Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Тренинг барысы

Қарым-қатынас жасай білу-үлкен өнер

Семинар-тренингтің мақсаты:
Тренингке қатысушыларға айналасындағы адамдармен, қоршаған
орта, өзін-өзі қалыптастыру барысында талдау жасауда сүйенетін
психология саласынан мәлімет беру.
Қажетті құралдар: суреттер, магнитафон, нақыл сөздер, тренинг
ережесі, шар, маркер, ақ парақ.
Тренинг барысы:
Психологиялық бағыт беру (жайлы әуен ойнап тұрады).
-Сәлеметсіздер ме, балалар, қадірлі қонақтар! Қош келіпсіздер.
Әрбір адам-өмірге келген қонақ. Өмір өте мәнді, мағыналы,
мазмұнды өтуі үшін «қамшының ғана сабындай қысқа өмірде» адамдардың бір-
біріне сыйластықта болғанына не жетсін?!
Олай болса, бүгінгі тренингіміз осы қарым-қатынас жасай білу-
үлкен өнер екенін кеңінен ұғынуға мүмкіндік береді.
Адамның қарым-қатынасы оның көңіл-күйіне байланысты. Көңіл-күй
адамның ішкі дүниесінің құбылысы, көңіл-күй адамның айнасы.
-Ал, кәнеки құрметті қонақтар, барлығымыз алдымыздағы ақ қағазға
көңіл-күйімізді түсіріп көрейік. Адам мен табиғат ұқсас, егіз ұғымдар.
Әрқайсысымыздың көңіл-күйіміз табиғат тәрізді бірде бұлттанады, бірде
шайдай ашылады, бірде жауындатады, бірде түнереді, т.т. Табиғат
құбылыстарымен байланыстыра отырып, қағаз бетіне түсірейік.
Қарым-қатынас жасау арқылы адамдар айналадағы дүниеден мәлімет
алады, жан дүниесі кеңейеді, білімі тереңдейді. Адамдармен қарым-қатынас
жасау шеберлігі адамның ішкі мәдениетіне, біліміне, тәрбиесіне байланысты
болады десек артық емес. Ендеше, қарым-қатынасқа түсу үшін орнымыздан
тұрып, шеңбер жасайық. Қолдарымыздан ұстап атымыздың бас әрпін сын есіммен
тіркестіріп айтамыз. Мысалы, қажырлы Қанат, көрікті Кәмшат, т.с.
Кейде отбасында, жүрген ортамызда, көпшілік орындарда
түсініспеушілік, кикілжің, ерегіс жағдайлармен бетпе-бет кездесіп қаламыз.
Кикілжің неден шығатынын, кикілжіңді болдырмау, одан шығу жолдары бар ма,
сол тұрғыда жұмысымызды жалғастырайық. Ортаға 3 топ, әр топта 3 адамнан
болуы керек. Берілген тапсырма бойынша тапсырманы 2-3 минут ішінде топ
мүшелері рөлдік ойынмен көрсетулері керек.
Ситуация:
а) Достар арасындағы кикілжің, шешілу жолын көрсет.
ә) Ата-ана мен бала арасындағы түсініспеушілік және одан шығудың
қандай тиімді жолы бар?
б) Мұғалім мен оқушы арасындағы келіспеушілік. Қандай оң шешім
жасап, жол табуға болады?
Тренингте отырған қонақтарға ортақ сұрақтар қою:
1. Кімдермен жиі кикілжіңге келеміз?
2. Кикілжіңнің шығу себебі неде?
3. Қай топ кикілжіңнің шешілу жолын дұрыс көрсетті деп ойлайсыңдар?
Өзің қалай шешер едің?
IV. Ойын- жаттығу «Жақын танысу»
Қонақтарға әр түсті шарлар таратылады. Түстері сәйкес келсе,жұп
құрап ортаға вальс билейді. 2-3 минут уақыт ішінде бір-бірін жақын білу
үшін жеке сұрақтармен жақынырақ тани түседі.Би аяқталған соң жұптарға
сыңары туралы отырғандар жекелеген сұрақтар қояды. Кім дұрыс, ұтымды жауап
берсе ,сол жұп жеңіске жетеді.
V. Адамдар қарым-қатынаста кейбір қиыншылықтарға кездеседі. Қиын
қарым-қатынас адамдардың өзара түсініспеушілік жағдайында
шынайы байқалады. Адамдар арасындағы келіспеушілікті
болдырмау үшін, екі жақ бір келісімге келуге тиіс. Соған
байланысты тұрмыста болатын әртүрлі кикілжіңді жағдайлардан
қалай шығуға болатынын ойланып,жауап беріп
көрейік.(Ситуациялық жағдайлар бейнеленген суреттер көрсету)
VI. Адамдармен қарым-қатынаста бет-әлпет, қас-қабақ,дауыс маңызды
қызмет атқарады.
«Қонаққа тамақ бермес бұрын қабағыңды бер» деген даналық осы
қағидаға негізделеді. Қонақжай, кеңпейіл халқымыз әр кез осы жайды
ұстанған.
- Ортаға 7 адам шығып, берілген сұрақтарға сай әртүрлі
көңіл-күйді белгілейді.
Ситуация:
а) Ойланып тұрған адамның бет-әлпет кескіні.
ә) Ренжіп тұрған адамның бет-әлпеті.
б) Қайғылы адамның бет-әлпеті.
в) Ашулы адамның бет-жүзі.
г) Таңданған кейіп көрсету.
д) Өкініп тұрған адамның бет-әлпеті.
е) Қуанып тұрған адамның бет-әлпетін бейнеле.
Адамның ары таза, көңілі ақ, ниеті түзу болса, ол ешуақытта
жамандық ойламайды. Бұл ізгілікті қарым-қатынастың бірден-бір жолы.
Қорытынды.
Сабаққа қатысушылар тренинг барысында өздерінің алған
әсерлерін туралы айтады.
Сонымен, тренингімізді ұлы Абай атамыздың «Адам өміріндегі ең
тамаша нәрсе-оның басқа адамдармен қарым-қатынасы»деген сөзімен аяқтай
отырып, тренингімізге қатысып, ойларыңызды білдіргендеріңізге рахмет
айтамыз.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым минстрлігі
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік пелагогикалық институт
Педагогика және филология факультеті
Педагогика және психология кафедрасы

Тренинг сабақ

Сабақтың тақырыбы:
Қарым-қатынас жасай-білу-үлкен өнер.

Орындаған: Қожахметова Ұ.А.

Тексерген: Бижанова Ғ.Қ.

Арқалық,2009 ж

Ұқсас жұмыстар
Жанұя бақыты жаттығу
Заманауй кітапхана және ақпараттық кеңістік
Бақытым да,байлығым да-отбасым ( тренинг сабақ)
Саяхатқа бірге шығайық тренинг
"мен және менің ортам " тренинг сабақ 9-10-11 сынып
"дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі" ұстаздар арасындағы тренинг
Оқушымен амандасу
Ұқсастық шегі жаттығуы
Ойын барысы
Көңіл-күйдің сан қырлы сырлары
Пәндер