10-сынып сабағы: DriveListBox, DirListBox және FileListBox компоненттері - тағайындалуы, қасиеттері, оқиғалары және практикалық қолданылуы

10-сынып

Сабақтың тақырыбы : Базалық элементтер:DriveListBox, DirListBox, FileListBox. Тағайындалуы, қасиеттері, оқиғалары, тәсілдрі.

Сабақтың мақсаты: Оқушылар осы базалық элементтермен жұмыс істей алуы және компоненттердің тағайындалуын, олардың қасиетін, оқиғасын, тәсілін білуі керек. Оларды қойылған есептерді шешуде пайдалана білуі қажет.

Сабақ типі: Практикум элементтері бар түсіндірмелі және көрнекілікті.

Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру: Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалап өту.

ІІ. Өткен сабақтар бойынша қысқаша қайталау сұрақтары:

  1. ListBox элементі қанда қызмет атқарады? /ListBox(тізім) элементі экранға тышқанды шерту арқылы таңдалатын тізімдер нұсқаларын шығаруға мүмкіндік береді. /
  2. Шеңбер және тіктөртбұрыш сияқты графикалық элементтерді бейнелеу үшін қандай элементті пайдаланамыз? /Shape(фигура) /
  3. Оқиғаны жүйелі уақыт аралығында баптауға қабілетті объект қандай? /Timer/
  4. Белгілі бір диапозондағы қандай да бір шаманың мәнін тағайындауға мүмкіндік беретін және осы шаманың мәнін сызғыштағы жылжу кезеңі бойынша білуге мүмкіндік беретін батырманы ата? /Horizontal Scroll Bar, Vertical Scroll Bar(тік және көлденең айналдыру жолақтары) /
  5. ComboBox(аралас тізім) элементі қандай қызмет атқарады? /ComboBox(аралас тізім) элементі мәтіндік терезелерді (енгізу өрісі) бір басқару элементіне кәдімгі тізім бойынша біріктіреді /

ІІІ. Жаңа сабақ:

Енді біз келесі базалық компоненттердің топтамасын қарастырамыз.

DriveListBox, DirListBox, FileListBox сәйкес логикалық дисктің, бұтақтың және файлдың ағымдағы атауларын қосуға және бейнелеуге арналған арнайы тізімдер.

DriveListBox объектісі барлық қатынасы бар логикалық дискілер атауы және қатарлары белгіше болып табылатын стандартты аралас тізім сияқты рәсімделген. Ал енгізу өрісі таңдалған дискінің атауында бейнеленеді. Пішінде осы объекті пайда болған кезден бастап, оның енгізу өрісінде ағымдағы дискі атауы пайда болады. Ол бағдарламалау жүйесінде қолданылатын С:\ . . . болып табылады, әдетте :\ Program Files каталогында орнатылады.

Дикілер тізімінің негізгі қасиеті - ағымдағы дискіні қайтаратын немесе орнататын Drive қасиеті.

DirListBox объектісі - ListBox типінің қатардың тағайындалған биіктігінде бағдарламаланған жолымен бейнеленген классикалық тізімі ретінде ұсынылады. Каталогтың атауының оң жағында директорийлердің кіріктірілген деңгейін анықтайтын ашылған немесе жабылған тақырып белгішелері көрінеді. Ағымдағы каталог қатар түрінде ұсынылған, оған толық жол Path қасиетінде сақталады.

FileListBox объектісі кәдімгі айналдыру сызықтары тізімі түрінде рәсімделген. Белгіленген қатар атауы Filename қасиетінде сақталады. Файлдар тізімінің негізгі қасиеттерін қарастырайық:

Қасиеттер:

Path Файлдары бейнеленетін каталогты қайтарады немесе орнатады .

Pattern Файлдар тармақтарын қалқа бойынша бейнелейді. Мысалы:

File1. Pattern = “*. frm; q*. bas”

Filename Таңдалған файлдың атын қайтарады.

Read Only Көрсетілген атрибуттары бар файлдарды бейнелеуге мүмкіндік беретін Archive логикалық қасиеттер.

Multi Select Тізім элементтерін таңдау әдісін орнатады. Бұл қасиет тек оқу үшін ғана.

Мүмкін мәндер:

  • 0 (тек бір ғана элементті таңдау)
  • 1 (бірнеше элементті таңдауға рұқсат етілген, таңдау не шертумен, не <Пробел> пернесін басумен іске асырылады)
  • 2 (тізімнің бір қатар тізбекті элементтерін таңдауда <Shift> пернесін пайдалануға рұқсат етілген) .

Енді біз осы батырмаларды пайдалана отырып 5-практикалық жұмысты орындаймыз:

Практикалық жұмыс №5

№1. Графикалық файлдарды қарап шығу бағдарламасын және а:\ дискісінен кез-келген суретті жүктеуді көрсетіңдер.

Ол үшін: Пішінге мына объектілерді орнатыңдар:

1 - CheckBox б елгісін - онда Value қасиетімен - 0 - белгіленбеген;

1 батырма /CommandButton/;

1 сурет объектісін /Image/;

DriveListBox, DirListBox, FileListBox объектілерін бір-бірден орнатыңдар / Pattern қасиетімен - *. * /

Сонда суреті мына түрде көрінуі керек:

Бұл жұмыстың коды былай басталады, одан әрі өзің жалғастырып көр.

Private Sub Command1_Click()

'Қанат белгіні орнату барысында және батырманы басқанда сурет жақтау мөлшеріне кіріп кетеді

If Check1. Value = 1 Then Image1. Stretch = True

If Check1. Value = 0 Then Image1. Stretch = False

End Sub

Private Sub Dir1_Change()

File1. Path = Dir1. Path

End Sub

.

Оқушылар бұл жұмысты болған соң а:\ дискісінен өздері сақтаған суреттерін ашып, соны орнатады.

Сабақты қорытындылау үшін қосымша сұрақтар қойылады:

1. DriveListBox, DirListBox, FileListBox объектілері қандай қызметтер атқарады?

2. Path қасиеті қандай қызмет атқарады?

Үйге тапсырма: Осыған дейін өтілген элементтердің барлығын қатыстыратындай етіп бір пішін құрып келу.

23-24 сабақ


Ұқсас жұмыстар
Visual Basic бағдарламалау жүйесіндегі TextBox, Label және CommandButton компоненттері: қасиеттері мен оқиғалары
OptionButton және CheckBox компоненттері: 10-сынып информатика пәнінің теориялық-практикалық сабағы
10-сынып химия сабағы: Азоттың таралуы, физика-химиялық қасиеттері және қолданылуы
Visual Basic бағдарламасында TextBox, Label және CommandButton компоненттері: теория мен практикалық қолдану (10-сынып)
Химия сабағы: Натрий - қасиеттері, алынуы және қолданылуы
8-сынып химия сабағы: Тұздардың жіктелуі, алынуы, қасиеттері және қолданылуы
Оттегінің табиғаттағы айналымы, қасиеттері және қолданылуы
8-сынып химия сабағы: Қышқылдардың жіктелуі, алынуы, химиялық қасиеттері және қолданылуы
8-сынып химиясы: Оттектің қасиеттері, табиғаттағы таралуы және қолданылуы
9-сынып §37 Темір: атом құрылысы, қасиеттері, алынуы және қолданылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz