Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Блокнот қолданбасының құжаты

Сабақ тақырыбы: Файлдар мен қапшықтар. Таңбашалар
Сабақтың мақсаты: Файлдар, қапшықтар, таңбашалар туралы мағлұмат беру, жаңа
қапшықтар құруды үйрену, таңбашаны жасау әдістерін меңгеру.
Сабақтың міндеті:
білімділік:
• «Бағдарламаларды іске қосу және құжаттар ашу» тақырыбы бойынша
оқушылардың алған білімдерін пысықтау;
• оқушылардың файлдар мен қапшықтар қызметтері туралы білімдерін
жүйелеу және кеңейту;
• «Файлдар мен қапшықтар. Таңбашалар» тақырыбы бойынша алған білім,
білік, дағдаларын бақылау;
дамытушылық:
• Оқушылардың логикалық ойлауын дамытады – қолда бар ақпаратты
пайдалана білу мен маңыздысын іріктеп алу білігін дамытады;
• өзбетінше жұмыс істеу дағдысын дамыту;
• ой-қиялын дамыту.
тәрбиелік:
• сабақ арқылы пәнге деген қызығушылығын арттырып, білу қажеттілігін
тудыру;
• тәртіптілікті тәрбиелеу;
• алға жетелеуші бәсекелестікке және ұйымшылдыққа тәрбиелеу;
• оқушылардың сөйлеу мәдениетінің сауаттылығын арттыру;
• оқушылардың компьютерде жұмыс істеу барысында техника
қауіпсіздігінің ережелерін ұстану арқылы денсаулыққа кері әсер
ететін жақтарын болдырмауға деген ұмтылыстарын тәрбиелеу.

Сабақ түрі: білімді дамыту мен тексеру сабағы.
Оқыту әдісі: жаңа ақпараттық технологиялардың ішіндегі мультимедиялық
презентацияны қолдану арқылы ұйымдастырылған сабақ арқылы оқыту
технологиясы.
Сабақ жоспар:
1. Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин.
2. «Бағдарламаларды іске қосу және құжаттар ашу» тақырыбын пысықтау – 5
мин.
3. «Файлдар мен қапшықтар. Таңбашалар» тақырыбы бойынша алған білімді
жүйелеу және тереңдету – 19 мин.
4. «Файлдар мен қапшықтар. Таңбашалар» тақырыбы бойынша алған білім,
білік, дағдыларды бақылау – 10 мин.
5. Сабақты қорытындылау. Үй тапсырмасы -3 мин.

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім: Сәлеметсіңдерме! Мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Ал енді
сабағымызды бастайық. Өткен сабақта танысқан «Бағдарламаларды іске қосу
және құжаттар ашу» тақырыбын қайталайық.
Бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Файлдар мен қапшықтар. Таңбашалар». Біз
қапшықтардың терезелерінің құрылымын қарастырдық. Қапшық – объектілер
бірлестігі.
Windows’98 объектілерін негізгі және арнайы деп шартты түрде бөлуге
болады. Windows’98-дің негізгі объектілеріне қапшықтар, бағдарламалар,
құжаттар мен таңбашалар жатады.
Арнайы объектілеріне: Бас меню, басқару тақтасы, Менің компъютерім
(Мой компъютер) және Себет (Корзина) жатады.
Қапшықтар компьютерде белгілі тәртіппен орналасады, оны иерархия деп
атайды. Қапшықтар иерархиясын Бағыттауыш қолданбасының терезесінің сол
жағында немесе келтірілген схемадан көруге болады.
Windows’98-дің қапшықтарының иерархиясының шыңы Жұмыс орны қапшығы
болып табылады. Бұл қапшық қалған барлық қапшықтардың аналық қапшығы болып
табылады. Оның бірқатар ерекше қасиеттері бар. Жұмыс орны барлық
терезелердің астында болады, ол барлық терезелер жималанған кезде ғана
толық көрінеді.
Жұмыс орны қапшығына Мой компьютер және Себет (Корзина) қапшықтары
салынған. Өз кезегінде Мой компъютер қапшығында бес қапшық бар. Олар: бар
дискілердің белгішелері А:, С:, В: және екі жүйелік қапшықтар: Басқару
тақтасы мен Принтерлер. Дискілердің ішінде басқа қапшықтар, файлдар мен
таңбашалар болуы мүмкін.
Ол қапшықтардың ішінде басқа да қапшықтар, файлдар мен таңбашалар
болады. Бүл принцип әр қапшық үшін қайталанады, ал соңғы қапшықта тек
файлдар мен таңбашалар ғана бола алады.
Файл дегеніміз не? Файл — аты бар бірқатар байттар тізбегі Файл не
бағдарлама, не құжат болуы мүмкін. Windows-та бағдарламалардың басқа атауы
— қолданба қолданылады.
Құжат бағдарламаға бағынышты, себебі ол не бағдарламаны өңдейтін
объекті, не бағдарламаның өндеу нәтижесі ретінде пайдаланылады.

