Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Файл типін

Сабақтың тақырыбы: «Файлдар мен бумаларды іздеу»

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік мақсаты:
2. Дамытушылық мақсаты:
3. Тәрбиелік мақсаты:

Сабақтың түрі:
Сабақтың әдісі:
Сабақтың көрнекілігі:
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі (3-5минут).
2. Үй тапсырмасын тексеру.
3. Жаңа сабақ.
4. Сарамандық жұмыс.
5. Үйге тапсырма.
6. Қорытындылау.
Сабаққа келмеген оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Пысықтау сұрақтары:
• Свпроылфд
• Укп
• П
• Вап??????
ІІІ. Жаңа сабақ.

Мынадай жағдайды елестетіңіз, сіз жақсы көретін кітабыңызды жоғалтып,
оны еш жерден таба алмадыңыз. Бірақ сіз оны ата-анаңыздан сұрауыңызға
болады, мүмкін анаңыз оны басқа жерге қойған шығар. Сол сияқты компьютерде
де қандай да бір файлдарды жоғалтып алуға болады, бірақ компьютер оны қайда
қойғанын айта алмайды. Бұл жағдайда көмекке Іздеу (Поиск) немесе Табу
(Найти) командалары келеді.
Іздеу командасы компьютерде кез келген файлды тез тауып бере алады. Ол
үшін объектіні, оның атын, құрылу датасын, өлшемін білу керек.
Команданы шақыру үшін мына әрекеттерді орындау керек:
1. Жіберу батырмасына шертіңіз;
2. Табу пунктін таңдаңыз;
3. Файлдар және бумалар пунктін таңдаңыз;
4. Файлдар және бумалар атын іздеу өрісінде файл атын немесе файл
атының фрагментін енгізіңіз;
5. Мәтінді іздеу өрісіне мәтін фрагментін енгізуге болады;
6. Қайтадан іздеу өрісінен іздеу жүргізілетін диск немесе басқа
объектіні таңдауға болады;
7. Табу батырмасына шертіңіз.
Іздеудің қосымша параметрлерін енгізу үшін Іздеу параметрлері
(параметры поиска) жазуына шертуге болады, содан кейін терезеде жаңа
элементтер пайда болады. Олардың көмегімен құру немесе соңғы өзгерту
уақыты, өлшемі және т.б. бойынша іздеу салуға болады.

Файлды іздеу ісі программалық жүйелерде жиі жүргізіледі. Оны жылдам
табу үшін компьютерде файлдарды сақтаудың және орналастырудың нақты бір
жүйесін енгізу керек екені бұрыннан белгілі, мысалы, бір каталогта –
хаттар, ал басқада мәтіндер, т.с.с.
Windows 95 жүйесінде қажетті файлдарды іздеудің бірнеше жолдары бар,
олар:
• Соңғы пайдаланылған файлдар Іске қосуҚұжаттар
(ПускДокументы) терезесінде сақталып тұрады, қажеттісмін
тауып, тышқанды екі рет шерту арқылы оны экранға бірден шығара
аламыз;
• әдетте соңғы жұмыс істеген 4-5 файлыңыз қолданбалы программаның
Файл менюінің тізімдерінің соңында жазылып тұрады, керекті жолды
ерекшелеп алып, тышқан көмегімен оны экранда оқуға мүмкіндік
бар.
Егер файл ертеректе жазылып, қайда тұрғанын ұмытып қалған жағдайда,
кеңейтілген іздеу жолдарын қарастырған абзал. Ол үшін алғашқы менюдегі
Іске қосуІздеу (ПускПоиск) командаларын орындау керек. Сол кезде
пайда болатын мәлімет іздеу сұқбат терезесіне керекті файл аты енгізіледі
де, ол туралы белгілі информация терезедегі көрсетілген өрістерге толық
жазылады. «Табу» батырмасы басылысымен іздеу жүргізіліп, табылған файлдың
аты, толық маршруты көрсетіліп тұрады. Файлды іздеу оның нақты аты емес,
нұсқа арқылы да жүргізіле береді. Ондайда ізделген каталогтардағы сол
нұсқаға сәйкес барлық файлдар тізімі терезеге шығады, сол тізімнің өзін
бөлек файлға жазып сақтап қоюыңызға болады.
Іздеу кезінде сұқбат терезесіне:
• файлдар типін;
• файл атындағы (* және ? сияқты) нұсқаларды;
• диск, каталог аттарын;
• файл көлемін (көрсетілген мөлшерден артық немесе кем
көлеміндегіні);
• оның жасалған мерзімін (көрсетілген мерзімнен ерте немесе кейін
жазылғандарын) көрсетуге болады.
Табылған файлдар тізімі тұрған терезеде жоғарыда айтылған көшіру,
ауыстыру, жою, атын өзгерту сияқты операцияларды түгел орындауға болады.
Іздеу мүмкіндігін компьютерлер желісінде де пайдалана аламыз.

1. Іздеу кезінде сұқбат терезесінде көрсетуге болады: Файл типін.
2. Қай батырма басылысымен іздеу жүргізіліп, табылған файлдың аты, толық
маршруты көрсетіліп тұрады? Табу.
3. Файлды іздеу ісі программалық нелерде жиі жүргізіледі? Жүйе.
4. Егер файл ертеректе жазылып, қайда тұрғанын ұмытып қалған жағдайда,
іздеудің қандай жолдарын қарастырған абзал? Кеңейтілген.
5. Компьютерде кез келген файлды тез тауып бере алатын команда: Іздеу.
6. Соңғы пайдаланылған файлдар Іске қосу ... терезесінде сақталып
тұрады: Құжаттар.
7. Іздеу командасын шақыру үшін ең алдымен қай батырманы шерту керек?
Жіберу
-----------------------

А

Р

А

Д

Л

Й

Ф

1

2

3

4

5

6

7

Ұқсас жұмыстар
Диаграммаларды құру, редакциялау
Файл белгішесі
Файлдар, бумалар, жарлықтар. қысқа мерзімді жоспар 5- сынып
Блокнот қолданбасының құжаты
Мәтіндердің орнын ауыстыру және көшірмелеу. кесте құру. ұяшықтармен жұмыс
Файлдар мен қапшықтар
Файлды іздеу
Мәтінді туралауды белгілеу
Редактордың командалары
Файлдармен бумалар
Пәндер