылы үйге басын сұғып алғаннан кейін, балалардан
құтылудың амалын таппай, оларға ұрысып-жекумен болады. Байғұс балалар
шешенің қасы мен қабағына қараумен өмір сүріп жатады. Бірде өгей шешені
суық ой қаптап алады.... Сөйтіп әкесінің жоқтығын пайдаланып, балалардың
құлағына құрт салады. Бұл істі өгей шеше әдетке айналдырады. Балаларының
өңдерінің қурап, үнемі жылаумен болған, мазасыз күндерін көріп, әке қатты
толғанады. Ақыр соңында жұмысына кетпей бақылауды ұйғарады. Сөйтсе,
әйелінің балаларының шыңғыртып, құлақтарына құрт жіберіп жатқан жерінен
ұстап алады. Өгей шешенің мұндай жауыздық әрекетіне шыдай алмаған әке, сол
жерде қатты ызамен әйелінің басын шауып өлтіреді.

Аңыз әңгімені талдауға сынып оқушылары түгел дерлік қатысты. Ата-
аналарын сыйлайтындықтарын, қатыгездік, тасбауырлық, жаман қасиеттерге
төзбейтіндіктерін айтты. Сабақ мақсатына жетті.

Ұқсас жұмыстар
Отбасы - шағын мемлекет
Төрлет,төрлет,Жаңа жыл
М. Әуезов ақын қонақтар жайлы ақпарат
Күлше қыздың сауық кешіне баруы. жаңа жылдық ертеңгілік. даярлық тобы
Міржақып дулатұлы "шешенің балаларын сүюі" 8 сынып
Сұлулық-тал бойына жарасқан . Әсемдік әлемінде
« менің отбасым – сыйластық, жарастық орнаған ортам» атты 8 сынып ата-аналар үшін семинар-тренинг
"жасай бер , қазақ тілі – қазынам!"
Алма ағашының есебі
Оқушыларды ана тілін құрметтеуге шақыру және ана тілімізде ойлауға тәрбиелеу
Пәндер