Windows’98 объектілерінің шартты иерархиясынық схемасы.

Әр файлдың аты болады. Оның аты: оң және сол бөліктерден тұрады. Оң
жақ бөлігі үш символдан тұрады және оның типін анықтайды. Сол жақ бөліктің
ұзындығы 1-ден 255 символға дейін болады, оның пайдаланушы үшін құжаттың
қызметін анықтайтын мазмұндық жүктемесі бар. Файл атында \ ?:*"<>/
символдарын пайдалануға болмайды.
Файлдың типі бойынша компьютер оның бағдарлама немесе құжат екендігін
анықтайды. Егер файлдың типінде .ехе немесе .сот белгілеулері тұрса, онда
бұл бағдарлама болғаны. Ал қалған белгілеулері барлардың бәрін компьютер
құжат деп анықтайды.
Файл типтерінің кейбір негізгі "құжат ретінде" белгіленулерінің
тізімі төменде келтірілген.
.bmр Раіnt графикалық қолданбасының суреті.
.dос Word және WordРad мәтіндік редакторларының құжаттары.
.txt Блокнот қолданбасының құжаты.
.wav Фонограф қолданбасының дыбыстық файлы.
.аvi Бейне-клип.
.хls Ехсеl кестелік процессорының құжаты.
.ррt Power Point қолданбасының тұсаукесері.
Компьютер құжаттың типі бойынша құжат қай қолданбада өңделгенін
анықтайды.
Мысалы, екі рет шерткеннен кейін, компьютер құжаттың типін анықтай
отырып, ол құжатты жасалған қолданбада ашады.
Қапшықтар жүйелік және жұмыс қапшықтары болып екіге бөлінеді. -дің
объектілері жүйелік қапшықтарда сақталады. Жүйелік қапшықтарға қандайда бір
өзгерістер енгізілсе, жүйе жұмысының дұрыс істелмеуі немесе жұмыс барысында
тұрып қалуы мүмкін.
Жүйелік қапшықтарға: Windows, Рrogrат Files қапшықтары және
бағдарламалар арқылы құрылған қапшықтар жатады.
Жұмыс қапшықтарына өздерің құрған немесе сендер үшін Windows’98
құрған қапшықтар жатады. Мысалы, Менің құжаттарым (Мои документы) қапшығы.
Windows’98-де қапшықтардың ішіне қапшықтарды шексіз кірістіре беруге
болады.

ЖАҢА ҚАПШЫҚТАР ҚҰРУ
Компьютермен жұмыс істегенде көптеген файлдар құруға тура келеді.
Егер ол файлдарды тек бір қапшыққа орналастыра берсе, онда бара-бара ол
қапшықтан қажетті файлды тауып алу үшін, көп уақыт қажет болады. Бұл
жағдайды болдырмау үшін, файлдарды өзіміз жасаған жеке қапшықтарға
орналастырған жөн. Мысалы, барлық суреттерді Сурет қапшығына, ал ойындарды
Ойын қапшығына т.с.с. орналастырады.
Жаңа қапшық құру қиын емес, оны мына мысалда қарастырайық:
1. Мой компьютер қапшығын ашындар.
2. Содан соң, өз қапшықтарыңды оның ішіне орналастырғыларың келетін
қапшықты ашыңдар. Мысалы, С: дискісінің қапшығын ашыңцар.
3. С: дискісінің қапшығының терезесінің бос орнына маустың нұсқағышын
орналастырып, оның оң жақ батырмасын шертіңдер.
4. Шыққан динамикалық (контекстік) менюдің Создать командасында шертіңдер.
5. Экранда пайда болған бағыныңқы менюден Папка командасын таңдаңдар.
Мұның бәрін жасасымен экранда "Жаңа қапшық" ("Новая папка") атты жаңа
қапшықтың белгішесі пайда болады. Пернетақтадан қажет атты енгізіп, Еnter
пернесін басыңдар.
Қапшық құрудың басқа да жолы бар:
1. Мой компъютер қапшығын ашыңдар;
2. С: дискісінің қапшығын ашыңдар;
3. Маустың нұсқағышын меню жолындағы Файл командасына орналастырыңдар;
4. Пайда болған созылған менюдің Создать командасын шертіңдер, бағыныңқы
меню пайда болады;
5. Бағыныңқы менюдегі Папка командасында маусты шертіңдер.
Мұнда да жаңа қапшық белгішесі пайда болады.

ТАҢБАШАЛАР
Таңбашалар — нақты бір файлдарды көрсететін арнайы белгішелер.
Олардың қапшық белгішесінен айырмашылығы — оның сол жақ төменгі бұрышында
кішкене иілген бағдаршасы бар. Таңбашаны екі рет шерту құжатты ашады немесе
бағдарламаны іске қосады. Таңбашаны жойғанда, оның көрсетіп тұрған файлы
жойылмайды.
Таңбашалардың негізгі міндеті — қажет болатын әр түрлі жерлерден оның
бірнеше көшірмесін жасамай, объектіге қатынауды қамтамасыз ету.
Таңбашаларды қалай жасайды.
Таңбашаларды Алып бару (Перетаскивание ) әдісімен немесе "Таңбаша
жасау" ("Создание ярлыка") шеберінің көмегімен жасауға болады.
Алып бару (Перетаскивание) әдісін қарастырайық. Бұл әдіспен
таңбашаларды жасаудың екі жолы бар.
Бірінші жол:
1. Таңбашаны жасағыларың келетін объектісі бар қапшықты ашыңдар.
2. Маус нұсқағышын керек объектіге апарып, онда маустың оң жақ батырмасын
шертіңдер.
3. Пайда болған динамикалық (контекстік) менюден Создать ярлык командасын
таңдаңдар.
Екінші жол:
1. Таңдаған белгішеде маустың оң жақ батырмасын шертіңдер.
2. Пайда болған динамикалық менюден Создать ярлык командасын тандаңдар.
Windows таңбашаны объектінің өзі орналасқан қапшықта жасайды.
3. Жаңа ғана жасалған таңбашаны қажетті орынға жылжытыңдар.
Енді алған білімдерімізді тексеру үшін тақтаға назар аударайық.
Сіздердің алдарыңызда сөзжұмбақ берілген. Ең көп жауап берген бала тиісті
бағасын алады.
Үйге тапсырма:
3.4-тақырыпты «Файлдар мен қапшықтар» оқып келу, өздерің жаңа файлдар мен
қапшықтар құруды үйрену.

Ұқсас жұмыстар
Файл белгішесі
Файлдар мен қапшықтар
Файлдар мен қашықтар
Блокнот программасы. 7-сынып
Тақырып Файлдар, бумалар және жарлықтар
Дыбыстық ақпаратты өңдеу, дыбыс жазу фонограф ойнатқыш
Ағымдағы терезеде таңбаша құру
Күнделікке жазу
Конференция сабақ
Ақпаратты сақтау құрылғысы
Пәндер